17
Таңбаланған флуорохромдық антиденені тірі жасушаға инъецирлеуге болады. Мысалы,
тубулин ақуыздық флуорохроммен байланысқан антиденелерін жасушаларға енгізсе, олар
микротүтікшелермен косылады. Осының нәтижесінде мұндай тірі жасушаларды флуоресценттік
микроскоптың көмегімен бақылауға болады. Соңғы кезде тірі жасушаларды немесе олардың
компоненттерін зерттеу үшін бейнелерді өңдеуде жарық микроскоптың электронды-компьютермен
үйлесімі кеңінен қолдана бастады (әсіресе фазасы қарма-қарсы). Бейнелерді электронды өңдеуде
бейнетаспа қолданады, сонымен бірге бақылап отырған
құрылымды қарама-қарсы етіп, фондық
деңгейді "алып" және белгілейді. Мұндай әдістеме микротүтікше сияқты құрылымды телеэкраннан
көруге мүмкіндік береді, жарық микроскоптың рұқсат етілген күнінен (20 нм) аз мөлшерде. Мұндай
жүйені қолдануда тек цейтраферлі кино түсірілімді алмастырмайды, сонымен бірге бейнетаспаны
қолданады, бейнелерді компьютерлік өңдеуде рұқсат етіледі: құрылым тығыздығының мәліметі
туралы, сонымен бірге үш өлшемді ұйымдасу. Тірі жасушаларды зерттеуде бұл әдістің
флуоресценттік микроскоппен үйлесімділігі үлкен жетістікке әкеледі. Жарық микроскоптағы жай
әдіс микроскоптың терең еместігінен қаралып жатқан объекттің суреті үш өлшемде өңделуі өте
қиын. әдетте жасушалар оптикалық кесілім ретінде берілген фокус тереңдігінде қаралады.
Объектінің толық үш өлшемді реконструкциясын алуда арнайы конфокальді сканирлік жарық
микроскопы қолданылады. Бұл прибордың көмегімен әр түрлі тереңдіктен
және компьютерде
жинақталған бейнелерден алынған тізбектердің кесілімі алынады. Сонымен бірге үш өлшемді,
көлемді бейнеленген объектіні арнайы бағдарламамен құрастырады. Әдетте флуорохроммен
боялған объекттер қолданады.
Поляризациялық микроскоп. Поляризациялық микроскоптың көмегімен субмикроскопиялық
компоненттері тәртіппен орналасқан биологиялық құрылымдарды (коллаген талшықтары,
миофибрилдер) зерттеуге болады. Жарық толқындарын белгілі бір поляризация бағытына
бағыттайтын конденсорлы шынының алдына поляризатор орналасады. Зерттейтін препарат және
объективтен кейін
анализатор орналасады, ол жарық толқынына сол жазықтықта өткізеді.
Поляризатор мен анализаторлар-призмалар (николь призмасы). Егер екінші призманы (анализатор)
бірінші призмаға қарағанда 90°С бұрсақ, онда жарық түспейді. Осы екі
призманың арасында екі
қабатты сәуле шағылыстыратын немесе поляризация жасайтын қабілеттілігі бар объектілер болса,
онда ол қараңғы ортада жарық шашқандай болып көрінеді.
Электронды микроскоп. Электронды микроскоптың көрсеткіштік қабілеті өте жоғары. Қазіргі
электронды микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі 0,1-0,3 нм-ге дейін жетеді. Электрондық
микроскоптың құрылыс принципі жарық микроскопына ұқсас, сәулелерінің рөлін электр тоғымен
қыздырылған вакуумда орналасқан В пішінді фольфрам жібі электрондар тасқынының қызметін
атқарады, әйнек линзалардың орнында электромагниттік линзалар орналасқан. Жарық
микроскопының объективі мен окулярының орнына электрондық микроскоптың магниттік
катушкалары сәйкес келеді. Электронды микроскопта (ЭМ) міндетті түрде ваккум болуы қажет,
себебі ауада электрондар
алысқа кете алмайды, оттегі, азот немесе көмір қышқыл газы
молекулалармен кездессе, олар бөгеліп өз жолын өзгертіп шашырай кетеді. Электрондар
тасқынының бағытын қажетіне қарай қуатты электр өрісі немесе магнит өрісімен өзгертуге болады.
Электрондардың жылдамдығы үдесе, электрондық микроскоптың шешуші кабілеті артады.
Электронды микроскоптың экраны мен фотопластинкада 50 000 есе үлкейтуге, фотошығаруда
одан да көп есе үлкейтуге (10) болады. Қазіргі уақытта флуоресценцияланатын экраннан
электронды-микроскопиялық суреттерді сандық телекамерамен компьютерге беріледі. Принтерді
пайдалана отырып, суреттерді шығара алады. Электронды микроскоптың көмегімен металл мен
кристалды торларда зерттеуге қолданады. Электронды микроскоптарда жарықтың орнына электрон
сәулелері
қолданылады, осыған байланысты қолданылатын қуаттың күші 50—100 кВ-қа дейін
барады, ал толқын ұзындығы 0,056-0,035 А°-ге жетеді. Толқын ұзындығы неғұрлым қысқа болса,
микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі сорғұрлым артатынын физика курсынан жақсы білеміз.
18
Осыған байланысты электронды микроскоптардың көрсеткіштік қабілеттілігі - -7 А°-ға, ал
үлкейткіштік қабілеттілігі 600 000-ға дейін жетеді. Электронды микроскоптың көмегімен қарайтын
заттың қалыңдығы 400-600А° препаратты көруге болады, өйткені қалың препараттан электрондар
өте алмайды, олардың өткізгіштік қасиеті нашар. Электронды микроскопқа препарат дайындайтын
приборды ультрамикротом деп атайды. Осы аспаптың көмегімен жұқа кесінді жасап, оны объекті
торына бекітіп, арнайы бояулармен бояп, электронды микроскоппен қарайды. Электрон сәулелері
препарат арқылы өткенде объектінің үлкейтілген «көлеңкесі» экранға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: