Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет58/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Тотығу–тотықсыздану екіжақтылығы.
Молекулаішілік тотығу–тотықсыздану
Құрамындағы элементтің тотығу дәрежесі жоғарғы мәніне ие болатын болса, қосылыс тотығу-тотықсыздану реакцияларында тек тотықтырғыш ретінде қатысады да, элементтің тотығу дәрежесі төмендейді. Құрамындағы элементтің тотығу дәрежесі төменгі мәніне ие болса, тек тотықсыздандырғыш болады, бұнда элементтің тотығу дәрежесі өседі. Егер элемент аралық тотығу дәрежесін көрсетсе, онда оның атомдары жағдайға байланысты электрондарды қосып алады немесе береді. Бірінші жағдайда элементтің тотығу дәрежесі төмендейді, ал екіншісінде – өседі. Сондықтан құрамында тотығу дәрежесі аралық элементі бар қосылыстар тотығу-тотықсыздану екіжақтылығын көрсетеді, реакцияға тотықтырғышпен де, тотықсыздандырғышпен де түсуге қабілеттері бар.
Мысалы, азот қосылыстарында тотығу дәрежесін –3 (аммиак және оның тұздары) + 5 ( азот қышқылы және оның тұздары) дейін өзгерте алады. Аммиак құрамындағы азот тек тотықсыздандырғыш, ал азот қышқылындағы азот тек тотықтырғыш ретінде әрекеттеседі. Құрамындағы азоттың тотығу дәрежесі +3 болатын азотты қышқыл НNО2 және оның тұздары реакцияда күшті тотықтырғышпен де, күшті тотықсыздандырғышпен де әрекеттеседі. Бірінші жағдайда НNО2 азот қышқылына дейін тотығады, ал екіншісінде - әдетте азот диоксидіне NО дейін тотықсызданады. Азотты қышқылдың тотығу-тотықсыздану екіжақтылығын келесі мысалдар арқылы көрсетуге болады:
5 KNO2 + 2 KMnO4 + 3 H2SO4 = 5 KNO3 + 2 MnSO4 + K2SO4 + 3 H2O;
2 HNO2 + H2S = 2 NO + S + 2 H2O.
Азотты қышқылдан басқа тотығу-тотықсыздану екіжақтылық қабілетін күкірт, йод, сутек пероксиді және басқа қосылыстар көрсетеді.
Құрамында тотығу дәрежесі аралық элементі бар заттар тағы бір ерекше қасиет көрсетеді. Белгілі жағдайда бұндай заттар құрамындағы элементтердің бір бөлігі тотығады, ал екінші бөлігі – тотықсызданады. Айтылған үрдіс өзіндік тотығу – өзіндік тотықсыздану деп аталады. Мысалы, хлор сумен әрекеттескенде тұз және хлорлылау (HСlO) қышқылдарының қоспасы алынады:
Cl2 + H2O = HCl + HClO.
Бұнда хлор тотығады және тотықсызданады:
Cl2 + 2 H2O - 2ē = 2 HClO + 2 H+ (тотығу);
Cl2 + 2ē = 2 Cl- (тотықсыздану).
Өзіндік тотығу – өзіндік тотықсыздануды диспропорциялану деп атайды. Кейбір күрделі заттар белгілі жағдайларда (әдетте қыздырғанда) молекула-ішілік тотығу – тотықсыздануға ұшырайды. Осындай үрдісте заттың бір құрамдас бөлігі тотықтырғыш, ал екіншісі - тотықсыздандырғыш, кызметін атқарады.
Молекулаішілік тотығу - тотықсызданудың мысалы ретінде термиялық диссоциациялану үрдістерін қарастыруға болады. Мысалы, су буының термиялық диссоциялануы нәтижесінде
2 H2O = 2 H2 + O2,
оттек тотығады (оның тотығу дәрежесі –2-ден 0-ге дейін өседі), ал сутек тотықсызданады (оның тотығу дәрежесі +1-ден 0-ге дейін кемиді). Зертханада таза азот алу үшін қолданылатын аммоний нитритінің айрылу реакциясында
NH4NO2 = N2 + 2 H2O
4+ ионы тотығады, ал NО2- ионы бос күйіндегі азотқа дейін тотықсызданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет