Тақырыбы: Ұн тағам ретінде. Ұнның ассортименті мен сапа нормалары. Тобы



бет4/9
Дата06.12.2022
өлшемі46,32 Kb.
#55474
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұн Срс Арай

Құйрық май қосқан таба нан
Құрамы: 2 кесе бидай ұны, 1 ас қасық ашытқы, 1 шай қасық тұз, 150 грамм құйрық май.
Дайындау тәсілі: Мұның да қамыры таба нанның қамыры секілді ашытылып, сол секілді иленеді. Қамыр май жағылған табаға салынған соң әр жерінен саусақпен шұқырлап, оған туралған құйрық май кесектері салынады. Табаның үстіңгі беті жабылып, шоқ қоламтасына көміледі немесе духовкаға қойып пісіріледі. Қалған проқестердің бәрі таба нан көму кезіндегідей болады.Мұндай нан ерекше хош иісті әрі өте дәмді келеді.
Қазанжаппай 
Құрамы: 2,5 кесе ұн, 1,5 ас қасық ашытқы, 1,5 шай қасық тұз, 1 кесеге жуық су немесе сүт.
Дайындау тәсілі: Жабылатын қамыр да таба нанның қамырындай ашытылады. Қамыр көтеріле бастағанда-ақ ауладағы немесе жазғы ас үйдегі ошаққа (табылса сексеуіл, табылмаса - тезек қаланып) от тұтатылады. Әрине, отынның төресі - сексеуіл шоғына кез-келген тағам тез піседі. Өйткені оның қызуына басқа ешқандай отын тең келе алмайды. Сонымен тезек немесе сексеуіл әбден жанып болып, қызарып шоғы қалғанша қамыр да бабына келеді. Содан соң қазан (тұтас қазан болмаса, жарты қазан да жарай береді) шоққа төңкеріле ұсталып қыздырылады да, ішкі жағы түгел майланады. Сөйтіп, дайын қамыр қалыңдығы бір еліге жетер-жетпес етіліп, тұтас жайылады. Қамыр қазанға толық жабысуға тиіс. Арасында ауа қалса немесе дұрыс жабыспаса қазан төңкерілген кезде түсіп қалады. Қамыр түгел жабыстырылып болғаннан кейін оның беті бес саусақтың ұшымен түгел тесіледі. Ол тесіктердің қамыр оттың қызуымен көтерілген кезде ізі ғана қалады. Бұл жұмыстардың бәрін 5-10 минуттың ішінде бітіру керек. Өйткені бұл уақытта қызарған шоқ қоламтаға айналады.

6
Осы қоламта ошақтың аузына қарай ысырылып, біркелкі етіп жайылады да үстіне қамыр жапсырылған қазан төңкеріледі. Оның ошақтың аузын түгел жауып жатуы тиіс. Сөйтіп, шамамен, 25 минутта қазанжаппай пісіп те болады. Піскен қазанжаппайдың беті қызғылт тартып тұрады. Содан кейін қазан ошақтан алынып, қазанжаппай аспаздың қалауынша түрлі формада (төртбұрыштап, үшбұрыштаи, қиықшалап т. б.) өткір пышақпен кесіледі де, бетіне сары май немесе қаймақ жағылады. Қаймақ пен сарымайды қазанжаппай кесілмей тұрып та жағуға болады.Дастарқанға үлкен табақтарға салынып әкелінеді. Ол ыстық күйінде де, салқын күйінде де желінеді. Ыстық күйінде сары майға жаншып жеген қазанжаппайдан дәмді тағам жоқ [2].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет