§ 8-9. XVIII ҒАсыРДАҒы ҚАзАҚсТАН МӘДЕНИЕТI МЕН ҚАзАҚ
ӘДЕБИЕТI
Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуi. Ресей ықпа-
лына бiртiндеп өтуi Қазақстанның әлеуметтiк-эконо микалық
және саяси өмiрiне өзгерiстер әкелдi. Дала өлкесiн отарлау,
империяның құрамына енгiзiлуi Қазақстанның мәдени,
рухани өзгерiстерiн де тереңдете түстi. Қазақстанды орыс
және шетел ғалымдары зерттей бастады. Ғалым-кар то-
графтар, географтар, минерологтер, та рихшылар ғы лы ми
кейде әскери экспедициялар құрамында жүрiп алғаш қы
зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Олар бiрiншi рет Кас пий
теңiзiнiң солтүстiк-шығыс бөлiгiн зерттеп, қазақ хал қы ның
тұрмыс-тiршiлiгiмен, материалдық мәдениетiмен, тари хы-
мен танысты.
Князь Александр Бекович-Черкасскийдiң алғашқы iрi
экспедициясы саяси қатынас тұрғысынан сәтсiз аяқталып,
Хиуаны бағындыруға аттандырған әскери бөлiм түгелге
жуық қырылғанымен, Батыс Қазақстан аумағын игеруде
ғылыми жағынан маңызды болды.
Подполковник И.Д.Бухгольцтiң әскери жорық экспе-
дициясы бiршама табысты болды. Бұл жорық I Петрдiң
“Азияға жол iздеу” талабымен құрылған жеке тапсырмасы
едi, ол қазақ даласын Орта Азияның iшкi аудандарына
“кiлт пен қақпа” деп қарады. Экспедиция құрамында бол-
61
ған бiрнеше картографтар, тұтқынға
түскен швед офицерi әрi картографы
қазақ жүздерiнiң орналасуы туралы
қызықты мағлұматтар жинаған. Соның
iшiнде, орыс экспедициясында болған
тұтқындағы швед И.Г.Ренат жасаған
“Жоңғария картасы” ерекше назар ау-
дар тады.
XIX ғасырдың 80-жылдарында өлке
тарихының белгiлi зерттеушiсi В.В. Ве-
селовский Жоңғария картасын алғаш рет
орыс география қоғамы жазбаларында
жариялады.
Капитан В.Урусов, майор И.М.Лихарев және тағы басқа-
лардың жазбаларында сол кездегi Қазақстан туралы бағалы
картографиялық мағлұматтар бар. Орыс ғалымдарының
Қазақстанды зерттеуi туралы айтатын болсақ, бiрiншi кезекте
Г.Ф.Миллердiң академиялық экспедициясын еске түсiру
қажет. Ол Сiбiр-Түмен, Тобыл, Барнаул мұрағаттарында
сақталған барлық материалдарды түгел оқып танысқан. Сiбiр
тарихын зерттеген еңбегi үшiн де Сiбiр тарихының атасы
атанған. Миллер Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды
оқып, зерттеп жүйеге келтiрген. Оның “Сiбiр тарихы” (СПб.,
1750 ж.) еңбегi ерекше бағалы, қызықты мағлұматтарға
толы. Әсi ресе Орта жүз туралы жазғаны бүгiнгi күнге дейiн
мәнiн жоғалтқан емес.
Қазақ тарихын зерттеуде П. И. Рычковтың да еңбегi зор.
Тағдыр айдауымен алыс қазақ даласында болған ол, өлкенiң
этнографиясы туралы терең ғылыми мұра қалдырды. “Орын-
бор өлкесiнiң топографиясы”, “Орынбор тарихы (1730 —
1750 жж.)” атты тамаша терең зерттеу еңбектерiнде қазақ
тарихының даму кезеңдерi мен көптеген қиыншылықтарын
атап өттi.
Қазақстан туралы еңбегi үшiн Ресей Ғылым академиясы-
ның бiрiншi корреспондент-мүшесi болған, М.В.Ло моносов
қолдаған П. И. Рычков империя астанасында қазақ өлкесiнiң
тарихы туралы бiраз еңбектер бастырған. Ол сол кездегi
қоғам ның Қазақстан тура лы мардымсыз хабарларын ке-
ңейттi. Оның баласы капитан Н.П. Рычков Орынборда
әскери қызмет ете жүрiп, 1771 жылы “Қырғыз-қайсақ
дала сы туралы күнделiк жазбалар” атты қызықты еңбек
қал дырған. Онда алғаш рет Едiл қалмақтарының қазақ
П.И. Рычков
62
даласы арқылы Қытайға қашуы туралы құнды мәлiметтер,
Кiшi жүз қазақтарының өмiрi туралы қызықты бақылаулар
бар. Сонымен қатар Н. П. Рычков Қазақстан топогра фиясы
туралы сирек кездесетiн мәлiметтер қалдырған және Әбiл-
қайыр ханның сол кезде әлi де жақсы сақталған бейiтiн
суреттеп жазған.
Қазақ халқының күнделiктi өмiрi, тарихы туралы нақ ты
мәлiметтер И. Муравин, Д. Гладышев, Я. Гуляев және басқа-
лардың жазбаларында кездеседi. Олар Әбiлқайыр, Нұралы
хандардың ордасында бiрнеше рет болған, Орск маңында
(1738, 1740, 1742) қазақ хандары мен белдi сұлтандарының
съезiне қатысып, сол кездегi өлкедегi саяси жағдайды су-
рет теген жазбалар қалдырған. Көптеген деректерден ерек ше
көзге түсетiнi — кейiннен Миллердiң журналдық жазба-
ларында орын алған, жоңғар тұтқынынан Абылай сұл танды
босатуға қатысқаны туралы мәлiмет. К. Миллердiң Жоң-
ғарияға сапары қазақ даласы арқылы өткендiктен, бiз одан
Қа зақстан туралы көптеген бағалы деректердi табамыз.
Көптеген ғалымдар, патшаның жiберген өкiлдерi Қазақ-
станда ұзақ уақыт болып, қазақ жүздерi туралы мәлiметтер
жинақтаған. Мәселен, Орта жүз туралы И.Г.Андреевтiң,
Я.Гавердовскийдiң еңбектерi — мәлiметтерiнiң дәлдiгiмен
және мазмұндылығымен ерекшеленедi.
Қазақстанды зерттеуде сүбелi еңбек сiңiрген, осы өлкеде
болған шетел саяхатшылары: П.С.Паллас, И.Фальк, И.Георги
және тағы басқалардың мәлiметтерi молдығымен, тарихи
мазмұнымен қазiргi кезге дейiн ерекше орын алып отыр.
Мәселен, немiс саяхатшысы, натуралист П.С. Палластың
еңбектерi сол кезде-ақ әлемдiк қауымдастықтың назарын
аударған. Оның “Ресей мемлекетiнiң әртүрлi аймақтарына
саяхат” атты еңбегiнде халықтың жағдайы, орналасуы, әске-
ри бекiнiстердiң салынуы, олардың өздерiне тән белгiлерi
дәл суреттеледi.
Қазақ әдебиетi. Қазақ мәдениетiнiң тарихында XVIII ғасыр
ерекше орын алады. Қазақ-жоңғар қақтығыстары, шетел
басқыншыларына қарсы азаттық күресi, дала өлкесi нiң
байырғы халықтарының өз ерекшелiгi бар рулық-патриар-
хаттық өмiр салты, өткен дәуiрдiң материалдық-рухани
мұ расы — мәдениеттiң дәстүрлi саласының бiрi әдебиеттiң
дамуына да ерекше ықпал еттi.
XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиетi шығармашы-
лығы ның көрнектi өкiлдерiнiң бiрi — Ақтамбердi жырау
63
(1675—1768 жж.). Замандастарының айтуына қарағанда,
ол жас кезiнен-ақ ақындар айтысына қатысып, күшiн
сынап, шеберлiгiн арттырған. Жырау әрi балуан, әрi ба-
тыр ретiнде де халыққа белгiлi болды. Ол Орта Азия хан-
дық тарымен және жоңғар қалмақтарымен болған ел үшiн,
жер үшiн шайқастарда ерекшелендi. Оны халық жоң ғар
басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күрестi ұйымдас-
тырушы және осындай жорықтарға рухани дем берушi
ретiн де жоғары бағалады. Мұнымен бiрге Ақтамбердi ша-
руа шылықты жүргiзуде де отырықшылықты жақтап, өзiне
қарасты руларды егiншiлiкке баулыды. Ақтамбердiнiң әр-
түрлi толғауларында қазақ халқының дәстүр-салты, ой-ар-
маны, мiнез-құлқы айқын көрiнiс бердi. Көшпелiлер өмi рiнде
жылқы түлігiнiң маңызды орны туралы оның жырларында
батырдың жан серiгi саналатын тұлпарлар үлкен шабытпен
жырланды. Ақтамбердiнiң жырлары бүкiл қазақты ортақ
жауға қарсы жiгерлендiруде және ерлiкке баулуда аса ма-
ңызды рөл атқарды.
Қаратау өңiрiнде мекендеген Ақтамбердi жырау өз жыр-
ларында қазақ батырларының даңқын шығарып, елiн, жерiн
қорғауға шақырды. Ол шығармаларын аңызға айналған
сардарлар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батыр-
ларға арнаған. Ақтамбердi жырау қазiргi Шығыс Қазақстан
облысы, Абай ауданында жерленген.
XVIII ғасырдың екiншi жартысы танымал халық ақыны
Тәтiқара шығармаларының гүлденген шағы болды. Алдын-
дағы жыраулар сияқты Тәтiқара да шығармаларына атақ ты
батырлар ерлiгiн арқау еткен. Абылайға жақын жү рiп, Орта
жүздегi болған оқиғаларға белсендi түрде қатысқан. Бiзге
тек оның шығармаларының жекелеген бөлiктерi ға на мәлiм.
Бiзге жеткен шығармаларында ұлы тұлғалар — шақ шақ
руынан Жәнiбек; дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дер бiсәлi;
уақ руынан Баян, Бөгенбай және т.б. ерекше ша бытпен
жырланады.
Ол қазақтың ұлы ханы, қазақ жерiнен шыққан ерекше
биiк тұлға Абылайдың керемет қасиеттерiн жырлайды. Ауыз
әдебиетiнiң шығармасы ретiнде Тәтiқараның жырлары Абы-
лай заманының өзiндiк ерекшелiктерiн аңғаруға, Абы лай
тұлғасын айшықтай түсуге және ұлы хан туралы та ри хи
шындықты айқындай түсуге зор үлес қосатын тарихи де-
рек тер қатарына жатады. Сондықтан да Тәтiқараның бiзге
жет кен шығармаларының тарих үшiн құндылығы зор.
64
XVIII ғасырдың 1706—1778 жылдарында өмiр сүрген белгi-
лi жырау — үмбетей Қазақстанның көптеген аудандарын
аралап, айтыстарға қатыса жүрiп, өзiнiң философиялық
ойларымен белгiлi болған. Дәстүр iзiмен Үмбетей де көшпе-
лi өмiрдi, батырлардың жауға қарсы ерлiгiн, күресiн жыр-
ла ған, абақкерей руының аты шулы батыры Жауғашар
(Шақан тай), тағы басқаларға жыр арнаған. Оның белгiлi
Бек болат биге арнауының тәрбиелiк мәнi зор. Бөгенбай
батырға арналған жоқтауында ақын Абылайдың өмiрiн,
қызметiн, оның қосшысы, көрнектi қолбасшы Бөгенбайды
мақтан еттi. Әсiресе соңғы шығармалары Абылай кезiндегi
қазақ қоғамының iшкi өмiрi туралы маңызды мағлұмат
көзi болып табылады. XVIII ғасырдағы тарихи тұлғалардың
күрделi өмiрiн, қайшылықты тарихи тұлғасын және тамаша
ерлiктерiн зерттеуде Үмбетей жырларының маңызы аса зор.
Бiзге келiп жеткен бұл жырлар ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi
болғандықтан толық және жүйелi қалпында сақталмаған.
Солай бола тұрса да, Үмбетейдiң жырларын бiлу арқылы ол
өмiр сүрген замандағы тарихи тұлғалардың орны мен маңы-
зын айқындай түсемiз.
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетiнiң алдыңғы қатардағы
өкiлдерiнiң бiрi Бұқар жырау (1684—1781 жж.) — Қалқаман
батырдың баласы, қазақ халқының тарихындағы ұлы
тұлғалардың бiрi. Өмiрiнiң соңғы жылдары Абылайдың
кеңесшiсi болған. Хан ақынды ерекше ықыласпен тыңдап,
айтқанына құлақ салып отырған. Ол арғын тайпасы ның
қаржас руынан шыққан. Ауызынан өлең төгiлiп тұратындық-
тан замандастары оны “көмекей әулие” деп те атаған. Жы рау
Абылай ханнан бұрынғы атақты Тәуке ханның да әрi заман-
дасы, әрi жыршысы болып халықтың бiрлiгi және бүтiндiгi
үшiн күрескен тарихи тұлға. Халық оны әулие, дана және
көреген жырау ретiнде аса құрметтеген. Ол: “Қаракерей
Қа бан бай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнiбек, Ормандай көп Орта жүз, Солардан
шыққан төрт тiрек”, — деп қалмақ басқыншыларына қарсы
елдi жұмылдыра үлкен рөл атқарған тарихи тұлғаларды
жыр ға қосып, оларды басқаларға үлгi ретiнде ұсынып отыр-
ды. Жыраудың екпiндi жырлары ортақ жауға күрескен ха-
лық батырларын және билерiн Абылай ханның төңiрегiне
тығыз топтастыруға, олардың ынтымағын нығайтуға өл-
шеу сiз еңбек сiңiрдi. Жырау кейде Абылай ханның өзiнен
де тайсалмай, оның қателiктерi мен кемшiлiктерiн бетiне
65
айтып, ханды туралыққа және әдiлдiкке бағыттап отырды.
Бұқар жыраудың бiзге жеткен мұрасы тарихи деректерге
толы, қазақ мемлекетiнiң саяси тарихындағы белгiлi оқиға-
ларды баяндайды. Абылай өмiрiнiң соңғы жылдарынан көп-
теген мағлұматтар берiледi. Оның кейбiр шығармалары нәзiк
лирикалы сарынымен белгiлi.
XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкiлдерiнiң
бiрi — Жанақ ақын (1775—1846 жж.) ақындар айтысында
жеңiстi қолдан бермеген суырыпсалма. Шығыс Қазақстан
облысы, бұрынғы Абыралы ауданында дүниеге келген Жа-
нақ бар өмiрiн туған өлкесiн аралаумен өткiзген. Атақты
ақынның Орынбаймен айтысы бiздiң заманымызға дейiн
жетiп отыр. Жанақ шығармашылығының ең басты жетiстi-
гi — “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” поэмасының ерекше бiр
нұсқасының қазiрге дейiн сақталуы дер едiк.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазақ өлкесiн қандай экспедициялар зерттеген?
2. Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кiмдер?
3. XVIII ғасырдағы қазақ ақындарының шығармаларында қандай
басты оқиғалар суреттелген?
4. XVIII ғасырдың көрнектi ақын-жырауларының мұраларын сипат-
таңдар.
Құжаттар
Кiшi және Орта жүз қазақтарының қоныстары туралы
“Жалпы алғанда екi орданың (Орта және Кiшi) тұратын жерiн бiлу
керек. Олар Ресейдiң арғы шегiнде бiр жағынан Каспий теңiзiнен,
Жайық өзенiнен бастап Верхояйцк қамалына дейiн, ал ол жерден
Ой өзенiнiң бас жағынан өтiп, Тобыл өзенiндегi Звериноголовный
бекiнiсiне дейiн жетiп, сол арадан Есiл өзенiне және Ертiс өзенiн
бойлай жоғары қарай, осы өзендердiң ағысын бойлап сол жақ жағасын
солар жаққа тастап өтедi. Олардың iшкi шектерi Каспий теңiзiнен,
Жем өзенiнiң сағасынан бастап Орынбордың бас ландшафты картасы
бойынша аталуы мүмкiн...”.
“Орта қырғыз-қайсақ ордасының атақты қоныстары төменде
суреттелген жерлерде, атап айтқанда: 1) алыстағы ұлыстары, әдет-
те, Зюнгардан бас алып Түркiстанға жақын маңайда ағатын Сары-
суды бойлай көшiп жүредi, Орск бекiнiсiнен атпен жүргенде 15
күн нен 20 күнге дейiнгi қашықтықта; 2) Есiл өзенiнiң сол жағынан
қашықтығы 6 күн, ал Орск бекiнiсiнен 15 күндiк жер...”.
Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии.
Оренбург, 1887. С. 96—104.
66
II бөлiм. XIX ҒАсыРДыҢ БIРIНШI ЖАРТысыНДАҒы
ҚАзАҚсТАННыҢ ӘлЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАлыҚ ЖӘНЕ
сАЯсИ ЖАҒДАЙы
§ 10. ҚАзАҚсТАНДАҒы ХАНДыҚ БИлIКТIҢ ЖОЙылУы.
ӘКIМШIлIК БӨлIНIсI
Хандық билiктiң жойылуының алғышарттары. XIX
ғасырдың басында қазақ жерiне артта қалған феодалдық
Қытайдың ықпалы әлсiреп кеттi. Оның есесiне шекаралық
бекiнiстердi нығайтқан патшалық Ресейдiң қазақ жерiне
ықпалы өсе түстi. Ендi Ресей қазақтың табиғи байлықтарын
игеру мақсатымен осында әртүрлi кәсiпшiлiк көздерiн ашуды
қолға алды. Орыстардың қазақ жерiнен кен орындарын
iздестiре бастауы, көп ұзамай-ақ өзiнiң жемiстерiн бере
бастады.
XIX ғасырдың бiрiншi жартысында жергiлiктi өнеркәсiп
пен кәсiпшiлiктiң жаңа салалары қалыптасты. Ертiс, Жайық
өзендерi, Каспий теңiзi, Зайсан көлi маңайында бұрынғы
көшпелi мал шаруашылығымен шұғылданатын қазақтар
балық аулауды тұрақты кәсiпке айналдырды. Қазақстанның
батыс, солтүстiк-шығыс аудандарындағы тұзды көлдерiнен
тұрмысқа қажеттi тұз өндiру және оны сату жолға қойыла
бастағаны байқалды.
Ресей отаршылдарының қызығушылығының нәтижесiнде
Қазақстанның шығыс, орталық ай мақ тарында түстi метал-
дар, таскөмiр өндiретiн тұңғыш кен орындарын игеру жолға
қойылды. XIX ғасырдың орта шенiнде Қазақстанда бiрнеше
кен орындары ашылып, су және желдиiрменi, ұста дүкенi,
кен және май, былғары зауыттары iске қосылды.
XIX ғасырдың бiрiншi жартысы — Қазақстанның Орта
Азия хандықтарымен, Сiбiрмен, Қытай мемлекетiмен (Цин
империясы) өзара тиiмдi сауда байланыстарын кеңейте
түскен кезеңi. Қазақстан сауда орталықтарынан көршi
елдерге немесе керiсiнше жиi-жиi тауарлар жеткiзiп тұратын
сауда керуендерi бұл өңiрде сауда байланыстарының терең-
дей түсуiне себепшi болды. Қазақ даласын басып өтетiн
керуендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Ресей
үкiметi 1803 жылы көпестерге өздерiн қорғайтын қарулы топ
ұстауына рұқсат бердi.
XIX ғасырдың бiрiншi жартысында орыс-қазақ iшкi
сауда қарым-қатынастары Сiбiрде, Орта Азияда және Ре-
67
с ей де кең жолға қойылды. Оңтүстiктен және оңтүстiк-
ба тыс тан қазақ жерiне Қоқан және Хиуа хандықтары оқ-
тын-оқтын басқыншылық жорықтар жасап тұрды. XIX
ғасырдың басында қоқандықтар Ташкенттi басып алып,
қазақ жерiне ене бастады. Олар Түркiстан және Әулиеата
аймағына дейiн барып, қазақ ауылдарын жаппай тонады.
Хиуа билеушiлерi де қарап қалмады. Олар Сырдарияның
төменгi ағысындағы аймақтарды бағындыруды көздеп,
осы бағытта қанды жорықтар ұйымдастырды. Осындай
жағдайға қармастан, Ресей үкiметi Орта Азия арқылы Иран
және Үндiстанмен сауда қатынастарын жандандыруға күш
салды. Үндiстан арқылы Бұқараға келiп жеткен ағылшын
тауарларын тиеген суда керуендерi қазақ жерi арқылы
Орын борға дейiн барды. Сонымен қатар орыс көпестерi қазақ
даласын мал өнiмдерiнен алынатын шикiзат және өнеркәсiп
тауарларын өндiретiн нарық көзi ретiнде қарастырып, қазақ
ауылдарымен саудасын жандандыра түстi. Осылайша қазақ
жерлерiн әскери жолмен жаулап алу және реформалар
арқылы тартып алу жолына түскен патша үкiметi, сонымен
қатар қазақ даласында сауда-саттықты өрiстету арқылы жаңа
өлкеде өздерiнiң жағдайларын нығайта түстi. Әрине, сауда
айналымына көптеп тартылудың қазақтардың шаруашы-
лығы үшiн де маңызды жақтары болды. Қазақтар өздерiнiң
мал өнiмдерiн көптеп сатуға мүмкiндiктер алды. Мұндайда
орыс тар салған бекiнiстер мен қалашықтар сауда-саттықты
өрiс тету орталықтарына айналды.
Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда Петропавл
қаласына тең келетiн елдi мекен болмады. Осында тек 1849
жылы ғана Ташкенттен 5 мыңнан астам түйеге, 150-ге жуық
ат-арбаға тиелген тауар жеткiзiлдi. Орыс-қазақ қарым-қаты-
насының дамуы барысында жылдан-жылға тұрақтанып,
кө лемi ұлғая бастаған сауда Қазақстан шаруашылық жүйе-
сiнiң бiртiндеп Ресей империясының экономикалық дамуына
бейiмделе түсуiне қолайлы жағдай қалыптастырды. Қазақ
ауылының шаруа шылық жағынан бөлектенiп қалуы жойыла
бастады. Мұндай жаңа құбылыстардың тереңдей түсуiне
патша үкiметi де мүдделi едi. Ресейдiң әкiмшiлiк, саяси маз-
мұндағы шаралары бұл бағытты кеңейттi.
сiбiр қазақтары туралы жарғы. Мал шаруашылығы-
мен шұғылданған қазақ елiнiң XIX ғасырдың бiрiншi
жар тысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сiбiр
қазақтарының жарғысы елеулi рөл атқарды. “Сiбiр қырғыз-
68
дары туралы жарғы” деп аталатын бұл заңның басты мақса-
ты — онсыз да бытыраңқылыққа ұшыраған қазақ даласында
хандық басқаруды бiржолата жою болатын. Мұны жүзеге
асыруға 1817 жылы Орта жүздегi Бөкей ханның қайтыс
болуы және 1819 жылы Уәли ханның қайтыс болуы қолайлы
әлеуметтiк саяси жағдай қалыптастырды. Патша үкiметi ендi
Орта жүзде хан сайлауға тыйым салды. Жоғарыда аталған
жарғы оны жасаған Н.Н.Сперанскийдiң басшылығымен
жүзеге асырыла бастады. Ендi Орта жүзде хандық билiк
тара тылды және оның орнына “Аға сұлтандар институты”
деп аталатын басқару жүйесi енгiзiлдi. Орта жүз әкiмшiлiк
жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлiндi. Ауыл 50—70
шаңырақтан, болыс 10—12 ауылдан, округ 15—20 болыстан
құралды.
Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және
Омбы облыстарымен бiрге Сiбiр қазақтарының облысы да
кiрдi. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы
бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстiгi Шу
өзенiне дейiн созылған Сiбiр қазақтарының округi сыртқы
және iшкi округтерге жiктелдi. Бұлар — Қарқаралы, Көк-
шетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақ-
мо ла (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.),
кейiнгi 40—50-жылдарда құрылған Көкпектi, Құсмұрын,
Ала тау округтерi едi. Бұлардың халық саны жыл сайын
өзге рiп отырды. XIX ғасырдың 40-жылдарында Қарқаралы
округiнде 60 мыңға жуық, Аякөз (кейiннен Сергиополь)
округiнде 40 мыңнан астам көшпелi қазақтар тiркелдi.
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды
басқару округтiк приказдарға жүктелдi. Сөз жүзiнде округтi
билеу аға сұлтанның қолына берiлсе де, патша өкiметiнiң
iс шешуде көпшiлiк пiкiр алысу жүйесiн енгiзуi, сол аға
сұлтандардың рөлiн әлсiретiп, оларды сырттай бақылап
отыруға мүмкiндiк жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар
ғана сайлады, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан
кейiн дворяндық атақ берiлдi. Аға сұлтанды хан сияқты ақ
киiз бен көтеретiн. Бiртiндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы
облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршылдық
билiктiң тiрегiне айналды. Өз өкiлдерiн — Шыңғыс әулетi
тұқымдарын аға сұлтандыққа өткiзуге тырысқан ақсүйектер
арасындағы өзара қақтығыс, алдау, параға сатып алу үйрен-
шiктi құбылысқа айналып кеттi.
69
Ш.Уәлиханов құрастырған қазақ хандары
мен сұлтандарының тегi туралы кесте
70
Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзiмi
өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлдi. Егер
болыс сұлтанның мұрагерi болмаса, оның орнын iнiсi немесе
облыстық басқарма бекiткен туысы басатын. Болыстық
сұл тандар Ресейдiң әкiмшiлiк сатысы бойынша 12-класқа
жататын шенеунiктерге теңелдi.
Ауыл старшындары да аға сұлтан секiлдi үш жыл сайын
сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыс-
тық старшындар құқықтары жөнiнен Ресейдегi селолық
старосталармен теңестiрiлдi.
Жарғы бойынша сот iстерi үшке бөлiндi: қылмыстық
iстер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыс-
тық iстер империя заңдары негiзiнде округтiк приказда
қаралды. Iстi алдын ала тексеруге қазақ биiмен қатар бiр
орыс шенеунiгi қатыстырылды. Қазақтардың талап етуi
бойын ша қаралатын iстер жергiлiктi ескi заң бойынша шешi-
летiн. Округтiк приказ шешiмдерiн қайта қарауға құқылы
болды.
Кейiн Сiбiр қазақтарын билеу Шекаралық басқармаға
жүктелдi. Оның төрағасын тағайындау үшiн арнайы жар-
лық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сiбiр
губер наторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен
келiссөз жүргiзу құқығына ие болды. 1822 жылғы жарғы
Ресей мен Қазақстан арасында сауда байланыстарын ке ңей-
туге мүмкiндiктер тудырды. Жарғының 46, 49-параграф-
тарында қалада, бекiнiстерде өзара тиiмдi сауда қатынаста-
рын дамытуға, сұлтандар мен старшындарды сауда iстерiне
тар туға арналған нақты ұсыныстар енгiзiлдi.
Жалпы алғанда, 1822 жылғы жарғы Қазақстанның әлеу-
меттiк-экономикалық дамуында терең iз қалдырды. Сырт тай
қарағанда, бұл заң бойынша Қазақ хандығында қалыптасқан
ескi тәртiп бiршама сақталынғандай көрiндi. Патша үкi метi
хан тұқымынан шыққан сұлтандардан және халық ара сын-
да ықпалды билерден қолдау табу үшiн сұлтан дардың әкiм-
шiлiк қызметке сайлануына қолдау жасады. Сондықтан да
болыстардың және округтердiң басына сұл тан дар көптеп
ұсынылды. Бiрақ мұндайда сұлтанның хан тұқымынан шы-
ғуы мiндеттi болған жоқ, ең басты нәрсе пат ша үкiметiне
адалдық болды. Ал аға сұлтандар және бо лыс тарды билейтiн
сұлтандар, сондай-ақ ауылдарды басқа ратын старшындар
ендi патша үкiметiнiң жергiлiктi шенеуніктері ретiнде қа-
рас тырылды. Осы мақсатпен олар ға шен-шекпендер және
71
қызметiне байланысты жер ие лiк терi берiлдi. Осылайша
қазақтың хан тұқымынан шық қан сұлтандары ендi пат-
ша үкiметiнiң шенеуніктеріне айналдырылды. Жаңа заң
пат шаның қазақ даласын саяси және заңдық тұрғыдан
отар лауын күшейте түстi. Ендi қазақ даласындағы хандық
бас қару жүйесi бiржолата күйретiлiп, оның орнына патша
үкi метiнiң отаршылдық өкiмет органда ры берiк орнықты.
Кiшi жүздегi реформа барысы. Қазақ жерiнде жүзеге
асырыла бастаған империялық әкiмшiлiк-саяси реформа
хандық билiктi күйрету үшiн ақсүйек топтардың ғасырлар
бойы сақталған артықшылықтарына шек қойды. Сұлтан-
ақсүйектердiң бiр тобы Ресей үкiметiнiң бұл саясатына қар-
сылықтарын ашық бiлдiрдi. Хандық билiктi сақтауға тал пын-
ғандардың бiрi — Кiшi жүз сұлтаны Арынғазы Әбiлғазы ұлы
едi. Хиуаға қарсы Кiшi жүздiң күресiн басқаруда ерек ше
көзге түскен Арынғазы Кiшi жүздегi хандық бас қа ру ды
нығайтуға тырысты. Ол сот iстерiн мұсылман дiнбасы ла-
рының қолына бердi. Бағынбаған кiсiлерге өлiм жазасын
белгiледi. Халық арасында беделi жоғарылаған Арынғазыны
Кiшi жүздiң кейбiр рулық қауымдары өздерiне хан етiп
бекiтудi патша үкiметiнен өтiне бастады. Арынғазының
пат ша әкiмшiлiгiнiң Каспий жағалауындағы далаларда
жүр гiз ген отаршылдық шараларына ашық қарсы шығуы
және қазақтардың оны қолдап қарулы жасақтар жiбере
бас та уы патша үкiметiнiң мазасын кетiрдi. Сондықтан да
пат ша үкiметi Арынғазы Әбiлғазыұлын Петербургқа алдап
шақы рып алып, алыстағы Калугаға жер аударды. Патша
үкiме тiнiң әртүрлi жәбiрлеулерiн бастан өткiзген Арынғазы
айдауда жүрiп, 1833 жылы қайтыс болды.
1822 жылы Орынбор губернаторы П.К.Эссеннiң қатысуы-
мен дайындалған Орынбор қазақтарын басқару жөнiндегi
жарғы бойынша Кiшi жүз жерiне үш хан тағайындау жос-
пар ланды, бiрақ ол iске аспады. Бұл әрекеттiң жергiлiктi
сұлтандар мен билердiң тарапынан қолдау таппауына
бай ланысты пат ша әкiмшiлiгi ендi басқа жол iздестiре
бастады. Орынбор губернаторы 1824 жылы Кiшi жүз ханы
Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, Шекаралық
комиссияға лауазымды шенеунiктiк қызметке тағайындады
да, Кiшi жүздегi хан дықты жойды. Тек Едiл мен Жайық
өзендерi аралығындағы 1801 жылы құрылған патша
әкiмшiлiгi ықпалындағы Iшкi орда немесе Бөкей хандығы
ғана 1845 жылға дейiн сақталды. Осылайша 1824 жылы
Кiшi жүз аймағында хандық басқару бiржолата күйретiлдi.
72
Бiрақ патша үкiметi мұнда Жоламан Тiленшiұлы бастаған
азаттық қозғалысының өрлеп кетуiне байланысты, өзiнiң
реформасын сақтықпен бүркемелеп жүзеге асырды. Жаңа заң
бойынша Кiшi жүздiң аумағы үшке бөлiнедi. Әрбiр бөлiкке
патша үкiметi тағайындаған билеушi сұлтан қойылды.
Әр бiр сұлтанның жанында орыс офицерлерi басқаратын
пат ша әскерлерi отряды болды. Жалпы алғанда, билеушi
сұл танның жағдайы бұрынғы ханнан ерекшелене қойған
жоқ. Сондықтан да мұндай өзгерiстер сұлтандардың да
ашық қарсылықтарын туғыза қоймады. Дегенмен де, жаңа
басқару жүйесi қазақ ауылдарына жедел тарала қойған жоқ.
Сұлтандарды, негiзiнен, патша үкiметiнiң шекарасына жа-
қын ауылдар ғана мойындады.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазақстанда хандық билiктiң жойылуын тездеткен себептер қандай
едi?
2. 1822 жылғы “Сiбiр қазақтарының жарғысы” қандай күрделi өзге-
рiстердi қалыптастырды?
3. Кiшi жүзде хандық билiктi жоюдың салдары неге әкелiп соқтырды?
4. Жаңа әкiмшiлiк бөлiнiсiнiң негiзiнде саяси жүйеде қандай өзгерiстер
болды?
Құжаттар
1822 жылғы жарғыны дайындау жөнiндегi жазбалар
“...Сiбiр бұратаналары жөнiнде жаңа заң дайындаумен қатар
Сперанский Сiбiр қырғыздарын басқару туралы заңға айрықша мән
бердi. Белгiсiз Сiбiр жерлерiн зерттеп, картаға түсiру үшiн ерек ше
ұсыныс жасады. Бұл құжаттарды дайындауда оған барынша көмек-
тескен Г.С.Батеньков едi. Инженерлiк әскер құрамында бол ған
Батеньковтың бұл мәселелер жөнiнде бiлiмi терең болатын. Батень-
ков, сонымен қатар “Сiбiр туралы заңға” түсiндiрмелер жазды. Ол
өлкедегi қарым-қатынас жер аударылғандар, бұратаналар, Орта Орда
қырғыздары (қазақтар. — Ж.Қ.) арасында Ресей билiгiн күшейту
мәселелерiне арналды”.
Фатеев А. Сперанский М.М. — генерал-губернатор Сибири //
Записи русского научно-исследовательского
объединения в Праге. Прага, 1942. Т. XII. С. 24.
1822 жылғы қазақтардың құқы туралы жарғы
“... §268. “Ресейдiң билiгiн мойындаған кез келген қырғыз
өзiнiң жергiлiктi қожасының және қауымның рұқсаты бойынша
73
өз мәселелерiн шешу және жұмыс табу үшiн қайда барса да шек
қойылмайды...
§273. Жарғыға сай ұйымдастырылған болыстарда 1808 жылғы
жарлықпен рұқсат етiлген қырғыздарды жекеменшiкте, қапаста
ұстауға тыйым салынады.
§274. Қырғыздардың үстiнен қараған сұлтандар оларға қожалық
ете алмайды, тек болыс басшысы ретiнде есептелiнедi. Оның
қоғамдағы орны халықтың және жоғары лауазымды басшылықтың
келiсiмiне негiзделген.
§275. Сұлтандардан қысым көрген қырғыздар жақын жердегi
басшылықтан қорған iздеуге құқы бар.
§276. Әрбiр қырғыздың қозғалмайтын, тұрақты меншiк ұстауына
шек қойылмайды.
§277. Қырғыздардың қолында бұрыннан қалып қойған тәуелдi
адамдарды сатып жiберуге, сыйлыққа тартуына немесе мұралық ием-
денуiне, басқаларға беруiне болады. Басы бос қырғыздар тара пынан
қауым мүшелерiн құлдыққа беруге тыйым салынады.
§279. Сұлтандар ең лауазымды және құрметтi қырғыздардың
тобы ретiнде денесiне дүре соғудан босатылады...”
Материалы по истории политического строя Казахстана.
Алма-Ата, 1960. Т. 1. С. 106, 109 — 110.
Достарыңызбен бөлісу: |