Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет18/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Негіздер
Негіздер – металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксид тобынан тұратын күрделі заттар. Онда келтірілген мысалдарды негіздердің диссоциациялануын иондардың гидратталуын есепке ала отырып дәлірек былайша жазу керек:
КОН (к.)↔К+ (с.)+ОН (с.) NH3·H2O*↔NH4+ (с.)+ОН (с.)
Суда негіздер металл ионы, аммиак гидраты болғанда аммоний ионы мен гидроксид ионына диссоциацияланады. Негіздер, гидроксид-иондарынан басқа аниондарды түзбейді.
Негіздердің атаулары. Халықаралық номенклатура бойынша негіздердің атаулары — металл атауы мен гидроксид деген сөзден құралады. Мәселен, NaOH — натрий гидроксиді, КОН — калий гидроксиді, Са(ОН)2 кальций гидроксиді. Егер элемент бірнеше негіздер түзетін болса, онда олардың атауларында оның тотығу дәрежесі жақша ішінде рим цифрымен көрсетіледі. Ғе(ОН)2—темір (II) гидроксиді, Ғе(ОН)3—темір (III) гидроксиді. Мұндай атаулардан басқа өте маңызды кейбір негіздер үшін басқа атаулар қолданылады. Мәселен, натрий гидроксиді NaOH — күйдіргіш натр; калий гидроксиді КОН — күйдіргіш калий; кальций гидроксиді Са(ОН)2—сөндірілген ізбес; барий гидроксиді, Ва (ОН)2— күйдіргіш барит.
Алынуы. Суда еритін негіздер, яғни сілтілер, металдардың немесе олардың оксидтерінің сумен әрекеттесуі арқылы алынады:
2Na + 2H2O = 2NaOH + H2 Na2O + H2O = 2NaOH
NaOH пен КОН-тың өнеркәсіптік алу тәсілдері туралы § 13.3 қара. Суда аз еритін негіздер жанама жолмен алынады, анық айтқанда, оларға сәйкес тұздардың сулы ерітінділеріне сілтілер мен әсер етіп алады:
FeSO4+2NaOH = Fe(OH)2↓ + Na2SO4
AlCl3 + 3NaOH = Al(OH)3↓+ 2NaCl
Қасиеттері. Сілті ерітінділері қолға сабын тәрізді әсер етеді. Индикаторлардың түсін езгертеді, қызыл лакмусты — көк түске, түссіз фенолфталеинді қызғылт түске бояйды.
NaOH пен КОН сілтілері қыздырғанда өте тұрақты. Мәселен, NaOH 1400°С-та ыдырамай қайнайды. Дегенмен, негіздердің көпшілігі қыздырғанда ыдырайды. Мысалы:
Cu(OH)2=CuO + H2O 2Ғе(ОН)3 = Ғе2О3+ЗН2О
Негіздердің маңызды химиялық қасиеттері қышқылдарға, қышқыл оксидтеріне және тұздарға қатынасы бойынша анықталады.
1. Негіздер қышқылдармен эквивалентті мөлшерде әрекеттескенде тұз және су түзіледі:
КОН + НС1 = КС1 + Н2О
2NaOH + H2SO4=Na2SO4+2H2O
Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуін нейтралдау реакциясы деп атайды. Кез келген нейтралдау реакциясы ОН және Н+ иондарының аз диссоциацияланатын электролит — су түзе әрекеттесуіне әкеледі.
2. Сілтілер қышқылдық оксидтермен әрекеттеседі:
Са(ОН)2+СО2 = СаСО3↓ + Н2О
2NaOH + SiO2 = Na2SiO3+H2O
Соңғы реакция тек қыздырғанда ғана жүреді.
3. Сілтілер әртүрлі тұздардың ерітінділерімен әрекеттеседі. Мысалы,
2KOH + CuSO4 = Cu(OH)2↓ + K2SO4
Электролиттік диссоциация теориясының кезқарасы бойынша ерітінділердің жалпы сілтілік қасиеттерінің барлығы (сабын тәрізді әсер етуі, индикаторлардың түсін өзгертуі, қышқылдармен, қышқыл оксидтерімен, тұздармен әрекеттесуі) гидроксид ОН иондары болуымен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет