Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет3/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Ermekova Turky tildery

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 

І БӨЛІМ. ТІЛДЕРДІ ДӘУІРЛЕУДІҢ ТҮРКІГЕ  
ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Түркі тілдерінің даму кезеңдері және қазақ                           
тіліне қатысы 
 
1. Тіл тарихын дәуірлеу туралы түсінік. 
2. Түркі тілдерінің даму кезеңдері 
3.Тілдерді  дәуірлеудің  түркіге  дейінгі  кезеңдері  және  оның 
қазақ тіліне қатысы. 
 
Тіл тарихын дәуірлеу туралы түсінік. Тіл  қоғаммен бірге 
өмір сүреді. Олай болса, қоғам тілсіз болмайды, тіл қоғамсыз да-
мымайды.  Тілдің  негізгі  қызметтерінің  жетілуі  де  сол  өзі  бар 
болып,  қызмет  етіп  отырған  халықтың  қоғамдық  тарихи  өмірі-
мен тығыз байланысты. Қай кезеңге тән көзқарастар екенін тіл-
дік қолданыстан білгеніміздей, тарихи кезеңдердің барлығы өзі-
нің іздерін жазба әдебиеттерде, ескерткіштер тілінде, т.б. тарихи 
жағдайдағы  қоғам  өмірі  туралы  мәліметтерде  сақтайды.  Сон-
дықтан тілді дәуірлеу мәселесі белгілі бір тарихи дәуірлеулерге 
тиесілі    болып  келеді.  Мысалы,  кеңестік  идеологиядағы  кітап-
тардың  көпшілігі  қазір  қажеттігімізге  жарамай  отыр.  Өйткені 
ондағы  көптеген  кіріспелер  мен  пайымдаулар  болашаққа,  ком-
мунизм  идеясына  негізделген.  Адам  баласы  қай  кезеңде  де 
жаңашылдыққа жаны жақын болып қалыптасып келеді. Ғарыш-
ты игеру, қазіргі ақпараттық технологияларды  меңгеру, т.б. Қа-
зіргі тіл мен қоғам қалай өмір сүрсе, қазіргі жазылған еңбектер 
дәл соның көрінісін бере алады. Тілдің дамуын тіл білімі ғылы-
мының  екі  ұстанымын  дәуірлеу  бар.  Бірі    тарихи  кезеңдермен 
беру. Екіншісі  даму сипатына қарай беру.     
Тіл зерттеудің адамнан бастау алуы   антропоцентрлік ұс-
таным, бұл  жаңа заман лингвистикасындағы жаңа үрдіс. Енде-
ше,  тілдің  тарихын  дәуірлеу  теориясы  XXI  ғасырдың  ғылыми 
парадигмасы  ретінде  танылып,  магистрлік,  докторлық  ғылыми 
зерттеулерге  арқау болуы тиіс.  
 «Тілдің  шекарасынан  аспай,  ауқымынан  алыстамай  тұ-
рып, тілді жасаушы мен тұтынушыға, яғни нақты тұлға – адамға 


 

назар  аудармай  тұрып,  тіл  құдіретін  түсіну  мүмкін  емес... 
Адамды  тілінен  танымай  тұрып,  өзін  жете  тани  алмайсың» 
(Караулов Ю.Н.). 
Тіл  теориясы  тұрғысынан    зерттелген қазақы  тілдің  тари-
хын дәуірлеу материалдары әлемдік әлеуметтік лингвистиканың 
дамуына өз үлесін қосары хақ. Өйткені әр ұлт тілінің шекарасы   
сол  тілді  туғызған  ұлттың  дүниетанымының  шекарасы 
(В.Гумбольдт).  Тілдік  мәдени  құзірет  иесі  ретінде  танылған 
халық шығармаларындағы  даралық танытар тілдік дерек – тіл-
дік  тұлға  теориясын  дамытатын  ақпарат  көзі  болса,  олар  өмір 
сүрген тарихи кезеңдер тіл дамуының көрсеткіші болады.  
Тілдің  даму  заңдылықтары.  Тілдің  дыбыстық  жүйесі  мен 
грамматикалық  құрылысында,  лексикасында  болатын  дамулар 
құрылымдық  дамулар  деп  аталады.  Тіл  дамуы  деген  ұғымға 
оның қоғамда атқаратын қызметінің кеңеюі де жатады, дамудың 
бұл  түрін  функциялық  даму  деп  атайды.  Тіл  дамуының  өзіндік 
заңдылықтары  болады.  Мұндай  заңдылықтарға  2  түрлі  мәнбір 
(фактор) себепші болады. Олар: ішкі мәнбір мен сыртқы мәнбір.        
Тілдің  даму  жолында  2  түрлі  үдеріс  болады.  Оның  бірі  – 
біртұтас  тілдің  өз  ішінен  ыдырап,  жеке  диалектілерге,  тілдерге 
бөлшектену үдерісі. Бұл тіл білімінде бөліну деп аталады (диф-
ференциялану).  Екіншісі  –  жеке  диалектілердің,  тілдердің  бір-
бірімен жақындасу, бірігу үдерісі. Бұл бірігу деп аталады (инте-
грациялану). Тілдік өзгерістерге  себепші  болатын мәнбірлердің 
ең  күштісі  –  қоғамдық  үдеріс.  Егер  қоғам  экономикасы,  мәде-
ниеті, техникасы, ғылымы жағынан күшті дамыса, ондай қоғам-
дағы халықтың тілі де жақсы дамиды. Оған дәлел ретінде соңғы 
ғасырларда  пайда  болған    компьютер,  монитор,    ұшақ,  тік-
ұшақ, ұтқырлық т.с. сияқты сөздерді келтірсек болады. Тіл қо-
ғаммен етене байланыста болады, қоғаммен бірге дамиды.    
  Тілдерді дәуірлеудің түркіге дейінгі кезеңдері және оның 
қазақ тіліне қатысы. Қазақ тіл білімі дамуын кезеңдерге бөліп 
қарастырған  қазақ  зерттеушілері:  Н.Сауранбаев,  І.Кеңесбаев, 
С.Аманжолов, 
Қ.Жұбанов, 
А.Ысқақов, 
М.Балақаев, 
Т.Қордабаев,  Р.Сыздықова,  Ә.Құрышжанов,  Қ.Өмірәлиев, 
Ш.Ш.Сарыбаев, 
С.Исаев, 
Е.Жанпейісов, 
М.Томанов, 
С.Хасанова,  Ғ.Қалиев,  Е.Жұбанов,  Б.Әбілқасымов,  т.б.,  олар 


 

тілдің статикасы – күй-қалпы, динамикасы – даму барысы деп 
бөлген. 
Шығыс  Еуропадан,  Сібір  мен  Батыс  Қытайға  дейінгі  кең 
аумақта  тұратын  180  миллион  адамның  ана  тілі,  210  миллион 
адамның  екінші  тілі  боп  табылатын  түркі  тілдер  тобы  Алтай 
тілдері  әулетіне  жатады.  Көрнекті  түркітанушы  Н.А.Баскаков 
түркі  тілдерінің  тілдік,  географиялық  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  аталған  тілдердің  тарихын  төмендегідей  кезеңдерге 
бөледі: 
1) алтай дәуірі; 
2) ғұн дәуірі; 
3) көне түркі дәуірі (V-VI ғ.); 
4) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қа-
лыптасу кезеңі; 
5)  жаңа  түркі  дәуірі  немесе  түркі  халықтарының  қалып-
тасуы мен даму дәуірі (ХVI-XIX ғ.); 
6) ең жаңа дәуір (XX ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төң-
керісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.  
Қазақ тілтану ғылымында қазақ тілінің тамыры Алтай дә-
уірінен  бастау  алатыны  туралы  қалыптасқан  пікірді  ғалым                 
Г.Қосымова  әлемдік,  түркі  әлемі  мен    қазақстандық  тарихшы-
лар, археологтар мен филолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене 
отырып,  «түркі  тілдерінің  бастау  арналары  Алтай  дәуірінен  де 
терең,  ежелгі  шумерлерде  жатыр»  деген  қорытынды  жасайды 
(Қараңыз:  Г.Қосымова.  Тіл  тарихын  дәуірлеудің  теориялық  не-
гіздері.  Алматы,  2012).  С.Крамер,  И.Дьяконов,  О.Туна, 
А.Аманжолов, Ә.Қайдар, А.Бахти сияқты ғалымдар еңбектеріне 
сүйене  отырып,  нақты  тілдік  талдаулар  жасау  нәтижесінде  жа-
салған  бұл  қорытынды  біздің  қазақ  тілінің  тарихы  туралы 
таным-түсінігімізді кеңейте түседі. 
Тіл ғылымында «Орал-Алтай тіл бірлестігі» деген де ұғым 
бар.  Мерзімі  жағынан  анықталмаған  бұл  кезең,  ғалымдардың 
арасында  әлі  де  дау  туғызып  келеді.  Аталған  дәуірдің  өзін  ға-
лымдар екі кезеңге бөледі: 
1)  Орал-Алтай  тілдерінің  ортақ  дәуірі,  бұл    көптеген  ру 
мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі


 

2)  Орал  және  алтай  тілдерінің  бір-бірінен  бөліну  кезеңі, 
бұдан  соң  түркі,  моңғол,  тұңғыс-маньчжур  және  корей-жапон 
тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі. 
Орал  және  алтай  тіл  білімі  туралы  алғаш  пікір  білдірген 
Полтава  шайқасына  қатысып,  Сібірде  тұтқында  болған  швед 
офицері  Иоганн  фон  Страленберг.  Көптеген  тілдер  жөнінде 
қызықты  бақылау  жүргізген  ол,  тілдік  жақындықтарына  орай 
«Татар тілдері» деген топты өз ішінде былайша  топтастырады: 
1)  ұйғыр  (угро-фин);  2)  түркі-татар;  3)  самоед;  4)  моңғол  және 
манчжур; 5) тұнғұс; 6) Каспий мен Қара теңіз арасындағы тай-
палар.  Көптеген  қате  тұжырымдары  бар  бұл  классификация 
бірқатар  тілдерді  бір  топқа  жатқызуымен  құнды.  Лингвистика-
лық  пайымдауы  жоқ  бұл  тұжырымдарда  тілдер  бір  топқа  сти-
хиялы  түрде  топтастырылған.  Кейіннен  «Орал-алтай  тілдері» 
деп аталған тілдер ол кезде сипаттамалы тұрғыда да зерттелме-
ген еді. Осыдан бір ғасырға жуық уақыт өткен соң дат лингвисі 
Расмус  Раск  бұл  мәселеге  қайта  оралады.    «Скифтер  тілі»  деп 
аталатын  топқа  Гренландия,  Америка,  Азия,  Еуропа,  Испания 
және  Кавказ  жеріндегі  тұңғұс,  моңғол,  түркі,  угро-фин,  са-
моедтер мен эскимостар тілдері жатады. ХІХ ғасырда  тіл білімі 
ерекше  дамыды.  В.Гумбольдтың  еңбектерінде  «татар»  және 
«скиф» тілдерінің туыстығы жөнінде теория қалыптасты. Үнді-
еуропа тілдерімен салыстырғанда агглюнативті сипатымен ерек-
шеленетін  бұл  тілдердегі  сингармонизм  заңы  да  айқындалды. 
Кейіннен  Макс  Мюллер  оған  сиам,  тибет  оңтүстік  үнді  және 
малай тілдерін де жатқызып, бұл кеңейтілген топты «тұран тіл-
дері» деп атауды ұсынады.  Ол кезде бұл тілдер әлі көп зерттеле 
қоймаған  еді  және  Макс  Мюллер  оны  территориясына  қарай 
топтастырғанымен,  оларды  салыстыра  зерттемеді,  сондықтан 
тарих сахнасынан тез кетті. 
Матвей-Александр  Кастрен  дұрыс жол  таба білді.  Өзінің 
алдындағылардан  және  замандастарынан  артықшылығы  бір-
неше  тілді  білді.  «Алтай  тілдері»  деп  аталатын  топқа  жататын 
тілдердің  санын  шектеп,  5-ке  бөліп  қарастырады:  угро-фин, 
самоед,  түркі,  моңғол  және  тұңғұс  тілдері.  Міне,  осылайша 
Орал-Алтай тілдерін қазіргідей топтастыру М.А.Кастрен кезеңі-
нен  бастау  алады.  Кейіннен  бұған  жапон  тілдерін  енгізу  мәсе-


 

лесі де көтеріліп жүр. М.А.Кастрен бұл тілдердің агглютинатив-
тілігінен басқа да ұқсастықтарын айқындап берді: қосымшалар-
дың  (префикстердің)  болмауы,  оның  орнына  жұрнақтардың 
болуы;  қосымшалардың  (предлогтардың)  орнына  септеуліктер-
дің болуы, екі дауыссыздың қатар келмеуі т.т. 
«Орал-Алтай»  тілдерінің  шын  мәніндегі  салыстырмалы 
зерттеуі    Шотт  зерттеулерінен  байқалады.  Ол  алдымен  аталған 
тілдердің лексикасын, кейіннен морфологиясын зерттейді. Орал-
Алтай  тілдері  –  тіл  білімінің  орал  (фин,  угор,  самоди)  және 
алтай  (түркі,  моңғол,  тұңғыс-маньчжур,  жапон,  корей)  тобы 
тілдерінің  шығу  тегін  зерттейтін  саласы.  Ф.Страленберг  Орал-
Алтай тілдерінің шығу тегі бір деген тұжырым ұсынып, бұл тіл 
білімінде «Орал-Алтай теориясы» деп аталды.  
XVIII  ғасырда  пайда  болған  бұл  теорияны  қолдаушы 
ғалымдар  (В.Шотт,  Ф.Видеман,  М.А.Кастрен,  О.Бетлингк, 
Г.Винклер, В.Томсен, М.Рясянен, Д.Фокош-Фукус, Дж.Киекбаев, 
Б.Базылхан,  т.б.)  Орал-Алтай  тілдерінің  кейбір  фонетикалық, 
грамматикалық, лексикалық ұқсастықтарын ескере отырып, бұл 
тілдердің шығу тегі бір деп тұжырымдап, оңтүстік, солтүстік, 
шығыс, батыс топтарына бөледі. Орал-Алтай тілдерінің теория-
сына  қарсы  ғалымдар  (В.Котвич,  Дж.Клоусон,  А.М.Щербак
т.б.)  бұл  топ  тілдерінде кездесетін  түбір  сөздердің  ұқсастығын, 
кейбір  грамматикалық  тұлғалардың  сәйкестігін  осы  тілдердің 
ұзақ  уақыт  өзара  тарихи  қарым-қатынаста  болуының  нәтижесі 
деп есептейді. Орал-Алтай тілдерінің туыстық ортақтығын қол-
дайтын ғалым Б.Базылханның пікірінше, бұл тілдерде әуелі жал-
пылық ортақ элемент (V, CV типті түбір морфема) қалыптасты 
да,  эволюциялық  даму  барысында  жекелік  элементтер  (дыбыс-
тар,  сөздер,  морфологиялық,  синтаксистік  өзгеше  тұлғалар
пайда  болды.  Орал-Алтай  тілдері  эволюциялық  дамудың  «ым 
тіл  дәуірін»,  «келте  сөз  дәуірін»,  «күрделі  сөз  дәуірін»  бастан 
кешіріп,  қазіргі  дербес  тілдер  деңгейіне  жетті.  «Ым  тіл  дәуірі-
нің»  басты  сипаты  бұл  тілде  сөйлескен  адамдардың  өзара 
қарым-қатынасында  қазіргі  бір,  екі  буынды  түбір  сөздердің, 
яғни  алғашқы  сөздік қордың  болмауымен  айқындалады. Тек  V, 
CV тұлғасында дыбыстау арқылы, оған бас изеу, қол бұлғау се-
кілді дене  қозғалысын сәйкестендіру негізінде түсініскен. V, CV 


 
10 
тұлғасындағы  тіл  дыбысының  саны  140-тай  деп  көрсетеді.  Бұл 
екі түрлі тіл дыбысы Орал-Алтай тілдерінде қазірге дейін сөз ба-
сында  сақталған,  оларды  «түбір  морфема»  деп  атап,  Орал-
Алтай тілдерінің  «алғашқы ортақ түбір элементі» деуге бола-
ды. «Келте сөз дәуірінде» бір, екі буынды түбір сөздер туындап, 
алғашқы сөздік қор жасалды. Мұндай сөздер жұрнақ-жалғаусыз, 
келте сөйлем түрінде қолданылды. «Күрделі сөз дәуірі» – Орал-
Алтай  тілдерінің  дербес  тілдерге  толық  жіктеліп,  «бір-бірінен 
алыстаған дәуір» ретінде тұжырымдалады. Орал-Алтай тілдері-
нің туыстығы әлі де зерттей түсуді қажет етеді. 
   
 
     Әдебиеттер: 
1.  Аманжолов  С.А.  Вопросы  диалектологии  и  истории  казах-
ского языка. А-Ата, 1959, 2001г. 
2.  Аманжолов  А.А.  Түркі  филологиясы  және  жазу  тарихы. 
А.,1996. 
3. Аристов Н.А. Заметки об этническом составе  тюркских пле-
мен и народностей и сведения об их численности, СПб, 1897. 
4.  Әбілқасымов  Б.  Әбілғазы  ханның  түрік  шежіресі  және  оның 
тілі. А., 2001. 
5. Баскаков Н.А. Введение в изучении тюрских языков. М., 1962. 
6. Бахти А. Шумеры. Скифы. Казахи. А., 2004. 
7.  Қосымова  Г.  Тіл  тарихын  дәуірлеудің  теориялық  негіздері.       
А., 2011. 
8. Языки мира. Тюркские языки. Бишкек. 1997. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет