4. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі және қазақ ағартушыларының саяси идеялары.
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бой-ынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті екілі Шарль Луи Монтескье (1689—1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның да-муын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, келеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық - заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, ендірістің, сау-даның дамуына әсер етеді. Ол сез, баспасез, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды емірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міңдетті. Бостандық-ты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712— 1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын ха-лық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.
Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор.
1775-1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға карсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды. Бүл соғыс демократиялық идеялардың дамуына қуатты түрткі болды.
АҚШ-тағы қиян кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, Т. Пейн жактаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А. Гамильтон қорғады.
Америка халкының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743—1826) атмен байланысты. Ол сол кездегі ұлы революиялық құжат Америка Құрама Штаттарының "Тәуелсіздік Декларациясын" жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халық құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогрестің рөлі АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда тендік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытка тырысуына кұқы бар делінген.
Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның қүқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсак өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын ансады.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737—1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, тендікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды.
Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкіметтің мақсаты қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.
Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.
Т. Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінің арқасында жазылып, 1776 жылы 4 шіддеде бекітілген Америка Құрама ШтаттарыныңТәуелсіздік Декларациясының негізгі кағидалары мынадай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандықка, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке құқы бар; халық өкіметгің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет халыктың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, халық өзіне ұнамсыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот өкіметі болып бөлінуі керек және т.б.
XX ғасырда саяси ілімде өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864—1920) болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің приципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері қоғамның шаруашылық емірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларыңда қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш ретінде санады.Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзқарасына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен жағдайлардың көп қырлы болатындығына баса назар аударды. Билікке қатынасына, мәртебесіндегі айырмашылықтарға және жекелеген топтардың абырой-атағына, діни және идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді меншік қатынастарынан туатын өзгешеліктер сияқты маңызы бар деп есептеді. Саяси әлеуметтануда ол билеуші таптың әр түрлі топтарының мақсат, мүдделеріндегі айырмашылықтардан туатын дау-дамай, шиеленістерді талдауға үлкен мән берді. Өзі өмір сүрген кездегі мемлекеттің саяси өміріндегі негізгі дау-жанжалдың себебі саяси партиялар мен бюрократтық аппараттың арасындағы күрестен пайда болады деп ұқты. Ол социалистік қоғамдық қатынастардың жеңуіне сенбеді, оған бюрократияның өте мықтылығы туралы тезисті қарсы қойды. Болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасы болады деді. Ол қазіргі әлеуметтанудың дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Империалистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері еңбекшілерді басып-жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң кадағалау және т.б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф. Ратцель). Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялык кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді карудың күшімен қамтамасыз етуі керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде италия, неміс фашистері басшылыққа алса, қазір Израиль іске асырып отыр. Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.
XX ғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға ала-тын мемлекеттік-саяси құрылыс. Тоталитарлық мемлекет коғаммен тұтасып кетеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Ол адамның жеке басының құндылығын бағаламайды, оны мемлекеттің кұралы ретіңде пайдаланады. Ол туралы коғамның саяси жүйесін сөз еткенде толығырақ тоқталамыз.
XX ғасырда либералдық және консервативтік идеялар одан әрмен дамиды. XVIII, XIX ғасырлардағы либерализммен салыстырғанда мұнда жаңа қағидалар енеді. Оны жақтаушылар мемлекеттің реттеушілік қызметіне көп мән бере бастайды. Сол арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, орташа тапты қалыптастыруға елеулі көңіл бөледі. Ол "аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын және т.б. алға тартады. Кон-серваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығы берілгені дұрыс деп санайды. Әр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін езі ойласын. Тегін білім беруді, медициналық қызмет көрсетуді, жұмыссыздарға жәрдем беруді және т.с.с. азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігін арттырып, жағдайын түзейді деп тұжырымдайды.
Сонымен, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы осындай. Оны білмей, адамзат тарихының бұрынғысы, бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны оқып-білу қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет кұруына белсене араласуына септігін тигізері созсіз.
Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін баянды етуге, билік құрылымдарын қалыптастыруға, қоғамдық емірді демократияландыру, саяси мәдениетті сомдау, өсіп келе жатқан ұрпақты саяси әлеуметтендіруге саясаттандыру курсын оқып-үйренудің маңызы ете зор. Парадигма (теория, үлгі деген сөзінен) зерттелетін мәселені шешу ушін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді үйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі калыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлүматтарды жинақтайды, жүйелейді.
"Парадигма" үғымын XX ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген америка философы және қоғам тарихын зерттеушісі Г. Кун. Кейін бұл үғым ғылымның бар-лық саласында, соның ішінде саясаттануда кеңінен пайдалануда. Кунның ойынша, парадигма саясатты зерттеуге бағыт береді. Сол бағыт бойынша зерттеуші белгілі бір дәстүрлерге, саяси идеялар мен теорияларға сүйене отырып нақтылы мәселені шешеді. Ол саясаттың барлық тарихын бір парадигманың екінші парадигманы үнемі ауыстырып отыруымен түсіндіреді. Ол үшін қоғамда қалыптасқан парадигмаларға өмірдің даму барысыңда қайшылықтар шығады, олар ұлғая келіп жаңа жүйелі парадигманы тудырады. Ол біртіндеп ықпалын кеңітіп, негізделеді және аддыңғы парадигманы ығыстырып, ауыстырады. Кейін оның өзі де осындай күн кешеді, яғни басқа парадигмамен ауыстырылады.
Саясаттану парадигмаларын жинактай келе оларды теологиялык, натуралистік, әлеуметтік және тиімді - сыни деп жүйелеуге болады. Енді қысқаша соларға тоқталалык.
Достарыңызбен бөлісу: |