Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет16/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
Оксидтерді алу. Оксидтерді алу әдістері әралуан. Негізгісі үш әдіс болып есептеледі.
1. Жай заттың оттегімен (әр түрлі жағдайларда) тікелей қосылуы; мысалы.
С + О2 = СО2; 4К+О2 = 2К2О
2. Күрделі заттардын, жануы. Мысалы:
СН4 + 2О2 = СО2+2Н2О
3. Қыздырғанда оттекті қосылыстардың: карбонаттардың, нитраттардың, гидроксидтердің ыдырауы. Мысалы:
СаСО3=СаО + СО2; 2Cu(NO3)2 = 2CuO + 4NO2+O2
2Ғе(ОН)3 = Ғе2О3+ЗН2О;
Оксидтердің физикалық қасиеттері әралуан. Олардың біреулері — газ күйіндегі заттар (С02, S02, NO және т. б.), басқалары — сұйықтар (N2O3, N2O4, Сг2О7 және т. б.), үшіншілері — қатты (негіздік және амфотерлі оксидтердің барлығы кейбір қышқылдық—Р2О5, SiO2 және басқалары) заттар.
Химиялық қасиеттері. Оксидтердің негізгі химиялық қасиеттері олардың қышқылдарға және негіздерге қатынасы бойьшша анықталады.
1. Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзеді. Мысалы,
ҒеО + H2SO4=FeSO4 + Н20
2. Қышқылдық оксидтер негіздермен әрекеттесіп тұз және су түзеді. Мысалы,
SO3+2NaOH = Na2SO4 + H2O
3. Негіздік және қышқылдық оксидтердің әрекеттесуі тұздардың түзілуіне әкеледі:
СаО + СО2 = СаСОз


Қышқылдар
Қышқылдар – бір немесе бірнеше сетегі атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.Иондардың гидратациясын есепке ала отырып, қышықлдардың диссоциациялануын дәлірек былай жазуға болады:
HC1 (г)↔Н+ (ерітін) + C1 (ерітін)
СН3СООН ертінді↔Н+ (ерітінді)+СН3СОО (ерітінді)
Қышқылдар суда сутегі ионымен қышқыл қалдықтарына — аниондарға диссоциацияланатындығы көрініп тұр. Қышқылдар сутек ионынан бөтен, басқа катиондарды түзбейді. Қышқылдардың диссоциациялану механизмі: полюсті молекулалардың айналасында судың дипольдері бағытталып олардың әрекеттесу нәтижесінде полюсті молекулалар иондық молекулаларға, ал соңғылар гидраттанған иондарға ауысады.
Қышқылдың әрбір молекуласы диссоциацияланғанда түзілетін сутегі иондарының саны бойынша қышқыл қалдығының (анионның) заряды анықталады. Тұз және азот қышқылдары тек қана бір зарядты қышқыл қалдықтарын (Cl, NO3), күкірт қышқылының (H2SO4) молекуласы — екі: бір зарядты (HSO4) және екі зарядты (SO), фосфор қышқылының молекуласы үш: бір зарядты, екі зарядты, үш зарядты (Н2РО4, НРО42−, РО43−) кышқыл калдығын түзеді.
Қышқылдар оттекті және оттексіз болып бөлінеді. Атауының өзінен көрініп тұрғандай біріншілерде оттегінің барын (мысалы, H2SO4, HNO3, Н3РО4), екіншілерде жоғын көрсетеді (мысалы, HC1, HBr, HI, H2S).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет