Т. Омарбеков — тарих ғылымдарының докторы, профессор Қасымбаев Ж


§ 15. XIX ҒАсыРДыҢ 50-ЖылДАРыНДАҒы ҚАзАҚ



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата02.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#1030
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
§ 15. XIX ҒАсыРДыҢ 50-ЖылДАРыНДАҒы ҚАзАҚ 
ШАРУАлАРыНыҢ АзАТТыҚ КүРЕсI
XIX ғасырдың ортасы Ресейдiң Сырдарияның оңтүстiгiн 
және Оңтүстiк Қазақстанды отарлауын кеңейтуiне қар сы
сонымен қатар Хиуа хандарының өктемдiгiне қарсы бағыт-
талған iрi халық көтерiлiстерiмен белгiлi. Хиуа ханының 
ұлы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаң-
да рия аудандарында көптеген қамал тұрғызуы — халық 
ба ты ры  Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерiлiстiң 
тууы на себеп болды. Кiшi жүздiң шектi руынан шық қан 
ол, орыстың бекiнiстерiне жақын маңда көшiп жүрсе де, 
Хиуа және Қоқан жасақтарының шабуылдарына ұшы рау-
мен болды. Мұндай жағдайда Жанқожа Ресейдiң көме-
гiне сүйенiп, қазақтардың саяси тәуелсiздiгiне қол жет-
кi   зуге үмiттендi. Өзi қара халықтан шыққан Жанқожа 
15 жасынан бастап-ақ батырлығымен көзге түстi және 
әдi   леттi тұлға ретiнде ерекшелендi. Ол алғаш қазақ ауыл-
да  рын үздiксiз тонаған қарақалпақ билеушiлерiне қарсы 
кү ресте ұйымдастырушылық қабілеттерiмен дараланды. 
Кене сары Қасымұлы көтерiлiсi кезiнде Жанқожа ханның 
қоқандықтарға қарсы күресiне көмектесiп, онымен бiрге 
қо  қан  дардың қол астындағы қалаларды азат етуге белсене 
қа тысты. Бiрақ қазақ ауылының мүддесiн бiрiншi орынға 
қойған Жанқожа Кенесарының Қазақ хандығын қалпына 
келтiрудi көздеген мақсаты үшiн күресiне уақытша ғана 
қолдау жасады.
1843 жылы халық қолдауымен Жанқожа батыр Хиуа 
бекiнiсiн құлатты. 1845 жылы, оның қолы жақсы қаруланған 
екi мыңдай хиуалықтарды жеңiп шығып, батырдың даңқы 
үш жүзге тарады.
Хиуа ханы Жанқожа батырдың өсiп келе жатқан даңқ-
беделiнен қауiптенiп, ескi әдiстi қолдануға көштi.
Батырға оның Кiшi жүз iшiндегi саяси қарсыластарын 
айдап салды. Хиуалықтар бұл аймақта орыс әскери бақылау 
пункттерiн салуға қарсылық бiлдiрдi. 1847 жылы Хиуаның 
Райым бекiнiсiн жойып жiберуге тырысқан әрекетi сәтсiз 
аяқталды. Қазақтарды құнарлы жерлерiнен бiртiндеп ығыс-
тыру саясаты көтерiлiсшiлердiң қатарын көбейттi. 1856 
жыл дың жазында Жанқожаның қасына екi мыңдай қарулы 
топ жиналды. Жаңақала ауданы көтерiлiсшiлердiң ошағы 
болды.

107
Көтерiлiске Арал теңiзi маңындағы көшпелi iрi рулар: 
кiшкене шектiлер, шөмекейлер, төртқаралар, қарасақалдар, 
және т.б. белсене қатысты.
Жанқожа басқа да жасақтардың қолдауына сүйену үшiн 
отаршылдыққа қарсы қозғалыс басшыларының бiрi Есет 
Көтiбарұлына сенiмдi өкiлiн жiбердi.
1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1500 адам, 
1857 жылы — 5 000 адамға дейiн болды. Патша әскер-
лерiнiң iзiне түсiп қуғындауы Жанқожаны Арал маңынан 
бiрте-бiрте шегiнуге мәжбүр еттi. Патша үкiметiнiң Сыр-
да рия қазақтарына қарсы жаулық әрекетi халықтың 
отар шылдарға деген жаулық көзқарасын өршiте түстi. 
Жан қожа өзiнiң беделiн пайдаланып, халық наразылығын 
жа  за лаушыға қарсы топтастыра бiлдi. Үш мыңнан астам 
қа зақ тар Жанқожаның сарбаздарына айналды. Жылқысы 
жоқ кедейлер көтерiлiсшiлерге өгiз мiнiп қосылды. 1856 
жы лы желтоқсанда Жанқожа Қазалы бекiнiсiн қоршап 
алды. Алайда ол өзiнiң күшiнiң әлi де болса жеткiлiксiз 
екенiн түсiнiп, қазақтың басқа батырларынан көмек күттi. 
Мұны Перовский қамалынан шыққан зеңбiрек сүйреткен 
жазалаушы отряд тиiмдi пайдаланып, Жанқожаның Қаза-
лы бекiнiсiн басып алуына мүмкiндiк бермедi. Патша әс-
кер лерiмен болған шайқаста нашар қаруланған қазақтар 
жеңiлiске ұшырады. Жазалаушылар ендi қазақ ауылдарын 
тонауға кiрiстi. Осындай қиын жағдайда Жанқожа Бұхар 
хандығының аймағына қоныс аударып, одақтас iздестiрдi. 
Алайда Бұхар хандығы Жанқожаға қажеттi көмектi бермедi. 
Осыдан соң бiр жылдан кейiн елiне оралған Жанқожа патша 
үкiметi тарапынан көтерiлiсшiлерге кешiрiм жасалар деп 
үмiттендi. Бiрақ жергiлiктi патша өкіметі мен ел арасындағы 
батырдың жаулары Жанқожадан кек алу ды жалғастырды. 
Олар Арал теңiзiнiң жағалауындағы Жан қожаның тығылып 
жатқан жерiн тауып, батырды намазға жығылып жатқан 
жерiнде алыстан атып өлтiрдi. Қазақ халқы өзiнiң батырының 
ерлiгiн жырға қосып, аңызға айналдырды. Сондықтан да 
Жанқожаның биiк тұлғасы қазақтардың жаңа ұрпақтарын, 
ауыз әдебиетiнiң мұралары негiзiнде ұзақ уақыт тәрбиелеп 
келдi.
Арал теңiзiнiң солтүстiк жағалауында Есет Көтiбарұлы 
бастаған көтерiлiс жалғаса бердi. Есет шектi руының биi 
болатын, ал оның әкесi белгiлi қазақ батыры және патша 
үкiметiне қарсы ұзақ жылдар көтерiлiстер жасаған Қаратай 

108
сұлтанның серiгi едi. Есеттiң Жанқожа батырдан өзгешелi-
гi — ол Хиуа ханымен тығыз жақындасты. Осылайша Есет 
Хиуа ханының қолдауына сүйене отырып, патшалық Ресейге 
қарсы күресудi ойластырды. Бiрақ Есет өзiнiң бұл жоспарын 
әрқашан жасырын ұстап, патша өкіметіне өзiнiң бағы-
натындығын мәлiмдеумен болды. Есет — Кенесары Қасым-
ұлының жеңiске жететіндiгiне сенбегендiктен, оны қолдаған 
жоқ. 1848 жылы Есет Хиуа ханымен бiрге Арал теңiзiнiң 
сол түстiк батысындағы қазақтарды топтастырып, орыс 
отрядтарына соққы берудi және Орал бекiнiсiн талқандауды 
ойластырды. Осы әрекетте ол Арыстан Жантөринге сүйенбек 
болды. Алайда Жантөрин және көптеген жергiлiктi сұлтан-
дар мен билер патша үкiметiн қолдап кеттi. Орынбор губер-
ниясының әкiмшiлiгi Есет батырды ұстауды билеушi-сұлтан 
Арыстан Жантөринге тапсырды. 1855 жылы 8 шiл де де 
Есет тобы күтпеген жерден Жантөрин лагерiне шабуыл-
дап, сұлтанды сыбайластарымен қоса қырып салды. Есет 
жасақтарына қарсы күрес күшейтiлдi. 1857 жылы наурызда 
әскери дала сотының шешiмiмен тұтқынға түскендерден 
3 қазақ атылды, 18-i Сiбiрге жер аударылды. Есеттiң жақтау-
шыларын қуғындау үздiксiз жүрiп жатты. Тек 1858 жылы 
қыркүйекте жазалаушылардың қыспағымен Есет батыр 
көтерiлiстi тоқтатып, патша билiгiн лажсыз мойындауға 
мәжбүр болады.
1858 жылғы қазақ шаруаларының көтерiлiсi. XIX 
ға сырдың 50-жылдарында Оңтүстiк Қазақстанда Сыр-
дарияның орта ағысынан Ақмешiтке дейiнгi, Ташкенттен Же-
тiсуға дейiнгi аралықтағы жер әлi де болса Қоқан хан дығына 
тәуелдi болды. Хиуа хандығы сияқты Қоқан феодалдары да 
қазақтардың алым-салықтан еңсесiн көтертпей, озбырлық 
жасау саясатын жүргiздi. Әртүрлi ауыртпалықтарды өтеуге 
шамасы келмеген немесе одан бас тартқан қазақтардың 
дүние-мүлкiн талан-таражға салып, қазақ және қырғыз қыз-
дарын күңдiкке әкетiп, балаларды құл базарларында сатуы 
жиi кездесетiн.
Шу өзенiнiң бойындағы өңірлер, Әулиеата, Шымкент, 
Түркiстан, Арыс, Мерке, Сайрам, Шолаққорған, Жаңақорған 
қалалары ма ңындағы қазақтар Қоқан билеушiлерiнiң және 
оларды қолдаған өз сұлтандарының озбырлығына қарсы 
бiрнеше рет көтерiлген едi.
Қоқан езгiсiне қарсы ең iрi көтерiлiстiң бiрi Әулиеата 
маңында 1858 жылдың наурыз айында басталды. Күрестiң 
негiзгi қозғаушы күшi езiлген қазақ, қырғыз шаруалары 

109
едi. Шымкенттен Мерке және Пiшпекке дейiнгi аймақты 
қам тыған көтерiлiс өзiнiң тегеурiндiлiгi мен ұйымдасуы жа-
ғынан XIX ғасырдың ортасындағы iрi халықтық қозғалыс 
болды.
Шымкент пен Пiшпек, Мерке аралығындағы аймақ 
Ташкент билеушiсi Мырза Ахмет бектiң бақылауында едi. 
Қазақтар мен қырғыздардың жерiн күшпен тартып алып, 
өз жақындарына бөлiп берген бектiң озбырлық саясаты 
еңбекшiлердiң ыза-кегiн тудырды. XIX ғасырдың 50-жыл-
дарында Мырза Ахмет тағы да қосымша салық кiргiздi. Бұл 
салық қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерден жи налуға 
тиiс едi. Бектiң қатыгездiгiнен запы болған қазақ тардың 
Қоқан ханына шағымдары нәтижесiз қалды. Қазақ тарға 
қаруланып күрес бастаудан басқа жол қалмады. Көте-
рiлiсшiлер Тоқмақта, Әулиеата, Шымкентте, т.б. жерде орна-
ласқан Қоқан бекiнiстерiн қоршады. Пiшпек түбiнде болған 
ұрыста қоқандықтар сәтсiздiкке ұшырады. 
Шымкент маңында да көтерiлiсшiлердiң iсi алға басты. 
Жасақшылар Қоқанның салықжинаушы күшiне соққы 
бердi, үшмыңдық қолмен шабуылға шыққан Мырза Ахмет 
Әулиеата бекiнiсiн қоршап алған қазақтар шебiн бұзса да, 
көтерiлiсшiлердi жеңе алмады. Қосымша күш жинаған 
қазақ, қырғыз жасақтары бектiң күштерi шоғырланған 
Әулие  атаны қайтадан қоршады. Ташкенттен бекке көмекке 
жi бе рiлген қол қазақтар тегеурiнiнен шегiнуге мәжбүр болды. 
Мырза Ахмет Қоқан ханынан көмек сұрады. Көтерiлiстi ба-
су ға жiберiлген әскери топтардың бiрiн Кенесарының ұлы 
Тайшық сұлтан басқарды.
Қоқан әскерлерiнiң жақындауы, көтерiлiсшiлер ауыл-
дарын Ресей бақылауындағы өңiрлерге қарай көшуге мәжбүр 
еттi. Сарысу өзенiне қарай 12 мың, Перовск фортына қарай 
4 700 шаңырақ көштi. Алайда көтерiлiстiң аумағы кеңейе 
түстi. 1858 жылғы мамырда қозғалыс Оңтүстiк Қазақстанның 
қалған аудандарына тарай бастады. Көтерiлiсшiлер Созақ, 
Мерке, Шолаққорған қамалдарын алып, Жаңақорған мен 
Түркiстанды қоршады. 
Халық қозғалысының тегеурiнiнен сескенген кейбiр қа-
зақ феодалдары Қоқан билеушiлерiмен келіссөз жүргізе 
баста ды. Сат қындық жасаған қазақ билеушiлерiнiң бiр тобы 
Қоқанның Құдияр ханының қабылдауына барды. Хан жағ-
дайды түбi рiмен өзгерте қоймайтын, iшiнара жеңiл дiктерге 
келiсiм бер дi. Мырза Ахметтiң орнына Ташкент билеушiсi 
болып ендi оның iнiсi Мұрат аталық келдi.

110
Көтерiлiсшiлерге қарсы жаңадан әскери күштер жiберу 
қозғалысты әлсiреттi. Көтерiлiстiң басты ошақтары аяусыз 
жаншылды. Қозғалыс бiртiндеп басылды.
Қазақ шаруаларының ұйымдасуының әлсiздiгi, оның 
стихиялық сипаты, жеке ақсүйек феодалдардың бiр бөлiгiнiң 
солқылдақтығы көтерiлiстiң жеңiлуiн тездеттi.
1858 жылғы көтерiлiс қазақ және қырғыз халықтары ның 
тiзе қосып, бiрiгiп қимылдаған қозғалысы болды. Өзi нiң 
мазмұны, талаптары, мақсатына қарай бұл көтерiлiс ұлт-
азаттық күреске тең едi. Оның барысында қазақ және қыр-
ғыз еңбекшiлерi арасында бостандыққа ұмтылыс күшейдi. 
Сөйтiп, Оңтүстiк Қазақстандағы жергілікті тайпа лар Қоқан 
хандарына қарсы күресте Ресей өкіметінен көмек сұрауға 
мәжбүр болды. Өзі де Орта Азияны отарлауды көздеп отыр-
ған патша өкіметі бұл көтерілістерді пайдаланып қалуға 
тырысты. Кейiнiрек ХIХ ғасырдың 60-жылдары Қоқан бек-
терiне қарсы күресте осы күрес тәжiрибесi ұтымды пайда-
ла нылды.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. 1858 жылғы қазақ шаруаларының көтерiлiсiн 1836 — 1838 жылдар-
дағы қозғалыспен салыстырыңдар.
2. XIX ғасырдың ортасындағы Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстанда 
халық көтерiлiстерiнiң негiзгi себептерi қандай болды?
3. Жанқожа мен Есет батырлар бастаған көтерiлiс туралы әңгiмелең-
дер.
4. Қоқан бектерiне қарсы қазақтардың көтерiлiсi қандай жағдайда 
өттi?
Құжаттар
 сырдария маңындағы қазақтардың  
Ташкент билеушiсiне қарсы толқуы туралы
11 мамыр, 1858 жыл
“Наурыз айында Ташкент билеушiсi Мырза  Ахмет қоқандық-
тардан, қырғыздардан жиналған 3000 әскерiмен Әулиеата бекiнiсi не 
келдi. Осы маңда көшiп-қонып жүрген қырғыз билерiн шақыртып, 
бұрын ғыдай қой ғана емес, түйе, жылқы және iрi қарадан да салық 
алуды белгiледi.
Мамыр айының басында Түркiстан қырғыздары, қоңыраттар, 
наймандар, қыпшақтар, арғындар қоқандықтарға қарсы шықты. 
Қоңы раттар өз араларынан сұлтан Жанекенi хан деп жариялады, 
бiрақ бұған қарамастан Түркiстан қырғыздары Мырза Ниязға қарсы 

111
тұрған жоқ, керiсiнше әлi күнге дейiн, Ахмедтi ауыстырып, оның 
орнына Мырза Ниязды қоюды қалайды”.
Казахско-русские отношения в XVIII — XIX веках.  
(Документы и материалы). Т. II. Алма-Ата, 1964. С. 438—439.
Хиуа феодалдарының тонаушылық iс-әрекеттерi туралы қазақтар 
жазған хаттардан үзiндi
“Сырдариядан бастап Қарақұмның Кiшi Борсық өңiрiне дейiнгi 
жерлерде көшiп-қонып жүрген төртқара және шектi рулары ауыл-
дарына қанiшер хиуалықтар шабуыл жасады. Қалмас, Тiрлiк, 
Үш май ың маңында олар төртқара, шектi әйелдерi мен балаларын 
тұтқынға алды, шалдарды бауыздап кеттi, жазықсыз бүлдiршiндердi 
анасынан айырып, киiм-кешексiз далаға тастады, олардың көбiнiң 
басын кесiп, қоржындарына салып әкеттi. Аштан өлген балалардың 
сүй егi аттаған сайын кездеседi. Хиуалықтар айдап әкеткен мал қи-
сап сыз, тiптi сан жетпейдi. Қысқасын айтқанда, хиуалықтар қазақ 
саха расын тып-типыл етiп, шауып кеттi”.
Хрестоматия по истории Казахской ССР.  
Алма-Ата, 1960. С. 57.
§ 16. ҚАзАҚсТАНДАҒы сАЯсИ ЖЕР АУДАРылҒАНДАР
1825 жылы желтоқсан айында Ресейде әйгілі Декабристер 
көтерілісі болды. Көтеріліс патша өкіметіне, абсолюттік 
билікке қарсы бағытталды. Ресейде демократиялық қоз-
ғалыс жандана бастады. 1825 жылғы көтерiлiске дейiн 
де бiрқатар болашақ декабристер Қазақстанда қызмет ба-
бы мен болып немесе жер аударылған едi. Мәселен, Г.Ба-
теньков, А.Жемчуж ни ков, М.Муравьев, В.Вольховский, 
А.Янушкевич жер гi лiктi ресми мекемелерде қызмет iстедi. 
Орынбордағы декабристердiң жасырын ұйымына мүше 
болған прапорщик Г.Карелин, Г.Батеньковтар көрнектi 
мемлекет қайраткерi М.Сперанскийге Сiбiр қазақтарының 
жарғысын дайындауға көмектестi. Декабристер көтерiлiсiнiң 
жеңiлуi азаттық қоз ғалыс өкiлдерiнiң Ресей империясына 
қараған шеткi аймақ тар өкiлiмен танысуына себепшi болды. 
Декабристер iсi бойынша жауапқа тартылған 579 адамның 
108-i Сiбiрге, соның iшiнде, Ертiс бойындағы бекiнiстерге, 
Орынбор шебi не айдалды. 1826—1828 жылдары Ертiс бекi-
нiстерiнде П.Коновницин, М.Лаппа сияқты декабристер 
айдауда болды. Орынборда А.Горжанский, А.Жемчужников, 
А.Салтанов, И.Лушников, т.б. декабристер айдауда болды. 

112
Солтүстiк Қазақстан қалаларына да 
дека бристер жер ауып келдi.
Олар патша үкiметiнiң ұлт аймақ-
тарындағы отаршылдық саясаты салда-
рын, әкiмшiлiк қыспағында отырған 
жоқ-жiтiк, ауыр тұрмыста өмiр сүру жағ-
дайының қиындықтарын өз көздерiмен 
көрдi.
М.И.Муравьев-Апостол Бұқтырма 
комендантынан  жер гi лiк тi  тұрғындарды 
емдеуге рұқсат алды. Өз естелiктерiнде 
ол: “Бұқтырмада көп емдеп, көп көмек-
тестiм”, — деп жазады.
Қазақстанға жер аударылған декабрис-
терден ерекше көзге түскенi С.Семенов болды. Мәскеу 
университетiн бiтiр ген, этикалық-саяси ғылымдар магистрi 
айдауда жүрiп, Омбы облыстық басқарма шешiмiмен Өске-
менде қызмет атқарды, кейiннен дәрiгер болды. С.Семенов 
не мiстiң атақты сая хатшы-ғалымдары Гум больдт, Эренберг, 
Розе басқарған сая хатқа қатысып, қазақ елiн, жерiн аралады, 
тұрғылықты халықтың өмiрi мен танысты.
Патша үкiметi қанша қудаласа да Орынбор қаласында 
жасырын революциялық үйiрме құ рылды. Бұл құпия үйiр-
меге П.Величко, майор А.Кучевский, X.Старков, Г.Ка релин, 
т.б. мүше бол ды.
Олар қазақ жерінде айдауда жүрген Польша азаттық 
қозғалысының белгiлi өкiлдерiмен байланыс орнатты. 1827 
жылы үйiрменiң құпиясы ашылып, оның мүшелерi Сiбiрге 
айдалды.
Г.Карелин Каспий теңiзiнiң солтүстiк-шығыс жаға лау-
ларын зерттеуге арналған, В.Вольховский Бұхарға ұйым-
дастырылған экспедицияларға қатысты. Вольховс кийдiң 
сол кезде жасаған “Кiшi жүз руларының картасы” әлi күнге 
маңызды дерек болып саналады.
Орынбор қаласындағы тұңғыш мұра жай тарихы да дека-
бристер есiмiмен ты ғыз байланысты. 1831 жылы Орын-
бор дағы Неплюев кадет корпусы жанынан ашылған бұл 
мұ ра жай осы өлкенiң тұр мысын, тарихын сипаттауға ар-
нал ған. Мұражайды әртүрлi экспонаттармен жаб дықтау 
iсiне қатысушы лардың бiрi Бөкей Ордасының ханы Жәңгiр 
болды.
А. Янушкевич

113
Мұндай мұражай Орал қаласында да ұйымдастырылды. 
Онда Г.Карелин есi мiмен байланысты экспонаттар жеткі лікті. 
Декабристер iшiнде қазақ халқы тарихымен айналысқан 
зерт  теушiлер де болды. И.Завалишиннiң Мәскеуде 1867 
жылы жарық көрген “Батыс Сiбiрдi сипаттау” атты еңбегiнiң 
бiр бөлiмi қазақтарға арналды. Көптеген деректерге сүйенiп 
жазылған бұл еңбек, әлi күнге дейiн құндылығын жойған 
жоқ. А.Коровковтың “Iле бекiнiсiне бару” деген очеркiнде 
қазақ жерi, оның шексiз даласы, байлығы туралы тамаша 
пiкiрлер айтылған.
1849 жылы М.Петрашевский iсi бойынша тұтқындалған 
орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевский “Белинскийдiң 
идея сын” таратқаны үшiн Сiбiрге жер аударылды. Омбыда 
каторгалық жұмыстың төртжылдық мерзiмi бiткеннен кейiн, 
солдат болып Семейге ауыстырылды.
Ф.М.Достоевскийдiң Семейде болуы — оның жергiлiктi 
тұрғындармен қарым-қатынасы кейiнгi жазушылық қызме-
тiнде белгiлi iз қалдырды. Жазушының археологиялық 
ескерт кiштер жинаумен айналысуы жергiлiктi өлке тарихын 
зерттеуге көңiл бөлуiнiң көрiнiсi едi. Семейде Достоевский 
Шоқан Уәлихановпен кездестi. Омбыда басталған таныстық 
одан әрi жалғасты. Ұлы орыс жазушысы сол кездегi Шоқан 
секiлдi қайраткерлердiң Қазақстан тарихындағы рөлiн дұрыс 
ұғынды. Достоевский қазақ ғалымының мақсатының орын-
далуына жөн сiлтедi. 
Қазақстанда болған петрашевшiлердiң бiрқатары шы-
ғыстанумен айналысты. Ақындар А.Баласогло, Д.Ахша-
румов Қазақстан тақырыбымен шұғылданды. Белгiлi шығыс 
зерттеушiсi А.Макшеев пен петрашевшiл Н.Момбеллидiң 
хаттарынан қазақ елi туралы көптеген мәлiмет алуға болады. 
Зерттеушi А.Макшеев А.Бутаковтың басшылығымен 
ұйымдастырылған Арал экспедициясында өлкенiң тарихи-
географиялық бейнесiн сипаттаған едi. Райым бекiнiсiнен 
Қосарал аралына дейiнгi саяхаттың мән-жайын түсiндiре 
келе, А.Макшеев көшпелi қазақтардың ауыр жағдайын 
сурет тедi. Петрашевшiлдер қазақ халқының озық ойлы ұлда-
ры ның орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсiнуiне 
сеп тiгiн  тигiздi.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Декабристер орыс-қазақ байланысын дамытуда қандай рөл атқарды?
2. Қазақстанға жер аударылған петрашевшiлдер туралы не бiле-
сiңдер?

114
Құжаттар
 Достоевскийдiң семейдегi өмiрi туралы
“...Достоевскийдiң даңғарадай кең, бiрақ өте аласа жалғыз 
бөл месi болды, ол әрқашан қаракөлеңке болып тұратын. Бөренелi 
қабырғасы балшықпен сыланып, ақталған. Екi қабырғаны бойлай 
жалпақ отырғыш қойылған, қабырғаларында шаң басқан, шыбын 
дақтары бар.
Есiктен кiре берiстегi сол жақта үлкен орыс пешi, оның арғы 
жағында Федор Михайловичтiң төсегi, шағын үстел және қобди-
шаның орнына қарапайым тақтай жәшiк қойылған. Қалқаның ар-
тындағы үлкен бөлмеде шетi жиектелген кiшкене айна тұр”.
Врангель А. Воспоминания о Достоевском  
в Сибири. СПб., 1912. С. 18—19.
§ 17. ҚАзАҚсТАННыҢ ҚыТАЙМЕН сАУДА-ЭКОНОМИКАлыҚ 
БАЙлАНысТАРы
сауда байланыстары және оның дамуы. Қазақстан Шы-
ғыс Түркiстанға iргелес орналасқандықтан, қазақтар мен 
орыс шаруа қоныстары Қытайдың батыс аудандарымен 
дәс түрлi сауда қарым-қатынастарын XIX ғасырдың бiрiншi 
жартысында одан әрi жалғастырды. Қазақ ауылдарының 
Цин империясының батысындағы қалалармен керуен сауда-
сының көлемi, келешегi көп жағдайда Ресей мен Қытай 
мем лекеттерi арасындағы өзара саяси қарым-қатынастарға 
бiршама тәуелдi едi. 1812 жылғы Отан соғысының ауыр 
зардаптары, дамып келе жатқан Ресей өнеркәсiбiнiң әртүрлi 
шикiзаттарға мұқтаждығы Ресейдiң көршiлес Қытай 
сияқ ты iрi мемлекетпен ынтымақтығын жолға қоюдың 
маңыздылығын көрсеттi.
XIX ғасырдың басында Пекин сарайының басқа елдерден 
оқшаулану саясатын өзгертпеуi, ресейлiк көпестердiң 
қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергi жаса-
ды. 1805 — 1806 жылдары Ресей үкiметi Қытаймен жағдайды 
ретке келтiру үшiн Пекинге арнайы аттандырылған Ю.А.Го-
ловкиннiң елшiлiгi Қытай астанасына жiберiлмей, Ургадан 
(Улан-Батордан) қайтып оралуға мәжбүр болды. Алайда өза-
ра тиiмдi керуен саудасының екi жағына да ұтымдылығы, 
осы экономикалық байланыстардың Қазақстан шекарасы 
арқылы дамуына бiрсыпыра жағдай тудырды.
XIX ғасырдың басында Шыңжаң мен Қазақстанда сауда 
айналымдарын дамытуда ерекше рөл атқарған Бұқтырма, 
Кереку, Өскемен бекiнiстерi, шығыспен экономикалық 

115
байла ныстың орталығына айналған Семей, Петропавл 
қала  лары едi. Бiр жағынан, Ресей империясының iшкi ау-
дан дарынан, екiншi жағынан, Қазақстаннан, Орта Азия 
халықтарынан жеткiзiлген әртүрлi бұйымдарды Қытайдың 
батыс шекарасындағы қалаларына керуенмен тасу көп шы-
ғынды қажет етпейтiн.
Цин империясымен экономикалық байланыстарды бiрқа-
лыпты дамытып отыруда белдi қазақ сұлтандары, билерi дел-
дал дық рөл атқарды. Ресейдiң билiгiн мойындаған, бiрқатар 
жеңiлдiктерге ие болған жеке қазақ сұлтандары Сiбiр ше ка ра 
комиссиясы қолдауына сүйенiп, керуен саудасын жан дан-
дыруға атсалысты. Орта жүздiң бура-найман руының бел дi 
сұлтаны Құдаймендi Ертiстiң оң жағындағы Жәмiш бекiнi-
сiнен Шыңжаңға сауда керуендерiн аттандырып тұруға ресми 
рұқсат алу үшiн, өзiнiң ұлы Ғабдолланы Петербургке жiберiп, 
қазақ даласы арқылы Қытаймен сауда жүргiзудi тұрақтан-
дыруға тырысты. Алайда Жәмiш бекiнiсiнiң Қытаймен 
тiке лей шекарадан алшақ болуы, көзделген мақсатты iске 
асы руды  қиындатты.
Шыңжаңмен сауда XVIII ғасырдың екiншi жартысын-
дағыдай, негiзiнде, Қытай саудагерлерiне үйреншiктi Семей 
қаласы мен Бұқтырма бекiнiстерi арқылы iске асырылды. 
XIX ғасырдың басында қытай көпестерiнiң, әсiресе жиi сау-
да жасалатын орталықтарының бiрi — шекаралық қытай 
ме кендерiне iргелес орналасқан Бұқтырма болды. 1811 
жылы Ресей үкiметiнiң шекаралық ауданға ерекше өкiл-
дiкпен жiберiлген тiлмашы Н.Г.Путимцевке жүктелген 
мiндет те қытайлықтардың Бұқтырма арқылы саудасының 
мүмкiндiктерiн анықтау едi. 
1809 жылы Тара қаласынан 5000 сомға әртүрлi тауарлар 
жеткiзген көпес Нерпин Бұқтырманы басып өтiп, Қытайдың 
Шәуешек қаласында тауарларын сатып, сол бекiнiске қайтып 
оралды. 1812 жылы Ташкент көпестерi Мирқұрбан Ниязов 
пен Ахмадий Ашировтардың керуенi құны бiр миллион сомға 
жуық тауарын Құлжа базарларында тиiмдi сатып, пайдамен 
оралды.
Қазақ даласы арқылы Қытайға қарай өтетiн керуендер-
дiң жиi тоналуына шек қою мақсатында XIX ғасырдың 
басынан Өскемен, Петропавл (Қызылжар), Семей, Бұқтырма 
керуен жолы арқылы Қытайға баратын саудагерлердi қор-
ғау, үкiметтiң шешiмiне сай бөлiнген қарулы казактарға 
жүктелдi. 

116
Сауда керуендерiн қорғаудың тағы да бiр мақсаты — қазақ 
даласын басып өтетiндiктен Ресей ғана емес, шетелдiк ке-
руендердi де баратын жерiне дейiн қадағалау едi. 1796 жылы 
Стамбұлдан қымбат тауармен шыққан Бағдад көпестерi 
Иранды, Ауғанстанды, Үндiстанды аралап, түрiкмендердiң 
жерiн басып өтiп, Семейге жеттi. Мұндай шетелдiк көпестер-
дiң қазақ жерiне келуi iшiнара фактi емес. Ұлы Жiбек жо-
лын  да көне заманнан белгiлi болған, әртүрлi елдердiң сауда 
керуендерiн өзiне тартқан Қазақстанның көршiсi Қытаймен 
тұрақты сауда байланыстарына шетелдiктердiң де назарын 
аударуы елеулi оқиға болды.
Орта жүздiң негiзгi бөлiгiнiң Ресей империясы құрамына 
өтуi, оның әскери шептерiнiң бiртiндеп Ұлы жүзге және 
оны мен көршi отырған Орта Азия хандықтарына бет алуы 
Ресей үкiметiнiң Қытаймен саудаға ынтасын бұрынғыдан 
да күшейттi. Шалғай жатқан Тибеттен, Қытайдың басқа да 
алшақ аудандарынан iрi сауда керуендерiнiң Қазақстанға 
жиiлеуi Ресей үкiметi тарапынан сауданы барынша дамытуға 
түрткi болған нақты шараларды iске асырды. 
Батыс Сiбiр генерал-губернаторы П.М.Капцевичке жол-
да ған үкiметтiң ұсынысында Шәуешек, Құлжа, Ақсу жә-
не Жаркент қалаларына қытайлықтарды қызықтыратын 
әртүрлi тауарлармен Ресейдiң мүддесiне берiлген iрi сауда-
герлердi аттандыру тапсырылды. 1824 жылы Құлжа мен 
Қытайдың қалаларында сауда-саттық жүргiзiп, қайта орал-
ған Ташкент көпесi Муминов Қазақстан арқылы Цин им-
пе рия сымен сауда жүргiзудiң пайдалылығына жергiлiктi 
бас қ а рушылардың  көзiн  жеткiзуге  тырысты.
Қазақстанның Ресей-Қытай саудасындағы орны. Қазақ-
тарды және ортаазиялық көпестердi Қытаймен сауда 
жүргiзуде делдал ретiнде пайдаланған Ресей үкiметiнiң 
Шың жаң базар-жәрмеңкелерiнде негiзгi сатылатын тауар-
лары — өнеркәсiптiк дайын бұйымдар, матаның кейбiр 
түрлерi едi. Ресейде өнеркәсiп өндiрiсiнiң өрiстеуi жеңiл 
өнеркәсiп тауарларын, сонымен қатар күнделiктi тұрмысқа 
қажеттi металдардан жасалынған заттарды жылдан-жылға 
ұлғайтты. Шекаралық аймақта көшiп-қонып жүрген қазақ-
тар, негiзiнен алғанда, мал және мал шаруашылығы шикi-
заттарын қытай бұйымдарына айырбастады.
XIX ғасырдың бiрiншi ширегiнде Құлжа (Iле), Шәуешек 
(Тарбағатай) қалаларымен тiкелей сауда жасауда Цин импе-
рия сының батыс аудандарымен XVIII ғасырдан тұрақты 
байланыстары үзiлмеген Өскемен, Семей, Петропавл қалала-

117
рының орны ерекше едi. 1801—1808 жылдары бiр ғана 
Петро павл кеденi арқылы Қытайға өткiзуге рұқсат етiлген 
әртүрлi тауарлар құны 302 763 сомға тең болса, Шыңжаңнан 
әкелiн ген бұйымдар 423 396 сомға бағаланды. Тара, Қазан, 
Төменгi Новгород, Орынбор, Орал мен Сiбiрдiң басқа да 
қоныс тарынан Батыс Қытайға тауарлар жеткiзу үйреншiктi 
iске айналды. Саудамен машықтанған осы өңiрге жиi келе-
тiн немесе тұрақты орын тепкен көпестердiң Қытаймен сау-
дасы жылдан-жылға алға басты. Семей өлкесiнде белгiлi 
саудагерлер Степан Попов, Дмитрий Кузнецов, өскемендiк 
Андрей Попов, Каин қаласының 2-гильдиялық көпесi Яков 
Лашков, қазандықтар Башыр Аитов, Абдулла Утемышовтар 
шекаралық өлкедегi Қытаймен саудаға тартылған қазақ, 
орыс шаруаларымен тығыз байланыста болды.
XIX ғасырдың бiрiншi жартысында Ресей үкiметi алыста 
жатқан Тибетпен де Қазақстан арқылы байланыс орнатуға мән 
бердi. Осы бастаманы iске асыруға жол көрсеткен, қолайлы 
жағдай жасауға тырысқан Сiбiр шекаралық басқармасының 
бастығы генерал-лейтенант Г.И.Глазенап едi. 1822 жылғы 
Сiбiр қазақтары туралы жарғыда көрсетiлген Шекаралық 
комиссияға Петербург сарайының рұқсатынсыз Қытаймен 
қарым-қатынас жасауға берiлген кең құқықты Г.И.Глазенап 
Қазақстанның сыртқы саяси, экономикалық қатынастарына 
жол ашуда шебер пайдаланады. Орыс саудагерлерiне Қытай-
дың iшкi аудандарының жабық болуы, бұл негiзi жаңа 
салына бастаған қатынастарды жолға қоюда шығыс елдерiнiң 
саудагерлерiн мүдделендiруге себепшi болды. 
Шекаралық комиссияның сенiмiне ие болған грузин 
көпесi Семен Мадатов ресейлiк бұйымдарын Ақсу, Құлжа, 
Қашқар, қытайлық Жаркент қалаларында сатып, сол жыл-
дары Ресей бодандығындағы бiрде-бiр адам аяғы баспаған 
“Үлкен Тибетке” жеттi. Онымен қоймай Семен Мадатов 
Каш мирде болып, кейiннен Ресейде кең таралып кеткен 
250 кашмир шәлiсiн тұңғыш рет Қазақстанға жеткiздi. Ма-
датовтың жолымен қазақ даласы арқылы тағы да бiрқатар 
саудагерлер көпшiлiкке әлi де белгiсiз Тибетке сапар шектi. 
Осындай Батыс Қытай арқылы Тибетке жеткен, басқа да 
тауарлармен бiрге қазақ бұйымдарын Еуропа адамы әлi 
де аяқ баспаған Тибетке сатып, көрген-бiлгендерiн Сiбiр 
шекаралық комиссиясына әкелген кабулдық ауған көпесi 
Мехти Рафаил Семейден Қашқарға тiкелей апаратын жаңа 
жолды ұсынды.

118
Сөйтiп, Цин империясына жақын орналасқан қазақ да-
ла сы Ресей мен Батыс Қытай қалаларының арасындағы 
өзара тиiмдi сауда байланыстарында дәнекерлiк орын алып 
қана қоймай, империяның бұрын тұрақты экономикалық 
қатынасы болмаған Үндiстанның солтүстiк аудандарымен, 
Кашмир және Тибет иелiктерiмен байланысына жол салды. 
Шекаралық өңiрдегi қазақ феодалдарының өзара қыр қыста-
рына, осы кездегi Кенесары Қасымұлы көтерiлiсiне қатысты 
қазақ ақсүйектерi арасындағы жiкке, тiптi сауда керуендерiн 
тонауға қарамай, алыс жатқан елдермен Қазақстанның сау-
да-экономикалық байланыстары кеңейе түстi. 
Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарынан, Ташкенттен, Сiбiр 
орталықтарынан қазақ даласы арқылы шығыс елдерiне өте-
тiн керуендер саны артты. Қазақ сұлтандарының, билерi 
мен старшындарының Шыңжаң билеушiлерiмен тұрақты 
байла нысы қазақ ақсүйектерiнiң, белгiлi ру басыларының 
осы саудадағы рөлiн көтердi. Алыста жатқан Ауғанстаннан, 
Стамбұлдан, Ресейдiң құрамына ендi ғана қосылған Кавказ-
дың жеке аудандарынан шұбырған саудагерлердiң қазақ 
даласын Қытайға баратын бiрден-бiр орталық ретiнде таңдап 
алуы кездейсоқ емес едi.
Қазақ даласы арқылы Шыңжаңмен сауда байланыс-
тарына ерекше мән берген Ресей үшiн өзара тиiмдi сауда елдiң 
қазынасына пайда түсiретiн бiрден-бiр көз едi. ХIХ ғасырдың 
30-жылдары Қазақстанның шекаралық бекiнiстерi арқылы 
өтетiн керуендерге баж салығы көбейтiлiп, оның қазынаға 
мезгiлiнде түсiп отыруы қадағаланды. Салық төлеуден қа-
шып, шекаралық өңiрдегi белгiленген керуен жолдарынан 
ауыт қыған көпестердiң бұйымдары ресейлiк заңдар негiзiнде 
тәркiлендi. 
Баж салығын шашау шығармай қазынаға түсiру Семей, 
Бұқтырма, Өскемен кедендерiнде тауар қабылдап алатын, 
басқа да қоныстарда арнайы сынаудан өткiзiлген ше неу-
нiктерге, оларға тiкелей бағындырылған қарулы қыз-
мет керлерге жүктелдi. Алайда патшалы Ресей мен Қы-
тай дың шекаралық сауданы реттейтiн, қайшылықтарды 
шешетiн мемлекетаралық келiсiмдерiнiң жоқтығы сауда 
байланыстарына кедергi жасады. Сонымен қатар шекаралық 
өңiрде арнайы жәрмеңкелердiң болмауы да, негiзiнен, 
қазақтар тарапынан бұл сауданың айырбас саудасының шең-
берiнде қалуына себепшi болды. Осы сауда қатынастарын 

119
ресми түрде шешiп отыратын арнайы келiсiм мейлiнше қа-
жет едi.
Орыс-қазақ сауда қатынастарының кеңеюi, Ресейдiң Қазақ-
станмен және Орта Азия халықтарымен әртүрлi сипаттағы 
бай ланыстары бүкiл Орталық Азиядағы халықаралық жағ-
дайға әсер еттi. Қазақстанның екi iрi мемлекеттiң аралы-
ғын дағы стратегиялық орны болашақта керуен саудасына 
қо лайлы жағдай жасайтыны сөзсiз едi.
сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Қазақстанның Шығыс Түркiстанмен сауда байланыстарына қандай  
 себептер, жағдайлар әсер еттi?
2. Өзара тиiмдi сауда қарым-қатынастарының басты орталықта рын  
 айтып  берiңдер.
3.  Қазақстанның Батыс Қытаймен сауда байланысына қандай жағдай- 
 лар кедергi жасады?
Құжаттар
Батыс сiбiр генерал-губернаторы,  
генерал-лейтенант П.М.Капцевичке 
Баянхат 
1825 жыл.
“Генерал-лейтенант Глазенап грузин дворяны Мадатовты Үндiс-
танға сапар шегiп, сауда жасауға көндiрдi. Құлжа, Ақсу, Жаркент 
және Үлкен Тибетке жеткен Мадатов Кашмирде болған кезiнде 250 
шәлi сатып алды. Осы елдiң ханы Мадатовты қабылдап, Ресеймен 
сауданы жолға қоюға дайындығын бiлдiрдi. Хан Мадатовқа көңiлiн 
бiлдiрiп, бұрын шет жерлiктерге беруге тыйым салынған 20 фунт 
Кашмир жүнiн өзiмен бiрге Ресейге алып кетуге келiсiм бердi”.
Государственный архив Омской области (ГАОО).  
Ф. 3. ОП. 1. Д. 425. Л. 5.

120
III бөлiм. ҚАзАҚсТАН — РЕсЕЙ ИМПЕРИЯсыНыҢ ОТАРы  
(ХIХ ғасырдың екiншi жартысы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет