Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет50/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80
Алтыншы компонент.
Баламаны таңдау. Баламаны таңдау екі 
екі бірінен кейін бірі орындалатын әрекеттерді ұйғарады:
- бар баламаларды салыстырмалы талдау;
- қарастырылған баламалардың біреін жоғары бағалайды, 
дұрысын айтқанда, дәл осы процедура таңдау болып келеді.
Шешімді қабылдау әдісі - ерекше технологиялық үдеріс. Ме-
неджер тәжірибеде басқару шешімдерін қабылдауда қолданатын 
технологиясын мүлтіксіз игеруге тиісті. Барлығына бірдей тех-
нология жоқ, өйткені оның негізінде менеджердің ментальдік 
қабілеттері, күнделікті дағдылары, эмоциялары, сезімдері, кәсіби-
білім деңгейі, жиналған тәжірибесі жатады. Шешім қабылдаудың 
кең таралған кейбір тәсілдерін қысқаша келтірейік. 
“Коммерцияның алтын ережесі”.
Іс адамдары арасында 
бұл ереже мәні: арзанырақ сатып ал да қымбатырақ сат болып 
келтіріледі.


113
Шешімді қабылдаудың спонтандық әдісі.
Бұл әдіс менед-
жердің өз сезімдеріне негізделеді. Сезім жаман көмекші екені 
баршаға мәлім. Сезімнің күшті әсеріндегі менеджер тиімді шешім 
қабылдауы мүмкін емес. Осыған қарамастан тәжірибедегі менед-
жер эмоционалдық шешімдерді қабылдаудан біржолата кете ал-
майды. Эмоционалды шешімдер асығыс, ойланбай жасалынады, 
кейіннен өкініш тудырады.
“Жаман ауа райы”ережесі. 
Менеджер кейбір басқару шешім-
дерін әзірлеу барысында нақты әрекеттерді атқаруда өзінің 
болашақтағы шығындарын есептеу қажеттілігіне тап болады. 
Оны жасау оңай емес: нақты шынайы шығын жоқ, сонымен бірге 
нақты шынайы табыс та жоқ, бірақ ол қандай болатынын дәл бол-
жай алу керек. Кәсіпкершілік болжауды мүмкін болатын барлық 
нұсқаулардың ішінде ең нашар нұсқаға негізделуі “жаман ауа 
райы” ережесін қолдану деп аталады. 
Интуитивтік тәсіл 
сезімге негізделеді, ал сезімдер тұлғалық, 
субъективтік және бөтен бақылаушыларға түсініксіздеу болып 
келеді. Егер адамдарда интуиция тумысынан болса, онда мұндай 
шешімдер тиімді болып келеді. Мамандар интуиция деп адам са-
насын дер кезінде қоздыратын білім мен қоса тәжірибені айтады. 
Сонымен қатар интуиция деп танылмаған байланыс, заңдылықты 
талдап қорыту арқылы көрнекті түрде тәжірибе шеңберінен 
шығудың субъективтік қабілетін айтады. Менеджер бұл әдіске 
қажетті ақпарат жоқ және оны алуға немесе оны уақытында алуға 
үміт үзілген жағдайда жүгінеді. Шешім қабылдағанда барлық 
«қолдау» және «қарсы»-ны салмақтап ой жүгірту болмайды, ме-
неджер өзінің «алтыншы сезімін» негізге алады.
Менеджер өзінің басқару тәжірибесінде одан қарапайым 
талқылауды талап ететін, яғни осы жағдайды құратын немесе 
соның негізінде жатқан факторларды есепке алуға негізделген 
қарапайым талдауды талап ететін жағдайларға тап болады. Со-
нымен бірге талқылау жеке білімін немесе жеке жиналған 
дағдыларын есепке алуға негізделеді.
Формальді логика негізінде қабылданған шешімдер, көбінесе, 
жедел басқару кезінде қолданылады және сондықтан жедел 
шешімдер категориясына жатқызылады. Шешім қабылдаудың 


114
бұл тәсілін қолдану менеджердің қандай да бір арнайы таным-
дары мен арнайы дайындығына емес, ол саналы бастауларға 
негізделеді.
Көптеген басқару шешімдері қайталану тенденциясына 
ие, ал кейбірі – жиі қайталауларға ие. Сондықтан жағдайдың 
қайталануынан туындаған менеджер қабылдайтын шешімді 
өткен тәжірибеге негіздейді. Егер бұрын осындай жағдай 
алғашқы рет туындаған кезде қабылданған шешім ойдағыдай 
жүзеге асса, онда жағдай қайта туындаған кезде сол шешім қайта 
қабылданады. 
Менеджер шешім қабылдағанда диаметрлі қарама-қарсы 
орналасқан және мүмкін болатын екі баламаға негізделуі 
қажет: “иә/жоқ”, “немесе/немесе” қағидасы бойынша. Шешім 
қабылдаудың 
бинарлы әдісі 
– әрқайсысы екеуінің бірінің пай-
дасына жасауға тура келетін таңдау мен белгісіздіктің жоғары 
дәрежесін сипаттайтын екі баламаның талдауына негізделген 
әрекет. Бинарлы шешіммен айтарлықтай ұқсас методика 
шешім 
“ағашы”
болып табылады. 
Көпнұсқалы шешім көптеген баламалардың ішінен қандай да 
біреуінің пайдасына белгілі бір және нақты критерийді белгілеу 
арқылы таңдау және әр қарастырылатын баламаларға қатысты 
осындай критерийлерді бағалау болып табылады.
Инновациялық шешімге
жүгіну менеджер үшін ұтымды ойла-
удан шығармашылық ойлауға ауысуды білдіреді. Инновациялық 
шешім рационалдық әдіспен баламалар табылмаған жағдайда 
орын алады. Менеджер пайда болған мәселенің жаңа, тиімдірек 
шешу жолдарын іздеуге мәжбүр болады. Көбінесе, инновациялық 
шешімді қабылдау процедурасы критерийлерді оптимизация-
лау әдісін қолдануға негізделеді. Критерийлерді оңтайлау әдісі 
идеяның негізінде менеджерге белгілі баламалардың ең жақсы 
сипаттамаларын қиыстыру тиімді шешімге алып келеді деген 
болжам жатады.
Ой жүгірту басқару шешімдерін қабылдау әдісі ретінде тек 
жинақталған басқару тәжірибесіне сүйенбей, сонымен қатар 
жинақталған білімдеріне негізделуі мүмкін. Менеджердің міндеті
жағдайды талдаған кезінде шындық білімдерді қолданатын сәттің 


115
туғанын сезу. Бұл жағдайда шешімді әзірлеу және қабылдау 
менеджердің: 
– ағымдық жағдайды талдау; 
– жинақталған білімге негізделген шешім қабылдаудың 
қажеттілігі мен мақсаттылығын интуитивті ұғыну сияқты 
әрекеттер тізбегін атқаруға саяды.
Таңдау бұл жағдайда шешім қабылдау керектігін немесе 
шешім қабылдау керегі жоғын білдіреді, яғни шындық білімдер-
ді пайдалануға жүгіну немесе ондай қажеттілік жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет