Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Менеджер тәрбиеші ретінде



Pdf көрінісі
бет42/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Менеджер тәрбиеші ретінде.
Менеджер бағыныштыларына 
тәрбиеші ретінде өзінің мінез-құлқы, коммуникация, ұйымға және 
ұйымдық мәдениетке қатынасы арқылы әсер етеді. Менеджер 
өзінің іс-әрекеті арқылы ұйымдық мәдениетке оң және теріс әсер 
ете алады. Егер ол сөз тасуды мадақтаса, бұл бағыныштылардың 
мінез-құлқына да, тұтас ұйымдастырушылық мәдениетіне де
әсер етеді. 
Тәжірибеде қолданылатын басқа да басқару стилдері ту-
ралы.
Басқару стильдерін жіктеу жоғарыда келтірілгендермен 
шектелмейді. Тәжірибедегі менеджердің стильді таңдауы оның 
жеке дайындық дәрежесіне, бағыныштылардың ерекшеліктеріне
сонымен қатар басқару стилі қандай ерекшеліктері бар жағдайда 
таңдалынып жатқанға тәуелді.
Тәжірибедегі менеджер басқару стилі қалай аталатыны жө-
нінде ойланбайды, оған бағыныштыға мақсаттылық әсер ету 
қажет. Тәжірибеде қолданылатын басқару стилдерінің жіктелуі 
сарапшылардың мәселесі болып келеді.
Сырт көзге менеджер жиі жұмбақ тұлға болып келеді, сондық-
тан көп адамдар онымен бірлесіп жұмыс істеу үшін бұл жұмбақты 
шешуге ұмтылады. Әр менеджер өзіне тән ерекшеліктерімен 
бірегей болғанмен, дегенмен, шынайы өмірде кездесетін менед-
жерлер типажының жіктеуін келтіруге болады. Стратег пен тактик-


100
тер немесе тағы да басқаша жіктеуге болады. Алайда, жіктеудің 
бір типіне көңіл бөлген дұрыс, өйткені ол менеджердің өз кәсіби 
идеологиясын қалыптастыруға үлкен ықпалын жасайды.
Менеджер-«тыңшы». 
Мұндай менеджер типі басқарып отыр-
ған ұйымында болып жатқан жағдайлар жөнінде толық ақпарат 
алуға тырысады. Ол өз ұйымында болып жатқан жағдайлардың 
ішінде маңызды бір нәрсені білмейтіндей мазасызданады, 
бұл уайым көздеген мақсатқа айналады, тікелей лауазымдық 
міндеттерін атқаруға керек уақыты азая береді. “Қарым-қатынасты 
айқындау”, өсек, ұйым жұмысын сынаушыларды айыптау мұн-
дай менеджердің мінез-құлқына айналады. Ол осы мақсатта 
өзіне сөз тасушы, тыңшы, т.с.с. сияқты бағыныштыларды тар-
тады. Менеджердің мұндай типі ұйым үшін зиян, ал өзі жұмыс 
уақытын құр бекер ысырап қылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет