Тақырыбы: Ұн тағам ретінде. Ұнның ассортименті мен сапа нормалары. Тобы



бет3/9
Дата06.12.2022
өлшемі46,32 Kb.
#55474
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұн Срс Арай

Таба нан
Құрамы:1 килограмм ұн, 2 ас қасық ашытқы, 1 шай қасық тұз, 2 кесе жылы су немесе сүт.
Дайындау тәсілі: Таба нан - қазақ халқының ең үлкен дәмі. Оның жақсы пісуі, ең алдымен ұнға, қамырдың илену дәрежесіне, ашытқысына, көме білуге тікелей байланысты. Соған орай ұн таңдай білу, ашытқы әзірлеу және оны шеберлікпен илеу - басты міндет. Жақсы ашытылған қамырдың наны да жақсы піседі. Сондықтан да ең алдымен ашытқы әзірлей білу керек. Оны әзірлеу үшін 10-15 грамм дрожжи немесе жарты шай қасық ас содасы жарты кесе жылы суға ерітіледі де 2 ас қасық ұн, жарты шай қасық тұз араластырылып, ашытуға қойылады. Ашытқы көтерілген соң (оның кәтерілгенін бетіне дөңестене көпіршіп шыңқан көбіктен білуге болады), қамыр иленеді. Ол үшін жоғары немесе бірінші сортты бидай ұны еленеді.Сөйтіп, жылылығы 30-35 градус суға немесе сүтке ашытқы (алдын-ала су құйылып, езілген), тұз, қант салынады да, жұмыртқа жарылады. Содан соң еленген ұн салынып, қамыр иленеді. Егер жұмыртқа табылмаса оның орнына 1 ас қасық өсімдік майын құюға болады. Сонымен қамыр иі қанғанша иленіп, беті жабылады да, жылы жерге қойылады. Сонда 1,5-2 сағаттың ішінде қамырдың көлемі де 1,5-2 есе ұлғайып, көтеріледі. Осы кезде тағы бір рет қайырып илеп, қайтадан жылы жерге қою керек. Қамыр әбден ашыған кезде шөге бастайды. Ал ол шөкпей, қайта көтерілсе немесе ыдыстың сыртына төгілгенше быршып кетсе, қамырдың да, соған орай көмілетін нанының да сапасына нұқсан келтіреді. Қамыр табаның мөлшеріне қарай бөлініп алынып, мал майы немесе өсімдік майы жағылған табаға тегістеп салынады. Ашыған қамыр көлемі табаның 2/3 болігіндей болуға тиіс. Өйткені қамырдың көлемі қызумен тағы да көтеріліп, ұлғаяды. Сөйтіп үстіңгі табаны көтеріп кетеді. Сонымен, қамыр табаға салынған соң беті үстіңгі табамен жабылып, шоқ қоламтасына көміледі. Біраздан кейін шоқтан аршып алынып, бетін ашпастан екінші жағына аударылады да қайта көміледі.

5
Қазіргі кезде таба нан ауылдық жерлерде де, қалалық жерлерде де газ немесе электр пештерінің духовкаларында пісіріле бастады. Мұнда да нанның астыңғы жағы пісті-ау дегенде екінші жағына аударылады. Пештің қызуы 200-220 градус болса таба нан 20-25 минутта-ақ піседі. Жақсы піскен нанның түсі қошқыл тартып тұрады. Бетіне бармақ батырса, шұңқырайып барып, тез қалпына келеді.Таба нан ыстықтай да, суытылып та желінеді. Әсіресе, ұсақтап туралып, үстіне сары май салып жеген нан тіл үйірер, өте тоқ тағам [2]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет