Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж



бет52/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89
Саяси жүйенің құрылымы.

Саясижүйеніңқұрылымымыналардан:

а) бүкіл саяси жүйенің, билік ету-басқару құрылымдарының материалдық негізін, тірегін құрайтын саяси институттардан;

б) белгілі, бір қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін саяси нормалардан;

в) саяси жүйенің элементтері арасындағы тік және көлденең байланыстардың негізі болып табылатын саяси қатынастардан;

г) саяси жүйенің басқа бөліктерін құру мен қайта құру процесін жанама түрде жүргізетін саяси сана-сезімнен;

д) жүйені дамытудың бағалы басымдықтары мен оған қойылатын талаптарды анықтап, тарататын саяси мәдениеттен;

е) тиісті ақпаратты тарататын саяси коммуникациядан;

ж) саяси жүйені немесе оған қарсы тұрған күштерді қолдаудың белгілі бір деңгейін білдіретін саяси қатысудан тұрады.

Саяси нормалардың рөлі. Ресми нормативтік жүйелер қатарында мемлекеттің нормативтік жүйесіне — құқыққа жетекші орын беріледі. Құқық саяси партиялар мен басқа да саяси ұйымдар, кәсіптік одақтар, жастар ұйымдары мен т.т. құратын саяси нормативтік жүйемен бірге қызмет атқарады. Мұнда жетекші партиялардың саяси нормативтік жүйелері ерекше рөл атқарады, өйткені оларды, әдетте, нормативтік кесімдер түріңде қабылданатын мемлекеттік органдардың шешімдері тірек етеді. Саяси нормалар жоғарыда аталған ұйымдардың жарғыларында, олардың бағдарламаларында, мәлімдемелерінде және т.т. тұжырымдалады.

Демократиялық мемлекеттерде саяси нормативтік жүйе конституциялық нормалардың қажетті қосымшасы ретінде болады, өйткені, атап айтқанда, ол заң шығару билігі жоғары органдары депутаттарының мінез-құлқы негізінен орын алған.

Жоғарыда келтірілген саяси жүйенің құрылымдық құрамдастары жөніндегі барлық көзқарастардың негізінде мынадай қорытындыға келеміз: қоғамның саяси жүйесі — бұл "біртұтас, күрделі, ықтимал және ашық жүйе.

Саяси жүйелердің міндеттері және оларды жіктеу

Саяси жүйенің міндеттері:

а) әлеуметтік мүдделерді және билік институттарымен өзара іс-қимылдарды ұштастыру;

б) қоғам мүшелерінің мүдделерін білдіру және ол мүдделерді олардың ортақ мүдделерімен үйлестіру;

в) саяси басшылық;

г) белгілі бір қоғамның тұтастығын сақтау мақсатында қоғамның саяси күштерін біріктіру;

д) қоғамда қабылданған және басым мұраттарға бағдарланған саяси қатынастарға белсене қатысушьшардың әлеуметтік базасын ұлғайту.

Саяси жүйелердің негізгі міндеттері:


  1. қоғамның мақсаттарын, оны дамыту бағдарламаларын белгілеу;

2) алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды жұмылдыру;

3) ортақ мақсаттар мен құндылықтарды насихаттау көмегімен қоғамның барлық элементтерін ықпалдастыру;

4) жеке-дара адамдарды саяси әлеуметтендіру; қоғамның барлық мүшелерін қатысуға тарту;

5) олардың мүдделерін үйлестіру;

6) нормаларды (заңдарды) жасау; оларды атқару мен сақтауға бақылау жасау.

Саяси жүйелерді топтастыру. Саяси жүйелер әртүрлі негіздер бойынша топтастырылуы мүмкін.

Қоғамның түріне қарай олар дәстүрлі, жаңғыртылған демократия және тоталитарлық жүйелер болып бөлінеді (Р. Арон, У. Ростоу және басқалары).

Ортамен өзара іс-қимылы сипатына қарай — ашық және жабық жүйелер болады.

Саяси мәдениеттері мен оларды билікті ұйымдастыру нысандарында білдіруіне қарай — ағылшын-американдық, құрлықтық-еуропалық, индустриялық дәуірге дейінгі және ішінара-индустриялық, тоталитарлық жүйелер (Г. Алмонд) болып бөлінеді.

Саяси режиміне қарай — тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық (іс жүзінде, бірде-бір режим таза күйінде болмайды, белгілерінің, сипаттамаларының тоғысуы байқалады) жүйелері бөлінеді.

Саяси жүйенің демократиялық түрі:

а) саяси іс-қимылдарға қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайтумен, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, жоғары тұрмыс деңгейімен, орташа таптың басым рөлімен;

б) саяси бәсекемен, саяси қатысудың жарысқа түсу нысанымен және басшылықтың көппартиялық нысанымен, адамдардың қалың топтарының және билік институттарының билігіп жүзеге асыруға қатысуымен;

в) халықтың еркін парламенттік әдіспен білдіруімен, өкімет билігінің заң шығарушы органдарының төменнен жоғарыға дейін саясаттануы мен есеп беруімен;

г) азшылықтың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу жағдайында көпшіліктің саяси шешімдер қабылдауымен;

д) дамыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктерді, одақтарды құрумен;

е) демократиялақ саяси мәдениетімен, пікірлердің, көзқарастардың әралуандығымен, жариялылығымен, ашықтығымен сипатталады.

Саяси жүйенің тоталитарлық (латыннаң "totalis" — "толық, бүкіл, тұтас" деген сөзі) түрі:

а) билікті бір көшбасшысының немесе адамдардың шағын тобының қолдарына мейлінше шоғырландырумен (хунтамен);

б) жеке көшбасшы, қатаң бағыныстағы және тәртіптегі басшылықтың бірпартияиық негізінде билік құрылымдарының тетігімен;

в) барлық саяси институптарды және билік құрылымдарын жетекші партия мен оның көшбасшысына міндетті түрде бағындырумен;

г) бүкіл қоғамдық өмірдің бірыңғай орталығынан жаппай реттеу (экономика, мәдениет, білім, медицина және басқалары), пікір алуандығының, қарсыластардың барлық нысандарын жоюмен, азаматтардың жеке өміріне араласуымен;

д) қоғамға бір ресми идеологияны танумен, басқаша ойлауды тұншықтырумен, жаппай саяси бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензурамен;

е) әлеуметтік-саяси даурықпалықпен сипатталады.

Саяси жүйенің авторитарлық түрі:

а) саяси шешімдерді қабылдаудың, бірыңғай орталығында саяси билікті барынша толық шоғырландыру;

б) атқарушы биліктің біліқгілігін барынша ұлғайту;

в) үкіметтік емес партиялар мен қозғалыстардың саяси қатысуын шектеу;

г) билікті бақылаусыз қолдану мен халықтың барлық жіктерінің тәртібін бақылау;

д) номенклатуралық принципті іске асыру, яғни жоғары тұрған өкімет биліктерінің ырқы; бойынша барлық деңгейдегі басшы кадрларды орналастыру мен орындарынаң ауыстыру және олардың "төмендегілерге" есеп бермеуі.

Өзінің жалпы түсінігінде саяси жүйенің авторитарлық түрінің белгілері ретінде билікті орталықтаңдыруы, қарсылас партиялар мен ұйымдардың қызметін шектеуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуі болады.

Сонымен, әралуан түрлердегі саяси жүйелердің қалыптасуы, қызмег атқаруы мен дамуы, бір түрден екінші түрге көшуі, олардың өзін қоршаған ортамен өзара іс-қимылы саяси процесс ретінде көрінеді. Ал бұл процестің ерекшеліктері нақты саяси жүйелердің, саяси режимдердің жай-күйі нақты талдауды қажет етеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет