Мұнымен қатар лингвистикада лексика термині тағы да бірнеше мағынада қолданылады: -Лексика - тілдегі сөздердің жасалуы мен шығу тегі, негізіне қарай топтасқан сөздердің барлық жиынтығы.
-Лексика - тілдегі сөздердің қолданылу аясы мен шеңберіне қарай топтасқан сөздер жиынтығы.
-Лексика - тілдің сөздік құрамының белгілі бір стилистикалық қабаттарында қолданылатын сөздер тобы.
-Лексика - белгілі бір әдеби бағытқа тән сөздер жиынтығы; нақты бір жазушының немесе көркем шығарманың сөздік құрамы
Сонымен, лексика дегеніміз белгілі бір тілдегі сөздердің жалпы жиынтығы деп аталады. Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, түр- түсі, саны мен сапасы сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді. [16, 7].
Лексиканың салалары мен түрлері Ағылшын тілінде қолдану аясы мен шеңберіне қарай лексика мынандай бірнеше салаларға бөлінеді:
1) ауызекі сөйлеу тілі лексикасы;
2) тұрмыстық лексика күнделікті жиі қолданылатын аса қажетті, сондай- ақ халықтың тұрмыс-жағдайы, салт-сана, әдет-ғұрпына, өмір тіршілігіне қатысты сездер.
3) Кәсіби-жазбаша лексика ғылыми әдебиетте, публицистикада, ресми іс- қағаздарында сөйлеудің кітаби стиліне байланысты.
4) Ғылыми лексика - белгілі бір ғылым саласында қолданылатын тілдердегі сөздердің лексикасын айтамыз.
5) Қоғамдық-публистикалық лексика қоғамның өндірістік күштерінің алға жылжу сатысына байланысты қоғамда қолданылатын тілдің лексикасын айтады:
6) Өндірістік-техникалық лексика өндірістік техникада және күнделікті тұрмыста жұмыс барысында қолданылатын сөздердің лексикалык корын айтады.
7) Ресми-іс қағаздары лексикасы- ғылыми-әдебиетте, публицистикада, ресми-іс қағаздарында сөйлеу тілі стилдерінде қолданылады.
8) Аймақтық лексика - сол аймақтың тіліне ғана тән сөздердің лексикасы болып табылады.
9) Әлеуметтік лексика, және т.б. деп те көптеген түрлерге бөлінеді.
Белгілі бір стильдің қолданылу ерекшеліктеріне қарай тілдің лексикасы былайша топка белінеді:
1) Бейтарап - белгілі бір сөйлеу тіліне енбеген сөздер тобы.
2) Жалпылама - бұны кейде қарапайым лексика да деп атай береді. Ол ауызша сөйлеу тілінде де, жазбаша сөйлеу тілінде де бірдей қолданыла береді.
3) Қарапайым - фамильярлық лексикаға ұқсас келеді.
4) Эмоционалды - тілдің эмоционалды бояулары мен құралдарын пайдалана отырып жасалған лексика.
5) Экзотикалық - бір тілге кейбір басқа тілден енген кірме сөздер, белгілі бір халықтың өзіне ғана тән ерекшеліктерін білдіретін сөздер жатады.
6) Фамильярлық - фамильярлық лексика көбінесе ауызекі сөйлеу тіліне тән, тым еркін, бөспе мағыналы лексика. [22, 10-11]
Тілдегі сөздер жалпы бола отырып, өмірдегі, айналадағы сан алуан құбылысты белгілейді, солардың атауы ретінде қызмет етеді: затты, сапаны, белгіні, Іс-әрекетті т.б. білдіреді. Осындай белгілеріне қарай тілдегі сөздерді әдетте, ірі-ірі үш топқа бөледі:
1) атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) аралық сөздер.
Атауыш сөздергезат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу - сияқты топтарға қатыстылар жатқызылады да, бұлар әрі дербес, әрі толық мағыналы сөздер деп аталады.
Көмекші сөздер - тілде жеке тұрғанда дербес мағынасы жоқ, атауыш сөздердің жетегінде жүріп, грамматикалық мағына білдіретін көмекші сөздер. Сөз бен сөзді, сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, дәнекерлеушілер: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер, көмекші сөздер, көмекші етістіктер, предлогтар.
Аралық сөздер - аралық немесе орынбасар сөздер. Бұл топқа әдетте, есімдіктер, сан есімдер, одағайлар жатады. Бұлар заттың, я құбылыстың тікелей атауы емес, атаулардың орынбасарлары ғана.