ΔН = Нсоңғы—Нбаст (1-4) Бұл теңдеу ΔН шамасынық физикалық мағынасын( мұндағы грек әрпі Δ — дельта — айырымы деген мағынаны білдіреді) көрсетеді. Изобаралық реакциялар үшін «жылу эффектісі» деген терминнің орнына «процестің энтальпиясы» деген терминді қолданады.
Алғашқы заттар мен реакцияның соңғы өнімдері стандартты күйде болатын болса (Т = 298 К, р≈101,3 кÏа), онда ΔН-ты процестің стандарттық энтальпиясы деп атайды, және ΔН°298 немесе тек қана жоғарғы индекспен ΔН° өрнектейді.
Жоғарыда айтылған бойынша стандартты жағдайда жай заттардан хлорсутектің түзілу экзотермиялық реакциясы мен азот (II) оксидінің түзілу эндотермиялық реакциясының термохимиялық теңдеулері былай жазылады:
I. Н2(г)+С12(г)=2НС1, ΔН0298 = —184,6 кДж немесе
ІІ. І/2Н2(г) + 1/2С12(г) = НСІ(г), ΔН0298 = —92,3 кДж/моль
және
I. N2(г)+02(г)=2NO, ΔН0298 =180,8кДж
II. 1/2N2(г) + 1/202(г)=NO(г), ΔН0298 =90,4 кДж.
Бұл теңдеулер (II) 0,5 моль газ күйіндегі сутегі мен газ күйіндегі 0,5 моль хлор (стандартты жағдайда) 1 моль газ күйіндегі хлорсутекке айналғанда 92,3 кДж жылу бөліп шығаратындығын, ал газ күйіндегі 0,5 моль азот пен газ күйіндегі 0,5 моль оттегі (стандартты жағдайда) газ күйіндегі азот (II) оксидіне айналғанда 90,4 кДж жылу қабылдап алатындығын көрсетеді.
Бұл реакциялардың теңдеулерінде (1) «моль» деген сөз жазылмаған себебі ΔН бір мольге емес екі мольге қатынасты. Экзотермиялық реакциялар үшін ΔН шамасының алдындағы минус алғашқы заттарға қарағанда реакция өнімдерінде энергия корының аз екендігін көрсетеді. Эндотермиялық реакциялар үшін ΔН шамасының алдындағы плюс таңбасы алғашқы заттар-ға қарағанда реакция өнімдері сыртқы ортадан жылу тартып өз энергиясын көбейтетінін көрсетеді.
Егер қосылу реакциясы — жылу шығара жүрсе, онда оған кері реакция — ыдырау реакциясы жылу сіңіре жүреді. Егер қосылу реакциясы жылу сіңіре жүрсе, онда оған кері — ыдырау реакциясы жылу бөле жүреді. Бірінші мысалда 1 моль хлорсутектің түзілуі ΔН0298 = —92,3 кДж, ал хлорсутектің ыдырауы ΔН0298 + 92,3 кДж; Екінші мысалда 1 моль азот (П) оксидінің түзілуі ΔН° = 90,4 кДж, ал 1 моль азот (II) оксидінің ыдырауы ΔН0298 = —90,4 кДж.
Мектепте оқылатын химия мен оқу кұралдарының көпшілігінде жылу эффектісін (3 арқылы белгілейді. Егер жылу бөлінетін болса, онда оның мәні оң, ал егер жылу сіңірілетін болса, онда—теріс болады. Бұдан ΔН = –Q. Жылу эффектісінің біз енгізген белгісін қолдану керек, себебі ол термодина-микамен бірдей болу үшін енгізілген.
Химиялық реакцияның жылу эффектісін арнайы құралдар — калориметрлер арқылы өлшейді. Олардың құрылысы физика мен физикалық химия курстарында сипатталады.
2. Алғашқы және соқғы заттардың санынық өзгеру сипаты бойынша реакциялар мынадай түрге бөлінеді: қосылу, айырылу, орын басу және алмасу. Реакция нәтижесінде екі немесе бірнеше заттардан бір жаңа зат түзілетін болса, ондай реакцияны қосылу реациясыдеп атайды, Мәселен, хлорсутектің аммиакпен әрекеттесуі
НС1 + NН3=NН4С1
немесе жай заттардан магний оксидінің түзілуі
2Мg+О2 = 2МgО
Реакция нәтижесінде бір заттан бірнеше зат түзілетін болса ондай реакцияны айырылу реациясы деп атайды. Мәселен сутек иодидінің айырылуы:
2HJ = Н2 + J2 немесе калий перманганатының айырылуы:
2КМnО4 = К2МnО4 + МnО2+О2 Жай және күрделі заттардың арасындағы реакция нәтижесінде жай заттың атомы күрделі заттың бір элементінің атомының орнын басса, онда мұндай реакцияны орын басу реациясы деп атайды. Мәселен, мырыштың қорғасын (II) нитратындағы қорғасынның орнын басуы:
Рb(NО3)2 + Zn = Zn(NО3)2+Рb
немесе бромды хлормен ығыстыру:
2NaВг + С12=Вг2 + 2NаС1
Реакция нәтижесінде екі зат өзінің құрам бөліктерімен екі жаңа зат түзіп алмасатын болса, онда ол реакцияны алмасу реакциясы деп атайды. Мәселен, алюминий оксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі:
А12О3 + ЗН2SО4=А12(SО4)3 + ЗН2О
немесе кальций хлоридінің күміс нитратымен әрекеттесуі:
СаСl2 + 2АgNО3 = 2АgС1 + Са (NО3)2 немесе негіздің қышқылмен әрекеттесуі:
Са(ОН)2 + 2НС1=СаС12 + 2Н2О
3. Қайтымдылық сипаты бойынша реакциялар қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді 4. Әрекеттесуші заттардың құрамына кіретін атомдардың тотығу дәрежелерінің өзгеру сипаты бойынша реакциялар атомдардың тотығу дәрежелері өзгермей жүретін реакциялар және тотығу-тотықсыздану реакциялары (тотығу дәрежелері өзгере жүретін) болып бөлінеді. Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы