Тақырыбы: КҮйзеліс туралы г. Сельенің ілімі. Эмоциялық стресс орындаған: Фукультеті


Үрей (дабыл) сатысы жағымсыз ықпалдарға организімнің қорғаныстық икемделу мүмкіншіліктері тез іске қосылады



бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі2,01 Mb.
#126735
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kүyzelіs-turaly-gselenің-іlіmі-emotsiyalyқ-stress

Үрей (дабыл) сатысы жағымсыз ықпалдарға организімнің қорғаныстық икемделу мүмкіншіліктері тез іске қосылады.

Бұл саты соққы және соққыға қарсы фазалардан тұрады.

    • Соққы фазасында бұлшық еттердің әлсіздігі, артериялық қысымның төмендеуі, гипотермия, гипогликемия, эозинопения,қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуі т.б. құбылыстар байқалады.
    • Соққыға қарсы фазасында көрсетілген бұзылыстар кері бағытта өзгереді.Артериялық қысым және бұлшықетердің күш – қуты көтеріледі, қанда глюкоза көбейеді. Гипофиз бен бүйрек үсті бездерінде кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуі тұрақты түрде жоғарылайды,осыдан адаптациялық синдромның екінші төзімділік сатысы дамиды.

Төзімділік сатысында бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы байқалады, кортикостероидтардың түзілуі артады, глюконеогенез күшейеді. Бұл кезде өзгерген сыртқы ортаның жағдайларына организмнің бейімделу мүмкіншілігі ең жоғарғы деңгейге көтеріледі.Егер қолайсыз ықпал ұзақ мерзімде әсер етсе, онда организмнің көрсетілген қабілеті бұзылады, жалпы адаптациялық синдромның үшінші қалжырау сатысы дамиды. Қалжырау сатысында организмнің тіршілік мүмкіндіктері таусылады, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты семіп қалады, кортикостероидтық гормондар түзілуі қатты азаяды , артериялық қысым төмендейді, нәруыздардың ыдырауы артады, дене қызымы төмендейді, гипогликемия байқалады.

Стресс дамуына әкелетін жағымсыз ықпалдар ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның жағдайларына организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін арттырады. Бұл кезде организмнің төзімділігі әсер етуші ықпалы ғана емес, көптеген басқа жағымсыз әсерлерге де жоғарлайды. Былайша айтқанда, бір жағымсыздықтан кейін екінші қолайсыз ықпалдың зиянды әсері әлсірейді.

  • Стресс дамуына әкелетін жағымсыз ықпалдар ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның жағдайларына организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін арттырады. Бұл кезде организмнің төзімділігі әсер етуші ықпалы ғана емес, көптеген басқа жағымсыз әсерлерге де жоғарлайды. Былайша айтқанда, бір жағымсыздықтан кейін екінші қолайсыз ықпалдың зиянды әсері әлсірейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет