Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет60/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Коллоид күйінің ерекшелігі.
1. Барлық коллоидты ерітінділердің сәуле шашырату қабілеті болады (мұны опалесценциялау дейді). Бұл құбылысты тәжірибе жүзінде жасап көруге болады. Ол үшін сәуле жолына линза койып, одан шықкан сәулені коллоидты ерітінді арқылы жіберсе, одан опалесценцияны көруге болады. Мұны Тиндаль конусы дейді.
2. Нағыз ерітінділермен салыстырғанда коллоидты ерітінділердегі диффузия жылдамдығы төмен.
3. Коллоидты ерітінділердің осмостық қысымы аз, кейде оларды байқау да қиын. Демек, коллоидты ерітінділердегі диффузия жылдамдығы мен осмостық қысымының төмен болуы ондағы еріген зат бөлшегінің нағыз ерітіндімен салыстырғанда ірі екендігін көрсетеді. Расында да коллоидты ерітіндідегі бөлшек ірі болған сайын оның диффузия кезіндегі қозғалысы қиындап, жылдамдығы төмендейді, өйткені бөлшек іріленген сайын кедергі де арта түседі. Сондай-ақ ондағы бөлшек өлшемі осмостық қысымға әсер етеді. Берілген бірдей көлем мен тығыздықтағы екі ерітіндінің қай-сысында бөлшек ірілеу болса, сонда бөлшек саны аз болады. Ал осмостық қысым концентрацияға, яғни бөлшек санына тікелей тәуелді.
4. Коллоидты ерітінділер диализге бейім, яғни онымен ерітіндіде бірге еріген төменгі молекулалы заттарды жартылай өткізетін жарғақты пленкалар көмегімен тазартуға болады. Мұндайда төменгі молекулалы заттар (нағыз ерітінділер) жарғақ арқылы өтеді де, коллоидты ерітінділер қалып қояды.
5. Нағыз ерітінділер өте тұрақты, ал коллоидты ерітінділер тұрақсыз. Олай болса, коллоидты бөлшектер болмашы ғана сыртқы әсер салдарынан қоагуляцияланады.
6. Қоллоидты ерітінділер, әдетте, электрофорез құбылысына бейім. Бұл құбылыс электр өрісіндегі коллоидты бөлшекті оң, не теріс электродқа тасымалдаумен сипатталады.
Коллоидты химиядағы басты проблемалардың бірі — агрегаттық тұрақсыздық. Бөлшектердің тұрақсыз болуының негізгі себептері термодинамикалық және кинетикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Қоллоидты системадағы агрегаттың тұрақсыздық системадағы фазааралық жанасу бетке шоғырланған энергияның оң және айтарлықтай үлкен мәнде болуына байланысты екен. Ол бос энергияға тең болғандықтан, мұндай системалардың бәрі де тұрақсыз екені термодинамикадан белгілі. Бұл жайт коллоидты системалардың ұюына, коагуляциялануына әкеледі. Мұндайда бөлшектер бір-біріне жанасып, бірігеді және фазааралық беткі қабат азайып. системадағы бос энергия кемиді. Коллоидты системаның күйін термодинамикалық тұрғыдан өте қарапайым әдіспен талқылауға болады. Әйтсе де мұндай талкылау агрегаттық тұрақсыздыктың негізгі түпкі мәнін ашпайды. Сол сияқты термодинамика системадағы бос энергия мен системаның тұрақсыз күйде қанша уақыт болатынын және олардың арасындағы байланысты көрсетпейді. Сондықтан да коллоидтық системаның агрегаттық күйі жайлы мәлімет толық және нақтылы болу үшін термодинамикалық талкылау физикалық кинетикамен толықтырылады.
Дисперсті орта, дисперсті фаза кұрамы бірдей екі дисперсті система алынды делік. Бұл екі ситеманың айырмашылығы бірінші системадағы дисперсті фазада кездесетін бөлшектер біркелкі де, екінші дисперсті фазадағы бөлшектер бірдей болса да өлшемдерінің әр түрлілігінде. Бұл — бөлшектер айырмашылығын диаметр, ұзындық, биіктік сияқты өлшемдермен шектеп көрсетуге арналған мысал. Ал іс жүзінде коллоидты системадағы дисперсті фаза бөл-шектердің өлшемі әр түрлі болады. Мұндай системаларды салыстыру үшін меншікті бет арқылы сипатталатын, Оствальд ұсынған дисперстік дәреже қолданылады.
Дисперсті системалардың көптеген қасиеттері оның дисперстілігіне тікелей байланысты. Диффузияға және осмостық қысымға бейімділік сияқты дисперсті системаның кейбір қасиеттері ірі дисперсті күйден жоғары дисперсті система күйіне ауысуы жақсы байқалады. Олардың кейбір қасиеттері керісінше, жоғары дисперс-тіден іріге ауысқанда басымырақ болады. Мысалы, бөлшектердің үлкейген сайын шөгіндіге отыру, шөгу сипаты артатын қасиеті, осы айтылғанға дәлел. Мұны седиментация дейді.
Дисперсті системалардың қайсыбір қасиеттері ауыспалы мәндегі дисперстілік дәрежеге, коллоидты өлшемге сәйкес пайда болады. Бұл олардың сәулені шашыратуы, коллоидты система реңінің өзгеруі, т. б.
Коллоидты системаның қасиеттерін қарастырғанда тек бөлшектің өлшемін ғана ескеріп қоймай әр түрлі адсорбциялық құбылыстарға мүмкіндік туғызатын фазааралық беткі қабаттың болатынын және сол сияқты осы бөлшектердің бетінде (үстінде) жүретін әрқилы химиялық реакцияларды да ұмытпаған жөн. Демек, коллоидты химия дисперстік системамен, оның өлшемі, энергиясы, үлестік беті, дисперстік дәрежесі сияқты көптеген сипаттамаларымен байланысты екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет