1.Таныстыру жаттығулары. Егер сөздің мағынасы түсінікті болса, ол сөздердің ішінен сын есімдерді табуға тапсырма беріледі. Етісіктердің қайсысы еңбекті, қайсысы демалысты білдіретінін анықтауға немесе «They left for Kiev yesterday» сөйлеміндегі екпінді сөздерді табуға тапсырма беріледі. Егер олар екпінді сөздерді дұрыс атаса, жаттығулардың табысты болғаны.
2.Үйрету жатығулары. Ағылшын тілі дыбыстарын, тіркестерін, сөйлемдерін женіл айтып сөйлеп, оқи алатындай денгейге жету үшін қолданылатын айту дағдыларын дамыту жаттығулары дейді .Дауыстап оқу кезінде тіс аралық дыбыстардың айтылуынан көп қате кетеді, сондықтан мәтінді оқып болғаннан кейін мұғалім осы дыбыстарды жеке хормен қайталайды.
Ол сөздер мыналар: This, that, with, without, other, another, thing, thin, thought. Ең бірінші лексикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған сабақтар жөнінде айтатын болсақ, әрбір оқушы ағылшын тілі сабағының жоспарлы кезеңі аяқталған кезде 3000 сөз білуі тиіс. Егер, оқушы ағылшын тіліндегі бір сөзді кездестіріп оны таныса, бірақ мағынасын есіне түсіре алмаса немесе кейіннен есіне түсірсе, бұл оқушыны сол сөзді біледі деп есептейміз бе? Әрине, біледі, бірақ оқу үшін мұндай білім жеткілксіз. Себебі, мәтінді оқып жатқан кезде, сөздің мағанасын түсініп оқып, әрі қарай жалғастыруы керек. Сол сиякты сөйлеу кезінде де әрбір сөздің мағанасын есіне тез түсіріп, басқа сөзбен байланыстыруы тиіс. Сөйлеу әрекетінің кез- келген түрі үшін керек болатын сөзді игеруді естен шығарып, ұмытпаған дұрыс.
Сөз игеруге үйретудің негізгі 3 сатысы бар: 1. Бірінші сатыда мұғалім келесі күні берілетін мәтінде кездесетін жаңа сөздермен таныстырады.
2. Екінші сатыда берілген жаңа сөздерді бұрыннан таныс басқа сөздермен байланыстыра білуі тиіс.
3.Ең соңғы сатыда окушы жаңа сөздерді толық игеріп, өз ойын айтқанда пайдалануы керек.
Оку процесі оңайдан қиынға қарай оқытуға бағытталады, әр сабақтың алдында «Сұрақ-жауап» немесе «Талқылау», «Ой алмасу» сияқты тапсырмалар беріліп, содан соң оқушылармен таныс сөздердің негізінде жаңа тілдік материалдар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Шет тілі пәнінің әрбір сабақтарында оқытылатын лексикалық материалдар бұл - оқушыларға сөздерді үйрету. Шет тілін оқытуда лексиканы меңгерудің рөлі ерекше. Лексиканы сөзді білу үшін емес, оны қолдана алу тұрғысында, тындап түсінуге,өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде басқа адамдарға жеткізе алу мақсатында меңгеру керек. Сөздер оқытылатын тақырыптарға байланысты іріктеліп беріледі.
Сөздер мына белгілері бойынша іріктеледі:
1)тілде жиі колданылатын сөздер;
2) онай кұрылатын сөз тіркестері;
3)тақырып, мәтінде кездесетін сөздер;
4)сөз жасау жолдарын түсіндіру үшін қолданылатын сөздер;
Мектеп бітірушілердің сөздік қоры өте аз болады. Сондықтан да олар тындап түсінуде, сойлеуде,оқуда және жазуда көптеген қиындықтарға жиі кездесіп отырады.
Мұғалім жаңа сөздерді үйретуде 2 нәрсені есте сақтауы керек:
1)Оқушы сөзді тыңдап түсініп және оқығанды аудара білуі керек;
2)Сөйлеуде дұрыс мағанасын орынды қолдана білуі керек.
Оқушылар лексикалық және грамматикалық тақырыптарға байланысты әр түрлі қиындықта берілген жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды. Сөйлеу мен оқуға басты назар аударылады. Оқушылар сөйлеуге үйренгенен кейін ғана жазу жұмыстарын үйренеді. Оқушылардың жаңа сөздермен өзіндік танысуы, бұл жұмыс түріне 6-сыныптан басталады. Сөздің мағанасын оқушылар сөздіктерден тауып алып, сөйлемдегі мағанасына қарай колданады. Оқу процесінде жаңа сөздермен танысу жұмыстарының негізгі түріне айналды. Жаңа сөздерді игеру бірінші сөзбен - танысудан басталады. Бұл сөзді мұғалім айтады, әрі қарай ол сөзді игерудің нақтылы жүйесін жасайды. Оқу кезеңінде сол сөздің айтылу дағдысын,оны оқуда, жазуда сөйлеуде қолданылуын қалыптастырады. Әрі қарай сол сөздермен лексикалық жаттығулар орындалады. Лексикалық жаттығулардың бірі: синоним, антоним, омонимдер арқылы үйрету болып табылады. Сөздердің мағанасын үйретудегі синонимдер мен антонимдердің маңызы өте көп. Себебі, синонимдер негізгі мағынаға өте жақын келеді. Ал омонимдерді пайдалану онша табысқа жеткізе бермейді. Сөйлемдегі сөздердің қолданылу мағанасы да әр жағдайларда әртүрлі болады. Антонимдерді қолдану нәтижиелі болады. [22, 19]
Мысалы:
Greed - big - large Nice – beautiful Long-short Town - city Сөз жасау: сөз жасау жолдарын талдау сөз мағынасын түсініудің жақсы құралы, бұл тек сөздің түбірі оқушыға таныс болғанда ғана табысты болады. Егер түбір сөз түсініксіз болса, жасалған жаңа сөздерді игеру де қиын болады. Мысалы: Teacher: You know the words: «worker», «teacher», «now guess» the meaning of the word «writer». Writer- write. Children, name your favorite writer. Children: Tolstoy, Chekhov, Gorky. иииииииииииииииииииииииииииииииии Teacher: That's right. Is Sholokhov a writer? ииииииииииииииииииииииииииии Children: Yes, he is.иииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии Teacher: Is Repin a writer? ррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр Children:: No, he is not. рррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр Teacher: Is Katayev a writer or a teacher? ррррррррррррррррррррррррр Children: He is a writer. рррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр Сөздің мағынасын ағылшын тілінде бейнелеу, яғни сөздің анықтамасын айту тәсілі де белгілі бір жағдайларда қолданылады. Оны жаңа сөздің мағынасын алуға және өткен сөздерді де қайталауға қолдануда өте тиімді болады. Мысалы: Teacher: A new word is «blind». A blind person is one who cannot see. Can a blind person see? ииииииииииииииииииииииииииииииииии Children: No, he can't. иииииииииииииииииииииииииииииииииииии Teacher: What can't a blind person do - see or hear?
Children: He can't see.
Teacher: Why He can't see?
Children: Because he is blind.
Сөздің мағынасын түсіндірудің жолдары сөздің түріне және оқыту деңгейіне байланысты болып келеді.Сөзді, мәтінді оқымастан бұрын түсіндіру үшін жаңа сөздерді тындау айтылуын үйрену, айту кажет, сөзді тақтаға немесе дәптерге жазу керек, оның жазылуын және таранскрипциясын, аудармасын бірге жазу міндетті. Сөздермен жұмыс жасау жолдары мына үлгі бойынша жүргізіледі:
1) затты көрсету;
2) сөзді бірнеше рет айту;
3) сөзді туған тілге аудару;
4) сөзді жекелеп немесе хормен айту; 5) сөздің тақтаға транскрипциясымен, аудармасымен жазу;
6) мұғалімнің көмегімен дыбыстарға әріптік талдау жасау;
7) сөзді сөздікке жазу.
Әрі қарай мәтінді оқу кезінде сөздің мағынасы түсіндіріледі. Әр жаңа сөзге жеке тоқталу керек.Сөздің мағынасын анықтауға барлык окушылар каты- сады. Түсіну тірегі ретінде сөздің тек сөйлемдегі мағынасы ғана емес, оның сыртқы белгілері де қолданылады:онда сөйлемдегі сөздің басты орны, сөздің алдында артикльдің болуы, сөз жасаушы суффикстер мен профикстердің болуы. Шет тілі ережесін оқыту негізінде оқушылардан оны жаттап алуға талап етудің кажеті жоқ,оның мазмұнын түсініп, сөз, сөйлем құрғанда сол ережелерді білуге үйрету жеткілікті. Блок-сызбалар сабақта оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, тез ойлау, жазу, ойын жеткізе білу қабілеттерін дамытады. Түсіну шеберлігі бойынша мұғалімнің айтқан сөзін, ойын түсіну, түсінгенін өз сөзімен жеткізу, жеке сөздерді үйрену, сөз тіркесі, жай сөйлем тіркестерін меңгеру. Оқушылармен үнемі аралық тіл аркылы сөйлесу ағылшын тілін үйренуге көмектеспейді. Мұғалім оқушыларға шет тілін үйретіп қана қоймай, оларға сол тілде ойлануға да мүмкіншілік жасауы керек. [8,172б]