9.5. Шешімнің нәтижелілігі мен тиімділігі
Менеджер өзі басшылық ететін ұйымды басқаруға бай-
ланысты, қызмет ететін сол ұйымға немесе оның жекелеген
компоненттеріне нақты және нысаналы түрде әсер ету үшін
көптеген шешімдер қабылдайды. Осы мағынада менеджер
қызметін бағалау онымен қабылданатын басқару шешімдерінің
нәтижелігін анықтау арқылы жүзеге асырылады.
Басқару шешімдерінің нәтижелігі деп ұйымның өндірістік
қызметінің шынайы өтіп жатқан үдерісінде қабылданған және
жүзеге асырылған басқару шешімдерінің әсер ету эффектісін ай-
тады. Әсер ету эффектісі әр жағдайда позитивті, жағымсыз неме-
се бейтарап көрсеткіштер ретінде көрінуі мүмкін. Қабылданатын
және жүзеге асырылатын басқару шешімдерінің нәтижелігі де сол
сипаттамалармен анықталады. Менеджер басқару шешімдерін
қабылдауда, әзірлеуде және жүзеге асыруда позитивтік нәтижелікке
жетуге тырысады. Басқару шешімінің жағымсыз немесе бейта-
рап нәтижелігі осындай шешім қабылдаған менеджердің басқару
қателігі ретінде қарастырылады.
Қабылданатын шешімнің нәтижелік функциясын әртүрлі
көрсетуге болады:
–
мақсат арқылы:
М = f(ҚнШ), мұндағы, М – мақсат, f –
функция, ҚнШ – қабылданатын шешім;
–
нәтиже арқылы:
Н = f (ҚғШ), мұндағы, Н – нәтиже, f –
функция, ҚнШ – қабылданған шешім;
–
баламалы нәтиже арқылы:
Нб = f (ҚнШ)б , мұндағы, Нб
– баламалы нәтиже; (ҚнШ)б – баламалы шешім, қабылдануы
мүмкін болатын, бірақ айырылып қалынған;
–
мақсат пен нәтижені салыстыру арқылы.
Менеджер
әрқашан қабылданған шешімнің мақсаты мен нәтижесінің сәйкес
123
немесе сәйкес еместігін анықтауға тырысады. Осылай анықта-
луын функционалды тәуелділіктерді құру арқылы орындауға бо-
лады.
Бұл тәуелділіктерді, жоғарыда айтқандай,
М = f(ҚнШ) және Н = f (ҚғШ) түрінде көрсетіледі.
Менеджер осы теңдіктердің сол немесе оң жақтарын салысты-
рып қабылданған шешімнің сапасына сарапшылық баға береді.
Егер салыстыру нәтижесінде олар тең болса немесе екінші
теңдіктің сол (немесе оң)жағындағы көрсеткіші бірінші теңдіктің
сол (немесе оң) жағындағы көрсеткіштен артық болса, онда
шешімді жоғары сапалы деп санауға болады:
теңдік 1 Н = М,
теңдік 2 Н > М.
Егер бірінші теңдіктің сол жақтағы көрсеткіші екінші
теңдіктің сол жақтағы көрсеткішінен үлкен болса, яғни М > Н,
онда қабылданған шешім тиімді болмағаны.
Қабылданған шешімдердің нәтижелігі. Менеджердің пайда-
лылық функциясын максимизациялайтын тиімді шешімдер.
Қабылданған шешімнің нәтижелігін нақты алынған нәтижені
мақсатпен салыстыру арқылы анықтасақ, тиімділік деп шешімнің
жоғары нәтижелігін айтамыз. Менеджер өзінің тәжірибелік
қызметінде тиімді шешімді анықтау бірнеше қажеттіліктен:
– қабылданатын шешімнің тиімділігін анықтаудан;
– ертеректе қабылданған шешімнің тиімділігін анықтаудан;
– салыстырылмайтын база негізінде шешімнің тиімділігін
анықтаудан;
– салыстырылатын база негізінде тиімділікті анықтаудан;
– шешімнің тиімділігін анықтарда нәтижені ақшалай түрінде
көрсетуі қиынға түскеннен;
– мақсаттар бойынша басқару кезіндегі шешімдердің тиім-
ділігін анықтаудан туады.
Тиімділікті анықтаудың барлық нұсқалары менеджерді ұйым
құрылымына интегрирлеу принципіне сүйенеді, оны тиісті функ-
ция арқылы көрсетуге болады:
Шm= f (Пm), мұндағы, Шm – шешімдерді қабылдау, f (Пm) –
менеджер пайдалылығының функциясы.
124
Менеджердің пайдалылығын максимизациялау функциясы
тиімді шешім қабылдау арқылы көрсетіледі:
Тқш = Мах f (Пm), мұндағы, Тқш – қабылданатын шешімнің
тиімділігі, Max f - функцияны максимизациялау, Пm- менеджердің
пайдалылығы.
“Мақсаттар бойынша басқару” концепциясын қолдану ке-
зіндегі шешімдердің тиімліділігін анықтау.
Менеджер “мақсаттар
бойынша басқару” концепциясын қолданған кезде қабылданатын
шешімнің тиімділігі оңай анықталады: бұл жағдайда мақсаттарды
шешімдерді жүзеге асыруының нақты нәтижелерімен салысты-
рады. Қарастырып жатқан жағдайдың үш нұсқасы болуы мүмкін:
А. Қабылданатын шешім тиімділігі нөлге тең болуы мүмкін:
Тш = 0. Бұл жағдайда қабылданған шешім және оны жүзеге асы-
ру мақсатқа және оған жетуге бейтарапты әсер етті.
Ә. Егер шешімнің өзі және оны жүзеге асыру ертеректе
белгіленген мақсатқа немесе оған жету үдерісіне позитивті әсер
етсе, қабылданатын шешім тиімділігі оң болуы мүмкін: Мж = f
(Тш), мұндағы, Мж – мақсатқа жету; f (Тш) –тиімді шешім функ-
циясы.
Б. Егер шешімнің өзі және оны жүзеге асыру мақсатқа неме-
се оған жету үдерісіне кері әсер етсе, онда қабылданатын шешім
жағымсыз болуы мүмкін.
Әр ұйымда тиімділікті бағалау жүйесі сандық және сапалық
көрсеткіштерді пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Осындай
көрсеткіштердің кейбірін келтірейік:
А. Сандық көрсеткіштер:
– өнімді өндірісі көлемінің өсуі;
– нарықта өз үлесінің кеңеюі;
– ұйым жұмысшылары санының өсуі;
– негізгі капитал бірліктерінің көбеюі;
– әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер санының азаюы
және т.б.
Ә. Сапалық көрсеткіштер:
– пайда мөлшерінің өсуі;
– пайда массасының өсуі;
– жалпы табыстың (жалпы түсімнің) өсуі;
125
– өндіріс шығындарының қысқаруы;
– ресурстардың өте ұтымды пайдалануы;
– еңбек өнімділігінің артуы;
– өндірілетін өнім сапасының жақсаруы;
– айналмалы құралдар пайдалануының жақсаруы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |