Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет31/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Бақылау сұрақтары:
1. Басқаруда функционалды және үдерістік көзқарастың айырма-
шылығы неде? Неге тәжірибеде жиі үдерісті-функционалды көзқарас 
қолданылады, бұл көзқарастың практикалық мәні неде? 
2. Менеджер ұйымның функцияларын қалай құрылымдайды?
3. Функционалды немесе үдерісті-функционалды көзқараста «кері 
тізбек» қағидасы нені білдіреді?
4. Басқару қызметінде функция мен жұмыс операциясы арасындағы 
ұқсастық пен айырмашылықты көрсетініз.
5. Менеджердің жағдайлық көзқараста функциялардың іске асырылу 
технологиясы қандай?
6. Штатық емес жағдайды қалай түсінесіз? Мұндай жағдайда 
менеджердің функциялары неде?
7. Менеджерге үдерістік көзқарас қолдану барысында қандай 
орындалуға міндетті нақты функиялар бекітіледі?


77
7. БАСҚАРУ ҮРДІСІНІҢ СУБЬЕКТІЛЕРІ.
МЕНЕДЖЕРДІҢ КӘСІБИ ИДЕОЛОГИЯСЫ
7.1. Іскерлік және басқару үрдістерінің субъектілері
Іскерлік белсенділік қызметі ерекше бір өзгешелікпен ерек-
шелінетін: кәсіпкер, капиталист-инвестор, спекулянт сияқты 
үш типті субъектілердің болуын жобалайды. Іскерлік үдерістің 
негізгі фигурасы- кәсіпкер болып табылады, ол нарықта өндіруші 
құрылымдары санына және тауар көлемінің өсуіне тікелей әсер 
етеді. 
Менеджер жеке-кәсіпкердің, инвесторлардың қалауы мен 
үміттерін іске асыратын 
жалдамалы қызметкерлер
қатарына 
кіреді. Ұйымдастырылған іскерлік үдеріс шеңберіндегі менеджер-
дің функциясы – құрылған өңдіруші құрылым кәсіби басқару. 
Менеджер өзінің лауазымдық функцияларын осындай құрылым 
атынан, яғни оның меншік иелері атынан іске асырады. 
Менеджерге өзінің лауазымдық функцияларын орындау үшін 
басқа да адамдар қажет болады, олар ұйымдастырылған өндіруші 
үдеріс шеңберінде қандай да бір арнайы блок қызметтерін іске 
асыратын болады. Атқарушы мен бағынушы болып табылатын, 
бұл адамдар да, менеджер сияқты жалдамалы қызметкерлер 
қатарына кіреді. Олардың функциялары - ұйымдастырған өн-
діруші үдеріс үрдіс нәтижесі жайлы меншік иелері инвесторлар 
алдында жауап беретін менеджердің қалауына бағыну және та-
лаптарын орындау болып табылады. 
Сондай-ақ жеке-меншік иелері мен кәсіби менеджердің функ-
циялары үйлесуі де мүмкін.
Менеджер - тәуелді түлға болып табылады. Басқару функци-
ясы бастапқы сатыда қолданатын мақсаттар мен ұмтылыстарға 
байланысты. Менеджер негізігі іс-әрекеттерін басқаратын ұйым-
ның меншік иесімен келістіруі қажет. 
Басқару үдерісінің субъектілеріне менеджер мен атқарушы 
кіреді, олардың қарым-қатынастары көлденең емес, тігінен 
жүзеге асырылады. Мұнда, менеджер осындай үдерістің негізгі 
(басыңқы) субъектісі болып келеді. Атқарушы әрбір мерзімдегі 


78
атқаратын іс мәніне қарай, басқару үдерісінің субъектісі ретінде 
де, объектісі ретінде де қызмет атқарады. 
Бағынушылар рөлін түсінуде үш мүмкін көзқарасты ажыратуға 
болады. Бірінші көзқарас бойынша, ұйым ішіндегі объекті 
басқару сияқты қызмет атқаратын өндіруші үдерісіне қатысты, 
атқарушылар менеджермен бірге басқару үдерісінің субъектісі 
ретінде қабылданады. Осындай жағдайда, мынадай қағида іске 
қосылады: өндіруші үдеріс тиімділігін арттыруда барлығы және 
әрбіреуі жеке-жеке әсер ететін болады. 
Екінші көзқарас бойынша, өндіріс компоненттерінің факторлық 
түсінігіне негізделген. Осындай көзқарасы бар менеджерлердің 
өзекті тезисі болып, еңбекті іске асыратын атқарушылар басқару 
объектісі ретінде өндірістің немесе ұйымның басқа компоненттері 
басқару объектісі сияқты қызмет атқарады. Бұл жағдайда, бас-
қарушы осы өндіріс факторының рөлін жеткілікті бағаламайды. 
Атқарушылар өндіріс факторына кіре алмайды, олар басқару 
үдерісінің субъектілері болып табылады, себебі олар менеджердің 
мақсатты әсерін алып өздері де ұйымның қызметінің нәтижесіне 
мақсатты түрде әсер етеді.
Үшінші көзқарас өндіруші үдерістегі менеджердің тұрғысынан 
алғанда және менеджердің осы рөлді бағалау тұрғысынан алғанда 
атқарушы рөлінің орташаландырылған нұсқасын көрсетеді. 
Егер менеджер шынында да осындай көзқараста болса, онда 
ол атқарушыларды өндірістің шынайы компоненті ретінде 
қабылдайды, бірақ ұқыпты тәсілді және оған әсер ететін нақты 
нысандарды ұқыпты таңдауды талап ете отырып, компонент 
негізінде өзгеше болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет