Тақырыбы: Ұн тағам ретінде. Ұнның ассортименті мен сапа нормалары. Тобы



бет5/9
Дата06.12.2022
өлшемі46,32 Kb.
#55474
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұн Срс Арай

Бауырсақ 
Құрамы: 20-30 грамм дрожжи, жарты кесе су, 1 шай қасық қант, 4 кесе ұн, 1,5 кесе айран немесе сонша шикі сүт, 2 ас қасық ерітілген сары май, 2 ас қасық қаймақ, 2 кесе өсімдік майы.
Дайындау тәсілі: Бауырсақ ашытқан қамырдан да, ашытпаған қамырдан да қуырыла береді. Оны ашытқан қамырдан қуыру үшін алдымен ашытқы дайындалады. Ол үшін дрожжи мен қант жарты кесе суға езіліп, көтерілуге қойылады. Дрожжидің көтерілгендігін бетіне дөңестене көпірши шыққан көбігінен білуге болады. Бауырсақ қуыруға арналған ұнға айран немесе шикі сүт, ерітілген сары май құйылады да, қаймақ салынып, алдын ала дайындалған ашытқымен араластырылады. Сөйтіп қамыр иленеді. Ол домалақталып, ұн себілген тақтайдың үстіне немесе эмальды тегешке салынады да, беті жабылып, 2-3 сағат жылы жерге қойылады. Ашып, көтерілген қамыр шетінен үзіп алынады да, оқтаумен 1-1,5 сантиметр қалыңдықта жайылады немесе диаметрі 2-2,5 сантиметр етіліп, жұмырланады. Қалай еткенде де олардың көлемі бірдей болуға тиіс. Қазан отқа қойылады да, сұйық май құйылып, қыздырылады. Ол табылмаса тоң май салынып, ерітіледі. Май қайнай бастағанда әлгі кесілген немесе домалақтанған қамыр салынып қуырылады. Бауырсақ біркелкі қуырылу үшін оны аударыстырып тұру қажет. Жалпы майды тым қайнатып та, суытып та алуға болмайды. Майдың қызуы қатты болса бауырсақтың сырты күйіп кетеді де, іші піспей қалады, ал қызуы әлсіз болса - қамыр майсіңді болып, қуырылмайды [2].

7
1.2 Ұннан жасалған тағамдар.


Ұн — дәнді дақылдарды ұнтақтау арқылы алынатын тағамдық өнім. Ол негізінен бидай, сондай - ақ жүгері, арпа, сұлы, бұршақ дәндерінен дайындалады. Ұн: нан, кондитерлік, кеспе өнімдерін, т. б. дайындау үшін пайдаланылады. Ұнның химиялық құрамы, тағамдық және технологиялық сапасы дәннің түріне, ұнтақталу дәрежесіне, т. б. байланысты. 2 - сұрыпты және еленбеген ұнда В1, В2, РР және Е витаминдері болады.
Жоғарғы сұрыпты ұнда бұл витаминдердің мөлшері өте азайып кетеді. Ұзақ сақталған ұнның сапасы нашарлайды. Оның ылғалдылығы 15%- дан аспау керек, ылғалдылық мөлшері одан жоғары болса, ұн қышқылданып көгереді және өздігінен қызып кетеді. Ал төмен болған жағдайда ұн аши бастайды.Ұн диірмендерде тартылады [3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет