Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Ermekova Turky tildery

Ностратикалық  теорияның  дамуы.  Латын  тілінен  аудар-
ғанда  «біздің  тілдер»  деген  мағынаны  беретін  ностратикалық 
тілдер  туралы  теорияның  негізін  қалаған    дат  лингвисі 


 
13 
Х.Педерсен. 1903 жылы Х.Педерсен енгізген бұл ұғымның аста-
рына екі тілді емес, бірнеше тілдің  туыстығын тілдік деректер 
негізінде дәлелдеу мәні жатыр. Ностратикалық теория компара-
тивистиканың  (тарихи-салыстырмалы  тіл  білімі)  негізі  болып 
саналады.  О.Сүлейменов  компаративистиканың  даму  тарихын  
үш  кезеңге  бөледі:  
       І кезең - тілдер  туыстығының  пайда  болуы:  үнді-герман - 
үндіеуропа,  семит; угро-фин – орал, түркі және т.б. 
       ІІ  кезең  -  тілдер  туыстығының  жұптық  жақындығы:       
орал-алтай; үндіеуропа-семит, үндіеуропа-картвельдік; 
       ІІІ  кезең  -  Х.Педерсен  жинақтаған  тілдер  туыстығы:           
орал-алтай  – үндіеуропа – афраазиялық. Бiрiншiсi – тiлдiк топ-
тардың  қалыптасуы  (үндi-германиялық  >  үндi-еуропалық,  се-
миттiк, угро-финдiк > оралдық, түрiктiк – және басқалары), екiн-
шi  –  тiлдiк  топтардың  жұптаса  жақындасуы  (орал-алтайлық; 
үндiеуропалық  –  семиттiк;  үндi-еуропалық-картвелдiк),  үшiн-
шiсi алғаш рет жұптардың емес, атап айтқанда: оралалтайлық – 
үндiеуропалық  –  африкаазиялық  бiрнеше  тiлдiк  топтардың 
туыстығы  туралы  жорамал  тұжырымдаған  Х.Педерсеннiң  жұ-
мысынан  бастау  алады.  Алғаш  ностратистердiң  «қазып  алған» 
материалын  дамыту  iсiн  В.М.Иллич-Свитыч  жасады.  «Ностра-
тикалық тiлдердiң» генетикалық жақындығы бұлардың iшiндегi 
түбiрлiк  те,  қосымшалық  та  1000-ға  тарта  туыстас  морфема-
ларының кең жиынтығының ұшырасуымен дәлелдендi. Түбiрлiк 
морфема  жиынтығы  әдеттегiден  бөлек  атаулар  енгiзiп  (тектес 
терминдер,  жай  сан  есiмдер,  дене  мүшелерiнiң  аттары),  қара-
пайым ұғымдар мен болмысты – табиғаттың негiзгi құбылыста-
рын, хайуанаттар мен өсiмдiктердiң атауларын, ең оңай ұғымдар 
мен  заттарды,  кеңiстiктегi  қарым-қатынасты,  әрекеттер  мен 
үдерiстердi анықтап, негiзгi сөздiк қор аясын едәуiр кеңейттi.  
Бұған  қоса  осы  макротопқа  бiрiккен  алты  тiл  семьясын-
дағы  ата тiлдердің грамматикалық морфемалар  жүйесi, әсіресе,  
сiлтеу, сұрау және жiктеу есiмдiктерi мен жiктік жалғаулары да 
ұқсас келеді.  
Бұл теориядағы ең бағалысы сол  iс жүзiнде ғаламшардың 
барлық  тiлдерiнде  бар  генетикалық  туыстас  морфемалардың 
болуы  және  оларды  салыстыру  барысында  тұрақты  сәйкестiк-


 
14 
тердің болатындығы анықталған; бұлардың iшiнде елеулi бөлiгi 
«нетривиалды» топқа жатады, яғни, бiр тiлдiк семьяда  көрiнедi 
(айталық,  үндiеуропалық  топта),  ол  тек  басқа  тiлдер  семьясын-
дағы  (угро-финн,  түркi  және  басқа)  сәйкес  материалдарды  са-
раптау кезiнде алынған ақпарат нәтижесiмен түсiндiрiледi. Тәжi-
рибе көрсеткенiндей,  сөз  формасының  өз-өзiнен  (фонетикалық) 
бұрмалануынан  бөлек  оны  саналы  түрде  өзгерту  де  ұшырасып 
отырған.  Қазақтың  белгілі  ғалымы,  тіл  тарихын  зерттеуші 
Б.Сағындықұлының «түбіртек теориясы» да осы ностратикалық 
теориямен сабақтас. 
Ескерту:  Ностратикалық  теория  қазiр  де  даму  үстiнде. 
Таяуда 
ностратикалық 
сөздiкке 
америка 
үндiстерiнiң 
(«амерүндердiң»)  тiл  деректерiн  қосқан  америкалық  ғалым 
Хуреннiң  кiтабы  шықты.  Мұндай  қанат  жаю  оған  ендi  ностра-
тикалық  қана  емес,  жалпыадамзаттық,  бiрегей  ата  тiл  жөнiнде 
сөйлеуге  мүмкiндiк  бердi.  Көп  қырлы  кешендi  мәдениеттi  жа-
саушы  басты  факторлар  алғашқы  иероглифтер  мен  тiл  екенiне 
көз  жеткiзе  түстi.  Олардың  өзара  тығыз  тәуелдiлiгi  актiлерi 
адамгершiлiк  қасиеттерiн  туғызып,  адамның  өзi  мен  оның 
қоршаған ортасына дарытты. Ең алғашқы жазу таңбасынан хомо 
сапиенс  тарихы  басталады.  Кiшi  адамзаттық  (мүмкiн,  бiрнеше 
жүз  ғана  адам),  Бастау  дәуiрi...  Ондаған  немесе  жүздеген  мың 
жыл  бұрын,  палеолит  –  ежелгi  тас  ғасыры.  Бiрнеше  дауысқа 
елiктеу сөздерiнен құралған ортақ тiл. «Сөйлейтiн» хайуанаттар-
дың ортақ жазу-символы.  Ирелеңдеген iз – «жылан» (ш-ш; с-с-
с), мүйiздердiң бейнесi – «бұқа» (му-у)...  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет