Тілдік көрнекіліктер шет тілін оқытуда кеңінен қолданылуы керек.
Тілдік көрнекіліктерге мыналар жатады:
1) сөздің әрбір мағынасы дербес оқу бірлігі ретінде түсіндірілуі керек;
2) танысу кезінде сөздердің үйлесімділігі мен құрылымына, синонимдік және антонимдік қарама-қайшылықтарға, сондай-ақ олардың мағыналарының көлеміне үлкен назар аудару керек;
3) жаңа лексикамен танысу дыбыстық сөйлеуге негізделуі керек (бір уақытта әртүрлі сипаттағы көрнекі тіректер мүмкін);
4) сөздерді баяндау кезінде олардың мағыналарына болжам жасау қажет м [6, 75].
Енді осы тілдік көрнекіліктердің, мықты және әлсіз жақтарын қарастырайық. Контекст-мағына бұл көрнекіліктің пайдасы - сөздің сөйлемде колданылған мағынасы ой туғызады, есте ұзақ сақталады, бірақ сөйлемдегі оның мағынасы негізігі мағына болумен қатар, қосымша мағынасы да болуы мүмкін ,осы жағдайда оны қолдану тиімді емес. Сондықтан, сөйлемдегідей мағынасын іздеп табу керек, бұл оңай шаруа емес, оған қосымша түсініктеме берілуі керек болады.
T. It was hot. We had nothing to drink. We were thirsty. Do people need water or bread when then are thirsty? P1. They need water. T. What do people need when they are thirsty. P2. They need water (or smth to drink). Шет тілінде лексиканы үйретуде лексикалык қиындыктар ағылшын тілінің аналитикалық құрылысы мен инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты.
Мысалы:
The horse is slipping - The horse is sleeping. They worked till night - Тhey walked till night. Міне, осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, оқушылар сөздерді де шатас- тырады.
Мысалы:
East-West take-put ask-answer Лексиканы оқытудың негізгі жолдары мен әдістері
Тілді үйретудің мақсаттарының бірі - оқушыны сөзді және таныс емес дыбыстарды тындай білуге үйрету. Сөзді тыңдау дегеніміз - оның акустикалық формасын білу. Сондықтан, жаңа сөздермен таныстырғанда сөзді айтуға үйрету оқушының тыңдау және сөйлеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруда үлкен орын алады. Сөзді айтуға тек қана тыңдау мен сөйлеуді үйрету ғана емес, сонымен қатар ол сөздерді жазып, сөздің дыбыстарының графикалық белгілерін үйрету де жатады. Сөзді дұрыс айтпау, оны түсінбеуге әкеп соғады. Егер сөзді айтушы сөздің бір дыбысын өзгертіп айтса, сөздің мағынасын да өзгертеді. Алғашқы кезеңде қалыптасқан тындау, оқушының болашақ айту біліктілігін анықтайды. Сондықтан мұғалім осы кезеңдерді оқушының жеке қиындықтарын анықтап, дыбыстарды айтуда қателіктерін түзетуі қажет болады. Айту дағдысын дамыту жаттығулары 2 топқа белінеді: