Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет40/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Менеджер әкім ретінде.
Әкім функциясын атқарғанда ме-
неджер тәртіптеуші, реттеуші ретінде көрінеді. Ол жақсы 
ұйымдастырушы болып келеді, тәртіпті орнатуға және сақтауға 
тырысады, себебі оның күшті жағы бақылау қызметін орын-
дау болып табылады. Бірақ оның менеджерлік құндылығы 
күрт төмендейді, егерде басқа рөлдік функцияларын орындау 
қажет болса. Осыған қарамастан кейбір меншік иелері аталған 
менеджерлерді жұмысқа алуға ұмтылады, өйткені ұйымды 
басқаруды негізінен өз қолында ұстағандықтан оған белсенді, 
ойлампаз менеджердің онша қажеттілігі жоқ. Алайда, өзінің 
лауазымдық міндеттерін орындаудың жеке кезеңдерінде қандай 
да бір процедураны жүзеге асырарда немесе бағыныштылардың
іс жүргізу тәртібі ойдағыдай болу үшін менеджер әкім рөлінде 
көрінуі керек. Сол себепті менеджердің әкімдік тәсілдері жете 
дамығаны қажет.
Менеджер басшы ретінде.
Мұндай менеджер өзін билік өкі-
леттердің иеленушісі ретінде сезінеді. Оның түсінігінде басқару 
деген – жетекшілік ету, яғни өзінің бағыныштыларының іс-
әрекетін тиісті арнаға бағыттау: бағыныштылар менеджердің 
ойындағысын бұлжытпай орындау керек. Мұндай менеджер өзінің 
беделі туралы қатты қам жейді, қарсылық көрсетуді көтермейді. 
Басшы ретінде көріну, оның сеніміне және бейімділігіне тәуелсіз, 
әр менеджерге қажет. 
«Ми орталығы» рөлі.
Негізгі қызметім – шешім қабылдау 
қажеттілігі деп түсінетін менеджерді бағыныштылар “ми орта-
лығы” ретінде: ойланушы, талқылаушы, қорытындыларды жүзеге 
асырушы және т.б. қабылдайды. Бағыныштылар менеджердін 
мұндай рөліне әртүрлі, оң немесе теріс қарауы мүмкін. Әрине, 
менеджер өзінің осындай рөліне бағынышты тарапынан кекесін-
ді мағына бермеуін ойластыру керек.


98
Жүйке орталығының рөлі.
Менеджер шешім қабылдау 
ор-талығын бейнелегендіктен, ол ұйым микроклиматына тіке-
лей ықпал жасайды. Қабылданатын шешімнің мазмұны мен 
бағыталлуынан, оның қабылдануы және орындаушыларға жеткізу 
формасынан, бір бағыныштыларды шешімді жүзеге асыруға тар-
тып, екіншілерін ескермеу – осының барлығы ұжымға қажеті жоқ 
ыза тудыру мүмкін, бағыныштылар наразылық, теріс жауап қату, 
өсек-аяңның себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар менеджердің 
өзінің эмоциналды жағдайы, оның көңіл-күйі де ұжымдағы ортақ 
ахуалға әсер етеді.
Диспетчер рөлі.
Менеджер шындығында таза диспетчердің 
жұмысымен де шұғылданады: тапсырмаларды, ұжымның ин-
теллектуалдық және физикалық әлеуетін, ресурстарды, жұмыс 
уақытын бөледі. Ол осындай функцияларын орындауда оңтайлы 
нәтижеге жетуге тырысады. 
Термостат рөлі.
Менеджер қоршаған ортаны үнемі бағалай 
және талдай отырып, ұйым қызметін осындай қоршаған орта та-
лаптарына ең тиімді түрде бейімдеу үшін мүмкін болатын барлық 
әрекеттерді жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет