22
арылып, таза әуезделген (вокалданған) фонетикалық (дыбыс-
тық) жазуға айналды. Ол жазу тәжірибесі шығыста Хараппа мен
Мохенджо-Даромен тынбай, әрі қарай Қиыр Шығыс пен
Оңтүстік-Шығыс Азияға,
батыста Кіші Азия, Кавказ, Мысырмен
шектелмей, Жаңа Дүниеге, Латын Америкасына да тараған
деген болжам бар. Өйткені, батыста мая, шығыста қытай иеро-
глифиясының графикалық таңбалары өз жерінің қоршаған ор-
тасына ыңғайланып, айта қаларлық өзгеше болғанымен, линг-
вистикалық құйылымдық жүйесі сол баяғы морфологиялық-
буындық, ішінара дыбыстық жазу заңдылықтарына негізделген.
Хаттусастан табылған және хамат тасындағы хеттер иероглиф-
терінде көбіне-көп өсімдіктер бейнеленсе, мысыр иероглифте-
рінде жан-жануарлар мен адамдар да бейнеленеді. Майя ие-
роглифтерінде бейнеленген өсімдіктер Кіші Азия, Ніл табиға-
тына тән емес. Ал қытайлар иероглифтері көбіне-көп Қиыр
Шығыс табиғаты мен мифологиясын еске салады. Қайткен күн-
де де суретті жазу аталмыш аймақтарда ұзақ сақталған, тіпті әлі
де сақталып келе жатқан жерлері бар. Мәселен, Қытай,
Жапония, Корея. Кей елдердегі жағдай мұндай болғанымен,
Кіші Азияның өзіндегі жазу артық әшекейден арылып, әрқилы
сызықшалардың әр алуан құбылуларына айналды. Басты назар
дыбыстамалық жазу жасауға ауды. 1400 жылдар шамасында
Жерорта теңізінің шығыс жағалауын жайлап, кеме мініп, сауда-
саттықпен айналысатын финикиялықтардың біреуі сондай нар
тәуекелге бел буды.
Тарихта аты қалмаса да, ол таудай іс бітірді.
Әр дыбысқа бір таңба ойлап тапты. Сөйтсе, мыңдаған, тіпті, қа-
жет болса, миллиондаған сөздерді бейнелеп шығу үшін бар бол-
ғаны жиырма шақты ғана таңба керек екен. Ол үшін әуелі же-
келеген сөздерді бейнелеп жүрген бұрыннан бар тұспалдамалар
пайдаланылды. Мәселен, финикиялықтар бұқаны aleph дейді.
Соны бейнелейтін белгі
а (аһ) дыбысының, үй
(beth) сөзін
білдіретін белгі
б дыбысының, түйе
(gіmel) сөзін
білдіретін белгі
Достарыңызбен бөлісу: