Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Ermekova Turky tildery

 
 
Шумер ілімінің қалыптасу тарихы 
 
1. Эль-Обейда мәдениетінің жандану дәуірі. 
2. Ежелгі Қосөзен мәдениеті. 
 
Эль-Обейда  мәдениетінің  жандану  дәуірі.  Бүгінгі  күні 
түркі  ғалымдарының,  соның  ішінде  қазақ  ғалымдарының  наза-
рын аударып жүрген өзекті мәселе – түркілер мен шумерлердің 
арасындағы  байланыс,  жақындық  мәселесі.  Түркі  тілінің  даму 
кезеңдерін айқындау – оның жасын анықтау болып табылады  
Түркі  тілдерінің  ғалымдар  анықтаған  басты-басты  кезең-
дері  –  алтай  дәуірі,  ғұн  дәуірі,  көне  түркі  дәуірі,  орта  ғасыр 


 
18 
түркі дәуірі, жаңа дәуір, ең жаңа дәуір еді. Бұл дәуірлерге си-
паттама бергенде, шумер деген сөз ауызға да алынбады. Мұның 
себебі    шумерлердің  кім  екендігін,  қайдан  келгендігін,  мәде-
ниеті мен тілі қандай болғандығын білмегендіктен, тіпті шумер-
лердің түркі халқына жақындығын ескермегендіктен болып жат-
ты. Шумерлерді тану, шумерлердің тілі мен мәдениеті жайында 
сөз ету  түркілердің мәдениетін ең ежелгі адамдардың мәдение-
тіне  дейін  жеткізіп,  түркі  халықтары  мен  түркі  тілінің  жасын 
ұзарту болмақ. 
 Эль-Обейда  мәдениетінің  жандану  дәуірінде,  яғни  б.д.д.               
4 мың жылдықтардың екінші жартысында, Месопотамияда шу-
мерлер пайда болған еді, олар өздерін кейінгі жазба құжаттарда 
«қарабастар»  деп  атаған.  Көреген  және  ақылды  халық  өмірге 
практикалық  көзқарас  танытты,  өздерінің  интеллектуалдық 
даму шеңберінде өмір сүру нормаларын қалыптастырып, тірші-
лікті жақсарту мен рухани толысуында реалды фактіні қиялдағы 
дүниемен шатастырмаған. Шумерлік данышпандар дүниеге ғы-
лыми  сенімі  мен  нанымын  қалыптастырды.  Олар  рухани  және 
психологиялық намыс пен табысқа ерекше назар аударды, даңқ 
пен құрметке бөленуді ойлады. 
Шумерлер  бірінші  болып  заң  құрастырды,  жылнамалар 
мен заңдар жинағын түзді, бұл заңдар ақ пен қараны айыруға кө-
мектесті, дұрыс ойлатып, өзара түсінбестікпен өмірді қабылдау-
дағы екіұштылықтан құтқарды. Мұның бәрі бұдан 5000 жылдай 
бұрын болған еді, сондықтан олардың қазіргі адамдарға, шумер-
лер мәдениетінің қазіргі мәдениетке қатысы бар дегенге ешкім-
нің жүрегі дауаламас еді. 
Шумерлер  жайлы  даулы  пікірлер  көп  болса  да,  бәрінің 
мойындаған бір нәрсесі – шумерлердің осы қонысқа басқа жақ-
тан  келгендігі.  Бұл  халықтың  этникалық  жақтан  және  тілі  мен 
мәдениеті  жағынан  Солтүстік  Месопотамияда  тұратын  семит 
тайпаларына жақындығы жоқ, жат халық болғандығы дау туғыз-
бады. Шумер тілін өз тілдеріне ұқсатқысы келгендер көп болды. 
Көптеген  ғалымдар  шумерлердің  оңтүстіктен  келгендігін  бір-
ауыздан мойындады. 
Шумерлерді  Америка  үндістерімен  байланыста  алып  қа-
райтын  болсақ,  көп  сауалға  жауап  алатын  тәріздіміз. 


 
19 
Үндістердің  Америкаға  Азиядан  қоныстанғандығына  қазір  еш-
кім дау туғызбайды (Ахметов Ә. Түбі түркі өркениет. 2006). Дау 
ғалымдардың арасында «қалай келгендігі» жөнінде болып отыр. 
Бір пікір үндістер Америкаға Чукотка бұғазы және Алеутск ара-
лы арқылы келді десе, екінші пікір Тынық мұхит арқылы жетті 
дейді.  Көптеген  шетел  ғалымдарының  дәлелдегеніндей, 
Америкаға  Азиядан  қоныстану  бұдан  30-50  мың  жыл  бұрын 
болған,  тіпті  бұл  цифрды  100-ге  дейін  жеткізетіндер  де  бар. 
Мұхит  суының  біраз  бөлігі  мұзға  айналғанда,  Азиядан 
Америкаға  жол  ашылған  да,  мұз  дәуірінде  көшпенділер 
Америкаға  өткен  десе,  Америкаға  өткендер  -  Еуропалықтар, 
яғни  Атлантида  арқылы  финикиялықтар,  ассириялықтар,  рим-
діктер,  этрустар,  гректер,  еврейлер,  тағы  басқалар  Америкаға 
дейін  қоныстанған.  Бұл  теорияның  шындыққа  сәйкес  еместігін 
жергілікті тұрғындардың, яғни үндістердің тілі, салт-дәстүрлері, 
мәдени 
наным-сенімдері 
жоққа 
шығарады. 
Америкаға 
Еуропалықтардан  кейін  Америка  ашылып,  бүкіл  әлемге  белгілі 
болған  кезде  барып,  қоныстана  бастағаны  тарихтан  белгілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет