§ 14. 1836 — 1838 ЖылДАРДАҒы И. ТАЙМАНҰлы МЕН
М.ӨТЕМIсҰлы БАсТАҒАН КӨТЕРIлIс
Бөкей ордасының құрылуы. Қазақтың Кiшi жүзi —
үш жүздiң iшiндегi жердi ең көп иеленген өлке. Ол
90
Жайық пен Тобылдан бастап Сыр-
дарияның төменгi ағысына дейiнгi
ал қап ты қамтып (850 000 шақырым)
жатыр. Оңтүстiгiнде Хиуа, Қоқан хан-
дықтарымен, Түрiкмен, Қара қал пақ
иелiктерiмен, солтүстiгiнде Ресей дiң
Астрахан, Саратов және Орын бор гу-
бернияларымен, шығысында Ұлы және
Орта жүз жерiмен шектеседi.
XIX ғасыр басында Кiшi жүздiң бiр-
қатар ауылдары Ресей империясының
құрамындағы Жайық пен Едiл өзенде рi-
нiң төменгi ағысын қамтыды. Олар кейiн
Бөкей Ордасы немесе Iшкi Орданы (гео графиялық орнала суы
бойынша) құрды.
1801 жылы Нұралы әулетiнен шыққан сұлтандардың
бiрi Бөкей орыс императоры Павелге өзiн ауылдарымен
қоса орыс бодандығына алуды өтiндi. Осылай болған жағ-
дайда Бөкей өзiнiң қол астындағы рулық қауымдарды бас-
қа рып, Жайық пен Едiлдiң арасындағы далаларға көшiп
баратынын және сонда жеке Қазақ хандығын құратынын
мәлiмдедi. Отаршылдыққа наразы Кiшi жүздi әлсiретудiң
жолын таппай отырған патша үкiметi Бөкейдiң Кiшi жүздi
бөлшектейтiн мұндай бастамасын бiрден қолдады және I Па-
вел Бөкей Ордасын құру туралы арнайы жарлық шығарды.
1803 жылы Бөкейге iлесiп жаңа жерге 5 мыңға жуық отбасы
көшiп барды. Осылайша Едiл мен Жайықтың аралығында
қазақтардың Бөкей немесе Iшкi Орда деп аталатын иелiктерi
пайда болды. Олар Каспий жағалауындағы далаларды алып
жатқан Нарынқұмына қо ныс танды. Осында көшiп барушы
қазақтар, негiзiнен, Орал дың бергі бетiнен жақсы шабындық
және жайылымдық жерлер таба алмағандықтан, жаңа жер
iздеп келгендер едi. Мұның өзi Бөкей Ордасындағы қазақ
шаруаларының санын көбейте түстi.
Бөкей Нұралыұлы — Кiшi жүздiң белдi сұлтандарының
бiрi. Саяси күреске XVIII ғасырдың соңынан араласа
бастаған. Өзiнiң туған ағасы Қара таймен алакөз болып,
кейiннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIХ ғасырдың
басында Кіші жүздегі Хандық кеңеске төраға болды, алайда
тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермедi.
Дегенмен, Ресей өкiметiмен тығыз байланыс орнатты. Iшкi
Орда құрылғаннан кейiн оның билеушiсi болды. 1815 жылы
Жәңгiр хан
91
12 мамырда қайтыс болып, орнына мұрагер ұлы Жәңгiр ер
жеткенше iнiсi Шығай ел биледi.
1823 жылы хан тағына отырған Жәңгiр жас кезiнен бi-
лiмге құштарлығын байқатты. Астрахан губер на торының
үйiнде тәрбиелендi. Парсы, орыс, араб тiлдерiн бiлдi. Сауда-
саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елiнде белгiлi қайраткер
ретiнде бедел мен билiкке ие болды.
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бас-
тап — шұрайлы, тәуiр жайылымды жердi хан өз туыстары
мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөлiп бердi. Өйткенi
Бөкей — Iшкi Орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра
алмайтындықтарын түсiндi. Екiншiден, Ресей императоры
Ордадағы iшкi меселелердi шешуде Бөкей мен оның мирасқор-
ларын орыс үкiметiнiң сойылын соғатын қолшоқпар ретiнде
ғана таныды. Жәңгiрдiң империя мүддесiн қалтқысыз қор-
ғау ға тырысатынына Ресей билеушiлерiнiң күмәнi болмады.
Патша үкiметiне толық арқа сүйеген Iшкi Орда ханы қо-
лына әкiмшiлiк, сот билiктерiн шоғырландырып, Орданы
басқару жүйесiнде бiрқатар өзгерiстердi iске асырды. Бұған
дейiн бұрынғы қазақ хандарының тұрақты Ордасы болмаса,
ендi патша үкiметi қаражатына Жасқұс деген жерде хан
сарайы салына бастады. Сұлтандардан құралған “Хандық
кеңес” нақты жеңiлдiктерге ие болған, шын мәнiнде хан
саясатын iске асыратын өкiлдiк мекеме едi. 1827 жылы
ұйымдастырылған, 12 биден құралған “Билер кеңесi” де Орда
әкiмшiлiгiнiң басты құрамды бөлiгi болды. Сонымен қатар
хан тапсырмаларын орындайтын 12 старшын Орда iшiнде
баж салығының жиналуын қадағалап, Ордадан тыс жерлерде
қазақтар мүддесiне байланысты мәселелермен айналысты.
Шаруалар көтерiлiсiнiң басталу себептерi және оның
ба рысы. 1818 жылы патша үкiметi қазақтардың Жайық
өзенiнен өтiп, Бөкей Ордасына көшiп келуiне тыйым салатын
бұйрық шығарды. Бұйрықтың орындалуын Орал казак
әскер лерi қадағалап отырды. 1834 жылы болған жұт та
жағ дайды шиленiстiре түстi. Осы жұтты пайдаланған князь
Юсу пов қазақтардан өз аймағын қыстап шыққаны үшін мал
басынан салық алды. Осының бәрi жергiлiктi қазақтардың
ашу-ызасын туғызып, оларды көтерiлiске итермеледi. Iшкi
Ордадағы халық әбден кедейлендi. Оларды Жәңгiр ханның ел
басқару саясаты да қанағаттандырмады. Ол билердi сайлауға
тыйым салып, оларды жоғарыдан өзi бекiтiп отырды. Мұның
өзi қа ра халықты ғана емес, көптеген билердi де ханның
92
саясатына наразы еттi. Iшкi Ордамен iргелес өңiрде орыс
бекiнiстерiнiң салына бастауы, патша шенеунiктерiнiң,
помещиктерi мен жергiлiктi ауқатты топтардың қазақ
шаруаларын екi жақтап қанауы көтерiлiске антифеодалдық
қана емес, Ресей империясының отаршылдық саясатына
қарсы бағыт бердi. Көтерiлiске 1833 жылы Жәңгiр ханның
өз қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңi зi
өңiрiнде көшiп жүрген қазақ руларына билеушi етiп та-
ғайындауы түрткi болды. Әрине, Жәңгiр ханның әдiлет сiз-
дiгi мен қазақ шаруаларына рақымсыздығы да халықтың
наразылығын тудырмай қоймады.
Қожаның жүгенсiздiгi, Жәңгiр және оны қоршаған
әлеуметтiк топтардың халық мүддесiмен санаспауы, iшкi
тар тысты жылдан-жылға шиеленiстiрдi. Қарауылқожаның
үстiнен түскен бұқараның шағымдарына Жәңгiр мән бермей,
жауып тастап отырды.
Халықтың орыс отаршылдарынан қорғауды өтiнген өтi-
нiштерiн Жәңгiр орындай алмады. Ал патша шенеуніктері
болса ханның беделiн қорғаймыз деген сылтаумен бұл мәсе-
леге араласпауға тырысты. Жәңгiр ханның бейтарапты ғын
пай даланған оның кейбiр туыстары, халыққа тiзесiн баты ра
бастады.
Көтерiлiстiң негiзгi қозғаушы күшi — қазақ шаруалары
болды. Сонымен қатар оған бiрқатар старшын, билер де
қатысты. Алайда көтерiлiс тегеурiнi әлсiрей бастағанда олар
пат ша жазалаушы отрядтары жағына қарай жалтарып, сол-
қылдақтық көрсетiп, оның жеңiлiсiн тездете түстi.
Көтерiлiске би әрi батыр Исатай Тайманұлы (1791—
1838 жж.) мен атақты ақын Махамбет Өтемiсұлы (1804—
1846 жж.) басшылық еттi. Қозғалыстың белгiлi басшыла-
рының ара сында Исатайдың серiктерi Сарт Едiлұлы, Тiнәлi
Тайсой ғанұлы, Ұса Төлегенұлы, Иманбай Қандыбайұлы,
тағы да басқа бұқара арасынан шыққан, көтерiлiстiң аяғына
дейiн жан аямай алысқан ерлер бар едi.
Исатай Тайманұлы жасынан өзiнiң тапқырлығымен,
қабi ле тiмен көзге түстi. 1812 жылы оны Бөкей хан берiш
руының Жайық бөлiмiнiң старшыны етiп тағайындаған.
1814 жылы Орынбор Шекаралық комиссиясы старшындыққа
бекiткен. 1817 жылдан бастап Исатай батырдың патша
шенеунiктерiмен байланысы салқындай бастады. 1817—
1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының көрсетуi
бойынша жала жабылып, сотқа тартылған Исатай ақталып
93
шықты. Халыққа беделдi Исатайды о баста Жәңгiр хан қол-
дап, жауапты iстерге жұмсап отырды. 1826 жылы Ордаға
Бұхар елшiсi келген кезде, Жәңгiр ханның тапсырмасымен
Исатай оны ел арасында бастап жүрдi. Бiрақ әрқашан тәуелсiз
ойлап, еркiн әрекет жасайтын Исатай ханның айтқанына
көне бермедi. Жәңгiрдiң Исатайға деген көзқарасын өзгер-
туге халықтың отаршылдық қанаудан қорғауды талап ет кен
өтiнiштерiнiң аяқсыз қалуы елеулi ықпал жасады. Мұн-
дай да Исатай әрқашан ханның емес, халықтың жағында
болды. Қарауылқожаның жергiлiктi жердегi жүгенсiздiгiне
бай ланысты 1835 жылы Исатай Жәңгiр ханға өзiнiң на ра-
зылық хатын жолдады және онда ханнан халықты қорғау-
ды талап еттi. Жәңгiр хан өзiнiң жауабында Исатайды
ха лықты жанжалға арандатып отырсың деп кiнәлап, оны
әңгi мелесу үшiн өзiне шақырды. Алайда ханның, Қара-
уылқожаның халыққа қарсы iс-әрекеттерiн тыймауы Иса-
тайды ашындырып, ол халықты ханның бұйрықтарын орын-
даудан бас тартуға шақырды.
Исатайдың жауынгер серiгi, белгiлi ержүрек ақын Махам-
бет Өтемiсұлы да берiш руының старшыны едi. Орысша
да, ана тiлiнде де сауатты Махамбет Орынбор шекаралық
комис сиясында да, Ішкі Орданың қазақтары арасында да
белгiлi болды. Бiраз жердi аралаған, соның iшiнде, Хиуада
болған Махамбеттiң көзқарасы ерте қалыптасты. Алғашында
Жәңгiрдiң сарайына, хан отбасына жақын жүрген Махам-
бет — шешендiк, суырыпсалма ақындық өнерiн ақсүйектердi
түйреп, сынауда шебер пайдаланды. Исатай мен халықтың
атынан еңбекшiлер арасында үндеу таратқан Махамбеттiң
көтерiлiс мақсатын айқындаудағы, шаруаларды күреске
кө терудегi орны ерекше.
Жәңгiрдiң сойылын соғушы Баймағамбет сұлтанға, хан-
ның өзiне және досы Исатайға арналған Махамбет өлең-
дерiнен Кiшi жүздi қамтыған осы көтерiлiстiң мақсаттарын,
басты талаптарын байқауға болады. Қозғалыстың басты
мақса ты — хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын
бiршама жақсарту, жер мәселесiндегi патша үкiметiнiң
отаршылдық саясатын өзгерту. Бұл талаптар шаруалардың
және ханның озбырлығына душар болған би, старшын топ-
тарының да мүдделерiне сай келдi.
1836 жылдың ақпан айының басында жекелеген старшын,
билердiң Жәңгiр мен оның құйыршықтарына қарсы етек
алған көтерiлiсi халық-азаттық қозғалысқа ай нал ды. Иса-
94
тай Тайманұлы, Махамбет Өтемiсұлы, Тiнә лi Тайсойғанұлы,
Ұса Төлегенұлы, басқа да көтерiлiс бас шы лары титықтаған
ауылдарды аралап, Қарауылқожа Ба ба жанұлын билiктен
тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
Осыдан кейiн 1836 жылы нау рыз айында Жәңгiр хан
Қарауылқожаға Исатайды және оны жақ тайтын Махам-
бет пен басқа да старшындарды Орда қаласындағы хан-
ның ставкасына алып келудi тапсырды. Алайда Исатай
қаруланған 200 жiгiттi жинап, Қарауылқожаның 500 жiгi-
тiне қарсы күреске шықты. Мұның өзi Қарауылқожаны
Исатайды тұтқындаудан бас тартуға және өзiнiң жасағын
таратып жiберуге мәжбүр еттi. Осыдан соң халықтың ал-
дын да Исатайдың беделi бұрынғыдан да көтерiле түстi.
Ендi Исатай ханға жаңа талап қойып, Қарауылқожаны
қыз меттен босатуды ұсынды. Бiрақ жаулары хан мен Иса-
тайдың арасын шағыстыруға әртүрлi амал-әрекеттер қол-
данып бақты. Олар Исатай мен Махамбеттi қайдағы бiр
қарт бақташыны өлтiрiп кеттi деген жалған әңгiме таратты.
Шын мәнiнде, ол найзағайдың соққысынан қайтыс болған
сексен жастағы кiсi болып шықты. Алайда Жәңгiр хан
жалған мәлiметке сенiп, Исатай мен Махамбеттiң Орда да
кө терiлiс ұйымдастырып, кiсi өлтiргендерi туралы Астра-
хан және Орынбор губернаторларына арыз түсiрдi. Пат ша
шенеуніктерінің бұл iстi тергеуi ұзаққа созылып, бұ ған
наразы болған Исатай 1836 жылы маусым айында он сегiз
жолдасымен бiрге ханмен сөйлесу үшiн оның Ордасына
келдi. Бұдан қатты қауiптенеген хан Астрахан губер нато-
рынан өзiн қорғауға көмек сұрап, ал Исатайға елшiлерiн
ат тан дырды. Елшiлер Исатайға егер ол ауылына қайтатын
болса, оның талаптарының бәрi орындалатынын жеткiздi.
Исатай бұған сенiп кейiн қайтты. Алайда хан уәдесiн орын-
дамады. Осындай қарама-қарсы тұру халықтың ханға қарсы
наразылығын күшейтiп жiбердi. Ендi Исатай ханды қойып,
губернатор Перовскиймен келiссөз жүргiздi. Көтерiлiс
бұрын ғыдан да кең тарай бастады. Жәңгiр ханның қарулы
жасағы Исатай туының астына топтанған старшындардың
ауылдарын шабуылдады. Бұл жағдайға наразы болған Иса-
тай Тайманұлы, Тiнәлi Тайсойғанұлы, Иманбай Қалды-
бай ұлы, Досхан Дағанбекұлы, Елжан Тұрманбекұлы, т.б.
бел гiлi старшындар Орынбор әскери-губернаторы атына
ша ғым түсiрдi. Көтерiлiске қатысқан және оны қолдаушы
старшындар тарапынан мұндай арыздарға етi үйренiп алған
95
хан бұл жолы да пысқырып қарамады. Көтерiлiсшiлердiң қа-
тары күн санап өсе бердi. Жәңгiр хан Перовскийден жалынып
көмек сұрағандықтан, ханды қорғау үшiн шағын отрядпен
подполковник Геке келiп жеттi.
1836 жылғы қазан айының аяғында Исатайдың туы астына
қосымша 20 ауыл көшiп келдi. Каспий теңiзi жағалауында өз
жақтастарымен көшiп жүрген Исатай батыр Хандық кеңестi
де, Қарауылқожаны да, сұлтандарды да мойындамады.
Соңынан ерген ауылдардағы әртүрлi таласты өзi шештi,
патша өкiметiнiң езгiсiне шыдамаған, наразылық бiлдiрген
қазақ жастарын өз қол астына алды, оларға қамқор болды.
Исатайдың күшейiп бара жатқанынан шошынған Жәң-
гiрдi қолдаушы старшындар осы жылдың желтоқсан айында
өз сыбайластарымен Тiнәлi Тайсойғанұлы мен Махамбет
ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, малдарын айдап, дү-
ние лерiн талады.
Исатайдың Жәңгiрге жазған хатынан үзiндi
96
Екi жақтың қарулы қақтығыстары жиiледi. Орынбор
ше каралық комиссиясы ханға және патша үкiметiнiң отар-
шылдық саясатына қарсы кең өрiс ала бастаған көтерiлiс
қаупiн ендi түсiндi. Шекаралық комиссияның Исатай мен
Махамбеттi ұстап, сотқа тартуды талап етуi де көтерiлiстiң
бүкiл Кiшi жүздi шарпи бастауынан едi. Жайықтың сол
жа ғындағы қазақ шаруаларының көтерiлуiнен қорыққан
Орал казак әскерiнiң атаманы, генерал-майор Покатилов
Орынбор әскери-губернаторының талабына сай Жайық
бойындағы қаптаған бекiнiстердiң зеңбiректерiн, казак
отрядтарын көтерiлiстi жаныштау үшiн әзiрлей бастады.
Орынбор губернаторы В.А.Перовскийдiң талабымен атаман
Покатилов 200 адамнан тұратын казактар тобымен Исатайды
қамауға алу үшiн қолға түсiрмек болған әрекетi iске аспады.
1000 сарбазы бар Исатай Iшкi Ордадағы басқа қарулы топтар-
ды өзiне тартты.
Патшаның көтерiлiске қарсы шаралары. Ордадағы оқи-
ғалар 1836 жылдың аяғында Петербург сарайына әб ден
белгiлi болды. Астрахан губернаторының граф Черны шев-
ке хабарынан көтерiлiстiң үдеп бара жатқанына наразы-
лық бiлдiрген I Николай патша “бүлiк” басшыларын қатаң
жазалауды талап еттi. Патшаның алдында өзiнiң дәрменсiз-
дiгiн жуып-шаюға тырысқан В.А.Перовский көтерiлiстi
тал қандау үшiн подполковник Гекенiң қарауына қосымша
әскери күш бөлiп, Покатиловпен және Жәңгiрмен тiзе қосып,
көтерiлiстi жаншуды тапсырды.
Өздерiне таныс өңiрдiң барлық шұңқыр-сайын жақсы
бiлген Исатай тобы жазалаушылардың қыспағынан оңай
құтылып кетiп отырды. 1837 жылғы қазан айының 15-i
Исатай мен Махамбет басшылығымен қимылдаған қол
Теректiқұм деген жерде Жәңгiрдiң сыбайласы Балқы
Құдайбергенұлы ауылын ойрандады. Ханның кеңесшiсi,
Ордадағы ең бай фео дал дардың бiрi Балқының аулының
талануы көтерi лiсшiлер қатарының және жiгерiнiң өсуiне
әсер еттi. Қазан айының аяғында саны екi мыңға жеткен
көтерiлiсшiлер ханның резиденциясын жан-жағынан
қоршап алды. Бiрақ екi мың адамдық жасағы бола тұрса да,
Исатай төңiрегiндегi старшындардың сөзiне iлесiп, Жәңгiр
ханның Ордасына шабуылды кешеуiлдеттi. Мұның себебi,
көтерiлiсшiлер ара сында Жәңгiр ханды iштей қолдайтын
билер мен стар шындар бар едi. Олар Жәңгiр ханның
отаршылдарды қол дай тын саясатына қарсы күресе отырып,
97
сонымен бiрге Жәңгiр ханды тақтан түсiруге әлi де даяр емес
едi. Халықтың бiр бөлiгi Жәңгiр ханды емес, оның төңi-
регiндегi сұлтандарды жазалауды мақсат еттi. Оның үстiне
патша үкiметiнiң жазалаушылары мен Исатай бастаған
көтерiлiсшiлердiң арасында қарулы қақтығыстар орын алды.
Подполковник Геке жанталасып, 600 адамнан құралған
әскери топ ұйымдастырып, подполковник Меркуловтың
сүйе мелдеуiмен қоршауды бұзуға талпынды. Зеленовск фор-
посынан, Кулагин, Горск, Орал шебiндегi басқа бекiнiс терден
қосымша қарулы топтар ханның сарайына келiп үлгердi.
Старшындар мен билердiң бiр бөлiгi Гекенiң үндеуiне сенiп,
көтерiлiсшiлер қатарын тастап кеттi. Исатайдың қолы,
бiр жағынан, Зеленовск форпосы мен Кулагин бекiнiсiнен
аттанған Меркуловпен, екiншi жағынан, ханның тобымен
қосылған Геке әскерiнiң қыспағында қалды. Жиделi түбiнде
Исатайдың мың адамдық қолы подполковник Меркуловтың
әскерiне батыл шабуыл жасады. Сан жағынан басым көтерi-
лiсшiлер тегеурiнiнен қашқақтаған Меркуловтың шегiнуiне
тура келдi.
Қараша айының 9-ы күнi 400 адамдық хан тобын және
өзiне тiкелей бағындырылған казактарды бастаған Геке
подполковник Меркулов тобымен бiрiктi. Көп кешiкпей
екi зеңбiрек жеткiзiлдi. 700 казак әскерiнен, 400-ден астам
хан-сұлтан жасақтарынан тұрған жазалаушылардың негiз-
гi бөлiгi қылыш, садақ, найзамен ғана қаруланған Исатай
күшiне қарсы тұрды. Патша әскерiндегi зеңбiректер олардың
шабуыл кезiндегi қарқынын арттырды. 1837 жылы қараша
айының 15-жұлдызында саны 3 мыңнан астам көтерiлiсшiлер
жазалаушылардың бiрiккен қолымен Тастөбе деген жерде
кездестi. 500 таңдаулы жiгiтпен төбеде ұрыс даласын қада-
ға лаған Исатайдың жоспары кенеттен шабуыл жасап, жаза-
лаушыларды шегiндiру едi.
Ұрысты Исатай тобының бiрiншi бастауы, олардың өз де-
рiнен басым күштен тайынбайтынын көрсеттi. Көте рi лiс-
шiлердiң тап беруiне Геке зеңбiректердiң атқылауымен
жауап бердi. Зеңбiректердiң гүрiлдеген қорқынышты үнi,
снарядтардың Исатай отрядының қалың тобының арасында
жиi жарылуы көтерiлiсшiлердiң жеңiлуiне тiкелей себеп
болды. Алпыс жi гi тiнен айырылған, мықты қаруланған
жазалаушылар дың күшiне шыдай алмаған көтерiлiсшiлер
топ-топқа бөлiнiп кет тi. Казактар тарапынан үш адам ғана
жараланды.
98
Исатай тобының Тастөбе түбiндегi жеңiлiсi көтерiлiстiң
кейiнгi барысына да әсер еттi. Көтерiлiсшiлер қатары азайып,
Исатайдың төңiрегiнде бар болғаны ондаған өзiне берiлген
серiктерi қалды. Гекенiң жазалаушы әскери топтарының
қуғындауынан титықтаған қазақ шаруалары өз руларына
тарап кеттi.
Казак есаулдары Истомин, Трофимовтың жазалаушы
отрядтары қорғансыз қалған қазақ ауылдарын тонап, ма-
лын айдап әкеттi. Дегенмен тағы көтерiлiс тудыруы мүм-
кiн дiгiн ескерген Гекенiң ұсынысы бойынша көтерiлiске
қатысқан кейбiр ауылдарға кешiрiм берiлдi. В.А.Перовский
Петербургтегі граф Нессельродеге хабарында, Iшкi Ордадағы
қайшылықтардың басылмауы ханның төңiрегiндегi билеушi
топтардың алым-салығының ауырлығы, шексiз езудiң нәти-
жесi деп мойын дауға мәжбүр болды.
Исатайдың жақын серiктерi: Махамбеттiң iнiсi Смайыл
Өтемiсұлы, Сарт Едiлұлы, Достыхан Жәнiбекұлы, Алдияр
Шонайұлы, Мұстафа Темiрбекұлы әскери сотқа берiлдi. Кө-
те рiлiсшiлерден тартып алынған мал Тастөбе түбiндегi ұрыс
Махамбеттiң Жәңгiрге жазған хатының көшiрмесi
99
үшiн полковник шенiн алған Гекенiң нұсқауымен сұлтандар
мен көтерiлiсшiлердi қуғындауға қатысқан Жәңгiрге жақын
кiсiлер арасында таратылды. Исатайдың соңынан ерген аз
ғана топ жазалаушылардың өкшелей қуғанына қарамастан,
халықтың қолдауымен күрестi тоқтатпады.
Көтерiлiстiң бәсеңдеуi. Көтерiлiсшiлердi қудалаған жаза-
лаушылардың да жағдайы қиындап кеттi. Суықтың күшеюi,
атты әскерге жемшөптiң тапшылығы Исатайды қуалап, жиi
орын ауыстыруға мәжбүр болған полковник Гекенiң отрядын
әбден қалжыратты. Губернатор В.А.Пе ровский Гекенiң
әскери тобын, жаңадан Жайық шебi нен жiберiлетiн отрядпен
ауыстыруды ұсынды. Исатайды ұстап, облыстық басқармаға
тiрiдей тапсырғанға 1000 сом, батырдың басын алғанға 500
сом тiгiлсе де, Ордада бiрде-бiр қазақ губернатордың ұсы-
нысын қабылдамады.
Мақсатына жете алмаған Гекенiң отряды Кулагин бекi-
нiсiне қайтып оралды. Көтерiлiстiң бастапқы кезiнде Жайық-
тан Кiшi жүз жерiне өтудi ойына да алмаған Иса тай, аз ғана
серiктерiмен бұл мақсатқа жете алмайды деп, қамсыз отырған
Жайық бойындағы патша бекiнiстерiнiң коменданттарын
жер соқтырып кеттi. 1837 жылғы 13 желтоқсанда Жаманқала
бекiнiсiне жақын жерде жазалаушылардың тобын бұзып,
Жайықтан шығысқа қарай өтiп үлгiрдi. Сұлтан Баймағамбет,
хорунжий Жилин бастаған жазалаушылар iле-шала қуғын
ұйымдастырса да, Исатайдың iзiнен айырылып қалды.
Кiшi жүзге өткен сәтте Исатайдың жанында бар болғаны
40 адам, оның iшiнде, өзiнiң отбасы болды. Көтерiлiсшiлердi
ұстауға Кiшi жүздiң өзге де сұлтандары қатысты. Сұлтан
Баймағамбет Айшуақұлының қолы Исатайдан ажыраған
көтерiлiсшiлердiң бiр тобын қолдарына түсiрдi. Олардың
iшiнде Исатайдың ұлдары Досмұханбет, Дiнбаян, батырдың
жұбайы, Махамбет Өтемiсұлының iнiсi Сүлеймен, тағы 12
адам Орал қаласындағы түрмеге жiберiлдi. В.А.Перовский
Исатай тобының Жайықтан өтiп кетуiне “кiнәлi” хорунжий
Мизинов пен Бородиндi әскери сотқа тартуды талап еттi.
Исатайдың Кiшi жүзге өтуi, осы өңiрде сұлтан Кенесары
Қасымұлы көтерiлiсiнiң әсерiмен кең тарала бастаған халық
қозғалысымен тұспа-тұс келдi. 1838 жылдың басында сол-
түстiк-шығыс Қазақстаннан батысқа қарай ойыса бастаған
Кенесары топтарын Торғай бойын қоныстаған қыпшақ,
арғын, кейiннен жағалбайлы, табын рулары қолдады. Елек
өзенi бойында көшiп жүрген батыр Жоламан Тiлен шiұлының
100
жасақтары Кенесарыға қосылды. Осы кезеңде шектi руының
жерiнде уақытша қоныстанған Исатайдың көтерiлiс отын
лаулатуға барлық мүмкiндiктерi бар едi.
Бөкей Ордасынан қашқан қазақтар, отаршылдық тепкiсiне
шыдай алмаған шаруалар Исатай төңiрегiне тағы да топтасты.
1838 жылғы қаңтар айының басында қатары жүзге жеткен
Исатайдың жасағы Шошқакөл маңайына, Горск бекiнiсiне
жақындап, Орал әскери шебiне қауiп төндiрдi. Iшкi Ордаға
Исатай шабуылынан сескенген В.А.Перовский Жайық
бойындағы бекiнiстердiң қорғаныс қабiлетiн күшейтуде тө-
тенше шаралар қолданды. Бөкей Ордасына тiкелей iргелес
Горск және Калмыково бекiнiстерiнде шоғырланған 4 казак
полкi көтерiлiсшiлермен күресуге арнайы бөлiндi. Казак
әскерiнiң атаманы генерал-майор Покатиловқа осы жағдайды
хабарлаған губернатор қосымша басқа да шаралардың iске
асырылуын қажет деп тапты.
Көтерiлiстiң жеңiлуi. Көтерiлiстiң осы кезеңiнде Исатай-
дың мақсаты Iшкi Ордаға қайта оралып, Жәңгiр мен оны
қол даушыларға күтпеген жерден соққы беру, көтерiлiстi бү-
кiл Iшкi Ордаға тарату, Нарын құмында бекiнiп, Жәңгiрден
өшiн алу, орыс помещиктерi басып алған жердi оның ие-
лерi — қазақ шаруаларына қайтару едi. Көтерiлiстiң осы
жоспарының белгiленуiне Исатай отрядындағы қазақтардың
Iшкi Ордадағы өз туыстарын, отбасын аңсауы да әсер еттi.
Исатайдың Ордаға қайтып оралу жоспарына, сонымен қатар
Жәңгiр озбырлығының шектен асуы салдарынан, шаруалар
арасында наразылықтың күшеюi, қозғалыстың басталуына
жаңа алғышарттардың қалыптасуы әсер еттi.
Жәңгiр ханның жақындарының қысымына қарсы
ша руа ларды өз маңайына жинаған байбақты руының стар-
шыны Жүнiс Жантелин өз адамдары арқылы Исатаймен
бай ла ныста болды. Осы жағдай атаман Покатилов пен
Орын бор губернаторынан көтерiлiстiң жаңа ошақтарын
жа ныш тау үшiн қосымша шараларды талап еттi. Төменгi
Орал әскери шебiнен көтерiлiсшiлерге қарсы жiберiлген
Да нилевскийге Исатайға қарсы күресуге бөлiнген барлық
топтар бағындырылды. 1838 жылы көктемде полковник
Данилевский көтерiлiсшiлер күштерiнiң шоғырланған
аудандарын бағдарлады, сұлтан Баймағамбет Айшуақұлына
Исатайды қудалайтын, жедел қимылдайтын қарулы топ
жасақтауды тапсырды.
101
Сұлтан Кенесары Қасымұлы көтерiлiсiнiң Кiшi жүз же-
рiн шарпуы Исатай көтерiлiсiн басу қажеттiгiн тездеттi.
Кенесары сарбаздарының Ертiс, Есiл өзендерi бойындағы
әскери шептерге шабуылдауы Батыс Сiбiр губернаторы
князь Горчаковтың көтерiлiсшiлерге қарсы жаңа әскери
топтарды шығаруын талап еттi. Сiбiр өңiрiнен шегiнген
Кенесары отря дының бiр бөлiгi Орынбор өлкесiне ойысты.
Көте рiлiсшiлердiң екi ең басты топтарының қосылуынан
қауiптенген В.А.Перовский Исатайды талқандауға барлық
күштi жұмылдырды. Екiншi жағынан, Кiшi жүздiң баты-
сында Хиуа ханымен байланыста болған сұлтан Қайыпқали
Есiмұлы көтерiлiсiнiң басталуы Исатай қозғалысын мүм-
кiндiгiнше тездетiп басуды күн тәртiбiне қойды. Перов -
с кийдiң соғыс министрiнен қосымша күш бөлудi өтiнуi де,
Iшкi Орда мен Кiшi жүзде езiлген шаруаларды өзiне тарт-
Жәңгiр ханның Қазан университетiнiң құрметтi мүшесi болғандығы
туралы құжаттың көшiрмесi
102
қан осы көтерiлiстi жаншуды басты мiндет ретiнде қоюы
да кездейсоқ емес. Орынбордан Исатайды қолдаған Жола-
ман Тiленшiұлын талқандау үшiн атаман Падуров және
Иса тайдың ескi танысы полковник Гекенiң басқаруындағы
iрi әскери топтар жiберiлдi. 1838 жылдың шiлде айында
көте рiлiсшiлерге қарсы жiберiлген Геке басқарған жазалау
күштерi, сонымен қатар сұлтан Қайыпқали Есiмұлы тобын
да талқандауға тиiстi болды.
Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағамбет Айшуақ-
ұлына соққы беру үшiн Қайыпқали Есiмұлынан бөлiндi.
Алайда Б.Айшуақұлының қолы зеңбiректерi бар Геке казак-
тарымен қосылып үлгергенiн Исатай аңғармады.
1838 жылы шiлде айының 12-сi күнi екi жақтың қарулы
күштерi Ақбұлақ деген жерде ақырғы шайқаста кездестi.
Зеңбi ректерден жауған снаряд көтерiлiсшiлер қатарын бiр-
ден сиретiп, үрей туғызды. Әскери тәртiппен сап құрған,
мыл тықтан оқты қардай боратқан жазалаушыларға қар сы
тұру қиын едi. Шегiнген көтерiлiсшiлерге сұлтан Б. Айшуақ-
ұлынының жасағы тыңнан тап бердi.
Ұрыс даласында жауынгерлердi рухтандырған Махам-
бет пен Исатайдың ерлiгi көтерiлiсшiлерге қанат бердi.
Сұлтанның тобын шегiндiрiп, ендi оның соңына түскен
көте рi лiсшiлер өздерiн сыртынан казак жүздiктерiнiң қор-
шай бастағанын байқамады. Өзiнен басым күшке төтеп
бере алмаған көтерiлiсшiлер, бытырай қашуға мәжбүр
бол ды. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен
шауып, атып өлтiрдi. Батырдың қолы талқандалды. Көтерi-
лiсшiлер тарапынан 80-дей адам өлдi. Жазалаушылар
шығынға ұшырамады десе де болады. Сұлтанның отрядынан
бiрнеше жүз, казактардан тек 4 адам жарақаттанды. Көтерi-
лiсшiлерден 6 адам ұрыс даласында тұтқынға түстi: соның
iшiнде, Махамбет Өтемiсұлының iнiсi Қожахмет, түрiкмен
Балабек Бекбатырұлы, тағы да басқалар болды.
Сұлтан Б.Айшуақұлы көтерiлiстi талқандаумен шек-
телмедi. Шiлде айының 12-сi күнi кешке қарай өзiнiң
тобынан бiрнеше жеке отрядты ұрыс даласынан қашқан
көтерiлiсшiлердi ұстау үшiн аттандырды. Бас сауғалаған,
бытыраған көтерiлiсшiлер қазақ ауылдарынан пана iздедi.
Олар Ақбұлақ түбiндегi ұрыста Исатайға қолғабыс тигiзбеген
сұлтан Қайыпқали Есiмұлы тобына қосылудан бас тартты.
Махамбет бастаған көтерiлiсшiлердiң бiр тобы күрестi
одан әрi жалғастырды. 1838 жылғы шiлде айының соңында
103
Махамбет бiр топ көтерiлiсшiлерiмен Нұртазғали Өзбекұлы
және Табылды Шерғазыұлы сұлтандардың ауылдарына
шабуыл жасады. Олардың бұл қимылдары нәтижелi болмаса
да, Жәңгiр хан сарайын бiршама шошытты. Горск бекiнiсiнен
шыққан 150 казактан құралған күш Махамбет тобын таба
алмай, қайтып оралуға мәжбүр болды. Махамбет Өтемiс ұлы
көтерiліске қатысушыларды қуғындау күшейiп кеткеннен
кейiн амал жоқ Хиуа жерiне барып бас сауғалады. Бiрақ ол
көтерiлiске қатысушылардан қол үзген жоқ. 1839 жылы
қазан айында Бөкей Ордасына жасырын түрде қайтып келдi.
Қазақтар оған барлық жерде құрмет көрсетумен болды. Арада
бiраз уақыт өткен соң тек 1841 жылы ғана казактардың
жазалаушы отряды оны қолға түсiрдi және алғаш Гурьев
қалашығына, онан соң Орал бекiнiсiне жеткiздi. Генерал
Перовскийдiң ұсынысымен Орынбор шекаралық комиссиясы
Махамбеттi әскери сотқа тартты. Алайда тергеу барысында
Махамбеттi айыптайтын материалдар жетiспедi. Сот сондық-
тан да Махамбеттi Бөкей Ордасынан алысқа даланың түкпi-
рiне жер аудару туралы шешiм шығарумен шектелдi. Алайда
Махамбетпен өштескен Баймағамбет сұлтан, оның соңынан
қалмады. Оның ықпалындағы жал дамалы кiсi өлтiрушiлер
1846 жылы қыркүйекте Махам бет тiң орналасқан жерiн
анықтап, оны жасырын түрде хай уан дықпен өлтiрiп тынды.
Осылай қазақ халқы өзiнiң ұлт тық мүддесi үшiн жалын ды
күрескер, асқақ жырларымен рухтан дырушы асыл азама-
ты нан айырылды.
Орынбор губернаторы қолға түскен көтерiлiсшiлердi қатаң
жазалады. Губернатордың тiкелей араласуымен көтерiлiстiң
белсендi басшылары — Қожахмет Өтемiсұлы, Бекен Сарұлы,
Танрық Нұржанұлы және Балабек Нұржанұлы 500 адам
сапқа тұрып дүре соғатын жазаға iлiгiп, 8 жылға Ригаға қара
жұмысқа айдалды, кейiн олардың денсау лықтары нашар-
ласа, Иркутск губерниясына жер аудару ұйғарылды.
Исатайдың серiктерi Ұса Төлегенұлы, Р. Жәнiбекұлы-
ның әрқайсысына тұзға салынған мың шыбықпен дүре со-
ғы лып, Сiбiрге айдалды. Смайыл Қалдыбайұлы, Смайыл
Өтемiсұлы соққыға жығылып, солдатқа жiберiлдi. Әскери
соттың шешiмi бойынша қылмыскерлердiң бiрiншi тобына
жатқызылған жоғарыда көрсетiлген көтерiлiстiң белсендi
басшыларының жазасын генерал-губернатор мен полковник
шенiн алған Геке белгiледi; қолға түскен ондаған адам сот
104
үкiмiмен қылмыскерлердiң екiншi тобына жатқызылып, 20-
дан 50-ге дейiн дүре соғылып, басқа да жазаға тартылды.
Исатай көтерiлiсi бойынша жазалау iсiн басқару, негiзiнен,
Гекеге тапсырылды. Дегенмен, көп ұзамай көтерiлiсшiлер-
дiң басты бөлiгiнiң әр жерге қашып, жасырынып үлгеруiне
байланысты және қазақ шаруалары арасында тағы да на-
разылық тудырмау үшiн сот жазалауды тоқтатты.
Көтерiлiстi қанға бояған казак офицерлерi мен көзге
түс кен солдаттар патшаның марапаттауына ие болды.
Иса тай көтерiлiсiн басуда ерекше көзге түскен сұлтан, би,
стар шындарға офицерлiк шен, ақшалай, заттай қымбат
бұйым дар берiлдi. Қазақ сұлтандары офицерлiк атақтар
ал ды. Сонымен қатар сұлтандарға алтын, билерге күмiс ме-
даль дар тапсырылды. Көтерiлiстi басуда көзге түскен Iшкi
орда ның ақсүйектерiне ерекше көңiл бөлу, патша үкiметiне
тiрек болған топтарды өзiне тарту, отаршылдық саясатын
жүргiзуде сенiмдi көмекшiлер дайындау саясатымен де бай-
ла нысты.
Көтерiлiстiң салдары және маңызы. Көтерiлiс жеңiлген-
нен кейiнгi жылдарда да қазақ руларының ауыр жағдайы,
негi зiнен, өзгермедi. Әсiресе шұрайлы жерлердi казак
әскерiнiң жаппай басып алуы мал шаруашылығының көшу
кеңiстiгiн тарылтты. Жер тапшылығы билеушi топтар
арасындағы өза ра тартысты мейлiнше күшейттi. Руаралық
бұл қырқыста таяқ жейтiн — ақсүйектерге тәуелдi қарапайым
шаруалар едi.
Исатай мен Махамбет Кiшi жүздегi, Iшкi Ордадағы бар-
лық көтерiлiсшiлердi бiрiктiре алмады; өздерiнен жақсы
қару ланған, арнайы әскери дайындықтан өткен патша жаза-
лаушы күштерiмен арпалысу қиын едi.
Көтерiлiс жеңiлгенiмен де, Қазақстанның батыс өңiрiнiң
кейiнгi дамуында терең iз қалдырды. Жәңгiр сарайының,
хан туыстарының алым-салықты жылдан-жылға көтеруiне
белгiлi дәрежеде шек қойылды; патша үкiметiне көтерiлiстi
қолдаған старшындармен санасуға тура келдi. Бұл қозғалыс
Ресеймен iргелес әкiмшiлiк-аумақтық өлкеде XIX ғасырдың
30-жылдарындағы iрi әлеуметтiк қозғалыс болды; өзiнiң
сипаты жағынан ұлт-азаттық бұл тартыс отаршылдыққа да,
әлеуметтiк езгiге де қарсы бағытталды. 1836—1838 жылдары
болған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемiсұлы бастаған
Бөкей Ордасындағы көтерiлiс, патшаның отаршылдық
саясатының нәтижесiнде хандық басқарудың күйрегенiн
тағы да дәлелдедi. Халықты басқаратын сұлтандар мен
105
старшындардың жаңа жағдайда отаршылдардың қолшоқ-
парларына айналғандарын және олардың қазақ халқының
мемлекеттiк тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету жолында та бан-
сыз дығын және екiжүздiлiгiн елдiң алдында нақты әш-
кер ледi. Сонымен қатар сандаған ғасырлар бойы ұлттық
дәстү рлер арнасында тәуелсiздiк үшiн күрес рухымен қару-
ланған халық, өзiнiң ортасынан Исатай мен Махамбет тә-
рiздi айбынды азаматтарды шығара алатынын және ондай
қайрат керлердiң соңына дейiн ел мүддесiне адал болып қала-
тындарын дәлелдедi. Бұл көтерiлiспен рухтанған жаңа ұрпақ
тәуелсiздiк үшiн күрестi жаңа сатыларға және биiктерге
көте руге дайын болуға бейiмделдi.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Бөкей Ордасының шаруашылық, саяси дамуына қандай сипаттама
беруге болады?
2. Көтерiлiстiң басталу себептерi қандай?
3. Көтерiлiстiң алғашқы кезеңiн сипаттап берiңдер.
4. Тастөбе түбiнде көтерiлiсшiлердiң жеңiлу себептерi қандай?
5. Көтерiлiстiң әлсiреу себептерiн, ақырғы кезеңiн сипаттаңдар.
6. Көтерiлiстiң салдары, жеңiлу себептерi, тарихи маңызы неде?
Құжаттар
Орынбор әскери губернаторы
В.А.Перовский мырзаға
Iшкi Орда старшын-билерiнiң құрметтi
қырғыздарынан (қазақтарынан. — Ж.Қ.)
22 ақпан, 1838 жыл.
Шағым
“...Көп жылдар бойы бiз император ағзамның қорғауымен тыныш
өмiр сүрдiк. Ендiгi хан Жәңгiр Бөкейұлының әдiлетсiз сотынан
халiмiз ауырлап кеттi. Ешбiр заң бiздi қорғамайды. Қысым көрсетуге
бұдан әрi төзу мүмкiн емес. Сұлтандар, билер малымызды тартып
алып, дүние-мүлкiмiздi талауда, қарапайым халыққа менсiнбей
қа райды. Ұрып, соғады, тiптi жарақаттайды. Сұлтандар ойына
кел генiн iстейдi. Билер оларға жазылған шағымды қабылдамайды.
Кiм өзiне қамқорлық сұраса, оны басқа қылмыскерлер сияқты жаза-
лайды...”.
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк мұрағаты.
4-қор. 1-тiзiм, 1-iс, 1982. 14—15-парақтар.
106
Достарыңызбен бөлісу: |