Ф-ОБ-001/033 Дала генерал-губернаторынан рұқсат алған Жақып Қарқаралыға дереу жүріп кетеді. Вице-губернатор Останкиннің сол сапарға рұқсат еткен жеделхатының астына күні 1909 жылғы 17 қазан деп көрсетілген. Ақбаевтың ежелгі дұшпаны, Семей губернаторы А. Тройницкий оның Қарқаралыға сапарын елеусіз қалдырмады. Ол генерал губернаторға дереу мынадай жеделхат жолдады:«Қарқаралы уезінде Ақбаевтың жақтастары қалды, бірақ олардың ең бастыларының бірі- Қарқаралы орыс-қырғыз училищесінің бұрынғы меңгерушісі Байтұрсынов жаз кезінде-ақ қамауға алынған еді. Соңғысының қылмысты әрекетін тергеу үшін мен жандарм басқармасы бастығының көмекшісі ротмистр Леваневскийді жібердім, оған жалпы алғанда Ақбаев пен Байтұрсыновтың ықпалымен уезде орын алған пиғылды анықтау тапсырылды»( № 251 құжат).
Ақбаев пен Байтұрсынов арасында жасалуы мүмкін саяси одақ алаңдатқан Тройницский: “Осы себепті Ақбаевтың онда тіпті ең қысқа мерзімге болса да баруы өте қажетсіз”, - деген қорытынды жасайды. Дала генерал-губернаторы бұл ескертуді елеусіз қалдырмай, өз рұқсатымен күшін жойды ( 3 қарашадағы №747 құжат). 13 қарашада полиция Жақыпты Қарқаралыда ұстап, оны Қапалға қайтарып жіберді.
Ақбаев Байтұрсыновпен бұл жолы кездесе алмауына А. Тройницкийдің қалт жібермей қадағалау ғана емес, Ахметтің сонау 1 маусымда-ақ Қарқаралыда ұсталып, Семей түрмесіне отырғызылғаны себеп болған еді. 6 шілдеде нақ сол Тройницкий өзінің Дала генерал-губернаторы атына жолдаған рапортында А. Байтұрсыновтың қамалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасайды. Ал 15 шілдеде жеделхат арқылы Ішкі істер министрінен де нақ соны өтінеді. Сөйтіп екі күннен кейін министр оған рұқсат береді. Біздің, атап айтқанда, Байтұрсыновқа егжей-тегжейлі тоқталып отырған себебіміз – Жақыптың Қарқаралыға келуіне ол біраз күш салынған еді. Бұл да оның кінәсін Терендете түскен факт болды. Істің №172 құжатында былай делінген: “Қарқаралы қаласындағы орыс-қырғыз училищесінің бұрынғы меңгерушісі Байтұтсыновтың әрекеті жөнінде айтар болсақ, аталған Байтұрсынов
21
Ф-ОБ-001/033 Қарқаралы уезінің қырғыздары арасында үкіметке қарсы сеперативтік рухта насихат жүргізген және Семей облысынан жер аударылған Жақып Ақбаевты қайтару туралы келісім жасаған”.
Ахметтің түрмеге қамалуына амалсыздан кінәлі болғаны Жақыптың жанына қатты батты. 1909 жылғы 6 желтоқсанда “Современное слово” газетінің 682-нөмірінде “Қырғыздың халық ақыны түрмеде” деген мақала жарық көрді. Мақалаға Ә.Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың тікелей қатысы болуы әбден мүмкін, өйткені олар астана жұртшылығымен жақсы байланысын үзбеген еді. Мақалада Ахметке кінә етіп тағылған бес “қылмыстың біреуі оның Ә. Бөкейхановпен және Ж. Ақбаевпен таныстығы болғаны” айтылады. Мақала мынадай сөздермен аяқталады: “Байтұрсыновтың отырғанына 5 ай. Оған айып та тағылмай, босатылмай да отыр. Оның губернатор атына берген өтініштері жауапсыз қалуда” (“Современное слово”,1909, №682).
Осы мақала жарыққа шығысымен-ақ Мемлекеттік думанның мүшесі Н. Скалозуб Дала Өлкесінің генерал-губернаторы Е. О. Шмидке фактілерді тексеруді өтініп хат жіберді. Өкінішке қарау, бұл тексеру сол баяғы А. Тройницкийге тапсырылды. Ол, әрине, А. Байтұрсыновтың қамалуын ақтауға тырысқан. Ол өзінің Е. О Шмидке 1909 жылғы 30 желтоқсанда жолдаған жауап хатында А. Байтұрсынов заңды қамалғандығын мақұлдайтын мынадай үш "самақты" дәлел келтірді: 1. Байтұрсынов бүлікшілер Ж. Ақбаев пен Ә. Бөкейхановтың тобынан; 2. Ол өкіметке қарсы Ж. Ақбаев ұйымдастырған саяси әрекеттерге қатысушы; 3. Өлкеде соғыс жағдайын енгізуге қарсы. Осының бәрін тізіп келтіре отырып, губернатор өзінің “досы” Жақыпты атап өтуді де ұмытпаған: “Үстіміздегі жылдың қаңтарында Жақып Ақбаевты айдаудан қайтаруға өтініш жасалған келісім пайда болды. Бұл кесімді Байтұрсынов жазды деген күдік туды. Байтұрсыновтың іс-әрекетін тергеудің басталуына да осы жағдай себеп болды”.
“Семей жауызы” атанған губернатор А. Тройницкий даладағы ықпалды да құрметті адам Байтұрсыновты түрмеде ұстау үшін барын салды, ал халық оның айтқанын қалт жібермей құлақ асатын еді. Отаршыл әкімшілік шенеуніктерінің
22