Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет61/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Дисперсті системаның жіктелуі.
Коллоидты системаны сипаттау үшін оны әртүрлі қасиет, ерекшелік тұрғысынан жіктеу керек.
Дисперстілік. Дисперстілік бойынша немесе дисперсті системадағы дисперсті фаза өлшемі бойынша, яғни дисперсті бөлшектің өлшемін, үнтақтылығын көрсететін өлшеміне орай жіктеу 38-суретте көрсетілгендей бөлінеді: ірі дисперсті; жоғары дисперсті (микрогетерогенді); коллоидты; молекулалык.
Мұндағы ірі дисперсті системаның бөлшектері сүзгіш қағаздан өтпейді, кәдімгі микроскопта көрінеді, өзінен жеңіл ортада жүзгін ретінде аз уақыт болып, тез отырады, ал өзінен ауырлау ортада жүзгін ретінде жүре береді. Система жоғары дисперсті болса, біршама тұрақты, бөлшегі ұсақтау, сүзгіш қағаздан оңай өтсе де жартылай өткізгіштерден өтпейді, кәдімгі оптикалық микроскопта көрінбейді, дисперсті ортада жүзгін ретінде үзақ сақталады.
Агрегаттық күй. Белгілі үш агрегаттық күйге сәйкес дисперстік системаны 9 түрге бөлуге болады (кесте). Әдетте әрбір түрді ондағы бос әріптерді кысқартып, бөлшек алымына дисперсті фазаны, ал бөлшек бөліміне дисперсті ортаны жазады.
Заттағы дисперсті фазаның дисперсті ортада шекті ерігіштігі — дисперсті системаньщ пайда болуындағы қажетті жай. Мысалы, дисперсті г/г системасындағы газдардық бір-бірінде шексіз еритін-дігінен әдетте көріне бермейді.
кесте

Реті

Дисперсті фаза

Дисперсті орта

Система белгісі

Система түрі

Мысалдар


қатты

сұйық

қ/с

Зольдер, жүзгіндер

Жүзгін, металл золі


сұйық

сұйық

с/с

эмульсиялар

Сүт, мұнай, май


газ

сұйық

г/с

Көбіктер, эмульсия

Сабын көбігі


қатты

қатты

қ/қ

Қатты коллоид ерітіндісі

Минералдар, қорытпа


сұйық

қатты

с/қ

Қуыс дене, гель, капилляр

Топырақ, балшық


газ

қатты

г/қ

ксерогелдер

Пемза,активті көмір


қатты

газ

қ/г

Аэрозоль,шаң,түтін

Түтін,шаң


сұйық

газ

с/г

тұман

Тұман, бұлт


газ

газ

г/г

ауа

Атмосфера, ауа

Жоғары дисперсті системаларды зольдер дейді және осыған орай дисперсті ортаның сипатына сәйкес гидрозольдер, органикалық зольдер, аэрозольдер болып бөлінеді. Ал ірі дисперсті системадағы қатты фазаның сұйық ортада таралуын жүзгіндер (суспензиялар), ал фаза да, орта да сұйық болса, оны эмульсиялар дейді.


Құрылым. Барлық дисперсті системалар құрылым жағынан еркін (бос) дисперсті және біріккен (байланысқан) дисперсті бо-лып бөлінеді. Еркін дисперсті система дегеніміз — дисперсті фаза мен дисперсті орта бірімен-бірі өзара байланыспай әрқайсысы бос жүретін дисперсті система. Оған жүзгіндер, эмульсиялар, аэрозольдер мен жалпы зольдер жатады. Дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара берік байланысқан системаларды байланысқан дисперсті система дейді. Оған капиллярлі кеуек заттар, диафрагмалы денелер, жұқа пленка — мембраналар, кәдімгі полимерлер, қатты ерітінді — қорытпалар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет