Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет41/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
Өкілдік функциялары.
Менеджер белгілі жағдайларда ұжым-
ның өкілі ретінде болады, бірақ кейде бұл функциясы керегі жоқ 
салмақ салуы мүмкін: мысалы, зеріктіретін кеңес пен жиналы-
стар, оған қатыспау ұжым жұмысына ешқандай зиян әкелмейді. 
Сонымен қатар басшы лауазымен байланысты белгілі салттық 
және салтанатты міндеттерді менеджерге орындауды жүктейді. 
Бағыныштылар менеджерден осындай функцияларды орындау-
ын күткендіктен оларды ескермеуге болмайды.
Менеджер судья ретінде.
Менеджер судья ретінде сирек 
кездесетін басшы типі. Ол өзін билік өкілеттеріне ие екенін 
сезінеді, бірақ оны пайдалану мүмкіндігін өзіне ауыртпалық 
деп қарағандықтан оған ұмтылмайды. Өз өкілеттерінің біразын 
төменгі сатыдағы басқарушы бөлімшелерге аударады, бірақ
басқару үдерісіне әрқашанда араласу құқын, сонымен қатар
төреші құқын сақтап қалады. Белгілі жағдайда: дау, талас, 
келіспеушілік туғанда әр менеджер төреші рөлінде болуына дай-
ын тұру керек.


99
 Менеджер кеңесші ретінде. 
Тәжірибедегі менеджер кеңесші 
қызметін атқарудан бас тарта алмайды. Біреуге бірнәрсені жүк-
теген кезде өз бетімен немесе бағыныштының өтінішімен істі 
қалай жүргізу бойынша, қызметін ойдағыдай орындамаса неге
әкеліп соғатыны туралы тиісті кеңес беруі мүмкін.
Менеджер нұсқаушы ретінде.
Менеджер нұсқаушы ретінде 
жиі әрекет етуіне тура келеді. Менеджер қалай және нені жасау 
керек, нәтижені қай мерзімде және қандай формада алу керек де-
ген сияқты тікелей нұсқауларды беріп тұрады. Бағыныштының 
еңбек нәтижесі туралы онымен әңгіме де нұсқаудың бір фор-
масы болып келеді. Тиімді нұсқаушы болу оңай емес: ол үшін 
кәдімгідей беделді болу керек және/немесе нұсқаулықты жүзеге 
асыруға қатысты жұмыс бойынша тәжірибе жеткілікті болу ке-
рек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет