Т. Омарбеков — тарих ғылымдарының докторы, профессор Қасымбаев Ж



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата02.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#1030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
§ 3. КIШI ЖүзДIҢ РЕсЕЙ ИМПЕРИЯсы  
ҚҰРАМыНА КIРУI
Қазақ елiнiң халықаралық жағ дайы-
ның шиеленiсуi Кiшi жүз ханы Әбiл-
қайырдың Ресей импери я сына үмiт 
артуы на себепшi болды. Ол көршi iрi 
мем лекетпен тығыз байланыс орнату 
ар қы  лы  қалмақтар  мен  башқұрт тар-
дың қазақ жерiн мазалауын тоқта ту ға 
тырысты. Әбiлқайырдың (1680 — 1748 
жж.), соны мен қатар Петер бург би леу-
шiлерiне арқа сүйеп, Қазақстан дағы өз 
қарсыласта ры ның  сағын  сынды руды 
көздегенi де белгiлi. Ханның ең басты 
мақсаты — батыстағы көршiсi Ресей мен 
сенiмдi байланыс орна тып, бар күш тi 
ойраттарға қарсы күреске жұмылдыру және оларды тал-
қандаған соң, бытыраңқы Қазақ хандығын бiр орталыққа 
бiрiктiрiп, оны нығайту болатын. 
Әбiлқайырдың орыс үкiметiне ниет аударуы, қазақ ауылда-
рының шаруашылық мұқтаждығымен де байланысты болды. 
Бейбiт өмiр Жайықтың төменгi ағысындағы қалмақтарға да, 
Есiл, Ертiс, Ор өзендерi өңiрiнде ғасырлар бойы көшiп-қонып 
жүр ген қазақ руларына да мал шаруашылығы үшiн ауадай 
қажет едi. Ресеймен келiсiмге келу арқылы бұл мәселенi де 
ше шу  ойластырылды.
Сұлтандар мен ықпалды рубасылары Тәуке ханның билi-
гiнен кейiнгi кезеңде билiкке таласа отырып, бытыраң-
қылыққа жол бердi. Әбiлқайырдың олар дың басын қосып, 
өзi не бағынышты етiп ұстауға және олар ға ықпалды болу ға 
мүмкiншiлiгi аз болды. Шын мәнiнде қазақ тың игi жақ-
сы  лары Әбiлқайырды Кiшi жүздiң бiр бөлiгiнiң ханы ре-
тiнде ғана мойындады. Көптеген рулар оны хан ретiнде 
мойын даған жоқ. Бұл тұста Орта жүздiң өзiнде екi хан 
және бiрнеше iрi сұлтандар билiк жасады. Ұлы жүздiң де 
өзi  нiң жеке ханы болды. Осындай күрделi жағдайда Әбiл-
қайыр алдына екi түрлi мiндет қойды. Олардың бiрiншiсi, 
сыртқы жауларға тойтарыс беру болса, екiншiсi, саяси және 
әск  е ри жағынан бытырап кеткен қазақ халқын бiрiктiрiп, 
күштi хандық билiктi қалпына келтiру болды. Мұның өзi 
бәрiнен бұрын қазақ жүздерiн бiрiктiруге кедергi жасайтын 
сұлтандар мен билердiң қарсылығын жоюды қажет еттi. 
Кiшi жүз ханы 
Әбiлқайыр

14
Бiрақ мұндай күрделi мiндеттi 
Әбiлқайыр өзiнiң күшiмен 
орындай алмайтын едi. Сон-
дық тан ол Ресейдiң патша 
өкi метiнен көмек пен қолдау 
сұ рауға мәжбүр болды.
Әбiлқайыр мен оның жақтас-
тарының Ресейден тағы да бiр 
күткенi — қазақ жерi арқылы 
шығысқа, шығыстан батысқа 
Ресей және басқа елдерге өтетiн 
керуен  жолдарының  қауiп сiз -
дiгiн қамтамасыз ету едi.
1716 жылы жоңғар шапқын-
ш ы   л ы ғ ы   б а с т а л ғ а н д а - а қ , 
Қайып хан Сiбiр губернаторы 
кня зь М.П.Гагаринге елшi жi-
бе рiп, қал мақ тарға қарсы күресте қолдау көрсетуiн өтiн ген. 
Алай да Ресей Швециямен соғысып жатқандықтан, қа зақ-
жоңғар тартысына араласа алмады. 1726 жылы “Ақта бан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама” кезiнде Әбiлқайыр орыс 
үкiметiне өкiлiн жiберiп, империя құрамына кiруге талпын-
ған болатын. Бұл жолы да ханның ұсынысы жауапсыз қалды. 
Кiшi жүздiң сұлтандары мен рубасыларының мақсаты — 
ойраттардың шабуылына қарсы Ресеймен әскери одақ құру 
болатын. Мұндай ұсынысты Ресейдiң қабылдауы екiталай 
едi.
1730 жылы Кiшi жүздiң ықпалды билерi Әбiлқайырға 
Жоңғарияға қарсы күресу үшiн Ресеймен келiссөз жүргiзудi 
тапсырды. Алайда хан билер мәжiлiсiнiң шешiмiн бұзып, 
Петербургке аттандырылған елшiлерге әскери одақ құру 
емес, Ресейдiң қол астына кiрудi қуаттайтын құжатқа қол 
қою ды  тапсырды.
Ресей императоры Анна Иоанновнаның атына жазылған 
Әбiлқайырдың өтiнiшiнде қазақтың барлық үш жүзiн Ресей-
дің қол астына алу туралы өтiнiш жасалды. Әбiлқайыр бұл 
өтiнiш шын мәнiнде Ресейге бодан болуды емес, онымен 
одақтас болуды ғана көздеген билер мен халықтың тiлегiне 
қайшы келетiн болғандықтан елден жасырды. Орыс өкiметi 
мұны пайдаланып қалуға тырысып, қазақ жерiн және Орта 
Азия арқылы өтетiн барлық керуен жолдарын өзiнiң қол 
астына бағындыруды көздеген әрекеттердi қолға ала бастады. 
 Әбiлқайыр ханның 
қабылдауында  
(Дж. Кэстль. 1736 ж.)

15
Бұған қоса олар қазақтарға туыс болып келетін башқұрт-
тарды да өздерiнiң қарамағына бiржолата бағындыруды 
көз дедi. Патша өкiметi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн 
Жайықтың бойында қамалдар салуды және башқұрт-қазақ 
халықтарын өзара жауластыруды қолға ала бастады. Яғни, 
қазақтар армандағандай Ресейдiң қазақ халқының басқыншы 
ойрат тарға қарсы соғысында одақтас болуы және қазақтарды 
өзде рiмен тең санауы, тiптен де мүмкiн емес едi.
Орыс үкiметiнiң Қазақстан жөнiндегi жоспары тiптi бас  -
қаша едi. 1714—1720 жылдар аралығында Ертiс өзенiнiң 
жо ғарғы ағысында Жәмiш, Омбы, Колбасинск, Железинск, 
Семей, Коряков (Кереку), Өскемен бекiнiстерiн бiрiнен кейiн 
бiрiн тұрғызған патша өкiметi қазақ жерiне ауыз сала бас-
тады. 
Қазақтардың жоңғарлармен соғысып жатқанын пайда ла-
нып, қазақ жерiнде бекiнiстер салу арқылы елдi бiртiндеп 
жаулап алуды ойластырды. Қазақтар мен башқұрттарды 
бiр-бiрiне айдап салу арқылы өзiнiң отаршылдық саясатын 
күшейтуге тырысқан орыс үкiметiне Әбiлқайырдың елшiлiгi 
күтпеген олжа болды. 1731 жылғы ақпан айының 19-ы күнi 
қазақ елшiлерi Сейiтқұл Қойдағұлұлы мен  Құтлымбет 
Қоштайұлының  Кiшi жүздi империя құрамына қабылдау 
туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабыл 
алды.
Кiшi жүз қазақтарының Ресейге қосылуға тiлек бiлдiрген 
феодалдық топтары мен Әбiлқайырдан ант алу үшiн Анна 
Иоан новна Қазақстанға арнайы елшiлiк жiбердi. Оны сыртқы 
iстер коллегиясының тiлмашы, қабiлеттi елшi А.И.Тевкелев 
басқарды.
Шығу тегi жағынан Қазанның мырзасы Култлу Мұхаммед 
деген атпен белгiлi болған А.Тевкелев қазақтарды Ресей қол 
астына бодандықты қабылдау туралы грамота мен қазақ 
би ле рiне арналған әртүрлi қымбат сыйлықтарды өзiмен 
бiрге ала келдi.Бұл кезде Әбiлқайыр ханның ауылы Ырғыз 
өзенiнiң жағасын қоныс етiп отыр едi. Осында Әбiлқайырдың 
өзiнiң билерiн және халықты алда ғаны әшкере болды. 
Бұған ашынған билер Әбiлқайыр ханның Тевкелевпен келi-
сiмiне кедергi жасауға күш салып, олардың екеуiнде халық 
жиналысы болғанға дейiн үй тұт қыны ретiнде жеке киiз 
үйлерде ұстап, бақылауға алды. Бi рақ хан Тевкелевпен 
түн де жасырын кездесудiң ыңғайын тау ып, оған барлық 
жағ дайды түсiндiрдi. Әбiлқайыр патша өкiметiне халық 

16
атынан емес, өзiнiң атынан өтiнiш жасаған болса, оның 
қабылданбайтындығына сенiмдi екендiгiн атап көрсеттi. 
Шын мәнiнде Әбiлқайырдың Ресей қол астына өту туралы 
өтiнiшi — ойраттардан жеңiлiп, “Ақтабан шұбы рындыға” 
ұшырап босып кеткен қазақ даласында хандық басқарудың 
беделiнiң түсiп кетуiнен туындаған едi. Жау жағадан алған 
жаңа жағдайда Әбiлқайыр тәрiздi хандардың емес, қазақ 
батырлары мен билерiнiң ықпалы мен беделi халық арасында 
өсе түстi. Сонымен қатар Әбiлқайыр орысқа бодан дыққа өтудi 
өтiнiп сұрағанда, Ресейдiң қол астындағы башқұрттар мен 
қалмақтардың қазақ жерiне тоқтаусыз шабуылдарын патша 
өкiметiнiң көмегiмен тежеудi көздедi. Осылайша Әбiлқайыр 
Қазақ хандығының бұрынғы беделiн Ресейдiң ықпалымен 
қалпына келтiрiп, өзi жалпы қазаққа хан атануды көздеген 
едi. Хан Тевкелевпен жасырын жеке әңгiмеде, келiссөз 
жүргiзетiн билердi және батырларды айт қанға көндiру үшiн 
оларға әртүрлi қымбат сыйлықтар берудi ұсынды.
Қазан айының басында бiрiншi рет, ал сол айдың 10-ы 
күнi екiншi рет орыс елшiсi Кiшi жүз билерiмен кездестi. 
Әбiлқайырдың төңiрегi, соның iшiнде, табын руынан халық 
арасында құрметке ие болған атақты Бөкенбай батыр орыс 
үкiметiнiң билiгiн мойындағанымен, Кiшi жүз өз дербестiгiн 
сақтап қалуға тырысты. Олар Тевкелев пен Әбiлқайыр тобына 
мейлiнше қарсы шықты. Тiптi  орыс елшiсiн өлтiруге бел бай-
лағандар да болды. Дегенмен, 1731 жылдың қазан айында 
Әбiлқайыр мен оның саясатын қолдаған Кiшi жүздiң 29 
стар шыны Ресейдiң қол астына кiруге ант бердi. Алайда ант 
бергендер, негiзiнен алғанда, Кiшi жүзден шыққан қазақ 
билеушiлерiнiң аз ғана тобы едi. Дегенмен де, осы шараның 
өзi Ресейдiң қазақ халқын бодандық жолына түсiруіне жол 
ашып бердi. Халықтың қалың бұқарасы және жергiлiктi 
кiшi билер мен батырлардың көпшiлiгi Ресейге бодан болу 
туралы ант беру, тәуелсiздiктi жоғалту екенiн түсiндi және 
Әбiлқайырдың ұстанымын қолдай қойған жоқ. Сондықтан да 
олар А.И. Тевкелевтiң елшiлiгiн қазақ даласынан шығармай 
ұстап қалуға әрекеттер жасады. Алайда билер арасындағы 
өзара алауыздық бұл әрекеттердiң жүйелi түрде өрiстеуiне 
кедергi келтiрдi. Осыған байланысты халық бодандықты 
қаламаса да, ұйымдасқан түрде қарсылық көрсеткен жоқ. 
Әбiлқайырдың бұл шешiмi қазақ өлкесiнiң империя құра-
мына қосылуының алғашқы қадамы едi. Соның өзiнде де 
Кiшi жүздiң Хиуа хандығымен, қарақал пақ тармен шек те-

17
сiп жатқан аудандары Ресей империя сына ХIХ ғасырдың 
орта сына дейiн қосылмады. Патша үкiметi Жайық бойында 
жыпырлатып  бекiнiстер  тұрғызып,  егiн  шаруа  шы лығына 
қолайлы өңiр лердi басып алып, орыс помещик терiне, казак-
орыс қоныстанушыларына тартып алып беру саясатын 
ашық түрде жүргiзе бас тады. Әбiлқайырдың шешiмi, әрине, 
қазақ жерiн басты жау — жоңғарлардан қорғауда белгiлi 
рөл ат қарды. Алайда жылдан-жылға Ресей мемлекетi өзiнiң 
отарлау саясатын үдете бердi. Бұл жағдай қазақ қоғамындағы 
Әбiлқайырды жақтаушы топтар мен Ресей билiгiнiң қазақ 
жерiнде нығаюына о бастан қарсылық бiлдiргендер ара-
сындағы жiктi тереңдеттi. Әбiлқайыр Ресей үкiметiнiң 
қол  да уын арқа тұтып, өзiнiң қарсыластарын әлсiретуге ты  -
рысты. Кiшi жүз “ақсүйектерiнiң” өзара қырқысын ше  бер 
пайдаланған патша үкiметi, әкiмшiлiк және саяси ша ра-
лармен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды жедел-
деттi.
1734 жылы патша үкiметi Ресей сенатының аға хатшы -
сы И.К.Ки рил лов басқарған арнайы экспедицияны жаб-
дықтады
1
.
XVIII ғасырдың 30-жылдарында патша үкiметi қазақ 
жерiн тiрек ретiнде пайдаланып, Ресейден алшақ жатқан 
Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтарына жорық ұйым дастыруды 
көздедi. Саяси жағдайдың шиеленiсiп кетуiне байланысты 
И.Кирилловтың экспедициясы мақсатының барлығын iске 
асыра алмады. Тек 1735 жылы Op өзенi бойында Op бекiнi-
сi нiң негiзi қаланды.
Әбiлқайыр және оның саясатын қолдаған феодалдық топ-
тарды патша үкiметi басқа халықтардың азаттық күре сiн 
жаныштауда жиi пайдаланды. 1735 —1737 жылдар ара лы-
ғында башқұрт халқының көтерiлiсiн басуда орыс үкiметi 
Кiшi жүздiң жасақтарын пайдаланды. Алайда Әбiлқайырдың 
башқұрт билеушiлерiмен ауыз жаласуынан сескенген Петер-
бург сарайы одан екiншi рет ант алып, орыс үкiметiне аманат 
ретiнде өзiнiң бiр ұлын беруге мәжбүр еттi.
1738 жылы тамыз айында Орынбор комиссиясының 
басшысы (Орынбор экспедициясын ендi осылай атады), 
көр  нектi тарихшы В.Н.Татищев Орынборда қазақ сұлтан-
дарының съезiн шақырды. Әбiлқайырмен қатар оның ұл-
да ры Ералы, Нұралы бар 60-қа жуық Кiшi жүз бен Ор та 

Алғашында “қырғыз-қайсақ” экспедициясы деген атпен белгiлi 
болды.

18
жүз старшындары Ресейге адалдығын қуаттап, антқа бар-
мақтарын басты. 
1740 жылы башқұрт халқының екiншi көтерiлiсi бұрқ 
ете түсуiне байланысты, патша үкiметi қазақтарды өз шең-
гелiнде мейлiнше қысып ұстауға тырысты. Орынборға шақы-
рылған феодалдар қатарында тек Кiшi жүз емес, Орта жүз 
билеушiлерi де бар едi. Абылай сұлтан мен Әбiлмәмбет хан да 
Ресейге ант бердi. Алайда Орта жүз әлi де дербестiгiн сақтады. 
Абылай мен Әбiлмәмбеттiң ант беруi саяси жағдай дан туған 
айла — Ресеймен жақындасып, Орта жүзге қарсы жоңғар 
шабуылдарын әлсiретудi көздегендiк едi.
XVIII ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы Кiшi және 
Орта жүздiң жағдайы. XVIII ғасырдың 30—40-жылдары 
қазақ халқының саяси дамуындағы күрделi кезең. Ресейдiң 
құрамына қосылғанымен, Кiшi жүздiң жағдайы түзелмедi. 
1740 жылы парсы әмiршiсi Нәдiр шахтың Хиуаны талқан-
дап, Сырдария өңiрiне жақындауы қазақ руларының он-
сыз да қасiреттi жағдайын мейлiнше күрделендiрдi. Нәдiр 
шахқа қарсы шыққан Хиуа ханы жеңiлiске ұшырап, Нәдiр-
дiң қолынан қаза тапты. Ендi Хиуаның игi жақсылары 
Әбiлқайырды хан етiп көтерiп, жаудан қорғанбақ болды. 
Бi  рақ Нәдiр шахтың қалаға жақындауынан сескенген Әбiл  -
қайыр қазақ даласына кетiп қалды. Дегенмен де, Хиуа 
хандығының солтүстiк бөлiгi Нәдiр шахқа бағынудан бас 
тартып, өздерiне Әбiлқайырдың баласы Нұралыны хан 
көтердi. Ол 1741 жылы жаз айында Хиуа қаласын парсы 
билеу шiлерiнен тартып алды. Алайда бұл жеңiс уақытша 
болып, көп кешiкпей-ақ Нәдiр қалың әскермен Хиуаға қай-
та жорық жасады. Жаудан қаймыққан Хиуаның бектерi 
Нәдiр дiң жағына шығып кеттi де, Нұралы қазақ даласына 
қайта қашып келдi. Осылайша Хиуаны Қазақ хандығына 
қосып алу туралы Әбiлқайырдың жоспары мүлде iске аспай 
қалды және мұның өзi Әбiлқайырды Ресейден қолдау iздеуге 
мәжбүрлей түстi. Шындығында да, Ресей патшасымен 
жақындасу Әбiлқайырдың жоңғар ойраттарынан қорғануына 
бiршама мүмкiндiктер бердi. Жоңғарлар қазақ жерiне 
тағы да басып кiретiндерiн айтып, Әбiлқайырдан баласын 
аманатқа берудi сұрағанда, орыс патшасы жедел түрде 
араласып, Әбiлқайырдың Ресейдiң қол астындағы билеушi 
екенiн ай тып, жоңғарлардың билеушiсi Қалдан Серенді 
(Галдан-Цэрэн) мұндай талаптан бас тартуға мәжбүрледi. 
Орта жүздi би леп отырған Тәуке ханнан тараған сұлтандар 

19
жоңғар билеушiсiн мойындап отырғанын және Ұлы жүзде 
шын мәнiнде жоңғарлар билiгi орнағанын ескерер болсақ, 
Әбiлқайыр ханның Кiшi жүздi жоңғар ойраттарынан тәуелсiз 
жағдайда сақтап қалуы, оның хандыққа таласқан басқа 
әрiптестерi арасындағы саяси беделiн көтере түстi. Мынаны 
да ескерген жөн: Әбiлқайыр бұл кезде Ресейге әскери одақтас 
ретiнде қажет болды. Сондықтан да патша өкiметi басқа 
хандарға және сұлтандарға қарағанда Әбiлқайырға көбiрек 
қолдау жасады. Осыған байланысты Орта жүздегi Жәнiбек 
және Кiшi жүздегi Есет тәрiздi халыққа ықпалды батырлар 
мен билер Әбiлқайырды қолдап, оны хан ретiнде мойындай 
бастады. Орта жүздiң де кейбiр билеушiлерiнiң өзiн қолдай 
бастағанын аңғарған Әбiлқайыр солтүстiк аймақтарда көшiп 
жүрген рулар мен тайпаларға өзiнiң ұлдарын билеушi етiп 
тағайындап, Тәуке әулетінен шыққан сұлтандарды билiктен 
ығыстырды. Осылайша XVIII ғасырдың 40-жылдарының 
ба сында Әбiлқайыр бүкiл қазақ даласына аға хан болуға 
лайық ты дара тұлға ретiнде көрiндi. Әбiлқайыр осыны 
пайда ланып, Орта Азия хандықтарымен және жоңғарлармен 
жақындасудың жолдарын iздестiре бастады. Мұндағы 
Әбiл қайырдың саясаты — көршi мемлекеттермен бейбiт 
қатынастарды орнату арқылы бiртұтас Қазақ хандығын қайта 
орнықтыру едi. Мұның өзi Қазақ хандығын қалпына келтiруге 
әрқашан қарсы болып келген патша өкiметiн қауiптендiре 
бастады. Сондықтан патша өкiметi Әбiлқайырдың көршi 
мемлекеттермен келiссөздер жүргiзуiне әртүрлi шаралар 
арқылы барынша кедергi жасап бақты. Әбiлқайырға қарсы 
күресте, әсiресе Орынбор шекаралық комиссиясының 
жаңа төрағасы И.И. Неплюев ерекше белсендiлiк көрсеттi. 
Ол башқұрттар мен қазақтардың көшу жолдарының жа-
қындасуына мүмкiндiк бермеу үшiн олар шектесетiн аймақ-
тарда жаңа қамалдар мен қалашықтар жүйесiн салуды 
қол ға алды және қазақтың игi жақсылары мен башқұрт 
билеу шiлерi арасында қарым-қатынастардың орын алуына 
ба рынша кедергi жасап, башқұрттарға жiберiлген қазақ 
елшi лерiн кейiн қайтарып отырды. И.И.Неплюев 1735 
жы  лы негiзi қаланған Орск қалашығын 1743 жылы жаңа 
жер ге көшiрдi. Бұл қоныс Орынбор деп аталды. Орынбор 
баш құрттар мен қазақтардың жақындасуларына басты 
кедергi жасайтын әскери қалашыққа айналды. Бiрақ патша 
үкiметi үшiн Әбiлқайырды Орта Азия хандықтарынан 
оқшаулау едәуiр қиынға түстi. Тiлi, дiнi, дәстүр-салты 

20
жа  қын халықтардың бiрiгiп кету қаупi патша өкiметiнiң 
мазасын алды. Сондықтан да И.И. Неплюев дипломатиялық 
жолдармен бұған кедергi жасап бақты. Ол 1746 жылы 
Хиуа тағына отыруға шақырылған Әбiлқайырдың баласы 
Нұ ралыны осы ұсыныстан бас тартуға көндiрдi. Нұралы 
хиуалықтардың және парсылардың қолдауымен Хиуаға 
хан болған жағдайда Әбiлқайырдың қазақ даласында ғана 
емес, Орта Азияда да беделi арта түсетiн едi. Орыс билеу-
шiлерi осыдан қорықты. Нұралы келмегендiктен Хиуа хан-
ды ғының тағына 1747 жылы Әбiлқайырдың ескi қарсыласы 
Батыр сұлтанның баласы Қайып отырды. Мұның өзi Хиуа 
хан дығымен шекаралас аймақтардағы қазақ ру-тайпалары 
арасында Әбiлқайырдың беделiн едәуiр төмендетiп, Кiшi 
жүздегi Батыр сұлтан бастаған оған қарсы топтардың iс-
әрекеттерiн күшейте түстi.
Ал жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннiң 1741—1742 
жыл дары Орта жүз бен Кiшi жүзге ұйым дас тыр ған бұрынғы 
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” кем түспейтiн 
шап қыншылықтары Қазақстандағы саяси жағ дайды шиеле-
нiстiре түстi.
Орта жүз ханы Әбiлмәмбет пен белгiлi сұлтан Абылай 
ұлыстарын талқандаған жоңғарлар қазақтарды Ор бекiнiсiне 
дейiн ығыстырды. Жоңғария екi жүздiң билеушiлерiнен 
қал мақтардың билiгiн мойындауды, қазақтардың қонтайшы 
белгiлеп берген жерде ғана көшiп-қонуын талап еттi. Алайда 
орыс үкiметiнiң Ресей билiгiндегi қазақтарды қорғауға дайын 
екендiгiн ескертуi, ойраттардың әскери қимылдарына бiр-
шама шек қойды. 
1742 жылғы мамыр айының 20-сы күнi Ресей сенаты қа зақ-
тарды және шекаралық өңiрдегi бекiнiстердi қорғау жөнiнде 
арнайы жарлық қабылдады. 1742 жылғы қыркүйек айының 
2-сі күнi Орынбор комиссиясының төрағасы И.Н.Неплюев 
Қалдан Серенге жолдаған хатында Ресейдiң қарамағындағы 
қа зақтарға қысымды тоқтатуды талап еттi. 
Жоңғар билеушiлерi бұл талапқа құлақ аспады. Тiптi 
көр  нектi сұлтан Абылайды қолға түсiрiп, ол жоңғар елiнде 
бiраз тұтқында болды. Ал Ресей үкiметi қазақстандық Алтай 
өңi рiнде табылған түстi металдар қоры негiзiнде бiрнеше кен 
байыту зауыттарын және кенiштер салып, қарық болды. Қа-
зақтарды қорғау деген желеумен Оралдан, Сiбiрден әке  лiнген 
зеңбiректердi, әскери бөлiмдердi Ертiс, Алтай өңiрiндегi 
бекiнiстерге орналастырған Ресей, өзiнiң отарлық, әсiресе 
ша руашылық мүддесiн бiрiншi орынға қойды.

21
Ертiс пен Обь өзенi аралығында Шульба, Обь, Старо  - 
алейск форпостары, Колыван, Шағыр, Барнаул, Белоярск, 
Бийск бекiнiстерi тұрғызылды. Ол Колыван-Кузнецк шебi 
деп аталды. Қазақ жерiнде Жоғарғы Ертiс бойындағы бес 
бекiнiстен (Семей, Өскемен, Жәмiш, Кереку, Омбы) басқа 
қосымша 21 форпост салынды. Яғни, қазақ-жоңғар тартысын 
пайдаланған Сiбiр губерниялық басқармасы Петербургтiң 
талабымен кенге бай Алтай өңiрiн отарлауды тезiрек аяқтауға 
тырысып бақты. Барлық күштi жоңғар шапқыншыларымен 
күреске жұмсаған қазақтар бұл қамалдар өздерiне қорғаныс 
болады деп сенiп, Ресейге қарсылық жасамады. 
Осындай жағдайда қазақ жерiн жоңғарлардан босататын 
күш тек қазақтардың өздерi болатынын 1734 жылдан Орта 
жүздiң ханы болған Әбiлмәмбет те, ықпалды сұлтан Абылай 
да түсiндi.
1745 жылы жоңғар билеушiсi Қалдан Сереннің қайтыс 
болуына байланысты Жоңғарияда билiк үшiн iшкi бақта-
ластық күшейiп, бұл мемлекет саяси жағынан ыдырай 
бас   тады. Ендi әлсiреген Жоңғар хандығынан қазақтар ыға 
қой ған жоқ. Осындай жағдайда Әбiлқайыр хан мемлекеттiң 
дербестiгiн күшейту қажет екендiгiн түсiнiп, патша үкi ме-
тiмен қарым-қатынасты үзе бастады және Ресей империя-
сының шекарасынан аулағырақ көшiп кетуге тырысты. 
Оң тү с тiк аймақтарда өзiнiң саясатын жүзеге асыру үшiн ол, 
қазақтарды қарақалпақтармен соғысқа итермеледi. Алайда 
қарақалпақтар мекендейтiн аймақтарға баруға қызыға қойма-
ған және өздерiнiң көшу жолдарын өзгерткiлерi келмеген қа-
зақ билеушiлерi Әбiлқайырдың бұл әрекетiн қолдай қойған 
жоқ. Оның үстiне ханға бағынышты болған Жәнiбек және 
Есет тәрiздi қазақтарға ықпалды тарихи тұлғалар, сондай-ақ 
Әбiлқайырдың өзiнiң балалары да ханның патша өкiметiнен 
қол үзуiн қолдай қоймады. Әбiлқайырдың патша өкiметiмен 
келiсiмге келмеуiне байланысты қазақ тайпалары орыстарға 
жаулық саясат ұстанып, орыс шекаралық шептерiне 
оқтын-оқтын жорық жасау күшейдi. Әбiлқайыр қазақ 
даласы арқы лы өтетiн патша өкiметiнiң керуен жолдарын 
жауып тас та ғандықтан, Орта Азиядағы сауда-саттықтың 
деңгейi де төмендеп кеттi. Оның үстiне Қазақ хандығының 
дербестiгiн күшейтудi көздеген Әбiлқайыр орыстармен емес, 
керiсiнше жоңғарлармен жақындасудың жолын iздестiре 
бастады және осы ойын жүзеге асыру үшiн өзiнiң қызын 
Жоңғар билеушiсi Цеван Дорджиға ұзатты. Мұның бәрi 

22
қазақ даласындағы Әбiл қайырдың жаулары Барақ және 
Батыр сұлтандардың оған қарсы жаулық пиғылдарын 
күшейте түстi. Дегенмен де, патша өкiметi Әбiлқайырдан 
айы рылмауға тырысты. Осы мақсатпен 1748 жылы А.И. 
Тев келев Әбiлқайырмен келiссөз бастады. Ор қамалына 
жа қын жерде өткен осы келiссөз Әбiлқайыр мен патша 
өкiметiнiң қарым-қатынасын қайта қалпына келтiрдi. Ендi 
қазақ даласында Әбiлқайырдың ықпалы қайтадан күшейдi. 
Мұның өзi Әбiлқайырға жау сұлтандардың мазасын алды. 
Кiшi жүздегi Әбiлқайырмен бақталас Батыр сұлтан — 
Әбіл қайыр ханға қарсы күрестi. Ол Орта жүздiң ықпалды 
сұлтаны Барақты азғырып, Әбiлқайырға қарсы айдап салды. 
Батыр сұлтанға Әбiлқайырдың Сырдария аймағында көшiп 
жүрген қарақалпақтарды өз ықпалына тү сiруге тырысуы 
ұнамады. Өйткенi қарақалпақтардың көшу жолдары Батыр 
сұлтанның иелiктерi арқылы өтетiн едi. Ор қамалы маңын-
дағы Әбiлқайырдың Ресеймен жүргiзген келiсiмiнен кейiн 
көп кешiкпей-ақ, ханның қарақалпақтарға жорығы қайта 
жанданды. Бұған қарсы шыққан Барақ сұл  тан  ның жасақтары 
мен Әбiлқайыр әскерлерi арасында қа ру лы қақтығыс орын 
алды. Осындай шырғалаңда Барақ ханды өлтiрдi.
Әбiлқайырдың өлiмi Қазақ хандығын сыртқы күштерге 
сүйене отырып, қалпына келтiру әрекетiн болдырмай тас-
тады. Оның бұл iсте Ресейге сүйенген саясаты қазақтардың 
үлкен бөлiгiнiң қарсылығын тудырып қана қоймай, кейiнгi 
ұрпақтардың да түсiнбеушiлiгiн туғызды. Әртүрлi айла 
шар ғылармен Қазақ хандығын нығайтуға тырысқан Әбiл-
қайырдың саясаты, түптiң-түбiнде жүзеге аспай қалды. 
Қа  зақ хандығында Әбiлқайырдан кейiн де бытыраңқылық 
пен билiкке талас өрiстеп, одан мемлекеттiң iргесi шайқала 
түстi.
Әбiлқайыр ханның 1731 жылы Ресей билiгiн мойын-
да уы, әрине, Қазақстан тарихындағы өзектi оқиға. Бұл 
қадам   ның жоңғарлардың қазақ жерiне шапқыншылығына 
бел гiлi дәрежеде шек қойғаны мәлiм. Шын мәнiнде, Кiшi 
жүздiң Ресеймен iргелес жатқан шағын өңiрi ғана орыс 
үкiметiнiң әкiмшiлiгiне тәуелдi болды. Орта жүзбен, Хиуа 
хандығымен iргелес аудандарға орыс билiгiнiң ықпалы 
әлi де шамалы едi. Қазақ сұлтандарының басым бөлiгiнiң 
Әбiл қайырға қарсылығы орыс үкiметiнiң түпкiлiктi жос-
парының орындалуын, бiртiндеп отарлауды қиындатты. 
Пат ша үкiметiнiң Қазақстанда жүргiзген алғашқы саяси-

23
экономикалық шаралары онша табысты болмағанымен, Пе-
тербург билеушiлерi қазақ жерiнiң Азияға “кiлт пен қақ па” 
екенiн ескерiп, қандай жолмен болсын өз ықпалын нығайтуды 
империяның шығыстағы саясатының күретамыры ретiнде 
қарастыра бастады.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Кiшi жүздiң Ресей империясы құрамына кiруiнiң алғышарттарын 
сипаттап берiңдер.
2. Кiшi жүздiң Ресейге қосылуына жоңғар шапқыншылығының зар-
даптары қалай әсер етті?
3. Ресей билiгiн мойындауда Әбiлқайырдың қандай мақсат көздегенiн 
айтып берiңдер.
4. А. Тевкелевтiң Кiшi жүзге елшiлiгi қандай нәтижемен аяқталды?
5. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресi туралы айтып берiңдер.
6. Ресейдiң отарлау саясатының тереңдей түсуiн, қандай жағдайлармен 
түсiндiруге болады?
Құжаттар 
Әбiлқайыр ханның императрица Анна Иоанновнаға  
жазған хатынан
8 қыркүйек, 1730 жыл.
“...Пiкiрiңiздi бiлейiн дегенiмiз, Сiздiң билiгiңiздегi Жайық-
тың сыртында орналасқан башқұрт халқымен бiздiң арамызда 
жақын байланыстар болған жоқ. Тақсыр Сiздiң қол астыңызда 
болуымызды қалап, Сiздiң билiгiңiздi мойындаған Алдарбаймен өз 
өкiлiмдi жiберiп отырмын... Бiз, Әбiлқайыр хан, менiң соңымнан 
ерген Орта және Кiшi жүз қазақтары Сiздiң алдарыңызда иiле мiз, 
Сiздiң қызметiңiзбен, қарапайым халқымызбен Сiздiң қамқор-
лығыңызда болғымыз келедi. Жайықтың ар жағындағы Сiздiң 
қам қорлығыңыздағы башқұрт халқымен келiсiмде өмiр сүру үшiн 
Сiздiң қайырымыңызды күтудемiз”.
АВПРИ. Ф.122. О. 122/I. 1730. Д. 7. Л. 45 об.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет