§ 18. Ұлы ЖүзДIҢ РЕсЕЙГЕ ҚОсылУы
Ұлы жүздiң саяси жағдайы. XVIII ғасырдың соңы мен
XIX ғасырдың басында Кiшi жүз бен Орта жүз жерi көпшілік
бөлігінің Ресей қол астына өтуi аяқталса да, бiрқатар қазақ
жерi әлi де Орта Азия хандықтарына тәуелдi едi. Кейбiр қазақ
рулары Хиуа және Қоқан хандықтары иелiгiнде қыстап, ал
жаз маусымында Ресей қарамағындағы жайылымдарына
көшетiн, күзде қайтадан керi қайтатын. Осыны пайдаланған
Ресей шекаралық басқармасы да, Орта Азия хандықтары да
қазақ руларына қысым көрсетiп, олардан алым-салық ала-
тын едi.
Үндістанда орнығып алған ағылшын үкіметінің жасырын
қолдауына сүйенген Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтары
ХIХ ғасырдың бас кезінен бастап Ресей империясының
Орталық Азиядағы экспанциясын тоқтатуға тырысты.
Осы мақсатта олар Каспий теңізінен Жетісуға дейінгі ара-
лықта жиі-жиі жорықтар жасап, осы өңірді мекендеген
қазақ ауылдарының берекесін кетірді. Бұл өз кезегінде
жергілікті қазақ руларын Ресей иелігіне көшіп, орыс
бекіністерінен көмек сұрауға мәж бүр етті. Қазақ халқы екі
жақты қысымда қалды. Жиі-жиі әртүрлі деңгейдегі бас
көтерулер болғанмен, орталық билік болмауы салдарынан
бұл көтерілістердің нәтижелері шамалы болды. Бұған
экономикалық қиыншылықтар қо сыл ды. Ха лық аралық
сауда жолдарының күйреуі, үнемі қай таланып тұратын
жұттар халық тұрмысын әбден күйзелт ті. Осының бәрі
қосылып Ресей империясының қазақ жеріне, әсіресе бұрын
Ресей ықпалынан тыс қалып келген Ұлы жүзге ішкерілей
енуіне алғышарттар жасады.
Оңтүстiк Қазақстан, соның iшiнде, Жетiсу қазақтары
Ресейдiң шекаралық аудандарымен сауда және саяси байла-
ныстар жасап тұрды. Астық пен өнеркәсiп тауарларын
Ресейден бұл аудандарға жеткiзу және қазақтардың басқа
да талаптарын орындау жылдан-жылға өсiп отырды. Осы
жағдайлар Ресейге сенiмдi күшейттi, Жетiсу өлкесiнiң де
оның құрамына кiруiне алғышарттар дайындады.
1818 жылы Сүйiк сұлтан Абылайханұлы патша үкiметiне
өзiнiң қарамағындағы рулардың Ресей құрамында болуын
121
қалайтындығын мәлiмдедi. Сөйтiп, жалайыр руынан 55 мың-
нан аса қазақ қоныс тепкен аймақ Ресей құрамына алынды.
Бұл рулардың көшiп-қонатын жерлерi Қоқан хандығымен
шекаралас едi. Қазақтардың бiртiндеп Ресей қол астына
өтуi, әрине, Қоқан билеушiлерiнiң қарсылығын тудырды.
Егер XIX ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары
өзде рiнiң қол астына кiрмейтiн қазақ және қырғыз елiне
жорық жасаумен шектелген болса, ХIХ ғасырдың 30—40-
жылдардағы олардың саясатында басқа ниет басым жатты.
Олар Қазақстанның оңтүстiгi мен қырғыз жерiнiң Ресей
ие лi гi не өтуiн қаламады, оған барынша кедергi жасауға ты-
рысты.
Ресей әкiмшiлiгiнiң күшеюi. Оңтүстiк Қазақстанда Ре-
сей ықпалы одан әрi күшейiп, әскери бекiнiстер пайда бо ла
бастады. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында Ақ-
тау, Алатау, Қапал, Сергиополь (Аякөз), Лепсi бекiнiстерi
салынды. Бұл жаңа бекiнiстер Ресейдiң Iле аймағын отарла-
уына қызмет еттi.
Патша үкiметi XIX ғасырдың 20—30-жылдарында
Қазақстанда саяси бағыттағы бiрқатар әскери шараларды
iске асырды. Осы жылдары Ресей сыртқы iстер министр-
лiгi жанынан “Азия комитетi” құрылды. Жергiлiктi стар-
шындар Батыс Сiбiр генерал-губернаторы П.М.Капцевичтен
өзара қақтығыстарды басуға және тиiстi жағ дайда өздерiн
қорғау үшiн әскери құрамаларды жi бе рудi өтiндi. Осыған
сәйкес Батыс Сiбiр генерал-губер наторы Омбы облыстық
басқармасының бастығы С.Б.Бро невскийге Ұлы жүзге
жiберiл етiн әскери күш дайындауды тапсырды. Ұзын саны
120 казактан құралған зең бiректерi бар қарулы топты басқару
Жәмiш бекiнiсiнiң коменданты подполковник В.К.Шу бинге
жүктелдi. 1825 жы лы шiлдеде Қаратал өзенiне жеткен топ
екiге бөлiнедi: бiреуi Қараталда қалып, хорунжий Нюхалев
басқарған екiншi топ Жетiсу өңiрiне тереңдей ендi.
Қоқан ханы тарапынан болатын шабуылдардан қорғану
мақсатында Жетiсудың 50 мың адамы бар үйсiн тайпасының
қазақтары жаңа әкiм шiлiк билiкке мойынсұнып, өз жерле-
рiнде сыртқы округ ашуға келiсiм бiлдiрдi. 1846 жыл дың
жазында Қызылағаш өзенi бойына орыс әскерiнiң ке луi, ал
1847 жылы Қапал бекiнiсiнiң салынуы Лепсi мен Iле өзендерi
аралығында көшiп-қонып жүрген қазақтардың, Жантай,
Жаңғар, Ормон манаптар бастаған 40 мың қырғыз отбасының
отаршыл Ресей империясы билiгiне өз ерiктерiмен мойын-
сұнуын жеделдеткенi айғақ.
122
Ұлы жүз қазақтарын басқару туралы нұсқауларға сәй-
кес 1848 жылы қаңтарда бұл өңiрге ресейлiк пристав
1
та-
ғайындалды. Орыс әскерiнiң Жетiсуға және Оңтүстiк Қа-
зақстанға тереңдеп енуi Орта және Кiшi жүз жерi арқылы iске
асырылды. Ресейдiң экономикалық және саяси мүдделерiне
орай, алдымен көз тiккен аймақтар — Қытай мен Қоқанға
iргелес Жетiсу және Iле өңiрi болды.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Орта Азия хандықтарының қазақтарға озбырлық жасауды күшей-
туін қалай түсiндiруге болады?
2. Ұлы жүздің Ресейдің қол астына өтуі үшін қандай алғышарттар
қалыптасты?
3. Ұлы жүздi Ресей қол астына көшiру үшiн патша үкiметi қандай
шараларды iске асырды?
§ 19. ВЕРНыЙ БЕКIНIсI НЕГIзIНIҢ сАлыНУы
Верный бекiнiсi салынуының алғышарттары. Қазақ же-
рінің оңтүстiк аймақтары әлi Хиуа және Қоқан билiгiнде
болды. Сондықтан алдағы кезде ол аймақты және қырғыз
жерiн бөтен билiк иелерiнен босатып алу үшiн дәйектi күрес
жүргiзу керек еді. Осы мақсатпен Омбы мен Орынбордан
жiберiлген отрядтар Ырғыз, Торғай, Сырдария, Жетісу
өзен дерi бойынан бiрнеше бекiнiс-қамалдар тұрғызды. Бұ-
ған дейiн Қоқан хандығының билiгiнде болған Той шы бек
бекi нiсi хандықтың Жетісудағы басты тiрегi едi. Қаскелең
өзенi сағасында тұрған Тойшыбек бекінісі Ресей үшiн Қоқан
билеу шiлерiн қууды қиындатты. Дулат тайпасының белгiлi
би ле рiнiң және батырларының бiрi болған Тойшыбек қазақ
халқының мүддесi үшiн орыс отарлауына қарсы қоқан дық-
тардың көмегiне сүйенбек болды. Бiрақ осы өңiрге Кене-
сарының қоныс аударуына байланысты Жетiсуды орыс
жазалаушы отрядтары белсендi түрде жаулай бастады.
Осындай жағдайда орыстар Қоқан әскерлерi бекiнiп алған
Той шыбектiң қамалына шабуылды үдеттi. Бұл қамалды
алмай Қоқан билiгiне соққы беру қиын едi.
1850 жылы капитан К.Гутковский бастаған 200 казактан
және 50 жаяу әскерден құралған топ Қапалдан шығып,
1
1782 ж. тұңғыш рет, 1837 ж. қайтадан енгiзiлген Ресейдегi қадаға-
лаушылық, полициялық күшi басым қызмет. Қазақ даласында тұңғыш
рет Ұлы жүздi басқаруда сынақтан өткен.
123
Тойшыбекке жақындады. Алайда Алматы өзенiнде қыр-
ғыздар жасағымен қақтығысқан К.Гутковский Iле жаға-
лауына қайтып оралуға мәжбүр болды. Бұл мақсатты орындау
1851 жылы мамырдың ортасында Қапалдан аттанған подпол-
ковник Карбышев тобына жүктелдi. Бiр батальон жаяу әс-
керден, төрт казак жүздiгiнен және 18 зең бiректен тұрған
күштi белгiлi би Тәйнеке Досетұлының жiгiттерi қолдады.
1851 жылы шiлденiң 7-сiнде Тойшыбек бекiнiсi қантө гiссiз
бе рiлуге мәжбүр болды. Ресейдiң Орта Азия хандықтарына
жақын сол қанаты күшейтiлдi.
1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы граф В.А.Перо в -
с кийдiң басшылығымен iске асырылған әскери қимыл дар
нәтижесiнде Қоқан билеушiлерiнiң Ақмешiт бекiнiсi Ре-
сейдiң қол астына қарады. Ендi орыс әскерiнiң Iле бойы на
жыл жуына жол ашылды. Батыс Сiбiр генерал-губернаторы
Г. Гас форттың Сырдария және Сiбiр әскери шептерiн ұштас-
тыру туралы ұсынысы Петер бургте бекiтiлдi.
1854 жылы сәуiр айында Гасфорт жергiлiктi басқарушы-
ларына 1858 жылдың көктемiне қарай Көксу өзенi мен Iлеге
дейiнгi аралықта бiрнеше бекет салуды тапсырды.
Верный бекiнiсi. Ұлы жүз приставы майор М.Д.Пере-
мышельскийдiң отряды 1853 жылы Талғар өзенiнiң Iлеге
құяр жерiнен Iлe бекетiн тұрғызды. Қарлы шыңдар етегiндегi
қалың ормандар мен бақтардың орналасуы, олардың ара-
Верный бекiнiсi. 1857 жыл
124
сымен тау өзендерiнiң сылдырлап ағып жатуы, бұл өл ке-
нiң ғажайып табиғаты орыс жаулаушыларын қатты қы-
зықтырды. Сондықтан да олар осында тоқтап, арнайы бекiнiс
салуды қолға алды. 1854 жылдың көктемiнде сол отряд
Вер ный деп аталған бекiнiстiң iргетасын көтердi. Вер ный
Алматы деп аталған ертедегi қазақтардың қоныс қалдықтары
сақталған жерде пайда болған едi.
Саз балшықтан көтерiл ген бекiнiс ағаш дуалмен қор-
шалды. 1854 жылдың күзiнде бөренелi ағаш үйлерге және
казармаларға Iле отрядының 470 солдаты мен офицерi келiп
қоныстанды.
Сонымен қатар мұнда жылдан-жылға сырттан келген
келiмсектер көбейдi. 1855 жылы Сiбiрден 400 отбасы қоныс
аударды. Олар Үлкен Алматы станицасын мекендедi. Верный
кейiн Iле қонысы деп аталды. Оның маңайына бұрын осы
өңiрде көшiп жүрген отырықшы қазақтар орын тептi. Вер-
ный бекiнiсi төңiрегiнде өзге де көптеген елдi мекендер пайда
болды. Лепсi, Кiшi Алматы, Талғар, Есiк, Ұзынағаш және
Кәстек мекендерi ұлғайып, табиғаты егiншiлiкке қолайлы
өңiрге әртүрлi ұлт өкiлдерi топтасты.
Верный бекiнiсiнiң пайда болуы көршi қырғыз халқының
да кейiнгi тағдырына әсер еттi. 1855 жылы қырғыздың бұғы
руы Ресей билiгiн мойындады. Бекiнiс бiртiндеп Шу мен
Талас алабына Ресей империясының экономикалық және
саяси ықпалын жүргiзетiн басты тiрекке айналды.
1855 жылы жазда Ұлы жүз приставы резиденциясының
Қапалдан Верныйға орын ауыстыруы, бекiнiстiң Жетiсу
өңi рiндегi рөлiн бұрынғыдан да күшейттi. Бекiнiстiң бұл
бөлiгiнде қолөнершiлер және саудамен айналысатын тұр-
ғындар орналасты да, бұл жай Верныйдың сауда бай ла-
ныстарындағы делдалдық қызметiн күшейттi. 1856 жылы
Верныйға жер ауған қоныстанушылардың жаңа толқыны
жиналды. Олардың iшiнде Воронеж және басқа Орталық
Ресей губернияларынан келгендер болды. Олар жергiлiктi
халықтан суармалы егiншiлiктiң, мал жайылымын пайда-
ланудың дәстүрлi әдiстерiн үйрендi.
1857 жылы татар слободкасы маңайында Верныйдағы
тұңғыш судиiрменi салынды. 1858 жылы iске қосылған
ал ғаш қы сыра зауыты жергiлiктi өңдеу өнеркәсiбiнiң басы
болды.
Верный Жетiсу өлкесiне қоныс аударушылар көп шо-
ғыр ланған iрi мекенге айналды. Ресейдiң орталық ау-
125
дан дарынан шалғай орналасса да, мұнда орыстың про-
грес шiл қоғамдық ойшылдары көптеп келе бастады.
Бел гiлi ғалым-саяхатшылар П.П.Семенов-Тяншанский,
Н.М.Пржевальский, И.А.Северцев, т.б. Верныйда болып,
жергiлiктi халықтың тұрмыс-салтымен, тарихымен танысты.
XIX ғасырдың 60-жылдарында бекiнiсте Ш. Уәлиханов та
тұрған едi.
Көп ұзамай Верный бекiнiсi Қазақстанның оңтүстiк ау-
дандары мен қырғыз жерiнiң Ресей қол астына қарауын
тездеттi және бiрте-бiрте сол аймақтың саяси, әскери және
экономикалық орталығына айналды.
Сонымен бiрге аса қолайлы аймаққа орналасқан Верный
бекiнiсi бiртiндеп Жетiсудағы ғана емес, бүкiл қазақ жерiн-
дегi үлкен қалаға айналып, ХХ ғасырда ол республиканың
аста насы болатындай деңгейге жеттi.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Верный бекiнiсiнiң салыну себептерiн атаңдар.
2. Верный бекiнiсiнiң салынуы жергiлiктi және басқа халықтарға
қандай әсер еттi?
Құжаттар
“...Бұл халық (Тянь-Шань қырғыздары. — Ж.Қ.) сұлтан дегендi
бiлмейдi: руларды сайланатын манаптар басқарады. Соғыс кезiнде
манаптар арасынан ең ержүрек, қабiлеттiсiне халық жасағын
басқару тапсырылады, оған дара билiк берiледi. Билердiң құқылары
ерекше. Жазаға тарту өте сирек. Манаптардың бiрi — Боранбай Ре-
сейдiң билiгiн қабылдау үшiн өтiнiш жасаған. Алайда ол айла болуы
мүмкiн. Ресейдiң билiгiне өту тек биiк Алатау бөлiп тұрған Ұлы
жүз дiң Ресей қарамағына өтуiмен ғана iске асады”.
Янушкевич А. Дневники и письма
из путешествия по казахским степям.
Алма-Ата, 1966. С. 52—53.
§ 20. ҚАзАҚсТАННыҢ РЕсЕЙГЕ ҚОсылУыНыҢ АЯҚТАлУы
ЖӘНЕ ОНыҢ сАлДАРы
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Бұл
тари хи белестi оқиға патша үкiметiнiң Орта Азия мен осы
аймақтағы саясатының күшеюiмен тұстас келдi. Қоқан хан-
дығын ығыстырып, өзiнiң жергiлiктi қазақтар арасындағы
саяси билiгiн нығайту үшiн патша үкiметi бiрқатар шараларды
126
iске асырды. Iле өңiрiнде әскери күштердi молайтып, керуен
жолдарын бақылауға алуға, сауда-саттыққа зер салуға ерекше
мән берiлдi. Осындай 800 орыс және 100 қазақтан тұратын
күштi басқарған подполковник Шайтановқа Шу алқабына
қарай бағыт алып, қазақтармен байланысты нығайту тапсы-
рылған едi. Кейiннен аңызға айналған Сұраншы батыр және
Шаян батыр, Жайнақ би, т.б. қазақтар Ресейдiң күшiн қо-
қан дықтар озбырлығынан құтқарушы ретiнде қарсы алып,
қо шемет көрсеттi. Ресейдiң жаулау саясаты басталған кезде
Қоқан хандығы патша үкiметiнiң отаршылдығына қарсы
Орта Азия халықтарын ұйымдастырудың орнына жергiлiктi
халықты ұлтқа, ру-тайпаға бөлiп, қатал жазалады. Бұған
халық наразылықпен жауап бердi. Қоқанның Құдияр ханына
қарсы қыпшақтардың Мұсылманқұл бастаған көтерiлiсi
азаттық үшiн күрестiң ерекше үлгiсi ретiнде тарихта қал ды.
Алғаш 1845 жылы көтерiлiске шыққан қыпшақтар өзде-
рiн қоқандықтарға мойындатып, мемлекет басқару iсiне
ара ласуға мүмкiндiктер алған болатын. Бiрақ 1852 жылы
отырықшы өзбектер мен тәжiктердiң қыпшақтарға қарсы
көте рiлiсi орын алды. Қоқан қаласында көтерiлiсшiлер
қып шақтарды ұрып-соғып жазалауға кiрiстi. Осындай жағ-
дайды пайдаланған Қоқанның Құдияр ханы Мұсылманқұл
бастаған қыпшақтарға қарсы күрестi бастап жiбердi. Ол
қып шақтардың көсемi Мұсылманқұлды ұстап алып өлiм
жазасына кестi. Бiраз жылдан кейiн кектенген қыпшақтар
қайта көтерiлiп, ақыры Құдияр ханның билiгiн құлатты.
Осындай жағдайда орыстар қоқандарды бiржолата талқандау
мақсатымен оған қарсы жорыққа тиянақты түрде дайындала
бастады.
Ресей мен Қоқан хандығы арасындағы байланыс шиеленiсе
бердi. Екi жағы да талай мәселенi келiссөздермен тындыруға
талпынғанымен, нәтиже шыға қоймады.
Жетiсуды қалайда өз қолында ұстап қалуға тырысқан хан
Әулиеатадағы, Меркедегi, Пiшпек пен Тоқмақтағы әскер-
лерiнiң күш-қуатын нығайтуға шаралар қолданды.
1859 жылы Ұлы жүз бен қырғыз елiнiң солтүстiк шека-
ралық ауданында тұрғызылған Кәстек бекiнiсi осы өлкедегi
им пе рияның бiр тiрегiне айналды және Қоқан ханының
қа зақ, қырғыз халықтарына қарсы қимылдарына бiршама
тосқауыл болды.
Орыс әскерлерiнiң Шу аңғары арқылы Қоқан бекiнiсте-
рi — Әулиеатаға, Шымкент пен Ташкентке қарай iлгерiлеуi
127
осы жерден басталды. Көп ұзамай, полковник Циммерман
басқарған топ Шу алқабына ендi. 1860 жылы 26 тамызда —
Тоқмақ, қыркүйекте бес күндiк қоршаудан кейiн Қоқан-
ның Жетiсудағы басты тiректерiнiң бiрi — Пiшпек құлады.
Жеңiлгенiне қарамастан Қоқан ханы Верный бекiнiсiне
қарай орыс әскерлерiнен он есе көп, жалпы саны 22 мың дық
қол жiбердi. Қазақ билеушiлерi екiге жарылды: Ке не сары
Қасымұлының баласы Сыздық сұлтан жағына ойыс қан
топтар орыс әскерлерiне қарсы күрессе, жергiлiктi ақсүйек-
тердiң көпшiлiгi патша әкiмшiлiгiн қолдап, Қоқан ханына
қарсылық бiлдiруге дайын тұрды.
1860 жылдың қазан айында Алатау округiнiң билеушiсi
Г.А. Колпаковский басқарған орыс әскерлерi Ұзынағаш
түбiндегi үш күндiк шайқаста (1860 жылы қазан айының
19 — 21-i күндерi) Қоқан әскерiне соққы бердi.
XIX ғасырдың 50-жылдарының аяғы, 60-жылдардың
басында Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшiн алауыз-
дықтың күшеюi орыс әскерлерiнiң соғыс қимылдарын жедел-
детуiне түрткi болды.
1864 жылдың көктемiнде Ресей үкiметiнiң Қоқан ханды-
ғына қарсы жiберген тобы тез арада бүкiл Шу алқабын, Мерке,
Әулиеата, Түркiстан бекiнiстерiн алды. Орыс әскерлерiнiң
бiрiн басқарған полковник М.Черняев Шымкент бекiнiсiне
бет алды. Қоқан билеушiсi Әлiмқұл орыс әскерлерiне
қарсылық ұйымдастыру үшiн Хиуа, Бұхар хандықтарымен
одақ жасауға тырысты. Түркiстан жағынан М.Черняев,
Әулиеата жағынан подполковник Лерхенiң әскери тобы
22 қыр
күйек күнi тiке шабуылға шығып, Шымкентке басып
кiрдi. 1865 жылы шiлдеде орыс әскерлерi соғыс қимылдарын
үдете отырып, үш күнге созылған көше ұрыстарынан кейiн
Орта Азияның iрi саяси, экономикалық орталығы Ташкенттi
басып алды.
1866 жылдың басында орыс әскерлерi Бұхар хандығы
жерiне кiрдi. Бiрнеше ұрыста жеңiлген бұл құдiреттi әмiрлiк
иелiктерi Түркiстан генерал-губернаторының құрамына
қосылды. Бұхар хандығының солтүстiгiнде қоныстанған
қазақтар өзбектермен қатар Ресейдiң билiгiн мойындады.
1868 жылдың қаңтар айындағы келiсiм бойынша Қоқан
хандығына қарасты бiрқатар жер, оның iшiнде, бұрынғы
Қоқанға тәуелдi қазақ жерi империя құрамына енiп, Түр-
кiстан генерал-губернаторлығына бағындырылды. Сонымен
Орта Азиядағы Бұхар, Қоқан хандықтарының, сондай-ақ
128
1873 жылы Хиуа хандығының жеңiлiсi қазақтарды оларға
тәуел дiлiктен құтқарды.
Қазақстанның Ресей империясына қосылуының нәтиже-
лері. Сонымен бұл процесс XVIII ғасырдың отызыншы
жылдарынан басталып, бiр жарым ғасырға созылды.
Ресейдiң сыртқы саясатында Қазақстан жерi XVIII ғасыр-
дың 30-жылдарынан ғана емес, орыс мемлекетi Мәскеу
төңiрегiне шоғырлана бастаған кезден, XV ғасырдың орта
шенiнен бастап-ақ ерекше мәнге ие болған едi.
Қазақ-орыс байланыстарының жолға қойыла бастауы,
әрине, орыс патшасы IV Иван билiк құрған кез деп қа рас -
тырған жөн. Ол дәуiрде орыс-қазақ қарым-қатынасы ның
не гiзгi даму барысы саяси-дипломатиялық жүйеде қалып-
тас ты. Орыс мемлекетiнiң Самара, Саратов, Қазан сияқты
iрi саяси-экономикалық орталықтары Қазақстанның сырт-
қы жағдайының Ресеймен мүдделес болуына ынталы едi.
Яғни, XVIII ғасырдың 30-жылдарына дейiн де орыс-қазақ
бай ланыстары өзара даму барысында белгiлi дәрежеге жет тi.
Ресей мен Қазақстанның экономикалық және саяси бай ла-
ныстары екi халықтың өзара қатынастарының негiзi бол-
ғандығын көрсетедi.
XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiнде I Петр патшаның шы-
ғыс саясатында Қазақстанға мән беруi, Солтүстiк соғыста
Швецияны жеңген Ресейдiң Қазақ хандығымен кең байла-
ныс жасауға ұмтылуы түсiнiктi едi. Князь А.Бекович-
Чер кас скийдiң, подполковник И. Д. Бухгольцтiң, майор
И.М.Лихаревтiң, подполковник П.Ступиннiң әскери барлау
экспедициялары қазақтарды көршi Жоңғария шапқын-
шылықтарынан қорғауда елеулi орын алғандығын жоққа
шы ғару ағаттық.
Орыс-қазақ қарым-қатынастары “Ақтабан шұбырын-
ды, Алқакөл сұлама” кезеңiнен жаңа сапалық дәрежеге
көтерiлдi. Жоңғарияда қазақтардың мүддесiн қорғайтын
дипломатиялық миссиялардың қызметi Ресейдiң қазақ
халқы алдында беделiн көтердi.
Әйтсе де, Кiшi жүз қазақтарының Ресей империясы
құрамына кiруге ризашылық бiлдiруi, бұл қадамның 1731
жылғы қазан айының 10-ы күнi ресми келiсiмде негiзделуi екi
халықтың өзара байланысындағы елеулi кезең болды. Ресейге
бодан болу туралы келiсiмшартқа, негiзiнен, Әбiлқайыр хан
бастаған ат төбелiндей қазақ билеушiлерi қол қойғанымен, бұл
құжат қазақ жерiнiң Ресейге қосылуын құқықтық тұрғыдан
129
негiздеп бердi. Ендi патша әкiмшiлiгi және оның идеологтерi
қазақ жерi Ресейге өз еркiмен қосылды деген бiражақты
логикаға негiзделген тұжырымды ойлап шығарды. Шын
мәнiнде, патша үкiметiнiң отаршыл саясаты қазақтардың
азаттық үшiн күресiн одан әрi асқындыра түстi. Бұл күрес-
тер жоғарыда айтылған тұжырымның негiзсiз екенiн дә-
лел дедi. Ресейге бодан болу туралы қазақ билеушiлерiнiң
шешiмi шын мәнiнде iшкi және сыртқы саясат тығырыққа
тiрелгеннен туындаған амалсыз шара болатын. Iшкi саясат-
та қазақ билеушiлерi арасында ауызбiрлiктiң болмауы
хан дықты әлсiретсе, ал сыртқы саясатта қазақ жерiн жоң-
ғар лардың жаулап алуға ұмтылуы қазақтарды Ресейден
одақ тас ретiнде қолдау iздетуге мәжбүрледi. Сондықтан
да Кiшi жүзде басталған Ресейге қосылу әрекетiн Орта
жүздiң, кейiннен Қоқан билiгiнен азап шеккен Ұлы жүздiң
қа зақ тары да қолдады. Әрине, отаршылдық саясатының
күшеюiне қарамастан, қазақтардың Ресейге қосылуының
кейбiр жығымды жақтары болғанын да терiске шығара
алмаймыз. Алайда осы саяси келiсiмнiң нәтижесiнде қазақ
мемлекеттiлiгiнiң тәуелсiздiгiнен айырылғанын ешқандай да
жетiстiктер ақтай алмайды. Қазақ халқының Жоңғар шап-
қыншылығына қарсы азаттық күресi Ресей сияқты үлкен
елден қолдау тапты. Әрине, қазақ билеушiлерiнiң бәрi бұл
тарихи бетбұрысты бiрден қолдай қойған жоқ. Әрi патша
өкiметi де көп ұзамай отаршылдық саясатын ашық жүргiзiп,
өзiнiң бетпердесiн айқындады.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ұлы жүздiң Ресей құрамына қосылуына әсер еткен жағдайларға
талдау жасаңдар.
2. Ұзынағаш түбiндегi шайқастың барысы мен зардаптары туралы не
айта аласыңдар?
3. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталу заңдылықтары мен
маңызын қалай түсiнесiңдер?
Құжаттар
Жетiсу облыстық басқармасының
нұсқау берушi бөлiм бастығы
Н.Аристовтың жазбасынан үзiндi (1871 жыл)
“...Жетiсуда орыс билiгiнiң шын орнай бастауы 1831 жылғы
17 шiлдеден (Аякөз округтiк приказының негiзi салынған кезден)
басталады. Оған дейiн Аякөз бен Лепсi өзендерiнiң оңтүстiгiнде
көшiп жүрген қырғыздар сөз жүзiнде ғана бiздiң билiгiмiздi таны-
ған болды, себебi үкiметiмiз олардың басқару iсiне араласпады,
салық жинаған жоқ... Аякөз приказының ашылуына сәйкес граф
Сперанскийдiң “Сiбiр бұратаналарын билеу жөнiндегi ережелерiне”
сай қырғыздарды (қазақтарды. — Қ. Ж.) басқару iсi өзгертiле бас-
тады. Болыстар құрылды, болыс билеушiлерi сайланды, салық
жи налды. Омбы облыстық шекара басқармасының талап етуiмен
оған бағындырылған қырғыздар туралы әртүрлi, әсiресе олардың
көшiп-қонуы жөнiнде мәлiметтер жинастырылды. Бұл болыстарды
ұйымдастыру 1834—1839 жылдарда iске асырылды. Қиыншылықтар
шалғай жатқан рулардың қолдарына қару алып, жаңа тәртiпке,
әсiресе мал ды санауға қарсы шығуымен байланысты болды”.
Хрестоматия по истории Казахской ССР.
Алма-Ата, 1960. С. 60.
131
IV бөлiм. XIX ҒАсыРДыҢ БIРIНШI ЖАРТысыНДАҒы
ҚАзАҚсТАН МӘДЕНИЕТI
§ 21. ХАлыҚ АҒАРТУ IсIНIҢ ДАМУы
Ағарту iсiнiң жағдайы. Қазақ жерiнiң Ресейге қосылуы
өлкенiң әлеуметтiк-экономикалық даму барысына әсер
етiп қана қоймай, бiлiм беру, ағарту саласының кеңеюiне,
жергiлiктi халық дәстүрлерi мен мәдениетiнiң жаңа бағыт
алуына да барынша әсер еттi.
XIX ғасырдың бас кезiнде Қазақстанда ағарту iсi, негi-
зiнен, шәкiрттерге “Шариғат-ұл-иман” (“Мұсылман дiнi-
нiң ережелерi”), “Әптиек” (“Құранның жетiден бiр бөлiгi”)
сияқты дiни мазмұндағы кiтаптарды, ислам дiнiнiң қағида-
ларын үйретумен шектелдi.
Қазақстанның Ресей құрамына кiруiнiң аяқталу кезеңiне
қарай бiлiм беру жүйесiнде де жаңа өзгерiстер қалыптасты.
Iрi медреселерде араб тiлiнен сабақ беруге, негiзiнен, “мұға-
лiм дiкке” арнаулы куәлiгi бар адамдар тартылды.
Бiлiмiн жалғастыру үшiн ауқатты ата-аналар балаларын
Бұхар, Самарқан, Хиуа, Ташкентке жiберiп отырды. Олар
да араб тiлiнде бiлiмдерiн жетiлдiрдi. Ертеден дамыған араб
философиясын меңгердi. Бiртiндеп iрi медреселерде орыс тi-
лiн, арифметиканың төрт амалын үйреттi, география пәнi нен
де мәлiмет беретiн болды.
Қазақстанда жаңа оқу жүйесiнiң дамуы Омбы, Орынбор,
Семей, Орал және басқа қалаларда орысша сабақ өткiзiлетiн
мектептердiң ашылуына да байланысты болды. Бекiнiстер
мен қалалардың бiрте-бiрте Орта Азия, Шығыс Түркiстанмен
сауда байланыстары орталық тарына айналуы делдалдық
тiлмаштар даярлайтын оқу орындарын кеңейтудi қажет
еттi. Әсiресе қазақ жерiнде 1789 жылы ашылған Азиялық
училищенi атап көрсетуге болады. Моңғол, маньчжур, қы-
тай, парсы және басқа да Азия халықтары тiлiн оқып-үйрен-
ген бұл мектеп түлектерi — алғашқы сауатты мамандар
болып шықты. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда
ашылған әскери училищелер ресейлiк билеу әкiмшiлiгi үшiн
шенеунiктер даярлаумен айналысты. Олар заман талабына
сай 1837 жылы Сiбiр кадет корпусы, 1844 жылы орынборлық
Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. Осындай
орысша және татарша сауат ашатын мектептердiң бiрiн
ұйымдастырған Iшкi Орда ханы Жәңгiр болды. 1841 жылы
132
Ордада ұйымдастырылған бұл мектепте молдалар татар тi-
лiн де, ал бiраз ұстаздар орыс тiлiнде сабақ бере бастады.
Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған бұл мектеп
қазақ жастарының бiлiмiн тереңдетудi ғана емес, хан және
Орынбор губерниялық кеңсесi үшiн отаршылдық әкiмшiлiкке
берiлген қызметкерлер даярлауды мақсат еткен.
1822 жылы қабылданған Сiбiр қазақтарының, 1824 жыл-
ғы Орынбор қазақтарының жарғылары саяси-экономикалық
мәселелердi ғана қамтып қоймай, сонымен бiрге мәдениет,
бiлiм беру iсiн кеңейту жолдарын да қарастырды. 1831 жы-
лы Омбы облысының қоныстарында орысша бiлiм беретiн
училищелер ашу ұйғарылды. Сол жылғы қыркүйек айының
18-i күнi Семей қаласында осындай училище өмiрге келдi.
1836 жылы жанында қазақтар үшiн интернаты бар Өскемен
училищесi ұйымдастырылғаны да елеулi оқиға едi.
1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жаны-
нан қазақтарға орысша бiлiм беретiн бiрнеше мектептер
ашылды. Мұғалiмдердiң, қаражаттың жетiспеуi, дәрiс бере-
тiн үйлердiң талапқа сай келмеуi, т.б. себептер Қазақ станда
орыс тiлдi мектептердiң кең тамыр жаюына мүмкiндiк
бер медi. Алайда Ресей құрамына толық қосылып болмаған
Қазақстанда мұндай оқу орындарының жұмысы, оған көш-
пелi қазақ балаларының тартылуы өзiнiң мазмұны жағынан
орыс-қазақ ынтымақтастығына жаңа сипат берген құбылыс
бол ғанын атап өткен орынды.
Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды
зерттей бастауы. XIX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ
халқының өмiрi мен тарихына, шығармашылығына көңiл
бөлген орыс мәдениетiнiң тамаша өкiлдерi iшiнен В.И.Даль-
дiң есiмi ерекше орын алды. 1833—1841 жылдары Орынбор
әске ри губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды
орындайтын шенеунiк қызметiн атқарған В.И.Даль өз
за ма нының көрнектi перзенттерi — А.С.Пушкинмен,
А.А.Дель вигпен, И.А.Крыловпен, Н.В.Гогольмен, ағайынды
В.А.Перовскийлермен жақын болды.
Орынбор өлкесiнде болған сегiз жыл iшiнде В.И.Даль тi-
келей өз қызметiмен қатар түркi тiлдес халықтардың жаз-
баларын, ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн жинастырды, әңгiмелер,
басқа да шығармалар жазды. 1839—1840 жылдары орыс
әскерi қатарында Хиуа жорығына қатынасты. 1836— 1838
жылғы шаруалар көтерiлiсiнiң басшылары Исатай Тай-
манұлы мен Махамбет Өтемiсұлына жанашырлық бiлдiрдi.
133
“Бикей мен Мәулен” повесiн жазып, онда Орынбор өлкесiндегi
қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттады.
Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин шығармашылығы-
ның бiр тармағы — Орынбор өлкесiмен, 1773—1775 жыл-
дардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысымен бай-
ла нысты едi. 1833 жылы осы көтерiлiс туралы мәлiмет
жи на ған А.С.Пушкин Қазақстанның сол кездегi орталы-
ғы — Орынборда болды. Осы өлкеде бiр аптадан артық,
қаланың өзiнде үш тәулiкке жуық болған ұлы ақын азиялық
тайпалардың, соның iшiнде, қазақтардың өмiрiн өз көзiмен
көрдi. “Пугачев бүлiгiнiң тарихында” оның байқағандары
мен тұжырымдары, сондай-ақ қазақтардың шаруалар соғы-
сына қатысқанын және бұл соғыстың мақсаты қазақтар
мүдде сiне жақын болғанын көрсететiн көптеген мәлiметтер
келтiрiлген.
“Пугачев тарихында” Едiл мен Жайық арасында көшiп
жүрген тайпа ордаларына (қазақтарға) көңiл аударады.
Оралда А.С.Пушкин “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” поэма-
сымен танысқан. Ұлы ақынның Орынбор және Орал өңiрiнде
болуы оның шығармашылығындағы елеулi кезең едi. “Ка-
пи тан қызының”, “Пугачев бүлiгiнiң” баспадан шығуы
орыс демократиялық топтарында Орта Азия мен Қазақстан
туралы құнды мәлiметтердiң тарауына септiгiн тигiзiп, қа-
зақ, башқұрт және басқа халықтардың өмiрi мен тарихына
қызыға қараушылықты күшейтiп, олардың тағдырына терең
үңiлуге жол ашты.
XIX ғасырдың 20—40-жылдарында Қазақстанды зерт-
теудiң жаңа кезеңi басталды. 1848—1849 жылдары Г.С.Ка-
релиннiң Каспий теңiзiне және капитан-лейтенант А. Бута-
ковтың Арал теңiзiне жасаған экспедициялары қазақ
дала сын зерттеудегi үлкен бетбұрыс едi. Олар Сырдария
өзе нiнiң жағалауларын картаға түсiрдi. Арал теңiзi мен оған
құятын Сырдария өзенiнiң тереңдiгiн анықтады, картада
белгiледi.
Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Не-
больсин, т.б. орыс ғылымының белдi өкiлдерi қазақ же рiн
топографиялық зерттеумен шұғылданды, табиғи бай лық-
тарын анықтады. Қазақ даласын зерттеуде Орыс гео гра-
фия лық қоғамы ұйымдастырған экспедициялардың орны
ерекше болды. Орыстың көрнектi ғалымдары А.Левшин,
Н.Красовский, В.Витевский, Э.Мейер, И.Завалишин және
т.б. тарихшы-этнографтар қазақ халқының өмiрiн зерттеп,
бiрқатар арнайы тарихи еңбектер басып шығарды.
134
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазақстанның Ресей құрамына кiруiнiң аяқтала бастауын қандай
мәлiметтер сипаттайды?
2. Орыс жазушыларының шығармаларында Қазақстан тақырыбы
қандай орын алды? Ағартушылық iсiнiң жаңа көрiнiстерiн айтып
берiңдер.
3. Орыс жазушылары мен ғалымдарының еңбектерiндегi Қазақстан-
ның алатын орнын сипаттаңдар.
Құжаттар
Орынбор шекара комиссиясы жанындағы
қазақ мектебi жөнiндегi ереже
( 1844 жылы маусымда бекiтiлген)
“... Қырғыздар арасында орыс тiлiн таныту мен белгiлi бiр дәре-
жеде сауаттылық таратудан басқа мектептi ашудағы басты мақ-
сат — шекаралық басқарма жанындағы сұлтан-билеушiлер орда сы
үшiн iс жүргiзушiлер даярлау, тек қырғыздардан ғана таңдап алы-
натын басқа да қызметкер адамдар даярлау”.
Тажибаев Т.Т. Просвещение и школы Казахстана
во второй половине XIX века. Алма-Ата, 1962. С. 445.
Верный қалалық училищесi
педагогикалық кеңесiнiң шешiмi
26 мамыр, 1899 жыл.
“...Оқушы жастардың көпшiлiгiне қымбатты ақынымыздың
(А.С.Пушкин. — Ж.Қ.) 100 жылдық мерекесiне байланысты Верный,
Кiшi және Үлкен Алматы станицаларындағы қалалық училище мен
шiркеу-приход мектептерi қосылып, бұл оқиғаны атап өтудi ұйғарды.
Верный қалалық училищесiн бiтiрген оқушыларға сыйлық ретiнде
Пушкин шығармалары жинағын, қалған оқушыларға ақынның
арзандау жеке шығармаларын сатып алып, үлестiру шешiлдi. Ақын
мерекесiн ұйымдастырушылар әдеби-музыкалық үзiлiс кезiнде
әскери оркестр ойынын да ұмытпаған едi. Сонымен қатар 153 оқушы
мен 47 ата-анаға той дәмiн беру де дұрыс деп табылды...”.
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк
мұрағаты. 126-қор. 1-тiзiм. 1211-iс. 112-парақ.
Достарыңызбен бөлісу: |