Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет15/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Негіздік оксидтер. Негіздік деп негіздер сәйкес болатын оксидтерді айтады. Мысалы, Na2O, CaO, FeO, NiO— негіздік оксидтер, себебі оларға, негіздер тән: NaOH, Са(ОН)2, Ғе(ОН)2, Ni(OH)2. Кейбір негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп негіздер түзеді. Мысалы:
Na20 + H20 = 2Na0H; CaO + H2O = Ca(OH)2
Басқа негіздік оксидтер тікелей сумен әрекеттеспейді, ал оларға сәйкес келетін негіздерді тұздардан алады. Мысалы:
NiSO4+2NaOH = Ni(OH)2 + Na2SO4
Негіздік оксидтерді тек қана металдар түзеді.
Қышқылдық оксидтер. Қышқылдық оксидтер деп оларға қышқылдар сәйкес болатын оксидтерді айтады. Мәселен, СО2, Р2О5, SO2, SO3— қышқылдық оксидтер, себебі оларға қышқылдар сәйкес келеді Н2СО3, Н3РО4, H2SO3, H2SO4. Қышкылдық оксидтердің көпшілігі сумен әрекеттесіп кышқылдар түзеді. Мысалы: СО22О = Н2СО3; SO3+H2O = H2SO4. Қышқылдық оксидтердің кейбіреуі сумен әрекеттеспейді. Бірақ олар өздеріне сәйкес қышқылдардан алынуы мүмкін. Мәселен:
H2SiО3 = SiО2 + H2О
Қышқылдық оксидтерді бейметалл және жоғарғы тотығу дәрежесін көрсететін кейбір металдар түзеді (мысалы, Мn2О7 оксидіне марганец қышқылы НМnО4 сәйкес болады).
Амфотерлі оксидтер. Амфотерлі деп жағдайға байланысты негіздік және қышқылдық қасиет, яғни екі жақты қасиеті бар оксидтерді айтады. Оларға металдардың кейбір оксидтері жатады: ZnO, А12О3, Сг2О3 және тағы басқалары.
Амфотерлі оксидтер тікелей сумен әрекеттеспейді, бірақ олар қышқылдармен де және негіздермен де әрекеттеседі. Мысалы:
ZnO + 2HCl = ZnCl2 + H2O ZnO + 2NaOH + H2O = Na2[Zn(OH)4]
А12О3-ті сілтілермен немесе сілтілік металдардың карбонаттарымен балқытса метаалюминаттар (сусыз алюминаттар) түзіледі.
А12О3+2NaOH = 2NaA102 + Н2О Al2O3+Na2CO3 = 2NaAlO2 + CO2
Д. И. Менделеев жасаған элементтердің периодтық системасын пайдаланып оксидтердің қасиеттерін оңай қарастыруға болады. Мысалы, III периодтағы элементтердің оксидтерінің қасиеттері SO3, Na2O, MgO, A12O3, SiO2, Р2О5 С12О7 олардың атомдарының құрылысына қарай негіздік оксидтен (Na2O, MgO) амфотерлі оксид арқылы (А12О3) қышқылдыққа (SiO2, Р2О5, SO3, С12О7) зандылықпен ауысады. Мұндай заңдылық І және VII периодтан басқа периодтағы элементтердің оксидтеріне тән.
Негіздік, қышқылдық және амфотерлі оксидтерді түз түзушілер деп атайды, яғни олардың (қышқылдармен немесе негіздермен әрекеттескенде) тұз түзе алатын қабілеті бар. Оксидтердің аз ғана тобы не негіздік, не қышқылдық қасиеттерді көрсетпейді және тұздар түзбейді. Мұндай оксидтерді талғаусыз немесе индифферентті деп атайды. Мәселен оларға көміртегі (II) оксиді CO, азот (I) оксиді, N2O, азот (II) оксиді N0 және крем-ний (II) оксиді SiO жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет