ЭТИМОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТОПОНИМИКА
Этимология гректің екі сөзінен жасалған. Этимон - (ақиқат,
сөздің негізгі мағынасы)+логос (ұғым, ілім). Сөздіктерде этимо
логия сөзіне мынадай анықтамалар беріліп жүр: «лингв, опре
деление происхождения слова и его родственных отношений к
другим словам того же самого или других языков»1.
«Этимология. 1. Салыстырмалы
тарихи метод негізінде
сөздің шығу төркінін, оның
бастапқы ақиқат мағынасын
тексеретін саласы; 2. Сөздердің төркіні. Тіл білімінде этимо-
логияның
народная этимология, яки ложная этимология деп
аталатын түрі бар, оны роман тілдерінде паронимическая ат
тракция деп атайды»2 3
.
Шындыгында этимология пэнінің
анықтамасы мен атқара-
тын кызметі бұл келтірілген анықтамалардан әлде қайда кең де
аумақты.
Сөздердің жасалу тарихы мен дамуына,
ягни этимоло-
гиясына қатысты мэселелер ерте уақыттан-ақ адам баласын
қызықтырган. Бұл жөнінде итальян ғалымы В. Пизани мен со
вет ғалымы А. А. Белецкийдің еңбектерінде толық айтылған33.
Сол себептен де этимология саласы адамзат тарихындагы көне
заманнан бері көзге түсіп келе жатқан
пәннің бірі болып сана-
лады.
Этимология тарихи тіл білімі саласымен тығыз байланыс-
ты. Салыстырмалы-тарихи әдістің
пайда болуы және индоев-
ропа тілдерінің салыстырма грамматикаларының жасалуы да
этимологиялық зерттеулерге негізделген. Салыстырмалы фо
нетика да этимологиямен тел дамыды.
Алайда этимологиялық
зерттеулердің тарихы және теориясымен шұгылданушы
1 Словарь иностранных слов. М , 1954, стр. 823.
2
С. Кенесбаев, Т. Жанузаков.
Русско-казахский словарь лингвистических
терминов. Алма-Ата 1966, стр. 183.
3
В. Пизани.
Этимология. М., 1956;
А.А. Белецкий.
Достарыңызбен бөлісу: