Тақырып №1 Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеті мен зерттеу объектісі


Тақырып №5  Адам мәселесіне қатысты түрлі көзқарастарға тоқталу



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата07.01.2017
өлшемі2,2 Mb.
#1380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тақырып №5  Адам мәселесіне қатысты түрлі көзқарастарға тоқталу 
Адам дүниесі 
Адам (homo sapіers) — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі
қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам — философиясы, әлеуметтану, 
психология, физиология, педогогика, медицина т.б. ғылымдардың объектісі болып 
табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, ӛмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен 
мақсаты адамзат танымының формалары — әпсаналардағы мифологиядағы), діндегі, 
философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жӛніндегі әңгімелер ертедегі Стоя 
қаласының ойшылдары (Сенеке т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: ―адам — 
заттардың ӛлшемі‖, Сократ: ―ӛзіңді ӛзің танып біл‖). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек филос-
сында адам әлемнің бір бӛлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам 
микрокосм, ―кіші әлем‖, ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; Адам денесі мен рухы 
ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Үнді 
филос-сындағы жанның кӛшуі туралы ілім тіршілік иелері арасындағы шекараны 
белгілейді, бірақ тек адам ғана эмпириялық ӛмір сүру тұсауынан кармасансара заңы 
арқылы құтылуға ұмтылады. Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық 
ӛмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. 
Ортағасырлық шығыс ӛкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп 
тұрғандығына қарамастан Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта 
ӛркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында ӛз ӛмірі мен 
тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, 
сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғ. (ғылыми-
революция ғ-ында) мен 18 ғ. (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ 
сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, ӛзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. 
Неміс классик. филос-сы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі 
және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19-20 ғ. постклассик. философия 
(Ницше, Шопенгауэр, Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және тағы сол сияқты 
адамның ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін 
оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі 
алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, 
қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық. факторлардың ӛзара 
күрделі әсерін, әлеум. факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де ―табиғи түрде‖ 
әрекет ететін биол. факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. 
Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан 
ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте 
қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі ӛзіндік ―менімен‖ танылатын болады. Адам 
жерде шамамен осыдан 2-3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюц. 
кезеңдерден (питекантроп, гейдельберг адамы, неандертальдар) ӛтіп, осыдан 30-40 мың 
жыл бұрын, Homo sapіens (лат. саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға 
тән биол. қасиеттерге ие болды (кроманьондар). Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-
Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бӛліктен құралады: тән, нәзік 

болмыс және жан. Т ә н — табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, 
оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, ӛзгеру заңдылықтарын 
медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның н ә з і к б о л м ы с ы н а — 
сезім, ой-ӛріс, ақыл-ес, түйсік және ―мен‖ деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын 
ұғыну ӛте қиын. Нәзік болмыс табиғи және әлеум. ортаға байланысты қалыптасады. Оны 
психология, парапсихология, спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді адам 
психикасын зерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың 
түрлі атаулары бар: арабша — хауас сәлим, қазақша — рух, санскритте — аура, орысша 
— дух, латынша — спирит, ғылымда — психоэнергетикалық жүйе т.с.с. Ж а н — адам 
ӛмірін басқарушы, қуат кӛзі, мәңгілік болмысы болып табылады. Тән мен материалдық 
болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге және 
рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар кӛзін қоршаған 
ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, әрқашан 
ақиқатты кӛмескілеп, бұрмалап кӛрсетеді және мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол 
жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тән арасындағы қайшылықты және 
олардың ӛзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады. Шығыс филос-сы бойынша 
Аадамның жетілуі дегеніміз жанның материалдық құрсаудан босану барысы. 
Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан солғұрлым жетілген болып есептеледі. 
Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық 
болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның ӛмірлік 
мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. 
Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы 
кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік болмыс 
арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекеті де соғұрлым 
кемел. Бұл адам ӛмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бӛлейді. Адам ―микрокосм‖ 
болғандықтан, оның ӛмірі ―макрокосм‖ болып табылатын бүкіл әлем ӛмірімен тығыз 
байланыста. Сондықтан әркімнің ӛмірі бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді 
болғаны абзал. Абай ӛзін тәнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді ―пенде‖ 
деп, нәзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды ―адам‖ деп, ал жан тазалығы үшін 
рухани жолға түскендерді ―толық адам‖ деп атайды. Адам үшін дүниеде тек тірі организм 
болып тіршілік ету, организмдік мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз. 
Оның дүниеде болуын ақтай алатын нәрсе — мәнділік. Яғни адамдықтың мәні. Бірақ, 
кейбіреулер осы тірлікті ғана қамтамасыз етуді, соның мұқтаждықтарына ғана қызмет 
етуді ӛз ӛмірінің бірден-бір мәні немесе мағынасы деп білуі де мүмкін. Осылай ойлайтын 
адамдар аз да емес. Ӛмір сүрудің қиындығы кӛбінесе осылай ойлауға негіз де береді. 
Әйтседе, егер адамдардың барлық әрекеттері мен қылықтарын олардың организмдік, тек 
тәндік мұқтаждықтары ақтай алатын болса, онда адамға ғана тән кӛп нәрселер болмас еді. 
Ең алдымен, оларға мұндай жағдайда қоғамдасудың керегі шамалы. Ол үшін 
қоғамдасудың ең алғашқы жануарларда кездесетін қарапайым түрлері де жеткілікті. 
Қоғамдасудың түпкі мәні — адамдарға қажетті құндылықтарды орнықтыру, оларды 
сақтау екенін кӛреміз. Себебі сол құндылықтарды сақтау үшін қоғам жеке адамдардың 
ӛзімшілдігін құрбан етуді, тежеуді талап етеді. Қауымдық дәуірде, мысалы ру мен 
тайпаның сақталуы үшін, ұрпақ пен ұрпақтың жалғасуы үшін жеке адамдардан екінің 
бірінде ӛз ӛмірін қиюды қажет еткен. Ал жеке адам оны кӛбінесе даусыз мойындаған. 
Яғни әрбір жеке адам ӛз ӛмірінен бағалырақ нәрсенің болғанын ұғынған. Адамдардың 
ӛмір сүруінің ӛзі де олар үшін белгілі бір мәнділікке ие. Тіршілікте тірі жәндіктің бірі 
болу да адам үшін аз да болса, барлық мәнділіктердің алғышарты. Тіпті қандай да 
болмасын мәнділік содан басталады. Ӛз ӛмірін де, басқа адамдардың ӛмірін де, тіпті жер 
бетіндегі тіршілік атаулыны бағалай білу мәнділіктің басталатын жалпы кӛзі. Бірақ осы 
мәнділікті, осы құндылықты ӛз жан дүниесінің үнемі ақтаушы, оның рухани 
ұмтылыстарына ұдайы бағыт беруші күшке айналдыру — тек адамның ӛз тіршілігінен 
жалпы тірлікті жоғары қою шартынан шығады. Осы жалпылықты ӛзі үшін мән етуден 

басталады. Адамгершілікті, ізгілікті, әділеттілікті мойындаудан басқа шексіз байлыққа, 
билікке, үстемдік пен озбырлыққа ұмтылушылық та кӛп адамдардың кӛкейтесті 
пиғылдарына айналатындығы тарихтан белгілі. Жеке адамдар ӛмірінің мәні болған тағы 
да осындай нәрселерді айтуға болады. Сол сияқты тарихи кезеңдер бір халықтың, таптың 
т.т. екіншілеріне үстемдік етуге ұмтылуы, тіпті оларды жойып жіберуді кӛздеуі осындай 
мәннің орнын басады. Фашизм идеологиясы солардың бірі. Олай болса, мәнді болу тек 
қана игілікті, ізгілікті болу деген сӛз емес. Мәнділіктің адамдарды басқа барлық 
жәндіктерден бӛлектетіп тұратыны — оның адамдарға табиғаттан берілген тума қасиет 
еместігінде. Адам туғанда мәнімен бірге тумайды. Ол кейінгі қалыптасуында ғана 
мәнділікке ие болуы мүмкін. Және ол да тек мүмкін нәрсе. Онда бұлтартпайтын 
қажеттілік, заң жоқ. Себебі дүниеге келген нәрестенің адам болуының ӛзі де мүмкіншілік 
қана, ол болмай қалмайтын тағдыр емес. Сондықтан да адамдардың әрқайсысы белгілі бір 
мәнділікті ӛзі жасайды, яғни оның таңдайтыны ӛзінің биол. қасиетінен басқа да болуы 
және сол ӛзінің биол. болмысы да болуы мүмкін. Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға 
тән мәнділік сол дәуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. 
Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы 
тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі 
дәрежеде соның кӛрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік кӛбінесе тікелей кӛзге 
кӛрінетін құбылыс емес. Белгілі бір ортаның рухани мәдениетінің ӛзгеше болып тұратыны 
да оның түпкі негізінде ерекше мәннің жататындығынан. Осындай мән белгілі бір 
мәдениеттің ішкі ұйтқысы. Мыс., байырғы қауымдасудың дәрежесінде 20 ғасырға дейін 
сақталған Америка, Австралияның т.б. жерлердің тайпаларын зерттеген Еуропа 
ғалымдары сол тайпа адамдарының іс-әрекеттерін, әсіресе олардың ойлау логикасын кӛп 
уақыт түсіне алған жоқ. Оларға әуелде (Э.Дюркгейм, әсіресе Л.Леви-Брюльге) қауым 
адамдарының ойлауында ешқандай логика жоқ сияқты кӛрінген. Бірақ, кейінгі кезеңдерде 
олардың ойлауы еуропалықтарға ұқсамайтын басқаша тәртіппен, заңдылықпен іске 
асатындығы айқындала бастады. Прологик. (яғни логик. дәрежеге дейінгі) деп есептеліп 
келген ойлаудың ӛзіндік ӛзгеше логикасының бар екені белгілі болды. Оның себебі 
ойлаудың барлық мәнін сыртқы объективтік дүниенің себеп-салдарлық байланыстары 
арқылы ғана кӛретін, сыртқы дүниені тек пайдалануға бағышталған еуропалық ойлау 
негізінде басқа мән жатқан ойлауды, рухани мәдениетті түсіне алмады. Байырғы қауым 
адамдарының мәдениетіне, ойлауына, табиғатқа, болмысқа осы тұрғыдан қарау жат нәрсе. 
Осы қатесін Л.Леви-Брюль кейін ӛзі де мойындаған. Адамның дүниеге қатынасы, оның 
негізгі сипаты мен табиғаты осы мәнмен анықталады. Сыртқы табиғатты ӛзгерту 
қызметінің ӛзі негізгі екі түрлі мәнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат 
пен адамның бірін-бірі толықтыратын, жаңғыртатын үйлесімді байланысы және 
екіншіден, табиғатты тек пайдалануға ұмтылу. Табиғатқа тек қана пайдагершіліктің 
кӛзімен қарап, тек ӛзінің бір мұқтаждығының тұрғысынан қатынас жасау антик. дәуірден 
бастап Еуропада кең ӛріс алды. Онда табиғатты тек Адамның бір кәдесіне жарайтын 
немесе жарамайтын заттар мен құбылыстардың арсеналы, табиғи қоймасы ретінде ғана 
қарап іс-әрекет жасау басым болды. Әрине, еуропалық ӛмірде басқа кӛзқарастар да бар, 
бірақ әңгіме қандай пиғылдың жетекші, басым болғандығында. Осы пайдагерлік қатынас 
үстем болған, тіпті баз біреулердің жан дүниесінде жалғыз ғана құмарлыққа ие болған 
жерде табиғаттың, басқа адамдардың, жалпы ӛзінен тыс құбылыстардың қайсысы болса да 
ӛзіндік дербес мағынасынан айрылады, оңдай жандар үшін табиғаттың кез келген заты я 
пайдалы, я пайдасыз, олардың ӛзіндік құндылығы ол үшін жоқпен тең. Сондықтан ондай 
адам, оңдай қоғам табиғатты тәуелсіз мағынасы үшін қастерлемейді, мәпелемейді, тіпті 
сақтауға да ұмтылмайды, одан тек керегін алып, жоя беруге даяр. Бұл белгілі бір 
мәнділіктің ешбір қоспасыз ―таза‖ анықтамасы. Бірақ ӛмірде ол қатынас ―кіршіксіз‖ 
күйінде кездесе бермейді. Ӛкінішке орай ӛзіміз ӛмір сүріп отырған дүниемізде осы 
қатынас басым. Соның арқасында ӛзімізді қоршап отырған табиғат орасан зор зардап 
шегуде. Бұл қатынас түбірінен ӛзгермесе (бүкіл әлемдік шеңберде) адамзат қазіргісінен де 

зор апаттарға ұшырауы сӛзсіз. Бұл тарихтағы жалған мәнділіктің бір кӛрінісі. Адамдарға 
ӛз құлқынан басқаның бәрін тәрік етушілік меңдеп кеткен дәуірлерде ол табиғатқа ғана 
емес, ең алдымен адамның адамға қатынасында ең үлкен апаттарға душар етеді. Осындай 
пиғыл 20 ғ-да айрықша зор алапаттар туғызды. Оның кейбір мысалдары: екі рет болған 
дүн. жүз. соғыс, белгілі кезеңде Еуропада бел алған фашизм, бұрынғы КСРО-дағы 
тоталитарлық тәртіп, бүкіл әлемді, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған экол. дағдарыс. 
Екінші бір мәнділік: табиғатты ӛзгертуге, меңгеруге, үстемдік етуге, пайдалануға біршама 
енжарлық, бірақ оның есесіне, табиғатпен үйлесімді тіршілікке бейімділік, кӛбінесе, 
Шығыста айқынырақ кӛрінді. 20 ғ-ға дейін осылай болды. Бірақ мұнда да мәнділіктің 
алғашқы үлгісі белең ала бастады. Қауымдық қоғамдасу дәуірінде адамдардың барлық 
істері мен әрекеттері дәстүрлі жолмен реттелген. Басқаша айтқанда, аталар ұрпағының 
рулық мұраттарына сай орнатылған тәртіптері мен нормалары, құндылықтары — әрбір 
іске, әрекетке баға берудің ӛлшемі. Ол нормаларда жеке адамның дербестігіне, оның 
ӛзіндік бір басқа құндылықты қалауына орын жоқ. Жеке ӛмірдің әрбір басатын қадамына 
дейін салт, дәстүр, үрдістермен анықталып, бекітіліп қойылған. Ӛмірдің эталоны, мұраты, 
адамның адамдығының ӛлшемі аталар орнатқан тәртіпке оралу, содан ұдайы ауытқымау 
болғандықтан ӛзгеріс атаулы ол қоғамда теріс бағаланады. Қоғамдық қарым-қатынастар 
бір кезде қалай ұйымдастырылса, әсіресе не үшін ұйымдастырылса, сол айнымай 
сақталып, үнемі қайталанып отыруы тиіс. Оның принципі — жеке адамды қоғамдық 
бүтіндікке толық мойынсұндыру деуге болады. Осы кезеңде және антика мен орта 
ғасырларда сақталған түсініктер бойынша адамдар іс-әрекеттерінде әр нәрсенің ӛзінің 
белгілі бір шамасының бар екенін, сол шамадан асып кетсе жаманшылыққа соқтыратынын 
ұмытпауы керек. Ол шаманы әртүрлі діни филос. және күнделікті ойлаудың түсініктері 
бойынша құдайлар, табиғат, не космос, мемл., не қоғам т.т. орнатқан. Сонымен қатар 
ондай ӛлшемдер ӛмірде бар, берік орныққан ғана тәртіптер емес, олар адамдардың ұдайы 
ұмтылатын, кӛздейтін, аңсайтын немесе міндетті нәрселер және соған сәйкес олар 
ақиқаттың, тамашалықтың, әсемдіктің, игіліктіліктің үлгісі. Қазақ халқының ұғымында 
адамның мінез-құлқындағы астамшылық — осындай ӛлшемдерден асып кету, 
ӛлшемдерден аттау. Адамның кісі (субъект) ретінде даму деңгейі қашанда әртүрлі. Жеке 
адамдар, кейбір тұлғалар осындай даму жағынан кӛпшіліктен ілгерілеп кетіп жатады. 
Олар адамдық, тұлғалық дамудың жаңа ӛрістерін, соны жолдарын айқындап, ӛздері сол 
жаңа болмыстарында ӛмір кешетіні болады. Олар басқа адамдармен осы ӛздері ашқан 
және ӛздеріне тән еткен ӛлшеммен қарым-қатынас жасайтыны түсінікті. Ал бұл жаңа 
ӛлшем, адамдықты басқаша ӛлшеу, оны басқа қасиеттерден кӛру, әрине, кӛпшілікке 
түсініксіз. Замандастарының кӛпшілігі оны ӛздеріне жат, тіпті қауіпті нәрседей 
қабылдауы хақ. Сонымен бірге адамдыққа жат мүдделердің үстемдік құрған кездерінде 
адамдардың кӛпшілігінің кӛңіл-күйінде жеке тұлғаның, әсіресе рухани жасампаздық 
жағынан алғандағы тұлғаның үздіктігіне деген жауығу пайда болатыны да бар. Бұл 
қатардағы адамның әрқайсысының ӛзін субъект емес, объект деп сезінуінің кӛрінісі. Ал 
объектілер яғни тек сыртқы бір ықпалдың күшімен ғана қозғалысқа келетін нәрселер, 
жалпы алғанда бірдей болуға тиіс. Олардың біреуін барлық уақытта екіншісімен ауыстыра 
салуға болады. Ал үздік тұлғаны басқа ешнәрсемен ауыстыра алмайсың. Оның ӛлшемі 
біреу-ақ. Жеке адамға кӛпшіліктің ұстанған нормаларын күшпен таңу әділетсіздік. 
Ӛйткені кейбір жағдайларда жеке тұлғаның ӛлшемі мазмұны жағынан кӛпшіліктің 
нормасына қарағанда шексіздік болып тұрады, яғни бүкіл адамзаттың дамуының үлгісі 
бола алады. Тарихта ол жӛнінде мысалдар жеткілікті. Мен данамын деп жүргендердің 
бәрін де әшкерелеп, дана емес екендігін кӛрсетіп жүрген Сократ Афинадағы кӛп 
адамдарға ұнамай, ақыр соңында оны соттап, у ішуге ұйғарғаны белгілі. Ӛз ортасында 
кезінде ең озық ойшылдардың бірі болған Абайдың да замандастарының кӛпшілігінен 
түсіністік таба алмағаны мәлім. Тіпті ӛзіне ең жақын, оны бағалай білді дейтін кісілердің 
ӛздері де оның ойының кӛп жақтарына ӛресі жете алған жоқ. Ӛзін қолдайтын адамдардың 
ортасында жүрген күннің ӛзінде де ондай ойшылдардың жалғыздықты сезінетіні 

сондықтан. Бұлардан шығатын қорытынды: ӛзіңе бӛтен, ӛзгеше, жат кӛрінетін 
кӛзқарастарға, ӛлшемдерге тӛзімділік қажет. Кез-келген адамның сан алуан ӛлшемдермен 
тіршілік етуіне құқықтары бар, тек олар ӛз ӛлшемдерін бір-біріне күштеп қабылдатудан 
бас тартуы керек. Онсыз адамдар арасында толастамайтын мәңгілік соғыс бола береді. 
Адамзаттың бүкіл ӛткен тарихы осылай болып келді және солай болып отыр. 
Тақырып №6 Сезімдік таным мен рационалдық 
 
Танымды  жалпы  түрде  адамның  әлемге  әлеуметтік  тарихи  тұрғыдан 
дамыған  қатынасы  деп  анықтауға  болады.  Танымның  мәні  қоғам  деңгейіне 
байланысты.  Сондықтан  ол  тарихи  тұрғыдан  ӛзгермелі  болады.  Танымның 
теориясы  процестің  негізгі  элементтеріне  объектісі  және  табиғи  объектімен 
сәйкеспейді,  қайта  адамның  субъективтік  мүдделерін  және  мақсаттары 
кӛрініс  беретін  бӛлігі  болып  табылады.  Таным  сезімдік  және  рационалдық 
болып  екіге  бӛлінеді.  Танымның  сезімдік  деңгейі  мына  формаларға  ие  – 
түйсік,  қабылдау,  елестеу.  Ал  танымның  рационалдық  деңгейіне  ұғыну, 
пайымдау,  ой  қорытындылау  жатады.  Танымның  осы  деңгейлері  арасында 
диалектикалық ӛзара байланыс бар. Таным процесіндегі негізгі мәселе ақиқат 
болып  табылады.  Ақиқат  ӛзін  абсолютті  және  салыстырмалы  формада 
кӛрсетеді.  Танымның  ғылыми  және  ғылыми  емес  деңгейлері  (қарапайым, 
діни, кӛркемдік) бар. 
 
Ғылыми  таным  дегеніміз  жүйелік  білімдердің  негізділігі,  ғылымның 
тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие 
танымның  түрі  болып  табылады.  Ғылыми  танымның  әдістері  мен 
формаларын екі түрлі деңгейде қолданады. Олар:  
-
 
эмпирикалық таным әдістері; 
-
 
теориялық таным әдістері. 
Кейде  ғылыми  білім  ӛзге  білім  салаларымен  салыстырғанда  ӛзінің 
жоғарғы  дәлдігімен  ерекшеленеді  деп  айтылады.  Бұл  рас  болғанымен, 
шешуші  роль  атқармайды.  Дәлді  нақтылыққа  қатынастық  белгілі  бір  тәсілі 
ретінде  күнделікті  ӛмірге  де  енеді.  Ғылыми  таным  абстрактілі  ұғымдармен 
жұмыс  жасаса,  кӛркемдік  таным  нақты  тірі  адамды  бейнелі  кӛрнекілік 
тұрғыда  қарастырады  деген  пікір  қалыптасады.  Бұл  тұжырым  белгілі 
мӛлшерде  әділ  болғанымен,  ол  да  ғылыми  таным  ерекшелігін  кӛрсете 
алмайды. 
Бір  жағынан  күрделі  ғылыми  таным  ерекшелігін  кӛрсете  алмайды. 
Екінші жағынан – бұл білім формасы түріндегі және оның ӛзге формалардан 
артықшылығын ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде ӛмір сүруінде. 
Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады. 
Теория  –  бұл  тәжірибенің,  практиканың  және  бақылаудың 
қорытындылануы деп жиі айтылады. Осы дұрыс па? Мысалы, суық бӛлменің 
ішінде  пешке  от  жаққанда  уақыт  ӛте  келе  пештің  суығанын,  ал  бӛлме 
ішіндегі ауа қызғанын байқаймыз. 
Біз мұны қорытындылай келе: 
А) қыздырылған пеш жалыны жеткіліксіз болғандықтан суи бастайды; 

В)  бӛлмедегі  ауа  мен  пештің  температурасы  бірдей  болған  жағдайда 
суыну  тоқталады.  Бұл  білім  де  қорытындылау  нәтижесінде  алынғанымен, 
оны  теориялық  деп  айтуға  келмейді.  Кез  келген  қорытынды  жекелеген 
заттармен,  жағдайлармен  және  үрдістермен  бірқатар  бақылаулар, 
эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.  
Бірақ  барлық  қорытынды  ғылыми  теория  қалыптастыратындай 
теориялық  бола  алмайды.  Оның  себебі  ғылыми  қорытындылар,  бақылаулар 
мен  эксперименттердегі  ортақ  жалпылықтарды  ерекшелеп  қана  қоймай, 
бірқатар ерекше логикалық тәсілдерді қолдануда да болып шығады. 
Бастапқыда  кӛптеген  ғылым  заңдары  гипотеза  формасында  кӛрінеді. 
Гипотезалар – бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мӛлшерде 
ғана  негізделген  болжамдар,  жорамалдар.  Ӛзінің  логикалық  формасында 
олар  әдетте  мына  пікірлер  кейпінде  болады.  Егер:  А  және  В  арасында  R 
қатынасында болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады және т.б. 
Гипотезалар екі үлкен топқа бӛлінеді: алғашқы және теориялық. 
Алғашқылары  –  жекелеген  заттар,  жағдайлар  мен  үрдістер  туралы 
болжамдар  мен  жорамалдар.  Екінші  топтағы  гипотезаларға  мысалы,  Д.И. 
Менделеевтің  химиялық  элементтер  қасиеттері  ӛзгеріп  және  мерзімді  түрде 
қайталанып  отырады  деген  бастапқы  болжамын  жатқызуға  болады.  Осы 
жорамал  негізінде  жаңа  химиялық  элементтер  мен  олардың  қасиеттері 
болжамдалды.  Бұл  болжамдар  дәлелденген  соң,  гипотезаны  ұсыныс  ретінде 
емес,  берік  ғылыми  дәлелденген  заң  ретінде  қарастыра  бастады.  Теориялық 
білімдер ӛз құрамына практикадан дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым 
заңдарын  ғана  емес,  сонымен  қатар  объективті  шындық  ретінде 
мойындалмаған.  Бірақ  теріске  де  шығарылмаған  айғақтық  және  теориялық 
гипотезаларда  да,  әр  түрлі  эмпирикалық  түйіндерде  де  кіргізеді.  Олардың 
арасындағы  бұрынғы  бекітілген  заңдарға  қайшы  келмейтін  және  жоғарғы 
дәрежеде  дәлелденген  гипотезалар  құрамына  ене  алады.  Теория  осылайша 
теориялық  білімдердің  неғұрлым  қатаң  және  тексерілген  бӛлігі  болып 
табылады.  Логикалық  формасы  жағынан  ӛзара  бір-бірінен  белгілі  бір 
логикалық  қатынастармен  байланысқан  пікірлердің  жүйесі  болып  кӛрінеді. 
Мұндай  қатынастар  қатарына  ең  алдымен  эквивалентті  және  туындамалы 
немесе  логикалық  жалғастық  қатынастары  жатады.  Теорияны  құрайтын 
пікірлер күмәнсіз дәлелденген, объективті шынайылығы болуға тиісті. Олар 
ӛздерінің  шынайылығы  мағынасында  эквивалентті.  Теорияның  негізгі 
маңызы  –  оны  құрайтын  пікірлердің  бастапқы,  түпкі  ұсыныстардан  таза 
логикалық немесе математикалық жолмен шығарылатындығы. Мұндай түйін 
нәтижесінде  алынған  пікірлер  теория  салдары  деп  аталады.  Салдарлар  ӛз 
мазмұны жағынан қарастырылар теорияның заңдары болуымен қатар белгілі 
бір  жағдайдың  ахуалдары  мен  үрдістерді  сипаттайтын  эмпирикалық 
тұжырымда болуы мүмкін. Салдардар туындайтын ұсыныстар әдетте теория 
постулаттары,  принциптері  және  аксеомалары  деп  аталады.  Танымның 
ерекше  түріне  әлеуметтік  танымды  жатқызамыз.  Мұндағы  ең  маңыздысы 
зерттейтін  объектілерге  объективті  түрде  сипаттама  беріліп  қана  қоймай, 
адамның құнды мәніне де кӛңіл бӛлінеді. Ғылым адамзат қызметінің басқа да 

салаларымен  тығыз  байланысты  және  қазіргі  замандағы  жалпы  адамзаттың 
мәселелерді шешудегі жетістіктерді анықтайды. 
Ғылымдар,  ғылыми  танымның  қандай  артықшылықтары  бар  екенін 
айқын  аңғаруға  болады.  Адамның  кез  келген  әрекеті  қандай  да  бір 
міндеттерді  және  мәселелерді  шешуді  білдіреді.  Қазіргі  ғылыми  танымның 
қалыптасуы  барысында  ғылыми  теориялар  кӛмегімен  мұндай  шешімдердің 
іске асуы уақыттың ондаған және жүздеген есе қарастыруға мүмкіндік туады. 
Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет. Оған белгілі ережелерге сәйкес 
салыстырмалы  түрде  аз  уақыт  ішінде  кӛптеген  берік  салдарларды  алуға 
болады.  Шындығында  теориялар  құрудың  ӛзі  кӛптеген  орасан  зор  күш 
жігерді  талап  етеді  және  қоғам  үшін  қымбатқа  түседі.  Яғни,  ғалымдарды 
дайындауға,  құрал-жабдықтарға,  экспериментке  орасан  зор  шығын  кетеді. 
Оның есесіне ең құнды нәрсе уақытты ұтуға болады. 
 
Бүгінгі  күнгі  техникалық  дамудың  ӛте  жедел  қарқыны  күннен  күнге 
ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар үдемелі жылдамдықпен ӛндіріске еніп 
жатумен де сипатталады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет