Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері.
Саяси жүйенің ұғымы, қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.
Саяси жүйенің құрылымы.
ҚР саяси жүйесі мен Конституциясы.
Саяси режимдер.
Сайлау жүйелері.
Саяси жүйенің ұғымы, қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.
Саяси жүйелер теориясы шамамен жуықта — XX ғасырдың, 50-60-жылдарында пайда болды. Бұл теорияның жұрт таныған негізін салушылар американдық саясаттанушылар Д. Истон мен Г.Альмондболып табылады.
Д.Истон "Саяси жүйе" (1953), "Саяси өмірді жүйелі талдау" (1965) атты еңбектерінде саяси жүйе теориясының негізін қалады. Оның түсіндіруінде саяси жүйе дамитын және сырттан келетін әсерге сезімтал өзін-өзі реттейтін организм тәрізді. Бұл - көптеген бөліктерден тұратын біртүтас жүйе, оны ортадан бөліп тұратын белгілі бір шектері бар.
Г. Алмонд "Салыстырмалы саяси жүйе" (1956) атты мақаласында саяси жүйені мемлекеттік, соңдай-ақ мемлекетттік емес саяси тәртіптің әралуан нысандары болып табылады, оларға талдау жасау кезінде екі деңгей - институциялық және бағдарлық деңгей ажыратылады деп көрсетеді. Институциялық деңгей қоғамның саяси институттарын зерттеуге, ал баршалық деңгей — нақты саяси құрылымды, саяси мәдениетті зерттеуге назар аударады.
Осы заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымының екі мәні бар:
а) саяси жүйе теориялық, ойлау құралы болып табылады, оның көмегімен әралуан саяси бірегей құбыластардың қасиеттері анықталып, сипатталады. Осы тұрғыдан бұл санат саяси шын-айылықтың өзін бейнелеместен, саясатты (партиялар, мемлекет, саяси мәдениет және басқалары) жүйелі талдаудың құралы болып табылады;
б) саяси жүйе — бұл қоғамдағы биліктің қалыптасуы мен қызмет істеуінің нақты күрделі тетігі. Бұл тетікке мемлекет, партиялар, саяси бірлестіктер, БАҚ, электорат және т.т. жатады.
Сөйтіп, қоғамның саяси жүйесі — бұл саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың, процестердің, саяси, әлеуметтік, заңдық, идеологиялық, мәдени нормалардың кодексіне, нақты қоғамның саяси режимінің дәстүрлері мен нұсқауларына бағынатын қоғамның саяси ұйымы принциптерінің біртұтас, тәртіптелген жиынтығы.
"Саяси ұйым" және "саяси жүйе" ұғымдарының арақатынасы туралы. Кейбір әдебиеттерде бұл ұғымдар ұқсас ұғымдар ретінде, синонимдер ретінде қарастырылады. Бірақ олардың айырмашылығы бар. Қоғамның саяси ұйымы саяси институттар мен саяси-құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Саяси ұйым жетекші, билік жүргізуші ұйымдастырушы құрылым ретінде түсіндіріледі.
" Саяси жүйе" санаты "саяси ұйым" ұғымынан кең мағынада түсініледі, өйткені саяси жүйеге саяси ұйыммен қатар саяси сана-сезім, мәдениет, коммуникация, саясатқа қатысу сияқты құрылымдық элементтер жатады.
Қоғамның қосымша жүйелері. Саяси жүйе жиынтық қоғамдық жүйенің қосымша жүйелерінің бірі болып табылады. Ол басқа қосымша жүйелермен: әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, I әдептік, құқықтық, мәдени жүйелермен өзара іс-кимыл жасайды, бұлар табиғи қоршаған ортамен және табиғи ресурстармен (демографиялық, кеңістік-аумақтық ресурстармен), сондай-ақ сыртқы саяси ортамен қатар, саяси жүйенің қоғамдық ортасын, I оның қоғамдық ресурстарын құрайды.
Нақты қоғамның саяси жүйесін анықтайтын факторлар қандай?
а) қоғамның таптық табиғаты, әлеуметтік құрылысы;
б) басқару нысаны (парламенттік, президенттік және т.т.);
в) мемлекеттің түрі (монархия, республика);
г) саяси режимнің сипаты (тоталитарлық, демократиялық);
д) саяси-идеологиялық және мәдени қатынастар сипаты;
е) саяси өмір тәртібінің (саяси жағынан белсенді не енжар халық) тарихи және ұлттық дәстүрі.
Тұтастай алғанда, қоғамның қосымша жүйелерінің бірі болып табылатын саяси жүйе айрықша ерекшеліктермен сипатталады.
а) саяси жүйенің басқа қоғамдық жүйелерден (ол қабылдайтын шешімдер ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды жұмылдыратындықтан, барлық жүйелер үшін міндетті болады) басым түсуімен;
б) қоғамдық ортаның, қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымының сипатын анықтауымен;
в) біршама дербестігімен сипатталады. Ол сонымен бірге белгілі бір деңгейде ресми сипаталады, өйткені оның ауқымындағы қатынастар құқықтық және саяси нормалармен реттеледі.
Саяси жүйе қоғамның саяси кеңістігінде болады, ол кеңістіктің аумақтық өлшемі (мемлекет шекарасы) және қоғамның саяси ұйымының әртүрлі деңгейлеріндегі саяси жүйе мен оның құрамдас бөліктерінің саласымен анықталатын қызметтік өлшемі болады. Шекаралардың мәртебесін анықтау күрделі саяси құқықтық процесс болып табылады, ол ресми сипат алады және заң жүзінде (конституцияда, заңда) белгіленеді.
Саяси жүйе қоғамдық бірегей құбылыс ретінде уақыт ішінде белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Бұл процесс саяси қатынастар мен институттардың дамуы немесе ескіруі ретінде сипатталады:
Саяси жүйенің тарихи дамуы бірқатар заңдылықтарға бағынады:
а) билікті шоғырландыру және тарату, орталықтандыру және орталықсыздандыру;
б) осы үрдістердің күресі. Билікті шоғырландыру мен тарату, орталықтандыру мен орталықсыздандыру арасынадағы күрес формациялардың өзгеруі кезінде орталықтандырудың, орталықсыздандырудың дағдарысымен және осы екі бастаудың жаңаайналымымен (көне дәуір империяларынан ерте феодалдық бытыраңқылыққа, феодалдық монархиялардан буржуазиялық мемлекетке, XIXғасырдың аяғындағы - XXғасырдың басындағы империализмнен демократияландыру процесіне көшу кезіндегі) дәуірлер тоғысында аяқталады;
в) жүйе мен оның қосымша жүйелерінің күрделі болуының жалпы процесіне (партиялардың пайда болуы мен көбеюі, қауымдастықтардың дамуы және т.с.с.)
г) жүйені ресмилеу, оны заң жүзінде ресімдеу;
д) демократиялық институттарды қалыптастыру, жалпыға бірдей сайлау, өзін-өзі басқару;
е) билік пен халық қатынастарын қайта ұйымдастыру (жоғарыдан жасалатын әкімшілік-әміршілдік, озбырлық және жанжалды қатынастардан - төменде шартты конституциялық және келісімге келу қатынастарына көшу);
ж) басқару ақпаратының, мәжбүрлеу органдарының өріс алуы.
Сонымен, саяси жүйенің нақты жолдары мен нысандары әртүрлі дәуірлерде және әртүрлі қоғамдарда әралуан болады. Сонымен бірге, оның кеңістік-уақыттық өзгерістерінің принципі тұрақты болады.
Саяси жүйенің деңгейлері. Қоғамның саяси жүйесі билік пен саяси қатынастардың үш деңғейдегі қосымша жүйелерінен қалыптасады: екі институциялық — жоғары немесе жоғары (үлкен деңгей), орташа немесе аралық (аралық деңгей) және институциялық емес — төменгі, бұқаралық (шағын деңгей) деңгейлерден тұрады.
Үлкен деңгейде (институциялық, жоғары) саяси жүйеге мемлекеттік өкімет билігінің: opталық аппараты жатады. Мұнда үлкен биліктің көлеңкелі, жасырын саяси құрылымдары мен қызметтері орналасқан: оларды (жоғары органдардың (мемлекеттік, пapтиялық органдардың) ресми мекемелердің жасырын іс-қимылдары, құпия құжаттар, бұйрықтар, өкімдер, әртүрлі ресми көшбасшыларының және басқаларының жария емес қызметтері мен елеусіз рөлі.
Орташа құрылым (аралық деңғей) өзінің құрылысы жағынан осыған ұқсас келеді. Оны шеткері аймақтағы басқару аппараты, билігін, сайланбалы және тағайындайтын органдары құрады. Саяси жүйенің аралық деңгейі, мемлекеттік билік пен қоғамның жоғары сатылары арасындағы саяси кеңістікте орналасқан, ол мемлекетпен байланыстырады. Бұдан аймақтық және муниципалдық әкімшілік, ірі кәсіпорындар экономиканың көшбасшылары және басқалары жатады.
Аралық деңгей шешуші рөл атқарады, өйткені саяси жүйе мен қоғамның үлкен құрылымдары арасында байланыстырушы буын қызметін атқарады, олардың қатынастарын ұйымдастырады, биліктің мемлекеттік центінен қоғамға және оның жауап әрекеттеріне серпін береді. Нақ осы деңгейде басқару аппаратының; мейлінше ықпалды терешілдік аппараты мен ең бұқаралық қосарлы (көлеңкелі) құрылымдары қалыптасады. Оры саяси кеңістікте аппараттар мен олардың көшбасшыларының жанжалдары, топ құрушьшық, жершілдік, қандас туысқандық байланыстары, ресми адамдар мен өкімет орындарының құқыққа қарсы белсенділігі мен сыбайлас жемқорлық ерекшекең өріс алған. Осы деңгейде саяси сипаты жоқ заңсыз құрылымдап қосарлы экономика, қара базар, қылмыстық әлемнің ұйымдары, заңды құрылымдармен бірігуге бағыт ұстаған "алуан, түрлі жасырын қауымдар мен жасырын қауым корпорациялары қалыптасады.
Саяси жүйенің шағын деңгейі - бұл қоғамдық топтардың, қоғам таптары мен жіктерінің, азаматтарының саяси өмірге жаппай қатысуы. Бұл деңгейде саяси халықтық қозғалыстар қалыптасады, саяси топтар мен партиялар өмірге келеді, қоғамдық пікір қалыптасады, қоғамның саяси жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамның саяси мәдениеті құрылады.
Бірқатар ғалымдар саяси жүйені қосымша жүйелер жиынтығы: институциялдық, нормативтік-реттеуші коммуникативтік, идеологиялық, саяси-мәдени, саясатқа қатысудың қосымша жүйесі ретінде түсіндіреді. Бұл айқындама жоғарыда келтірілген көзқарасқа қайшы келмейді, керісінше қызметтік көзқарас тұрғысындағы саяси жүйенің құрылымын пайымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |