Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Газ заңдары. Авогадро заңы. Газдың молярлық көлемі



бет12/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
Газ заңдары. Авогадро заңы. Газдың молярлық көлемі
Газдарды зерттеу оңай болғандықтан олардың қасиеттері мен газ күйіндегі заттар арасындағы химиялық реакциялар толығырақ зерттелген.
Көлем қатынас заңын француз ғалымы Ж. Л. Гей-Люссак ашты:
бірдей жағдайда (температура мен қысымда) реакцияға қатысатын газдардың көлемдерінің бір-біріне қатынасы жай бүтін сандардың қатынасындай болады.
Мысалы, 1 л сутегі 1 л хлормен 2 л хлорсутегі түзе әрекеттеседі; 2 л күкірт (IV) оксиді 1 л оттегімен 2 л күкірт (VI) оксидін түзе әрекеттеседі.
Бұл заң италья ғалымы А. Авогадроға жай газдардың молекулалары (сутегі, оттегі, азот, хлор, және т. б.) екі бірдей атомнан тұрады деп болжауға мүмкіндік береді. Сутегі хлормен қосылғанда олардың молекулалары атомдарға ыдырайды, ал соңғылары хлорсутек молекуласын түзеді. Сутегінің бір молекуласы мен хлордың бір молекуласынан хлорсутектің екі мо-лекуласы түзілетіндіктен, соңғы қосылыстың көлемі алғашқы газдардың көлемінің қосындысына тең болу керек, яғни:
Н С1 Н
| + | =2 | немесе Н2 + С12 = 2НС1
Н С1 С1
Сонымен егер, жай газдардың (Н2, С12, О2, N2 және т. б.) молекулалары екі атомнан тұрады десек, онда көлем қатынастары оңай түсіндіріледі. Бұл, өз кезегінде осы заттардың молекулаларының екі атомнан тұратындығына дәлел болады.
Газдардың қасиетін зерттеу А. Авогадроға кейіннен тәжірибе жүзінде дәлелденген гипотеза ұсынуға мүмкіншілік берді, сондықтан ол Авогадро заңы деп аталды:
бірдей жағдайда (температурада және қысымда) әртүрлі газдардың тең көлемдеріндегі молекула сандары бірдей болады.
Авогадро заңынан маңызды салдар шығады: әртүрлі газдардың 1 молі бірдей жағдайда бірдей көлем алады. Бұл көлемді 1 л газдың массасы белгілі болса оңай есептеуге болады. Қалыпты жағдайда, яғни температура 273 К (0°С) және қысым 101 325 Па, 1 л сутегінін, массасы 0,09 г тең, ал оның молярлық массасы 1,008·2= 2,016 г/мольге тең. Онда 1 моль сутегінің алатын көлемі:

Сондай жағдайда 1 л оттегінің массасы—1,429 г, молярлық массасы —32 г/моль. Онда көлем

Демек, қалыпты жағдайда кез-келген газдың 1 молі 22,4 литрге тең көлем алады. Бұл көлем газдың молярлық көлемі деп аталады. Газдың молярлық көлемі — бұл зат көлемінің сол заттың шамасына қатынасы:

Мұндағы, Vm— газдардың молярлық көлемі (өлшемі м3/моль немесе л/моль), V — жүйедегі заттың көлемі; п —жүйедегі заттың мөлшері. Жазудың мысалы: Vm газдікі (қ. ж.)≈22,4 л/моль.
Авогадро ілімі 1860 жылы Карслруэде өткен химиктердің халықаралық съезінде бүкіл жұртшылық қабылдады. Съезд атом-молекулалық ілімнің дамуына күшті әсер етті. Әсіресе ол Д. И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық заңын ашқаннан кейін қауырт дамыды.
Авогадро заңы бойынша газ күйіндегі заттардың массаларын анықтайды. Егер газдың молекуласының массасы көп болса, онда оның бірдей көлемінің массасы үлкен болады. Бірдей жағдайда газдардың бірдей көлемінде молекулалар саны бірдей болады, демек моль саны да бірдей болады. Газдардың бірдей көлемдерінің массаларының қатынасы олардың молярлық массаларының қатынасына тең:
m1:m2=M1:M2
мұндағы m1— бірінші газдың белгілі көлемінің массасы, m2— екінші газдың сондай көлемінің массасы, М1 мен М2— бірінші және екінші газдардың молярлық массалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет