§ 22-23. XIX ҒАсыРДыҢ БIРIНШI ЖАРТысыНДАҒы ҚАзАҚ
ӘДЕБИЕТI МЕН МӘДЕНИЕТI
Әдебиет. ХIХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ әде-
биетiмен халықтың ауызша шығармашылығында қазақ
135
халқының азаттық жолындағы күресi ерекше жырланды.
Олар Исатай Тайманұлы, Бекет және Есет батырларға,
Кенесары мен Наурызбайға, Жанқожаға және т.б. тарихи
тұлғаларға ар налды. Ақындар, суырыпсалма жыршылар
қазақ халқының ерлiк күресiн, ержүректiгiн, батырлар мен
қолбасылардың халыққа адалдығын және берiлгендiгiн жан-
жақты жырға қосты. Сонымен бiрге халық өзiнiң тарихи
шығармаларында патша отаршылдарының қолжаулығына
айналған өзiнiң халқын сатқан хандарды, сұлтандарды және
билердi ашық сынады. Бұл жырлардың маңыздылығы сол —
оның ав тор лары тарихи оқиғаларға тiкелей қатысқан және
олар ды көзiмен көрген кiсiлер едi. Сондықтан да олардың
шы ғар маларының тарих үшiн маңызы зор. Халық ақындары
мен жыршылары қазақ халқының батыр ұлдары туралы та-
маша шығармалар туғызу арқылы өткен заманның тамаша
дәстүрлерiн және тарихи тұлғалардың нақты есiмдерiн
кейiнгi ұрпаққа жеткiздi. Сонымен бiрге бұл шығармалар
қазақ халқының жаңа ұрпағын тәуелсiздiк жолындағы ер-
лiкке, отаншылдыққа, қазақ халқының рухани мұраларын
қастерлеуге тәрбиелейдi. Халықтан шыққан аса iрi ақындар
қатарында Досқожа, Нысанбай, Махамбет, Шернияз, Шөже
тәрiздi талантты тұлғалар, ақын-жыраулар болды.
Махамбет Өтемiсұлы (1804—1846 жж.) — қазiргi Батыс
Қазақстан облысының Орда ауданында туды. Болашақ ақын-
ның әкесi Iшкi ордадағы ауқатты, ханға жақын, ықпалды
адамдардың бiрi болған. Ақындық талабымен көзге түскен
Махамбеттi өзiне тартуға тырысқан Жәңгiр хан өз ұлы Зұл-
қар найынмен қосып, Орынборға оқуға жiбередi. Жиырма
жастағы ақын хан мұрагерi Зұлқарнайынға ағалық ақылын
аямай, 1824—1829 жылдарда осы қалада тұрды. Алайда көп
ұзамай-ақ Махамбет пен Жәңгiрдiң арасы суыды. 1829 жылы
шаруалар толқуына қатысқаны үшiн Махамбет бiраз уақыт
Калмыков бекiнiсiнде қапаста ұсталды.
Кейiннен ол Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көте-
рiлiсiне белсене қатысты. Жалынды өлеңдерiмен еңбек-
шiлердi жiгерлендiрген Махамбеттiң жауынгерлiк қабiлетi
де, ақындық шабыты да көтерiлiс iсiне жұмсалды.
Махамбет өз шығармаларында езiлген еңбекшiлер өмiрiн,
билеушi таптың озбырлығын суреттейдi. Халық мүддесiне
мейлiнше берiлген Махамбет өлеңдерi 1836—1838 жылдары
Бөкей Ордасында болған шаруалар көтерiлiсiнiң себептерiн,
мақсаттарын айқындады.
136
Махамбет елiн, жерiн жанындай сүйдi, озбырлық саясат
жүргiзiп отырған патша отаршылдарын, халық жерiн талан-
таражға салған билеушi топты әшкереледi, оған қарсылығын
жасырмады.
Бөкей Ордасы билеушiлерiне өшпендiлiгiн ақын Байма-
ғамбет сұлтанға арнаған өткiр өлеңдерiнде ашық бiлдiредi. Ол
қазақ шаруаларына жер берудi, озбыр ақсүйектердi билiктен
тайдыруды, қаналғандардың кегiн алуды арман етедi:
...Өздерiңдей хандардың,
Қарны жуан билердiң,
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едiм.
Едiлдiң бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едiм.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едiм...
Дулат Бабатайұлы (1802—1878) — Семей өңірі, Аягөз
маңында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған.
Ол өзінің азаматтық ой-пікірін батыл білдірген күрескер
ақын болды. Ақын өлеңдерінде патшалық Ресейдің отарлау
саясатынан ел ішінің бүлінуін, билеушілердің психологиялық
өзгеріске түскенін, билікқұмарлыққа салынғанын батыл
сынады. Қазақтың өз алдына бөлек хандық құрып, дербес
өмір сүруін көкседі. Шығармалары, негізінен, сол кездегі
қазақ қоғамының тарихи шындығын сөз етеді.
Шернияз Жарылғасұлы (1807—1867 жж.) — қазiргi
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған. Кедей отбасында
өскен, шешендiк өнерге, ауыз әдебиетiне жасынан құмар
болған Шернияздың ақындық талабы ерте оянды. Ол 1836—
1838 жылдары Iшкi Ордадағы көтерiлiске қатысты. Қозғалыс
басылғаннан кейiн де Махамбет Өтемiсұлынан қол үзген
жоқ. Шернияздың әдебиет саласына қосқан бiр жаңалығы —
дәстүрлi, көне замандардан берi көшпендiлер өмiрiнде белгiлi
орын алған суырыпсалмалық өнерiн жетiлдiрдi. Билеушi
топтардың оғаш мiнездерiн әжуалап, уытты мысқылмен
әш керелеп отырды.
Шөже Қаржаубайұлы (1808—1895 жж.) — бұрынғы Көк-
шетау облысының Қызылту ауданында, кедей отбасында
туып өскен. Жастай екi көзiнен бiрдей айырылған Шөже
қобыз тартып, өлең айтуға машықтанады. Ақындық өнер
137
күнкөрiс көзi болды. Осыдан болар, оның бiр топ өлең дерi
жеке тұлғаларды мадақтауға арналған. Шөже билеушiлердiң,
жеке би-сұлтандардың екiжүздiлiгi мен зұлымдығын, басқа
да ретсiз қылықтарын әшкерелеп отырды. Шөже — iрi эпик
ақын. Әйгiлi “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының ең көркем
нұсқасы Шөженiң айтуымен тараған. Шоқан Уәлиханов
Шөженiң және бiрқатар ақындардың суырыпсалма өнерiн
жоғары бағалаған.
сүйiнбай Аронұлы (1822—1895 жж.) — қазiргi Алматы
облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қаракәстек деген жерде
дүниеге келген. Тапқыр, тiлге жүйрiк Сүйiнбай он төрт, он
бес жастан-ақ ақындық өнерге машықтана бастады. Қисса-
жыр ларды жаттап, жиын-тойларда айтып жүрдi.
Халықтың сүйiктi ақыны Сүйiнбай өз өлеңдерiнде өмiр
шын дығын, қазақ еңбекшiлерiнiң ой-арманын жырлап
өткен.
Қазақ халқының музыка өнерi. Музыка қазақ халқының
әлеуметтiк-қоғамдық өмiрiнде ерекше орын алды. Әртүрлi
музыкалық аспаптардың iшiнде халық арасына кең таралға-
ны — домбыра. Музыкалық дарын көпшiлiк алдындағы
арнайы өнер сайыстарында көрiнетiн. Мұндай музыкалық-
поэзиялық жарыс тойларда, жайлауға көшуге байланысты,
қыз ұзатқан кезде және басқа да отбасы қуаныштарына
орай өткiзiлетiн. Поэзия сияқты, музыка өнерi де рухани
бай лықтың толастамауына, эстетикалық талғамның қалып-
тасуына әсер еттi. Өнерiмен халыққа жағымды болғандарға
сал, серi деген құрметтi атақтар қосылып айтылатын. Зор
құр метке бөленген әншi, күйшiлердiң атағы ауылдарға кең
тарап, оларды қай жерде де құрметпен қабылдайтын.
Жыршы-жыраулар эпикалық және тарихи жырлар мен
аңыздарды орындау үстiнде әуендiк сарындарды да, әндiк
және аспаптық орындауды да пайдаланып отырған.
XIX ғасырдың музыкалық мәдениетiнде отаршылдық,
iшкi озбырлыққа қарсы Иса тай Тайманұлы мен оның сенiмдi
серiгi әрi ақын, жыр шы Махамбет Өтемiсұлы бастаған
көтерiлiс елеулi iз қалды р ды.
Материалдық мәдениет. Қазақ халқы материалдық
мә де ние тiнiң бiр саласы — мал шаруашылығымен және
егiн шiлiкпен, үй кәсiпшiлiгiмен, қолөнермен байланысты
күн делiктi еңбек құралдары болып табылады. Қарапайым
күнделiктi өндiрiстiк құралдарды көшпендi қазақтардың
өз дерi, ал ат әбзелдерiн, үй мүлiктерiн арнайы шеберлер
жасады.
138
Әйел әшекейлерi: жүзiктер,
сырға, бiлезiктер
Қылқобыз
Күмiс оймышты сүйекпен қап-
талған ер-тоқым
139
Көшпелi өмiр, ру арасындағы тартыстар, сыртқы жаулауға
қарсы күрестер қару-жарақ түрлерiнiң жетiлдiрiле түсуiне
әсер еттi. Неғұрлым ауқатты қазақтар айбалта, жебесi
мен қорамсағы бар садақ ұстады. Белгiлi әскербасылары
мен батырлардың сауыты, қалқаны, қылышы, металмен
ұшталған найзасы болды. Қазақ жасақтарының iшiнде
мылтық ұстағандар жиi кездесетiн. Мылтықты, негiзiнен,
Орта Азия саудагерлерiнен малға немесе шикiзатқа айырбас
жасап әкелетiн, қазақтың шеберлерi де отты қарудың
әртүрлiсiн жасай бiлген.
Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: тоқыма-
шы лық, киiз басу, ағаш, металл, сүйек және мүйiз өңдеу —
көшпендi халықтың күнделiктi тұрмысында белдi орын
алды.
Материалдық өндiрiстiң негiзi көшпелi мал шаруашы-
лығы өркендеп тұрған кезде, киiз үй көшiп-қонып жүруге
қолайлы қоныс болды. Қазақтың киiз үйлерi өлкеге келген
орыс және шетел жиһангездерiн де таңғалдырды.
Ресейге қосылу барысында көшпелi өмiрден отырық-
шылыққа ойыса бастауының әсерi қазақтардың тұрғын-
жайларынан да көрiндi. Орманды өңiрде алты қырлы ағаш
құрылыстар мен орыс қонысы типтес бiр бөлмелi үйлер
ке ңiнен тарады. Ауқатты топтар, әсiресе хан, сұлтандар ор-
тасынан шыққан дәулеттi ақсүйектер кептiрiлген бөренеден
де бiрнеше бөлмелi үйлер салдырған, оларды тұрғызуға
орыс шеберлерiн шақыртқан. Қоныстарда тұрақты үйлер
са лынуы, үйдегi бөлмелер санының көбеюi және дәстүрлi үй
жиһазының әсемденуi орыс қоныстанушылары тұрмысының
әсерi, қазақ даласына тараған жаңа мәдениеттiң лебi бол-
ды.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Махамбет және басқа да ақындар шығармаларының мазмұны,
мәнi неде?
2. Қазақ халқының тұрмысында музыка қандай орын алады?
3. Қазақ халқының материалдық мәдениетiнiң өзiндiк ерекшелiк терiн
қалай сипаттауға болады?
Құжаттар
“Жалпы қырғыздар көшiп-қонып, ылғи да киiз үйде тұрады. Мал
шаруашылығы мүддесiне қарай жылжымалы, тез жиналатын киiз
үйлерде тұрады... Көшкен кезде малдың жайын ойластырады. Жазда
140
солтүстiк өңiрге жақындаса, қыста көпшiлiгi оңтүстiк далаларға
беттейдi”.
Георги И.Г. Описание всех обитающих в Российском
государстве народов. — СПб., 1799. Ч. 2—6. С. 126.
сОҒыс
(үзiндi)
...Жөнелмей батыр не қылсын:
Ерсары мен Қалдыбай —
Екi арыстан тең өлдi,
Жетiм-жесiр көп қалды,
Хан әскерi кенелдi...
Қызғыштай болған есiл ер,
Қайран да жұрттан не көрдi?!
Махамбет Өтемiсұлы
Бес ғасыр белестерi
“Қалың бұқара көңiлiндегi мұң мен нала, ыза мен кек, арман мен
мұрат көркемсөз арқылы мейлiнше кең өрiс тапқан едi. XIX ғасырда
жасаған талантты ақындардың тұтас бiр тобы ел тiлегiнiң жоқшысы,
күрес күндерiнiң ұраншысы, күрделi қайшылықты заман шежiресi
болды. Бұл ретте жауынгер ақын Махамбет есiмiн алдымен атауға
тиiспiз... Махамбет қазақ өлеңiн сапалық және көркемдiк жаңа
бiр белеске көтерiп кеттi. Өлеңнiң азаматтық белсендiлiгi артты,
сыршылдық, адамгершiлiк сипаты күшейдi, кейiпкердiң даралық
қасиетi бедерлене түстi.
Бес ғасыр жырлайды (М.Мағауин, М. Байдiлдаев).
Алматы, 1984. 11—13-парақтар.
141
V бөлiм. XIX ҒАсыРДыҢ ЕКIНШI ЖАРТысыНДАҒы
ҚАзАҚ ҚОҒАМыНыҢ сАЯсИ ЖӘНЕ ӘлЕУМЕТТIК-
ЭКОНОМИКАлыҚ ЖАҒДАЙы
§ 24. 1867-1868 ЖылДАРДАҒы ҚАзАҚсТАНДАҒы РЕФОРМАлАР
Реформаны дайындау. Бұл реформа Ресейде басыбай-
лылық құқығының жойылуымен тұстас келдi. Жаңа нарық-
тық қатынастардың ұлттық аймақтарға таралуы да осы
кез ден басталды.
XIX ғасырдың орта шенiнде iске асырылған сот, земство,
халық ағарту және басқа да өзгерiстер Ресейдiң құрамындағы
шығыстағы ұлттық аймақтарға әсер етпей қоймады. Патшалы
Ресейдiң ұлттық аймақтарды шикiзат қоры және оның көзi
ретiнде сақтау саясаты Қазақстанды да қамтыды.
Негiзiнде екi генерал-губернаторлыққа бағындырылған
(Орынбор, Батыс Сiбiр) қазақ елiн билеп-төстеудi өзгерту
iсi патша үкiметiнiң отаршылдық саясатының бiр құрамды
бөлiгi едi. 1822 жылғы Сiбiр қазақтарының, 1824 жылғы
Орынбор қазақтарының жарғылары жаңа нарықтық қарым-
қатынастарға, өрiстей бастаған өлкенiң шаруашылық даму
талабына қайшы келдi.
XIX ғасырдың 60-жылдарында қазақтарды басқару
жүйе сiн өзгерту үшiн статс-хатшы И.И.Бутков басқарған
комиссия құрылды. Бүкiл қазақ даласын екi облысқа —
орта лығы Торғай өңiрiнде болатын — Батыс және орта-
лығы Сергиопольде немесе Қарқаралыда болатын Шығыс
облыстарға бөлу көзделдi.
1865 жылдың 5 маусымындағы II Александр патша-
ның әмiрi бойынша өлкенi зерттеп бiлу мәселелерi дайын-
далды. Әкiмшiлiк басқарудың жаңа жүйесiне сай келетiн
жағдайлардың көпшiлiгi сонда қамтылған едi: өзiндiк ауырт-
палықтар, жердi иелену түрлерi, сот iсi, ағарту iсi, алым-
са лық, дiни мәселелер, т.б. Алайда реформаны әзiрлеуде
бұқараның талап-тiлегi ескерiлмедi.
Ғалым Шоқан Уәлиханов Қазақстанды билеудi халық-
тың өзiн-өзi басқару негiздерiнде қайта құруды талап
еткен едi. Қазақ жерiнде реформаны тезiрек iске асыруды
көздеген комиссия ат төбелiндей билеушi топ өкiлдерiмен
ақылдасып, мәлiметтi солардан жинады. Батыс Сiбiр генерал-
губернаторлығында комиссия iрi бай Мұса Шорманұлынан,
билеушi сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесiнде
142
билеушi аға сұлтан Сейдәлiұлынан, тағы да басқа ауқатты
ақсүйектерден жиналған мәлiметтерге сенiм артты.
Ф.К.Гирстың басшылығымен, құрамында Л.Баллюзек,
Л.Мейер, А.П.Проценко болған комиссия Торғай, Орал,
Ақмола, Семей облыстарын, В.Д.Дандевиль, Ф.К.Гейнс және
басқалар енген комиссия Жетiсу және Сырдария облыстарын
басқару жөнiнде реформа жобасын дайындады.
1867 жылы 11 шiлдеде II Александр патша “Сырдария
мен Жетiсу облыстарын басқару туралы уақытша ереженi”,
1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сiбiр генерал-
губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы
уақытша ереженi” бекiттi.
Реформаның мазмұны, мәнi. Бүкiл қазақ жерi үш гене
ралгубернаторлыққа бөлiндi: Түркiстан, Орынбор және
Батыс Сiбiр. Генералгубернаторлықтар жеке облыстар
ға жiктелдi. Орал және Торғай облыстары — Орынбор
генералгубернаторлығына; Жетiсу, Сырдария облыста
ры — Түркiстан генералгубернаторлығына; Ақмола және
Семей облыстары — Батыс Сiбiр генералгубернаторлы ғына
бiрiк тiрiлдi. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жерi
— Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы —
1870 жылдан Кавказ әскери округiнiң басқаруына, кейiннен
Закаспий облысына енгiзiлдi. Әскери және азаматтық
билiктiң генерал-губернатор қолында шоғырлануы 1867—
1868 жылдардағы реформаның бiр түйiндi жерi болды. Ал
Түркiстан генерал-губернаторлығына, сонымен қатар Қы-
тай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келiссөз
жүргiзуге де рұқсат етiлдi.
Облыс басында тұрған әскери губернатор, сонымен қатар
сол аймақтағы казак әскерiнiң үкiмет тағайындаған (на-
казной) атаманы болып есептелдi. Әскери губернатор жа-
нында iс жүргiзумен айналысатын облыстық басқармалар
ұйымдастырылды. Ол үш бөлiмнен тұрды: шаруашылық,
сот iстерi және жарлықты жүзеге асыру. Облыстық басқарма
iстерiн қадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Облыс-
тық басқарма төрағасының жанында арнайы кеңесшiлер
та ғайындалатын болды.
Облыстар уездерге бөлiндi. Генерал-губернаторлар та-
ғайындап отырған уезд бастықтарына көмекшi екi кiсiнiң
бiреуi жергiлiктi халық өкiлдерiнен алынды. Уезд бас-
тықтарына полиция да, әскери бөлiмдерi де, уездегi меке-
мелер де, бекiнiстер де бағындырылды. Уездер аумақтық
принципке негiзделген болыстарға, ал болыстар 100 — 200
143
шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлiндi. Iрi ақсүйектер-
ден iрiктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша
үкi метiнiң Қазақстандағы отаршылдық саясатына тiрек
болды. Шыңғыс тұқымдары — сұлтандар үкiметтен өмiрлiк
зейнетақымен қамтамасыз етiлiп, ауыртпалықтар мен
салықтардан боса тылды. Реформаның таптық мазмұнын,
отаршылдық бағы тын осыдан да көруге болады.
Сырдарияның отырықшы елдi мекендерiнiң басқару билiгi
ақсақалдар қолына берiлдi. Облыстық әскери-губернаторлар
бекiткен ақсақалдар арнайы өкiлдер жиындарында үш
жылға сайланатын. Ауылдық және болыстық старшындар
сияқты ақсақалдарға да, олардың билiк көрiнiсi ретiнде
қо ладан құйылған арнайы белгi және мөр тапсырылатын.
Ақсақалдарды сайлау болыс сайлауы сияқты күреспен, руа-
ралық жанжал, шиеленiскен тартыспен өтетiн.
1867 — 1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот
комиссиялары мен уездiк соттар құрылды. Ашық таптық
сипаты бар сот мекемелерi патша үкiметiнiң отаршылдық
саясатын жүргiзу құралына айналды. Сырдария облысында
қазылар соты сақталса да, әскери уездiк соттардың дау-жан-
жалдарды шешудегi әсерi басым едi. Алайда сот iсте рiн де
ескi шариғаттық, феодалдық салттардың күнделiктi өмiрге
әсерiне шек қойыл ды. Әрбiр болыста төрт тен сегiзге дейiн
(шаңырақ саны на қарай) билер сайланатын едi.
Шын мәнiнде, әскери губернаторлар бекiткен билер мен
қазылар соты патша үкiметiнiң Қазақстандағы отарлық
сот жүйесiнiң төменгi буыны болды. Уездiк және әскери
соттар бұқараны қанауды үдеттi. 1861 жылғы басы бай-
лылық құқығын жою жөнiндегi заң сияқты 1867 —1868
жылдардағы реформалар да қоғамның түбiрлi қай шы-
лықтарын шеше алмады. Реформа арқылы отарлық бас-
қару, билiк нығайтылды. Халықты бағынышты жағдайда
ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын
әскери әмiршiлер Қазақстанда да өз күшiне ендi.
“Ереже-реформа” Қазақстанның әлеуметтiк-экономика-
лық дамуында белдi орын алды. Өлкенiң табиғи байлық-
тарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Әлеуметтiк,
шаруашылық өмiрге капиталистiк құбылыстар ене бастады.
Көшпелi мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың
да күнделiктi өмiрi өзгерiске түстi. Ауыл тұрғындарының
арасында таптық жiктелудiң салдарынан жатақтардың
қалыптаса бастағаны, яғни кедейленген қазақтардың қа-
лаларға, алғашқы өндiрiс орындарына шоғырлануы үйрен-
144
шiктi жайға айналды. Осы реформаның куәсi болған Абай
Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы сияқты алдыңғы
қатарлы ойшылдар, оның отаршыл, терiс жақтарын өз шы-
ғармаларында талай рет сынап, мысқылдаған едi.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Реформаны әзiрлеудiң түпкi мәнi неде?
2. Ережелердiң мазмұнына, отарлық бағытына қандай сипаттама
беруге болады?
3. 1867—1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жерiндегi кейiнгi
зардаптарын анықтауға тырысыңдар.
Құжаттар
Күлембайға
(
1889 жыл)
Болыс болдым, мiнеки,
Бар малымды шығындап,
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе-дағы елiмдi
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштiлерiм сөз айтса,
Бас изеймiн шыбындап...
Абай.
Реформа қалай әзiрленген едi
“...Барлық (реформаны әзiрлеу жөнiндегi. — Ж.Қ.) жұмыс алға-
шында Петербургте, кейiн статс-хатшы Бутковтың кабинетiнде
жүргiзiлдi. Бұған бiзге берiлген беделдi қырғыздардан (қазақтардан)
халық өкiлi ретiнде ешкiм қатыстырылмады. Оған қатысқандардың
бұл халық өмiрiнен ешқандай хабарлары болмады. Мысалы,
В.В.Григорьев, М.В.Ладыженский сияқты сол кезде Петербургте
өмiр сүрген, қазақ даласының өмiрiмен жақсы таныс адамдар қатыс-
тырылмады”.
Русская мысль. 1891. №8. С. 24.
§ 25. XIX ҒАсыРДыҢ 60—70-ЖылДАРыНДАҒы ҚАзАҚ
ХАлҚыНыҢ ОТАРлыҚ ЕзГIГЕ ҚАРсы АзАТТыҚ КүРЕсI
1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарын-
дағы көтерiлiстер. Әкiмшiлiк-басқару реформалары же ке -
леген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршыл-
145
дық езгiнi тереңдеттi. Жаңа бекiнiстер салуға көшпелi
шаруалардың жерi тартып алынды, салықтар көбейiп,
пат ша шенеунiктерi мен отаршылдық басқару қызметiне
көш кен топтар қысымы бұқараның онсыз да ауыр жағдайын
шие ленiстiрдi. Өсiмқорлық саудамен айналыса бастаған
ақ сүйектер күнкөрiсiнiң барысы, еңбекшiлерге әкiмшiлiк
басқару жағынан қысымды үдеттi. Мал-жайымен көшпелi
өмiр сүрген кедейлерге “Уақытша Ереженiң” жердi пайда-
ланудағы жаңа қағидалары, тiптi қолайсыз едi. Қазақ дала-
сы бойынша барлығына мiндеттi (әрине, ауқаттыларды
қоспағанда) шаңырақ салығы енгiзiлдi.
Жердi патша үкiметiнiң мемлекеттiк меншiгi деп жария-
лап, оны аумақтық негiзде пайдалану ғасырлар бойы қалып-
тасқан көшпендiлердiң көзқарасына жат болды. Қыстау мен
жаздық қоныстардың әртүрлi әкiмшiлiк-аумақтық басқару
органдары қарамағында қалуы, рулар арасын шиеленiстiрдi.
Патша үкiметi отарлық саясатының осындай және басқа
да ауыртпалықтары 1868-1869 жылдары Орал мен Торғай
облыстарын, 1870 жылы Маңғыстауды қамтыған қазақ ша-
руалары күресiнiң тұтануына себепшi болды.
1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан
айы аралығындағы Орал мен Торғай өңiрiндегi көтерiлiстер
отаршылдыққа қарсы бағытталды. Патша үкiметiнiң отар-
шыл реформасын Қазақстанда жүзеге асыруды көздеген
арнайы ұйымдастыру комиссиясы 1868 жылдың соңына
қарай қазақ даласына шығып, реформа негiзiнде жаңа
болыстарды ұйымдастыруға кiрiстi. Бұған қар сы болған
қазақтар қолдарына қару алып, ашық көтерiлiске шықты.
Осыдан кейiн патша үкiметiнiң комиссиясы кейiн қайтуға
мәжбүр болды. 1869 жылы қаңтар айында берiш руының
қазақтары Калмыков уезiне келген патша үкiметiнiң
комиссиясын ел арасына жiбермей қойды. Сонымен бiрге
табын, адай және тағы басқа рулар Гурьев уезiнде патша
үкiметiнiң ұйымдастыру комиссиясына қарулы шабуылдар
жасады және оны Жем өзенiнiң бойында қоршап алды.
Комиссия өзiнiң заттарын тастап, қашып кеттi. Осыдан соң
қазақтардың шекаралық шепке және казак қоныстарына
шабуылдары басталды.
Қаруланған қазақ шаруалары патша үкiметiнiң отарлық
саясатына, әлеуметтiк қысымына қарсы бас көтердi. Әлсiз
ұйымдасқан жасақтар патшаның жазалаушы бөлiмдерiне
тайынбай қарсы шықты. Мысалы, 1869 жылы мамырдың
146
6-сы күнi Орынбор шебiнен жiберiлген, фон Штемпель
басқарған 200 атты және бiр рота жаяу әскерден тұратын
топқа Ойыл өзенiнен 20 шақырым жердегi Жамансай көлi
маңында көтерiлiсшiлердiң 20 мың қолы шабуыл жасады.
Жетi күн бойы шаруа жасақтары қоршауында қалған жа за-
лаушылардың жағдайы нашарлап, азық-түлiгi және жем-
шөбi таусылған олар әскери шепке қайтып кетуге мәж бүр
болды.
Торғай және Орал облыстарындағы бұқаралық сипат
алған көтерiлiс жергiлiктi отаршыл басқару жүйесiн және
Петербург сарайын шошындырды. Бұл хабарды естiген
патша II Александр әскербасыларға көтерiлiстi жедел
басып тастау туралы бұйрық бердi. Жазалаушыларға қарсы
шыққан қазақтар қолдарына түскен қарулармен қалай
болса солай қаруланып, өздерiнiң орталарынан көтерiлiс
басшыларын шығарды. Мысалы, Орал және Торғай облыс-
тарындағы көтерiлiстiң бiрiн атақты батыр Сырым Дат-
ұлының немересi Сейiл Түркебаев басқарды. Тағы бiр көте-
рiлiсшiлер отрядының әскери жетекшiсi халыққа бұрыннан
батырлығымен мәлiм Әзберген Мұңайтпасұлы болды.
1869 жылдың қаңтар және шiлде айларының аралығында
қазақтар жазалаушыларға қарсы ерекше белсендiлiк көр-
сеттi. 18 наурызда көтерiлiсшiлер Елек өзенiнiң жоғарғы
жағында патша үкiметiнiң жазалаушы отрядына шабуыл
жасап, үлкен қанды қырғын орын алды. 1869 жылы сәуiр
және мамыр айларында Орал және Орынбор казактарынан
құралған жазалушы әскерлер көтерiлiсшiлерге қарсы жо-
рыққа жанжақты дайындалды. Алайда Жамансай көлi нiң
жанында Штемпель бастаған жазалаушылар отряды көте-
рiлiсшiлердiң қоршауына түсiп, адам шығыны орын алды.
Көтерiлiсшiлер шегiне қашқан патша отряды соңынан бiр
апта бойы қалмай қойды. Осындай жетiстiктер қазақтарды
жiгерлендiрiп, жазалаушыларды қиын жағадайда қалдырды.
Ендi көтерiлiсшiлердi жазалау iсiмен Орал және Орынбор
маңындағы барлық бекiнiстер айналыса бастады.
Орал облысындағы азаттық күрестi жаншуға бiрқатар iрi
әскери күш жiберiлдi. Подполковник Рукин, граф Кома-
ровский және генерал-губернатор Н.А.Веревкин бастаған
мұздай қаруланған жазалаушылар қазақ ауылдарын оқтың
астына алып, қолға түскендердi аяусыз жазалады. Нашар
қаруланған, араларында ауызбiрлiк болмаған, түпкi мақ-
147
сат тарын жете түсiнбеген Орал, Торғай шаруаларының
қозғалысы жеңiлiске ұшырады.
Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтерiлiс. Маңғыстау
түбегiндегi көтерiлiстiң басты себебi де Орал, Торғай облыс-
тарындағы қозғалыстармен мазмұндас және 1867-1868
жылдардағы “Уақытша Ереженiң” қатал отаршыл талап-
тарымен байланысты едi. Ережелердi iске асырудағы ал-
ғашқы қадамдардың өзi-ақ түбек тұрғындарының негiзгi
тобы — адайлардың қарсылығын туғызды. 40 мыңға жуық
ша ңырақтан тұратын адай елi екi жылдың iшiнде 160 мың
сом салық төлеуге тиiстi едi.
Көтерiлiске түрткi болған — патша жазалаушылары-
ның адайлар көшiп-қонып жүрген аймақтарға келуі болды.
Жазалаушылар ережеге қарсылық ретiнде ел түкпiрiне
көшуге бел байлаған адайларды күшпен тоқтатуға тырысты.
1870 жылы наурыз айында подполковник Рукин бастаған
жазалаушылар 1868 жылғы ереженi жүзеге асыру үшiн
қазақ ауылдарына аттанды. Олар өздерiнiң қамалдарынан
60 шақырымдай жерге ұзағанда, оларды Иса Тiленбайұлы
бастаған 400-ге тарта көтерiлiсшiлер күтiп алды. Олар Ру-
кинге, оның отрядын қазақ даласына жiбермейтiнiн ашық
айтты. Бұған бағынбаған Рукин алға жылжи бердi.
Шаруалар қоршауында қалған жазалаушылар ұйымдасқан
қарсылық көрсете алмады. Жазалаушылар талқандалды,
подполковник Рукин атылып өлдi. Жеңiс көшпелiлердi рух-
тандырып, бүкiл Маңғыстауды азаттық қозғалыс жалыны
шарпыды. Көтерiлiсшiлердi басқа да әлеуметтiк топтар қол -
дады, Николаевск станицасы мен Александровский форты
сло бод касының балық аулау кәсiпшiлiгiндегi ауқаттылардан
тартып алынған қайықтардан өзiнше “флотилия” құрған
көтерiлiсшiлер тобы он мыңға жеттi. Көтерiлiсшiлердiң
тағы бiр үлкен тобын Досан Тәжiұлы басқарды. Оның тобы
Алек сандровский форты маңына жақын маңдағы Бозашы
түбегiнде әрекет жасады. Көтерiсшiлерге балық аулайтын
кәсiпшiлiктердiң жұмысшылары қосылды. Олар 1870 жылы
3 сәуiрде Александровский фортын қоршап алды.
1870 жылғы сәуiр айының 5-i күнi қазақ шаруалары
мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровский фор-
тына шабуыл жасады. Форттың сыртындағы бiрнеше маяк
(бекiнiске ұқсас бақылау пунктi) өртелдi. Әскери гар низон-
ның азық-түлiгi сақталған төменгi бекiнiс орны тал қан-
далды, саудагерлердiң үй-жайын от шарпыды. Тек патша
148
өкiлдерiнiң зеңбiректердi iске қосуы ғана көтерi лiсшiлердi
шегiнуге мәжбүр еттi.
Маңғыстаудағы көтерiлiс Орынбор мен Оралдың отар-
шыл билеушiлерiн шошындырды. Орыс әскерiнiң бас
штабында үрей туды. Бұл кезде Ирандағы ағылшын әскерiнiң
күшеюiне байланысты, патша үкiметi өзiнiң оңтүстiк шека-
расын қауiпсiздендiру мақсатында Хиуа хандығына қарсы
жорыққа әзiрленiп жатқан. Осыған орай Красноводск ма-
ңайында iрi әскер тобы шоғырланған едi. Маңғыстаудағы
көтерiлiс осы күштiң тылында қалды. Көтерiлiстi жаныштау
Кавказ билеушiсiне жүктелдi. 1870 жылдың мамыр айында
Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкiнiң батальоны, екi
атқыштар ротасы, шептiк батальонның бiрнеше ротасы,
Терек казактарының 2 ротасы және 4 зеңбiрек жеткiзiлдi.
Бұл нашар қаруланған көшпелi қазақтар үшiн үлкен күш
едi.
Көтерiлiс аяусыз жанышталды. Үш ай бойы патша әс-
керi Маңғыстаудан кетпедi. Орынбор генерал-губерна-
торы Н.А.Крыжановский әскери министр Милютиннiң
“бұ ларды келiстiрiп жазалау” керек деген нұсқауына сай
көтерiлiсшiлердi қудалаудан аянған жоқ.
Осы жеңiлiске байланысты қозғалыстың басшылары
И.Тiленбайұлы, Д.Тәжiұлы, И.Көлұлы және басқалар 3000-
Райым бекiнiсi ( Т.Г.Шевченконың салған суретiнен)
149
ға жуық шаңырақты ертiп, жазалаушылардан ығысқан
бойы Хиуа хандығына өтiп кеттi.
Көтерiлiстiң Орал, Торғай өлкелерiндегi қозғалыстан бiр
ерекшелiгi — қазақ жалдама жұмысшылары тұңғыш рет
күреске белсене қатысты. Көтерiлiстiң жеңiлуi халықтың
жағдайын бұрынғыдан да шиеленiстiре түстi. Кавказ әкiм-
шiлiгiнiң талап етуiмен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом
қосымша салық жиналды; адайлар соғыс шығыны ретiнде
өкiметке 90 мың қой өткiзуге мiндеттелдi.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Орал, Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерiлiстердiң
басты себебi неде?
2. Көтерiлiстiң қозғаушы күштерiне, сипатына, барысына талдау
жасаңдар.
3. 1870 жылғы Маңғыстаудағы қозғалыстың өзiне тән ерекшелiктерiн
қалай түсiндiруге болады?
Құжаттар
“...Толқулардың себебi бұқараның қараңғылығында. Олар
реформаның өздерiне пайдалылығын түсiнбейдi, жеңiлдiктерiнен
айырылып қалған молдалар мен сұлтандардың айдап салуына
алданып, жаңа ережеге қарсы шыққан. Молдалар да халық арасында
қауесет хабарлар таратты: қазақтарды әскерге алады, православие
дiнiне көшiредi, салықтар көбейедi дегендер көтерiлiстiң басталуына
себепшi болды“.
Середа Н. А. Из истории волнений в Оренбургском крае.
Русская мысль. 1891. № 8. С. 24—25.
“...Әскери шепте шоғырланған тұрақты әскерлерiмiз шамалы.
Олар Орынбор округiнде уақытша қалдырылған Түркiстан атқыш-
тарының 2 батальонынан және екi шеп әскерлерiнiң батальонынан
тұрады... Орал казак әскерiнiң орналасқан жерiнде тұрақты әскер
жоқ. Далалық бекiнiстердегi және Орынбор, Орал казактарын
қосқанда бұл әскери күш тәртiптi сақтауға және қырғыздар арасында
тыныштық орнатуға жеткiлiктi. Алайда бұл әскери бөлiмдер қазiргi
жағдайға қырғыздарды орыс билiгiне (патша үкiметiне. — Ж.Қ.)
толық бағындыру үшiн жеткiлiктi болар ма екен”.
Юрко. Взгляд на степную войну. Стратегический обзор
Оренбургского края и его театра военных действий.
Военный сборник. 1873. № 11. С. 71—74.
150
Достарыңызбен бөлісу: |