Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет59/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
Тақырыбы:ХИМИЯЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ.
САПАЛЫҚ ЖӘНЕ САНДЫҚ АНАЛИЗ, ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ.




Тақырыбы: КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. ДИСПЕРСТІ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ.



  1. Коллоидты химияның негізгі түсініктері.

  2. Коллоид күйінің ерекшелігі.

  3. Дисперсті системаның жіктелуі.

  4. Коллоидты химияның алатын орны.



Коллоидты химияның негізгі түсініктері.
1861 жылы Томас Грэм коллоидты химияның дамуы үшін өте маңызды роль атқаратын зерттеулер жүргізді. Ол барлық заттарды диффузия жылдамдығына қарай жақсы және нашар диффузияланушы деп екі класқа бөлді. Жақсы диффузияланушыларды кристаллоидтар, ал нашар диффузияланушыларды коллоидтар деп атады. Сол сияқты Т. Грэм кристаллоид пен коллоидты бір-бірінен бөліп алу әдісін ашты және ол бұл әдісті диализ деп атады. Бұл әдісте табиғатта кездесетін кейбір жарғақ сияқты заттардан әзірленген жұка пленканың өзі арқылы нағыз ерітіндіні өткізіп, коллоидты ерітінділерді сүзгіден өткізбей алып қалатын қасиеті пайдаланылған.
Т. Грэм диффузияны зерттеп, диализді қолданды және кұрамында органикалық заттары бар системалармен жұмыс істеді. Желатин, пектин, казеин, гуммиарабиктің диффузия жылдамдығы нашар, әрі диализ кезінде жарғақты мембранадан өтпейді. Олар кезінде желім жасауға жұмсалатын, сондықтан да Т. Грэм латынның соііа (желім) сөзі негізінде ғылым тіліне коллоид сөзін енгізді.
Коллоидты системаларды толық сипаттау үшін, оның қасиеті тек бөлшек өлшеміне ғана функционалды тәуелділікте болады деген пікірдің жеткіліксіздігін Н. П. Песков 1917 жылы көрсетті. Ол — бөлшек өлшемін өзгеріссіз сақтай алатын коллоидты системаның қабілетін анықтайтын факторларды ескергенде ғана мүмкін болатын жай. Бөлшек өлшемі олардың бір-біріне жабысып, бірігуі нәтижесінде өзгереді және осы құбылысты коагуляция немесе ұю дейді. Ұю процесіне қарсы тұратын қабілеттілік агрегаттык тұрақтылық болады.
Колоидты химияда фаза, система, гомогенді және гетерогенді системалар сияқты физхимиядағы түсініктер қолданылады. Дисперсті ортаны еріткішпен, ал дисперсті фазаны еріген затпен, дисперсті системаны ерітіндімен салыстыруға болады.
Коллоидты химия қазір ғылыми-техникалык прогресте маңызды роль атқарады. Коллоидты химиялық процестер болмаса, радиоэлектронды, тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі, құрылыс материалдарды, медициналық дәрі-дәрмектерді өндіру және онымен байланысты технологиялық операцияларды жүзеге асыру мүмкін емес. Қоллоидты химиядағы алғаш зерттелген ғылыми жұмыстар мен әдістер қазір биохимия, биотехнология және биофизика секілді ғылым салаларында кеңінен қолданылуда. Коллоидты химияны оқу, оны білу ғылым мен техниканың көп саласындағы мамандар үшін өте кажет және маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет