Table of Contents тар жол, тайғАҚ кешу роман-эссе (1927) тарту



бет45/53
Дата22.09.2023
өлшемі419,1 Kb.
#109714
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
«ЖҮГЕНСІЗДІК
Баянауылдағы милиция бастығының қимылынан осы кезде Баян маңайындағы қазақтар көпшіл тұсындағыдан артық дірілдеп тұр. Бұрын земство билігінде тұрғанда қойдан қоңыр жуас милиция бастығы енді қаталдыққа көпшілдерден кем түспей тұр.
...Январьдың аяқ кезінде он екі казак-орыс милиционерлері Баяннан екі жүз (200) шақырым жердегі Бесоба барағына өтті. Жолындағы Ақбеттау елінің қазағына қылмағаны жоқ: сөзге келмейді. Көрінген қазақты қамшының астына алады, қатын-бала, жай тұрған кісі, ұрудан сау қалатын кісі болмайды. Кейбіреулерге он бес, жиырма бес шыбықтан санап тұрып, дүре салады: ұруын «сондай ақша берейін» дегенде ғана қояды; лау атты ақша алмай, иесіне қайырмайды, тымақ, кілем, шалбар, текемет, қысқасы, қазақ үйінде көңіліне не нәрсе ұнаса соны алады. Кілетті өздері кілтін алып ашады.
Әйелге зорлық қылған жерлері де бар.
Мәселен: Әбдір Мойнақұлын қатын, бала, келінімен сабап, Бекен деген баласына дүре салған. Қолында ақша жоқ болып, қайтарында мың сом даяр қылмақшы болған. Лауға мінген атын екі жүз (200) сом алып қайтарған.
7-ауыл қазағы Ордабай Адыр баласынан бір текемет, бір жастық алған.
Атақты Мәшһүр Көбейұлы деген молданы сабаған.
Темірболат деген кісіден баласы екеуіне дүре салып, екі жүз сом алған.
Одан 6-ауыл Абайділдә қажының баласы мен молдасына он бес шыбықтан дүре салып, екі жүз елу сом алған.
Одан Асқар Тоббас баласына дүре салып, бір тымағын алған.
Оспан Битақай баласына дүре салып, екі жүз елу сом, бір тымақ алған.
Әшім Досқара баласынан бір тымақ, жетпіс сом алған.
Жалпақ Өндірбай қатынынан «өлген байыңды тап!» — деп, қатынын сабап бір кілем алған.
Жылқышы Дүйсенбай Қарашолақұлынан елу сом алып, он екі ат мінген.
Одан 2-ауыл Әбіл Шалқарбайұлына дүре салып, ағасы Нұғманды сабап, мертіктіріп, екеуінен екі жүз сом алған.
Сүлеймен Өркенбай баласынан екі жүз сом алған.
Қамит Шоқанұлынан дүре салмаған ақысына екі мың сом алған.
Сламбек Иманбекұлынан бір мың бес жүз сом алған.
Жәмбек Иманбекұлынан 10 шыбық дүре салып, бес жүз сом алған.
Асқар Жанқұланұлынан бір мың сом алған.
Қияш Әлімбай баласына жиырма бес шыбық дүре салып, жиырма бес сом алған.
Мұсабекке де жиырма шыбық дүре салып, жиырма бес сом төлеткен.
Он бірінші ауыл Түктібай Тоғайбайұлынан мың сом алған.
Қайтарында Ақкелін елін басып, Ажмағамбет Жамақұлына он бес шыбық дүре салып, үш жүз сом алған.
Учитель Сүлеймен Ержанұлы «Еліме тиме» деп күні бұрын жалынып, бес жүз сом, бір тымақ, бір шалбар сый беріп, төрт атпен поселкеге апарып салады.
Жұрттың көрген жәбіршілігін бәрін түгел теруге хатқа сыймайды. Жұрт түсіне алмай аң-таң; біреулері «большевик сол шығар-ау» — дейді. «Ел боламыз, тізгінімізді қолымызға аламыз дегенге орыстардың бейбастақтары басынып, істеп жүр», — дейді. «Құдай, жолыма кез қылма!» — дегеннен басқа елде шама жоқ. Орыстың басы көрінсе үйінен үркіп қашқаннан басқасы жоқ. Шамданған жұрт көп, бірақ орыстың есі барлары, тентегін тияр деп отыр. Мені де әке-шешем жылап жібермей отыр.
Ел жақсылары жоғарғы орыс ұлықтарына телеграмма беруге, қолдарын қоюға таяқтан, талаудан қорқып отыр. «Баянға бармай отырмаймыз, біліп қойса мақтай ма?» — деседі. Қашан, кісі тексеруге келе ме, жоқ па, оған дейін қол іс қылып жібере ме деп қорқады.
Баяннан отыз шақырымдай жерде Александровский заводсымағы бар. Басқарушы Гроненго деген біреу. Бұл Гроненго25 июнь жарлығында «менде жандарың қалады» деп, құлақ естір жердегі қазаққа тегін қызмет қылдырмақ тұрсын, қызмет бергендігі үшін ақы алған. Екі айдай қазақты әуре қылып, алып қала алмаған еді. Былтыр көпшіл дәуірінде қорқып, қазақ болысына түспекші болған. Қазақтар 25 июнь жарлығы тұсындағы күнәсын ұмытпағандықтан қабыл алмаған. Енді сол Гроненго 5 февраль кезінде жоғарғы милиция бастығын милиционерлермен шақырып алып, көңіліне жақпаған қазақтарды текпілетіп, өзінің астыңғы үйін абақты қылып, соған тыққызып жатыр. Әзірге абақтыға жабылған қазақ: 1) Төре Қарекеұлы. 2) Асқар Жүсіпұлы. Гроненго сегіз мың сом беріңдер, абақтыдан шығасыңдар», — деп қалтасына қолын салып қайқиып жүр.
3) Әжібай деген қазақ ақысын бермегендігі үшін байды бұрын сөккен екен. Соған дүре салмақшы болғанда, таныс казак-орыстары дүре салмады, байдың аяғына жығып құшақтатып, кешіртеді.
4) Әміре деген қазақ безбенін уақытында апарып бермеген жазасы үшін бір ат, бір түйесін бай қолына алып тұр; безбенді де бай алды. Әмірені шақыртса, қорқып Әміре жоламайды. Сонымен, ат, түйе Гроненгоның қолында тұр. Былтыр жазғытұры бір казак-орыстың жоғалған бір қап наны үшін, кейін үй істетіп қалған бір ауылдан тоғыз құнан өгіз төлетіп алып еді. Онда «Аласапырандағы іс» деп, күні бүгінге дейін жоқталмай кетіп еді. Енді милиция болып жүріп, талауды кәсіп қылған тәрізді. Казак-орыстарға «қой!» дейтін бастығының түрі жоғарғы. Енді бұған кімнен тоқтау? Бүйтіп қазақ қалай күн көреді. Екі ел арасында тыныштық қалай сақталады.
Баян тауы»
«Алашорданың» достары — Колчак әкімдерінің атаман «батырларының» істеп жатқандары осы. Көзбен де көрдік. Міне, ел адамдарының жазғандарынан да оқып отырмыз.
«Сарыарқаның» тағы бір нөмірін (1919 жыл, 6 ақпанда шыққан 71-ші нөмірі) қарап отырып, «Үржардан» деген мақаладан атаман Анненков пен қазақтың болыстарының, «Алашорда» бастықтарының тілектестігін суреттейтін мына бір сөздерді оқыдым:
Газеттен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет