Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Ermekova Turky tildery

Пәннің қарастыратын мәселелері. «Тілдің тарихын дәуір-
леудің теориялық негіздері» пәні «Қазақ    тілінің    тарихи грам-
матикасы» пәнімен және «Көне түркі тілі», «Түркологияға кіріс-
пе» пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.  
«Тілдің  тарихын  дәуірлеудің  теориялық  негіздері»  пәні 
тілдердің ежелде бір тілден (праязыктен) шыққандығы, тараған-
дығы жөнінде пайда болған ностратикалық   теорияны ескерусіз 
қалдырмайды.  Оған  дәлел  ретінде  мыңдаған  жылдар  бойы  өз-
гермей келе жатқан негізгі сөздік қордың көптеген тілдерге ор-
тақ болып шығуын есепке алады. Ежелгі Тұран даласынан Ме-
сопотамияға  көшіп  барып,  өздерімен  бірге  Еуропа  мен  Азияға 


 
15 
мәдениетті,  тілді,  жазуды  ала  барған  Шумерлер  жайлы  зерттеу 
деректерін, қазақтың халық болып құралу үдерісінде үлкен рол 
атқарған  тайпалық  одақтардың  тілі  мен  түркі  халықтарының 
тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтеріл-
ген көне түркі тілі мен орта ғасыр түркі тілдерінің материалда-
рын  тілге  тиек  етеді.  Материал  беретін  зерттеу  көздері  ретінде 
Ә.Баһадүрхан, 
Рашид-ад-Дин, 
Н.Аристов, 
В.Бартольд,  
В.М.Иллич-Свитыч, Н.Баскаков,      Б.Я.Владимирцов, Г.Е.Грум-
Гржимайло, С.Аманжолов, Ә.Қайдаров, О.Сүлейменов, А.Бахти, 
С.Қойшығара,  Ө.Панзарбеков  т.б.  еңбектері  пайдаланылуы 
қажет. 
«Тілдің  тарихын  дәуірлеудің    теориялық  негіздері»  пәні 
бұл  аталған  пәндерден  мазмұны,  мақсаты  мен  міндеті,  оқыту 
әдісі  жағынан  өзгеше.  «Қазақ  тілінің  тарихи  грамматикасы» 
тарихи-салыстырмалы  әдіске  сүйеніп,  тілдік  тұлғалардың  қан-
дай  жолдармен  өзгеріске  түсіп,  бүгінгі  күндегі  дәрежеге  қалай 
жеткенін  түйіндей  тұжырымдаса,  «Көне  түркі  тілі»  пәні  сипат-
тау  әдісіне  сүйеніп,  көне  түркі  тілінің  қалпын  баяндайды.  Ал 
«Тілдің  тарихын  дәуірлеудің  теориялық  негіздері»  пәнінде  әрі 
тарихи, әрі сипаттама әдіске сүйене отырып, қазақ тілінің шығу 
тегін,  түркі  тілдерімен  бірге  басып  өткен  жолын,  көне  түркі 
тілінің жалғасы екендігін дәлелдейтін  теориялық негіздерді бас-
шылыққа  алады.  Мұндай  теориялық  негізге  шумерология  және 
түркітаным мәселелері жатады. Шумерлер мен көне түркілердің 
жақындығын  танытатын  тілдік  қор,  тарихи  лексика  және 
олардың семантикалық жүйесі, өзгеру жолдарындағы заңдылық-
тар, жазу түрлері, тайпалық одақтардың атрибуттары, ежелгі дә-
уірден  сақталып  келе  жатқан  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  ойлау 
жүйесі,  түркілердің  дүние-  танымы,  олардың  тілдегі    көрінісі  
орта  ғасырдағы  халық  тіліне,  кейінгі  дәуірдегі  ұлт  тіліне  тигіз-
ген әсері ашылуға тиіс. 
Қазақ тілі өз дамуының бүгінгі сатысында қазақ халқының 
бірыңғай  ұлттық  тілі,  ұлттық  әдеби  тіл  болып  отыр.  Бұл  күнде 
ол әртүрлі стильдік салаларда  дамыған, тілдік нормалық белгі-
лері нақтыланған, лексикасы бай, грамматикалық құрылысы же-
тілген, орамды әдеби тілге, жазу тіліне айналды. Әрине, мұндай 


 
16 
дәрежеге  жету  үшін  тіл  шыңдалып  жетілудің  талай  өткелдерін 
басып өтті. 
Тіл  фактілерін  тарихи  тұрғыдан  зерттеп  білудің  сол  тілді 
жетік  меңгеру  үшін  мәні  зор.  Тілдің  тарихын  білмей  тұрып, 
оның  қазіргі  күйін,  сырын  жете  білу  мүмкін  емес.  Қазақ  тілін 
ғылым ретінде танып білудегі ең маңызды нәрсе – негізгі тарихи 
байланысты  ұмытпау,  әрбір  тілдік  мәселеге  тарихта  сол 
құбылыс қалай шықты, өзінің дамуында ол қандай басты-басты 
дәуірлерді  өтті  деген  тұрғыдан  қарау  керек,  сонда  ғана  оның 
қазір қандай күйде екенін білуге болады. 
«Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» курсын 
өтуде  мынадай  жайттар  ескерілуі  қажет:  бірінші,  қазақ  тілінің 
түркі тілдерінің ішінде алатын орны, түркі тілдерімен бірге жү-
ріп өткен жолы, түркі тілдерімен жақындығы бар көне тіл – шу-
мер тілінің сипаты, көне түркі тілінің шумерлік сипаты, қазақ ті-
ліндегі көне түркілік элементтер, орта ғасырдағы халық тілі бо-
лып қалыптасуы жайындағы зерттеу еңбектерін теориялық негіз 
етіп  алады.    Қазақ  тілінің  тарихын  (тайпа  тілі,  халық  тілі,  ұлт 
тілі болып  қалыптасу  тарихын)  түсіндіру  үшін,  алдымен қазақ-
тың  халық  болу,  одан  кейін  ұлт  болу  үдерістеріне  жүгінеді. 
Қазақтың  халық  болып  қалыптасу  тарихы  қазақ  жеріндегі 
бұрынғы ірі тайпалық одақтармен, жүздермен, олардың тарихы-
мен тікелей байланысты. «Жүз деп әдетте қазақ халқына қарас-
ты және тарихи дәстүр арқылы белгіленген жалпы қазақ терри-
ториясының  бір  бөлігін  мекендеген  тайпалардың  ірі  бірлестік-
терін  (немесе  одақтарын)  атау  қабылданған»  (Қазақ  ССР  тари-
хы,  ІІ  т,  Алматы,  1983.  258-б.).  Екінші,  қазақ  тілінің  шығу  тегі 
мен  даму  кезеңдерін  жалпы  түркі  тектес  тілдердің  даму  дәуір-
лерімен  бірлікте,  соның  шеңберінде  алып  қарастырғанда  ғана 
толық түсінуге болады. Олар: шумер дәуірі, алтай дәуірі, ғұн дә-
уірі,  көне  түркі  дәуірі,  орта  ғасырлық  дәуір,  түркі  тілдерінің 
жаңа  және  ең  жаңа  дәуірі.  Осы  дәуірлердегі  тарихи  жазба  ес-
керткіштердің  қазақ  тарихына  қатыстыларына  тоқталу  қажет. 
Үшінші, қазақ тайпаларының халық болып бірігуі, қазақтың ха-
лық тілінің қалыптасуы ірі тайпалық одақтар тілі бірлестігінен,  
ХV-XVI  ғасырларда  қазақ  тайпаларының  қыпшақ  қауымынан, 
ноғай  ордасынан  бөлініп  шығуына,  моңғол  басқыншылығынан 


 
17 
кейін  қазақ  жерінде  патриархтық  феодалдық  қатынастың  кү-
шейіп, алғашқы қазақ хандықтарының пайда болуына байланыс-
ты  екені,  бұл  үдерістің ХІХ  ғасырдың екінші  жартысына дейін 
созылғаны ескерілуі қажет. Төртінші, қазақ тілінің тайпалық, ха-
лықтық дәуірлердегі фонетикалық, лексикалық,  грамматикалық 
құрылысының  тарихи  дамуы,    қазақ  тілінің  даму  кезеңдеріне 
байланысты оның типологиялық белгілері өтіледі. 
     
     Әдебиеттер: 
1. Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахско-
го языка. А-Ата, 1959, 2001г. 
2.  Аманжолов  А.А.  Түркі  филологиясы  және  жазу  тарихы. 
А.,1996. 
3. Аристов Н.А. Заметки об этническом составе  тюркских пле-
мен и народностей и сведения об их численности, СПб, 1897. 
4.  Әбілқасымов  Б.  Әбілғазы  ханның  түрік  шежіресі  және  оның 
тілі. А., 2001. 
5. Баскаков Н.А. Введение в изучении тюрксих языков. М., 1962. 
6. Бахти А. Шумеры. Скифы. Казахи. А., 2004. 
7. Қосымова Г. Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. А., 
2011. 
8. Языки мира. Тюркские языки. Бишкек. 1997. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет