Ф-ОБ-001/033 қауіптенгені де нақ сол болатын, сондықтан олар қазақ қоғамының ықпалды адамдарын оқшаулап тастауға тырысты. Ахмет пен Жақып ортақ мүдде бекіткен тығыз достықпен байланысты болатын. Ахмет өзі де үнемі полицияның бақылауында бола жүріп, Жақыпқа көмектесуге, қол ұшын беруге тырысады да, сол үшін қамауға түседі.
1910 жылғы 17 қаңтарда нақ сол Тройницкий қудалауға ұшыраған бірқатар қазақ зиялыларының тағдырын анықтауды сұраған Скалозубтың сауалына байланысты Дала генерал-губернатора рапорт жібереді. Тройницкий Өскемен түрмесінде Көлбай Төленгітов (кейіннен “Үш жүз” партиясын құрған, тарихта Көлбай Тоғысов деген атпен алдыңғы қатарлы білімді адамдардың бірі ретінде мәлім) пен Жаменей Жансүгіровтың отырғанын мойындайды. Бірақ рапортқа қарағанда, Тройницкий оларды қамаудан босатуда гөрі, тұтқындарды еркіндікке шығаруға тырысушыларды қамауға алуды дәлелдеу жайын ойластырады. Ол былай деп жазады: “Скалозуб мырзаның беймәлім хабаршылары – жай ғана өсекшілер мен өтірікшілер, сондықтан оларды өсек айтқаны үшін сот арқылы жауапқа тарту мақсатымен Скалозуб мырзаны олардың есімдерін атауға мәжбүр ету өте пайдалы болар еді.” Мемлекеттік Думанның мүшесі жөніндегі осы бір полициялық-ұрдажық “мәжбүр ету” режимінің тіректерінің, тіреушітерінің және басқа да шіріген сүйеніштерінің бірі “құқықтану” деңгейін өте айқын сипаттайды. Қапалда айдауда жүрген кезінде-ақ, Ақбаев 1909 жылдың орта шенінде сенатор граф Панелге хат жолдап, онда ХХ ғасырды басында отаршылдық құлдықта болған қазақ халқының ауыр жағдайын суреттейді, дала халқының экономикасына, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына қысқаша талдау жасайды ( Ж. Ақбаев ісінің 150-186 беттері). Хатта Ақбаевқа қарсы сот ісі суреттеліп, оның заңсыздығына дәлелдер келтірілген. Онда Қарқаралы уездік басқармасының бастығы полковник А. Цыловтың, Омбы сот палатасының төрағасы А.А. Кобылиннің және басқа да отаршыл аппарат шенеуіктерінің ашықтан-ашық озбырлығы мен зорлық-зомбылығы, ашкөздік әрекеттері көрсетілген. (Бұл өтінішті біз басқа бөлімде қарастырамыз.)
23