Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


«Пиджактың барлық түймелерін салған» менеджер



Pdf көрінісі
бет43/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
«Пиджактың барлық түймелерін салған» менеджер
жоғары 
аталған менеджер типіне қарама-қарсы келеді. Менеджердің 
мұндай типі әр ақпараттан қашады, ұйымда шыныменен не 
болып жатқанын, қызметкерлер неге наразы, ненің өзгеруін 
қалайтынын, не туралы ойлайтынын білгісі келмейді. Мұндай 
менеджер қиялды дүниеде өмір сүреді, ұйымды өзінің санасында 
бекітілген формада түсінеді. 
Менеджердің мұндай бейнесі ұйым пайдасына жұмыс істемей-
ді: басқару күнде болып жатқан жағдайларды, бағыныштыларға 
тән әлеуеттік қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескермей немқұрай-
ды құрылады. Басшылар мен бағыныштылар бірін-бірі түсіну 
қиынға түседі. Бағыныштылар уақыт өткен сайын ұйымнан да, 
орындап жатқан жұмыстан да түңіледі.
Теңестірілген менеджер образы.
Басқарушылық қызметті ақ-
паратпен қамтамасыз ету менеджменттің жалпы концепциясын-
да зор рөл атқарады. Толық және жеткілікті ақпаратқа ие болған 
менеджер тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік алады. Бірақ 
мұндай ақпаратқа ие болу теңестірілген сипатқа ие болуы керек: 
ақпарат менеджерге дер кезінде және ыңғайлы формада түсуі 
керек, ақпарат сұрыпталынып, қажетті еместері алынып таста-
лынуы керек. Сондай талапты бағыныштыларға да ден қою ке-
рек. Олардың пікірін, ұсыныстарын және басқаларды сын көзбен 


101
қарастыру керек, орынсыз басқа адамның пікірі менеджерді 
адасуға әкелмеуі керек. Бұл мәселе өте маңызды, сондықтан ме-
неджер ол туралы өз көзқарасын қалыптастыруы қажет.
8.3. Менеджердің негізгі лауазымдық міндеттері мен негізгі
функционалдық міндеті
Менеджердің негізгі функционалдық міндеті деп ұйымда 
белгілі лауазымдық тұлға-менеджердің пайда болуын туғызған 
негізгі әрекетті түсінеміз. Бұл жерде ең алдымен, екі біртипес ка-
тегорияны: 
– менеджердің негізгі лауазымдық міндетін;
– менеджердің негізгі функциясын (функционалдық міндетін) 
ажырата білу керек.
Менеджердің негізгі лауазымдық міндеті оның ұйымды 
сақтап қалу қажеттігі деп түсінсек, онда оның барлық қызметі 
мен барлық атқаратын әрекеттері нақ осы тапсырманы орындауға 
бағытталады. Басқаруды әсер ету деп ұғынсақ, менеджер са-
налы түрде әсер етеді, ал қажетті әрекеттерді таңдау негізінде 
жете үғыну шешімді қабылдау процедурасы болып келеді. 
Атап айтқанда, шешімді қабылдау атқарылатын әрекеттердің 
алдында болады және кейін орын алатын көптеген басқару іс-
әрекеттерінің бағыттылығы мен сипатын белгілейді. Сондықтан 
шешім қабылдау менеджердің негізгі лауазымдық міндеті ретінде 
болады. Оған қоса, шешім қабылдау менеджердің негізгі кәсіби 
инструментариі болып келеді, жоғары деңгейлі маман санатында 
болам десе, менеджер оны аса шеберлікпен қолдана білу керек. 
Шешім қабылдау және осы құқыққа ие болу менеджердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет