Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


диалектілерінде метатеза жолымен дайра



Pdf көрінісі
бет142/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
222


диалектілерінде метатеза жолымен дайра түрінде айтылуы бар. 
Бірақ бұл сөздің дара болып айтылуы кездеспейді.
Ал сонда Шардара не деген сөз? Біздің ойымызша, бұл 
иранның шар (торт), дара (op, каньон, жыра) деген сөздерінен 
жасалуы ықтимал. Оған мынадай тарихи жағдайлар себеп 
болған. 1959-63 жылдары Шардараны су қоймасы басып кететін 
болғандықтан, осы елкедегі тарихи ескерткіштерді зерттеуге 
Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш. Уэлиханов атындағы 
Тарих, археология және этнография институты ұйымдастырған 
экспедицияның материалдары төрт адамның авторлығымен жеке 
кітап болып шықты (А.Г. Максимова, М.С. Мерщиев, Б.И. Ваин- 
берг, Л.М. Левина. Древности Чардары. Алма-Ата, 1968). Олар 
Ақтөбе 2, Шәушікқұмтөбе жэне Ақтөбе 1 ескі қалаларының ор- 
нын зерттеді. Осы зерттеулерге қарағанда бұл ескі қалалар төрт 
бүрышты қорған етіп салынған жэне қорғанның сырты қазылған 
ор болтан. Оның үстіне алдымен қорғанның қабырғасы салын- 
бай тұрып ормен қоршалган. Археологтар Ақтөбе 2 қорғаны 
I-IV ғасырларда өмір сүрген деп көрсетеді. Ендеше тарихта бүл 
өлкеде иран халықтарының (тәжіктерді арғы атасы соғдилар) 
болғанынескерсек,қалаатыирантіліндегіШ ар (төрт)+дара (ор, 
жыра, каньон) сөздерінен қойылуы эбден ықтимал. Э.М. Мур- 
заев та д а р а сөзі тэжік, өзбек, түрікмен тілдерінде жыра, сай, 
каньон, шатқал дегенді білдіретінін, Иран, Кавказ, Орта Азия 
жэне Түркияда коп топонимдердің қүрамында кездесетінін ай- 
тады (Э. и В. Мурзаевы. Словарь местных геогр. терминов, М., 
1959, стр. 70). Иран тілдері семьясына жататын тэжік тілінде 
д а р а - ущелье, г о р н ы й проход деген сөз (Таджикско-русский 
словарь, М., 1954, стр. 116).
ШАРЛАҚ - Ертіс өзенінің бойындагы Павлодар облысы- 
ның көрші жэне жақын жатқан Омбы облысындагы жер жэне 
елді пункт аты. Бұл біздіңше, монғолдың шар (өгіз)+лақ (ту- 
ынды сын есім жасайтын түркі-монғол тілдеріне ортақ коне 
жұрнақ) сөзінен жасалған. Түбір сөздегі заттың сол жерде бар
223


екенін білдіретін -л аг жұрнагы бурят-монғол тілінде әлі де 
сакталған (Грамматика бурят-монгольского языка. М.-Л., 1968, 
стр. 95).
- Л а қ //л а ғ жұрнағының туынды сын есім жэне зат есім 
тудыратын жұрнақ екенін біз М а ң қ ы с т а у (қараңыз) атауын 
талдағанда толық айтқанбыз. Түркі-монғол тілдеріндегі осы 
көне л а қ / /л а ғ жұрнағы топонимдердің құрамында сақталған: 
М а ң ғ ы с //М а ң ғ ы ш + л а қ , Т а с + т а қ . Шар (өгіз)+лақ (қазіргі 
қазақ тіліндегі туыңды сын есім жасайтын көп вариантты -лы 
жұрнағының көне түрі, жұрнақ) атауы да осы қатарга жатып, 
«өгізді» (жер) деген мағынаны білдіреді:
Ш Ә У ІЛ Д ІР - этнотопоним. Оңтүстік Қазақстан облысын- 
дағы аудан орталыгының аты. Арыс өзенінің Сырдарияға кұяр 
сағасына орналасқан.
Бұл этнотопоним жөнінде көптеген авторлар жазды. Олар- 
дың ішінен филология ғылымының кандидаты С. Омарбеков- 
тың мақаласын ерекше атап өткен жөн. (С. Омарбеков. ҚҒАХ, 
1962, филология сериясы, 2 (21) шығуы). Мақалада Ш әуілдір 
(қазіргі түркменше аты Човдур) этнонимі жөніндегі тарихи де- 
ректер де толық келтірілген, сондықтан біз оларды қайталап 
жатпаймыз.
ІХ-ХІ ғасырларда огуз тайпаларының Сырдария өзенінің 
бойында жүргені белгілі. М. Қашқари 22 огуз тайпасының бірі 
д ж у в а л д а р екенін айтады. Ал Рашид-ад-дин еңбегінде бұл эт­
ноним д ж а у л д ү р түрінде келіп, «таза, атақты, даңқты» деген 
түсінік береді. Міне осы тайпа атының және түрікменнің қазіргі 
Ч о в д у р деген тайпасының барлығы бір түбірден шыққанын 
С. Омарбеков жақсы дәлелдеді. Бұл сөздің этимологиясы ту- 
ралы автор проф. И. Березиннің «Шэуілдір» сөзі д ж а у л - 
д у р м а к деген етістіктен шықты деген пікірін келтіреді. 
Мақалада С. Омарбеков осы «сөздің өзінің бастапқы лексика- 
льщ мағынасы нені білдірген деген жайға әдейі барған жоқ-
224


пыз» дейді. Алайда И. Березиннен кейін 
С. 
Омарбеков Шәуіл- 
дір этнотопонимінің этимологиясын ашуға тым жақын келді.
Біздің ойымызша, бұл сөздің түбірі көне түркі тіліндегі 
сав (слава, мольба, репутация) жэне кейінгі cav сөздерімен 
байланысты болса керек.
С. Е. Малов өз сөздігінде сав сөзінен кейін cap, cav сөздеріне 
қара деп сілтеме жасайды да, cav сөзіне мынадай түсінік 
береді:
«cav - слава, молва, МК; QBN, 49 Aty cavy (парн.), QB. шорск. 
ady saby имя и слава его (Н.П. Дыренкова, Шорск. фольклор). 
Cavy kiisi, КВ II, 46. Ср.(?) казах, su шум, крик (В.В. Катарин- 
ский. Кирг.-русский словарь. 1-ое изд., стр. 235). Казах, aty suly 
известный. Чув. jatla - suvla именитый (Егоров, стлб. 72). Чув. 
cap (Малов. ПДП, 1951, 375 беті).
Сөйтіп, шау (cav) сөзі М. Қашқари еңбегінде және «Құдаткұ 
білігте» кездеседі. Осы сөз қазақ тіліндегі ш у сөзіне қатысты 
ма деп, С. Е. Малов сурақ белгісін қояды. Біз бұлардың бэрі бір 
төркіннен тараган сөздер екеніне шек келтірмейміз.
Бұл сөз қазіргі түркі тілдерінде төмендегідей түрде кездеседі: 
башқұртша ш ау (шум), ш аул ay (шуметь), ш ау л ay са н (шум­
ливый), қарақалпақ тілінде ш у у (гомон, крик, шум), ш у у ы л д ы
(гул), татартілінде ш а у л а у (ш уметь),туркментілінде ш у вв у л- 
д а м а к (шуметь) т. б. Сөйтіп осы фактілер негізінде шау//шу 
сөздерінің бір түбірден тарап шыққандығына ешбір күмэн бол- 
маса керек. Ал бұл сөз шығуы, дамуы жағынан осы мағынадағы 
сав деген көне түркі сөзімен байланысты деп жорамалдауга бо- 
лады.
Сөйтіп, Ш э у іл д ір этнотопонимінің этимологиясы біздіңше 
былай: ш аб>ш ау>ш әу - түбірі (I. шу, 2. атақ, даңқ деген 
мағына береді), осыған жаңа сөз туғызатын + ы л /іл жұрнағы 
қосылып, шәуіл болтан да, оған д о р /д ұ р қосымшасы 
жалғанып, ш э у іл д ір (айтылуы шэуілдүр) сөзі жасалған. Бұл 
ол баста ш у ы л д ы (атышулы), атақты деген мағынадағы огуз
225


тайпасының аты болып, ІХ-ХІ ғасырларда осы тайпа өмір 
сүрген Арыс бойыңца Ш э у іл д ір топонимі сақталған сияқты.
ШОЛАҚДАРА - Шығыс Қазақстан облысы Болыпенарым 
ауданындағы жер аты. Бұл атаудың этимологиясы жайында 
осы жерде экспедицияда болған Ж. Болатов былай деп жазды: 
«Бұл жақта дара сөзінің тіркесе келуі арқылы жасалған біраз 
топонимикалық атаулар кездеседі. Д а р а біраз түрік тілді ел- 
дерде (Өзбекстан, Азербайжан, Түркменстан, Турция т. б.), со- 
нымен бірге Тэжікстан, Армения, Иранда шатқал, кезең, асу 
мағынасында жер-су аттарының құрамында ұшырайды. Сөз 
болып отырған Макила дарасы, Шәңгеи дарасы, Бапа дарасы, 
Шолақ дарасы деген. жерлер бар. Бұл өңірде д а р а сөзі қорған 
сияқты мал қамайтын бекініс мағынасында да қолданылады. 
Кейде жергілікті халық тау арасын да д а р а дейді. Мысалы, 
Бапа дарасының (шатқалының) жан-жағы қорым, ортасы жазық. 
Жергілікті тұрғындардың д а р а сөзіне үйренгені, иемденіп бауыр 
басқаны сонша оны қазақ сөзі деп дауласады (Ж. Болатов. Шығыс 
Қазақстан облысы казақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер ту- 
ралы, «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері», 
жинақ 5 шығуы, 1963, 182 беті).
Д а р а термині жайында Э. М. Мурзаев былай деп жазды: 
«Дара, дере - ущелье, каньон, овраг, горный проход (тадж., 
узб., турк.). В Азербайджане и Турции - долина, ущелье, 
овраг. Д а р а ч и ч а г - долина цветов в Армении. Встречается 
во многих названиях Турции, Кавказа, Средней Азии, Ирана» 
(В. и Э. Мурзаевы. Словарь местных географических терминов. 
М., 1959, стр. 70). Э.М. Мурзаев пен Ж. Болатов бүл атаулардыц 
қай жерде кездесетінін жэне қандай мағынада қолданыла- 
тынын айтқандарымен қай тілден таралғанын көрсетпейді.
Біздің ойымызша д ар а сөзі жоғарыда көрсетілген кең алқапта 
иран тілдерінен тараған. Қазіргі тэжік тілінде д а р а - шатқал, тау 
өткелі (ущелье, горный проход) деген соз (Таджикско-русский 
словарь. М., 1954, стр. 116). Оңтүстік Қазақстан облысының
226


Қызылқұм ауданындағы Шардара (қараңыз) қаласының аты 
жэне осы арадағы жасанды теңіз аты да иран (тэжік, арғыда 
соғдилар) тілінің Ш ар (төрт) + д ар а (ор, жыра, канон) деген 
сөздерінен жасалған.
Ш У - басы Қырғызстаннан басталып, Жамбыл облысын ба- 
сып өтетін өзен аты. X ғасырдағы араб ғалымы Максиди Шу 
аңғарында көп қалалардың атын айтады, соның ішінде Шу 
өзені бойында Шуй қаласы да бар. Акад. В.В. Бартольд түркі 
тілінде ч мен с дыбыстары алмасатынып айта келіп, С у й // 
Ч у й , С а г а н и а н //Ч а г а н и а н атауларын мысалға келтірген 
болатын (В. Бартольд. Отчет о поездке в Среднюю Азию... 
1893-94 гг. СПб., 1897, стр. 30).
Шу 
сөзінің этимологиясы туралы 
белгілі зерттеуші 
(Э.М. Мурзаев былай дейді: «Чу - видимо, связано с китайско- 
тибетской формой «шу», «чу» что означает вода, речка, река. 
В древние времена страна по нижнему течению р.Чу носила на­
звание Шу, а древний город на р. Чу еще в домусульманское 
время назывался Суяб, или Чуяб. В Тибете многие названия не­
больших и средних рек включают этот термин» (Э.М. Мурзаев. 
Средняя Азия. М., 1957, 257 бет).
Біздің ойымызша ш у коне түркі тілінің сөзі. Өйткені, 
біріншіден, осы өзен бойындағы каланың аты Суяб, Ш уяб болып 
аталуындағы су сөзі тегін тұрған жоқ. Мұның өзі өзенінің түркі 
диалектілерінде бірде Су, бірде Ш у аталғандарын дәлелдейді. 
Екіншіден, с/ш дыбыстарының түркі тілдерінде ауысатыны 
кеңінен танылған құбылыс.
Сонымен Шу сөзі «су», «өзен» мағынасындағы көне түркі 
диалектілерінің бірінде жасалған гидроним деп ойлаймыз.
ІІІУ Й - Шығыс Қазақстанмен көршілес жатқан Таулы- 
Алтайдағы өзен жэне жота аттары. Бұл атаудың этимология­
сы туралы осы жерде экспедицияда болтан Ж.Болатов былай 
деп жазды: «Жергілікті тұрғындардың біразы Шүй топонимін 
де монгол сөзінен алынған дейді. Біздіңше ол монғолдың шу-
227


гуй (орманша, тоғайша) дегенінен алынған. Бертін келе ол 
қысқарып, шүй формасында қолданылып кеткен. Бұл пікір 
Қошағаш аймағында бұрын ну тоғай, ит тұмсығы өтпес ор- 
ман, болды деген мэлімет арқылы растала, анықтала түседі. 
Жергілікті халы қШ уй ш ү й г ін дегеннен шыққан, ол алғаш Ш и 
болып та аталған дейді (Ж. Болатов, Қошағаш қазақтарының 
тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Қазақ тілі тарихы мен 
диалектологиясының мәселелері,4 шығуы, Алматы, 1962, 70 
беті). Ш уй сөзі мен ш ү й г ін сөздерінің түбірлес екені анық, 
ал - гін сөз тудыратын көне жүрнақ. Жоғарыда пікірге қосыла 
отырып, шугуй>шуй өзгерісін көне түркі тілі мен қазақ тілінен 
де мынадай фактілермен толықтыруға болады: мүгіз>мүйіз, 
сығыр>сиыр, жығын>жиын т. б.
Ш ы м кент - Оңтүстік Қазақстандағы облыс жэне облыс 
орталығы - қала аты.
Бірінші рет Шарафиддин Яздийдің Әмір Темір туралы жаз- 
ған «Зафарнама» атты еңбегінде «Сайрам жанындағы қыстақ» 
деген мэлімет беріледі. Бүл қала жэне оның аты жөнінде
А.И. Добромысловтың еңбегінде былай делінген:«Название 
города Чимкента происходит от слов чимдерн и кент - город. 
Такое название город получил потому, что городские стены в 
былое время делались из дерна. Аборигены Чимкента относят 
время его возникновения к XII веку, ссылаясь на то, что здесь 
находится могила святого Баба-Дервиша современника Ходжи- 
Ахмеда-Ясави. Письменных доказательств, подтверждающих 
этот факт, не сохранилось». «По русским источникам Чимкент 
известен с 1835 года под именем Чимина, находившегося во 
владении ханов Болыхюй киргизской орды. Поспелов и Бурна- 
шев, посетившие Ташкент в 1800 г., называют Чимкент Чемень- 
генем» (А. И. Добромыслов. Города Сыр-Дарьинской области. 
Ташкент, 1912, стр. 182-183).;
Акад. В.В. Бартольд Шымкенттің қыстақтан қала бола ба- 
стауы 1723 жылдан сэл бұрын болуы керек, өйткені 1723 жылы
228


қалмақтар бұл өлкеге шабуылдағанда, осы маңның үлкен кала- 
сы Сайрам болып есептелген еді дейді (В.В. Бартольд. К исто­
рии орошения Туркестана, СПб., 1914, стр. 145).
Сөйтіп бұл деректерден Шымкент қаласы XVIII ғасырдың 
басында салынғанын жэне оның Ч еменген//Ч иминкент деп те 
аталғанын аңғардық.
Ә. Құрышжановтың зерттеулеріне қарағанда чемен сөзі 
1245 жылы жазылған «Түркі-араб сөздігінде» жэне кейінгі 
нұсқалар мен түркі тілдерінде кездеседі:
«Чемен - луг (цветущий), зелень. Тз. шімен, шімген; Абу X. 
ч ү м е н ; М. Қ. ч ү м г е н , Қ. Қ. ш ә м е н ; Рдл. ч е м е н луг, божья 
трава, каз. шым» (Исследование по лексике «Тюрко-арабского 
словаря». Алма-Ата, 1970, стр. 218).
В.В. Радлов сөздігінде ч е м е н сөзінің екі мағынасы (I) луг, 
дерн; 2) божья трава, греческое сено) беріліп, бұл парсы тілінен 
кірген сөз деген помета соғылған (III том, 2 часть, стр. 2001). Со- 
нымен бірге бүл сөздікте чім (osm. Дж. ОТ) дерн; ч ім е н (Osm. 
Двсһ. Krm) 1) растение дерн, 2) (Таг.) луг деген мәліметтер де 
келтірілген. Біздіңше В.В. Радловтың ч е м е н (сол сияқты чим// 
шым сөзі де сөзі) парсы (иран) тілінен ауысты деген пікірі дұрыс 
сияқты, өйткені бүл сөздер түрік (fim - дерн), түркмен (чемен 
-луг), өзбек, ұйғыр (чимдерн). қазақ (шым-дерн) тілдерінде 
аздаған фонетикалық вариантта кездеседі. Иран тілдеріне жата- 
тын қазіргі тэжік тіліиде чим - дерн, парсы тілінде чемен - луг, 
лужайка.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет