Тақырып №1 Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеті мен зерттеу объектісі


Тақырып  №7  Таным  адам  санасындағы  мақсатты  белсенді  бейнелеу



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата07.01.2017
өлшемі2,2 Mb.
#1380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тақырып  №7  Таным  адам  санасындағы  мақсатты  белсенді  бейнелеу 
үдерісі 
 
Таным теориясының тарихы 
 
Ежелден адамзат жаңа білімдерді алуға әрқашанда ұмтылғаны белгілі. Тіршілік құпияларын 
меңгеру — адамзаттың ұлы мақтанышы болып табылатын ақылдың шығармашылық 
белсенділігіне жоғары ұмтылыстарының көрінісі. Өзінің мың жылдық дамуында ол 
болмыстың мәніне үңілудің және шектеуліден жан-жақты шындыққа жетудің ұзақ және 
күрделі жолынан өтті. Бұл жолда көптеген айғақтар, табиғаттың, қоғамдық өмір мен 
адамның өзінің қасиеттері және заңдары ашылды. Әлемнің суреттемесі өзгерді. Қазіргі 
уақытта адамзат білімі аса бай және күрделі жүйені құрайды және оның ұрпақтан-ұрпаққа, 
бір елден екінші елге таралуы тез жүзеге асырылады. 
  
Таным теориясы мәселелері 
 
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана 
отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт 
өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті 
пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының 
мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы 

философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, 
таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және 
қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен 
тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным 
субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір 
мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, 
білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп 
танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, 
кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі 
материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы 
мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз 
объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз 
аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және 
олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. 
  
Білім деген не? 
 
Білім — адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды 
байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені 
бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын 
және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі — таным білім алу үдерісі болып табылады 
және ол тәжірибемен жанасады. Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және 
нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған 
белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, 
қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, 
сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. 
Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы 
түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені 
өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім 
алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған 
дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу 
және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім 
алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік 

ақпараттық сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда 
олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез 
жүзеге асырылады. "Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау 
керек: — бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық 
қабілеттері; — кез келген танымдық мән бар ақпарат; — практикамен өзара байланыста 
болатын ерекше танымдық бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән — таным 
теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. Таным теориясының 
философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның 
мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным 
субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның 
формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса 
білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ 
мәселелердің бірі болып табылады. 
Тақырып№ 8 
Логика адамның ойлау қабілетін зерттейтін жеке ғылым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тақ ырып №9 Дін және ұлттық психология 
Ұлттық психология — белгілі бір 
ұлт
 ӛкілдеріне тән, 
ұрпақтан
 
ұрпаққа
 беріліп отыратын 
мінез-құлық пен 
психологиялық
 қарекет ерекшеліктері. 
Ұлттық
 
психология
 рухани 
мәдениетте
, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, 
тілде

адамгершілік
 әдептік салада ұлттық мінездің 

кӛптеген психологиялық кӛріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық 
психология — тіпті әр түрлі таптарға жататын 
адамдардағы
 мінез-құлықтың орнықты 
негіздерінің бірі. Алайда 
қоғамда
 болып жатқан ӛзгерістерге тәуелді ол да ӛзгеріп 
отырады.
[1]
 
Ұлттық психология ұғымы 
Ұлттық психология — 
философиялық
 және 
социологиялық
 әдебиетте кӛп талқыланып, 
зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Солай болса да бұл ұғымның айналасында 
пікірталастар жиі болып тұрады. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, 
оны тӛмендегідей бірнеше қырынан қарастырып кӛрейік. 
 
Біріншіден, ұлттық психология 
қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны
 
құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бӛлігі болып табылады. Мұны түсіну 
қиын емес: қоғам түрлі 
әлеуметтік топтардан
 құралады. Ал әр әлеуметтік топтың 
ӛзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. 
Ұлтта
 — 
қоғамды
 құрайтын 
әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын 
айқындайтын құрауыш екендігі туындайды. 
 
Екіншіден, ұлттың психология ұлтаралық қатынастар 
идеологиясымен

ұлттың 
құндылықтарға
 қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып 
табылады. 
Қоғамдық сана
 — қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын 
кӛрсетеді. Зерттеушілердің кӛпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір 
элементі ретінде сипаттайды. 
 
Үшіншілен, ұлттық психология — ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады. 
Ұлттық психология — 
әлеуметтік психологияның
 бір бӛлігі, оның үрдістері мен 
заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты 
мәнге ие — этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін 
айқындайды. 
Қазіргі 
Қазақстандағы
 
әлеуметтік психология
 ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып 
пайымдағанда, ұлттық психологияда қарастырылып отырған ұлт ӛкілдерінің санасына 
кӛбірек құлаған, сонысымен олардың әрекеттерінен үнемі кӛрініс беріп отыратын, 
ӛзгелерге қарағанда кӛбірек қайталанатын психологиялық ерекиіеліктердің жиынтығы 
болып шығады.
[2]
 
Ұлттық мінездің нышандары 
Сӛздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның 
мінезі
 дегенді — адамның 
тәртібі
 
мен қылықтарына әсер ететін, оның тек ӛзіне тән, айқын кӛрініс беретін психологиялық 
нышандары деп түсіну керек. Сӛздің катаң мәнінде, мінез адамның еркі мен бағыттарында 
кӛрініс беретін, оның тұлғасының психикалық құрылымы ретінде айқындалады. 
Жеке адамның мінезі ол ӛмір сүріп отырған 
әлеуметтік топтың
 мінезіне ұқсас болады, 
немесе керісінше, жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі кӛрініс береді. 
Ӛзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында 
қазақтар
 да ӛзге халықтар сияқты қадір тұтуға 
жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп келді. 

Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары: 
 
Жауынгерлік мінез. Тарихтың әр кезеңінде казіргі 
Қазақстан
 жерін мекендеген 
тайпалар
 мен халықтардың бәрінің де қызуқанды, қырағы 
жауынгер
 болғаны 
белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап 
тұрды. Қазақ халқының арғы тегі — түркі тектес тайпалардың тарихта 
Еуразияның
 
ұлан-ғайыр даласын бағындырып, мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы 
мемлекеттер құрғаны белгілі. Қазақ халқы ӛзгеге бағынбайтын жауынгерлік 
мінезін 
Екінші дүниежүзілік соғыс
 кезінде де кӛрсетті. Ол жӛнінде фашистік 
идеологтар ӛздерінің "Шығыс жоспарында" атап кӛрсетті. 
 
Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) — қазақтарда туған жерінің кеңдігі, 
оның табиғатының қаталдығы және малшылық кәсіппен айналысу факторларының 
әсерінен пайда болған мінез. Қазақтың кеңпейілділігін қазақ жеріне келіп 
коныстанған ӛзге ұлт ӛкілдерінің бәрі және кӛптеген зерттеушілер ризашылықпен 
атайды. 
Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың 
елеулілеріне — 
мәрттік

жомарттық

конақжайлық

балажандық

аңқаулық
 жатады.
[2]
 
Ұлттық мүдде және оны сезіну 
Мүдде
 деп (
лат.
 interest) - дара адам, 
отбасы

ұлт
 немесе 
қоғам
 үшін қажетті 
маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының объективтік және әлеуметтік 
жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы, адамдар ӛздерінің материалдық 
кажеттіліктерін ӛтеу үшін белгілі бір әрекет жасауға, еңбек етуге мүдделі. Адамның 
рухани дүниесіне де қатысты мүдделері кӛп болады. Ӛмірлік қызметте адамдар тобына 
ортақ мүдденің болу құбылысы да жиі ұшырасып отырады. Ортақ мүдде белгілі бір 
әлеуметтік топқа енетін жеке адамдардың мүддесінен және олардың қоғамдық ӛмірдегі 
орны мен атқаратын рӛлінің әртүрлілігіне орай қалыптаскан ӛрекеттері мен істерінің 
шынайы себептерінен түрады. 
Ұлттық мүдде
 деп белгілі бір ұлт ӛкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделерін 
айтамыз. Қазақтардың ұлттық психологиясына тікелей қатыстылығы бар, ұлттың баршаға 
ортақ мүддесі дегенге келетін болсақ, оны әр кездегі ӛр түрлі әлеуметтік топ ӛкілдерінің 
түсінуі мен оған сай әрекет етуінің әр түрлі болғандығын кӛрер едік. Ұлттық мүдденің 
алдыңғы лекке шығуы мен оны қанағаттандыру бағытындағы әрекет белсенділігінің 
артуы да ұлттың ӛзінің (ұлттық психологияның да) даму үдерісіндегі ілгері басқан 
сәттерге сәйкес келеді. 
Ұлттық мүддені
 сезіну—ұлттың психологияны қалыптастырушылардың бірі болып 
табылады. Бұл жерде мәселенің қойылуына, яғни ұлттық мүдде жӛнінде ғана емес, ұлттық 
мүддені сезіну жӛнінде болып отырғанына назар салу керек. Ол екеуінің арасында айырма 
бар: алдыңғысы психологиялық феноменге жатпайды, кейінгісі жатады. Мұндағы негізгі 
түйін — жеке адамның (алынып отырған ұлт ӛкілінің) ұлттық мүддені түсінуі оның 
алдына қойылған міндетке кӛзқарасын, сонымен қоса оның әрекетінің, тәртібінің 
бағыттарын айқындауға әсер ететінінде болып отыр. Адамның әрекеті мен тәртібінің 
бағыттарын мүдденің ӛзі емес, мүддені сезіну айқындайды. Ұлттық мүдде мен ұлттық 
қажеттілік мемлекеттік мүдде мен мемлекеттік қажеттілікпен қатар тұрады. Мүдде мен 
кажеттілікті түсіну адамдардың қоғамдық қызметінің интеграциясындағы қозғаушы күш 
болып табылады. 

Мүдде адамды алға жетелейді. Ұлттық мүддені сезіну ұлты үшін жаны күйетін 
отаншылды жанталастырады, оны отқа да, суға да түсіреді, 
жеңіске
 жетелейді. Ұлттық 
мүдде мен қажеттілікті түсінудің ұлттық 
психологияның
 құрамдас құрауышы ретіндегі 
мәні осында. Ұлттық мүддені түсіну ӛзіндік сана категориясымен тікелей байланысты.
[2]
 
Ұлттық өзіндік сана 
Толық мақаласы: 
Ұлттық өзіндік сана
 
Ұлттық психологияның құрамдас элементтерінің бірі — 
ұлттық өзіндік сана
. Ұлттық 
ӛзіндік сана дегеніміз — этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген 
формасы. Ұлттық ӛзіндік сананы ұлттың ӛзінің әлеуметтік-этностық мәнін танып білуі, 
дүниежүзілік қауымдастық жүйедегі ӛзінің орнын және қандай орын ала алатынын, 
адамзат тарихындағы атқарып жүрген әрекеттік рӛлін және оның қандайын атқара 
алатынын, адамзат жасап жатқан ӛркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп 
тұшынуы, сонымен қоса ӛзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз ӛмір сүрудің табиғи-
тарихи құқығын түсінуі деп ұғуға болады. 
Әлеуметтік психологияда
 кӛпшілік жағдайда ұлттық ӛзіндік сана ұлт мүддесімен 
байланыстыра қарастырылады. Ол қоғамдық және халықаралық қатынастар жүйесіндегі 
ұлттың жағдайымен айқындалатын объективті ұлттық мүдделердің бейнесі немесе ұлттық 
мүдделердің мәні және оларды іске асыруға тырысу ретінде сипатталады. 
Ұлттық сезім үш элементтен тұрады. 
 
Біріншісі — ұлттық қадір. Бұл ұғым адамның ӛз ұлтын қадірлеу, сыйлау, 
ӛзгелердің алдында оның беделін түсірмеу, ұлт ӛкілі ретіндегі адамның ӛзінің 
үнемі қадірінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін 
кӛрсетеді. Бұл ұғымның сезімдік реңкі басым. 
 
Ұлттық сезімнің екінші элементі — адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті сезінуі 
болып табылады. Ол әр адам мен азаматтың ӛзінің белгілі бір ұлттың ӛкілі 
екендігін сезінуін кӛрсетеді. Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі деңгейде оның 
әрекетіне әсер етеді. Бұл — дүние жүзіндегі елеулі ұлт ӛкілдерінің бәріне тән 
қасиет. Ұлтқа тәнділікті сезіну 
Отанға
 деген сезіммен үндес болып келеді. 
 
Ұлттың мақтаныш сезімі де әлеуметтік психологияда жиі ұшырасатын 
құбылыстардық бірі. Адам ӛзінің мемлекетінің жерімен, оның қазба 
байлықтарымен, бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен 
мақтанады. Бұлар — шет жұрттықтармен кездесіп-танысқанда тілге тиек болатын 
нәрселер. Ӛзгелер сияқты қазақ халқының да ауыз толтырып, мақтанып 
айтатындары аз емес. 
Ұлттық қадір, ұлттық мақтаныш, ұлтқа тәнділікті сезіну бәрі қосылып келіп, адамның 
ӛз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне мұрындық 
болатын психологиялық күйдің жиынтығын құрайды. Бұл үшеуі ұлттық психологияның 
құрамына енетін ұлттық сезім деп аталатын кешеннің құрамдас құрауышы есебінде 
қарастырылады.
[2]
 
Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар 

Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады: 
 
халықтың
 басынан ӛткерген 
тарихы

 
ұзақ жылдар бойы айналысқан 
шаруашылық
 түрі; 
 
тӛлтума 
мәдениеті

 
ақпарат
 алмасу тілі; 
 
салттары мен дәстүрлері

 
түрған жерінің табиғаты және 
климаттық
 жағдайлары; 
 
діні; 
 
әлеуметтік-демографиялық жағдайы. 
Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы кӛп ӛзгеріске ұшырай бермейді, 
ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес ұлттық психология да халықтың санасына әбден 
орныққан құбылыс болып табылады, оны ӛзгерту ӛте қиын және ұзаққа созылады.
[2]
 
Тақырып № 10Ұлттық мінез нышандары 
Мінездің ұлттық ерекшеліктері туралы қазақша реферат 
     Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып 
саналатын этностың, ұлттың, халықтың ӛмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының 
тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностық ӛзіндік мінез–
құлықтарының ерекшеліктері болатындығы–тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ 
халқының түркі тектес ӛзге халықтардан ерекшеленіп тұратын ӛзіндік сипат–қасиеттері 
бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде ӛз халқының мінез–құлқына тән бірсыпыра 
қасиеттерді атап кӛрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен 
кішіпейілділік, ашық–жарқын кӛңіл мен кеңпейілділік, ӛзге нәсілді адамдарға деген 
достық және сыйластық кӛзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер 
тән. Сондай–ақ, олардың бойында ӛзге де мінез–құлық сипаттары бар. Бұл орайда, 
қазақтардың ӛз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал 
шаруашылығымен айналасуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, ӛмірдің 
қиыншылықтары мен әділетсіз істерге тӛзімділігі, сӛз ӛнерін ардақтауы, шешендік 
қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып 
табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай-жапсары-
әлеуметтік психология саласы–этникалық психологияның зерттейтін тӛл пәні. 
Адамның мінез–құлқының ӛзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, 
оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған 
тарихи шындық және объектив фактор. 
Мінездің физиологиялық негізі. Динамикалық стериотип және мінез. Адам мінезіндегі 
әрбір ерекшелік белгіліжағдайларға сәйкес кӛрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің 
ӛзіндік физиологиялық механизмі бар. Сондай механизмдердің бірі – динамикалық 
стереотип – жүйке жүйесінің таптаурын болып қалыптасатын қызметі. Бұл – жоғары 
жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу жүйесі. Ол үнемі болып отыратын 
шартты тітіркендіргіштердің жүйелі түрдегі қызметіне байланысты. Динамикалық 
стереотип осы тітіргенгіштерге белгілі бір жағдайға байланысты реакциялар беріп, 
әсерленіп отырады. Бұл құбылыстың мәні нақты жағдайдың ӛзгеруіне сәйкес орталық 
жүйке жүйесінде әрқилы қалып пайда болуында. 

Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып кӛрсетуде ерекше орын алатын жайт- жоғары 
жүйке  қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.П. Павлов қандай 
сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге 
бӛледі. 1.Ойшыл тип – бұл, негізінен, сӛзбен байланысты екінші сигнал жүйесі 
рефлекторлық қызметінің басымдылығы. 2.Кӛркем тип – бірінші сигналдық шартты 
рефлекстің басымдылығы. 3.Орташа тип – мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі 
басымдық кӛрсете алмайды. Адамдардың кӛпшілігі осы орташа типке жатады. Адам 
мінезінде бұлардан басқа да мінез ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етіп отыратын 
арнайы типтердің болуы ықтимал. Темпераменттеріне сәйкес әр түрлі типтегі адамдардың 
еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып келеді 
Тақырып №11 Жалпы адамзаттық құндылықтар  
 Жалпы адамзаттық құндылықтар-рухани дамудың көзі 
Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  жеке  тұлғаның  бойында  ӛмірге  келген  сәтінен 
бастап,  бірге  дамиды,  жасы  ұлғайған  сайын  қоршаған  ортасына  сәйкес  бірге 
қалыптастады.  Бұл  кӛзқарас  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында  кӛрініс 
тапқан.  Онда:  «Білім  беру  –  бұл  қоғам  мүшелерінің  адамгершілік,  интеллектуалдық 
мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған 
тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған [1].  
Тәрбие  иен  оқытудағы  адамгершілікке  бағытталған  идеалдар  құндылықтар  деп 
қарастырылады.  Оларға:  шындық,  қайырымдылық,  тұлға,  бостандық,  махаббат, 
шығармашылық  және  т.б.  жатады.  Құндылықтар  идеалдарды  қабылдау  немесе 
қабылдамау  сезімі  арқылы  айқындалып,  ақыл-ой,  сана  арқылы  қабылданады,  құрметтеу, 
қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын 
және  сол  арқылы  адамның  іс-әрекетін  белгілейді.  Құндылықтар  сезім  арқылы 
қабылданады,  сана  арқылы  түсінуге  болады.  Соның  нәтижесінде  тұлға  құндылықты 
игереді  де,  іс-әрекет  етеді.  Осы  аталмыш  құндылықтардың  бастау  кӛзі  халықтың  мол 
мұрасында.  Ол  мұра  –  халық  пайда  болғалы  онымен  бірге  жасасып,  бірге  дамып  келе 
жатқан құнды дүниелер.  
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары кӛне заманнан бүгінге 
дейін  философия,  әлеуметтану,  мәдениеттану,  этика,  эстетика,  психология,  педагогика 
ғылымдарында  кеңінен  қарастырылып,  қоғам  ерекшеліктері  мен  сұраныстарына  орай 
талданып,  жүйеленіп  келеді.  Ӛйткені,  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  әрбір  адамның 
ақыл-ой  байлығының  тікелей  кӛрсеткіші.  Сондықтанда  болар,  құндылықтың  мәні  мен 
табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі 
ықпалы  т.б.  мәселелер  ғалымдарды  толғандырары  анық.    Еліміздегі  болып  жатқан 
ӛзгерістер  жасӛспірімдердің  мінез-құлықтарында  бәсекелестік  қабілетті  қалыптастыру 

жаһандану  заманында  сұранысы  артып  отыр.  Жаңашылдық  үстем  құрған  уақытта 
адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталуында. Мәселен, 
құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа кӛңілінен орын алатын мәдениетті 
қарым-қатынас  жасау  жүйесі  жеке  тұлғаның  ӛмірлік  мәні,  ой-санасы,  бет-бейнесі  болып 
табылады.  
Құндылықтар  туралы  алғашқы  түсінік  ежелге  грек  ғалымы  Сократтан  бастау 
алады.  Сократ  үшін  құндылық  «адамның  ӛмірді  бағалауы»  екен.  Ал  Аристотель 
«жақсылық»,  «игілік»  ұғымдарын  жағымды  мінез-құлықты,  рухани  құндылықты 
бейнелеуде  қолданды.  Құбылысты,  затты  жағымды  бағалау  адам  үшін  құнды  игілікті 
түсінуге негізделген.  «Ізгілік» сӛзі  салыстырмалы мағынада белгілі  бір жағдайдағы адам 
үшін  жақсылық,  пайдалы  нәрсе  деп  түсіндіріледі.  Рухани-адамгершілікке  тәрбиелейтін 
ғылым  ретінде  этиканы  белгілеген.  Аристотельдің  пайымдауында  «этиканың  мақсаты  – 
таным  емес,  ізгілікке  үйрету.  Этикалық  зерттеулер  рухани-адамгершілік  дегеннің  не 
екендігін  білу  үшін  емес,  осы  рухани-адамгершілікке  жетудің  жолдарын  үйрету  үшін 
қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді. 
Философ  Т.Қ.Ғабитов  «құндылықтар  –  қасиеттер»  дей  отырып,  бұл  қасиеттердің 
бала кезден, ана сүтімен бірге ӛзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, ӛз тарихын, 
мәдениетін,  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлерін  игеру  нәтижесінде  орнығатындығын 
ерекше  бағалайды.  Яғни,  философиялық  тұрғыдан  алсақ  құндылықтар  –  адам  үшін 
пайдалы  мәнге  ие  болатындардың  барлығы,  адамзат  қоғамының  іргелі  дамуы  мен 
адамның  жеке  тұлғасын  жетілдіруге  тиімді  ықпал  ететіндерің барлығы  құндылық  болып 
табылады.  Психологтар  құндылықтарды  тұлға  аралық  қатынас  тұрғысынан  қараудың 
ӛзіндік  мәні  бар  екенін  айтады.  Құндылық  ұғымында  құндылық  қатынастың  обьектісі 
болып  табылатын  заттардың  сыртқы  қасиеттерінің  сипаттамасы,  осы  қатынастың 
субьектісі  болып  табылатын  адамның  психологиялық  сапалары,  құндылықтың  жалпы 
мәнділігін кӛрсететін адамдардың ӛзара қарым-қатынасы ұштасады. 
Педагогикалық  сӛздікте  «құндылық  -  адамның  ішкі  құқы,  ізгілігі,  адамдармен 
қарым-қатынасы,  іс-әрекет  кезіндегі  кӛрсетілетін  тұрақтылығы,  қайырымдылығы, 
мейірімділік тәрбиесі», - делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу 
үшін  оның  ӛмір  сүруіне  ең  керекті,  маңызды,  қажетті,  бағалы  дүниелердің  жиынтығын 
құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз. 
Қазіргі  күрделі  әрі  аумалы-тӛкпелі  заманда  құндылықтар  жүйесінің  алатын  орны 
ерекше.  Құндылықтарға  бейімделу  адамзатқа  тән.  Болмыс  құбылыстарының 

құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, ӛмірінің мәні 
де болмайды.  
Ӛмірдің  мәнін  түсіну  жағымды  эмоционалдық  жағдай  ретінде  мақсатқа 
ұмтылушылықпен,  қарым-қатынастағы  ӛз  орнын  сезінумен,  басқа  адамдарға  деген 
қызығушылықпен,  олармен  бірігу  сезімімен,  белгілі  ережелерді  ізгілік  ережелері  ретінде 
қабылдаумен, болмыстағы ӛз орнын, арман-тілегін сезінумен қоса жүреді [2].  
Мәселен, адам баласы материалдық және рухани ӛмірдің ортасында тіршілік етеді 
де,  ӛзі  ӛмір  сүріп  отырған  қоғамның,  ұжымның,  ұлттың,  рудың  мүшесі  ретінде  ӛзіндік 
ақыл-ой,  ерік-жігер,  мінез-құлық  ерекшелігімен  кӛрінуге  тырысады.  Қоғам  мүшелерінің 
бәріне  ортақ  біркелкі  мінез-құлықтық  қасиеттің  болуы  мүмкін  емес.  Себебі  әрбір  адам  - 
ӛзінше жеке тұлға.  
Рухани-адамгершілік  құндылықтарды  қалыптастыруда  маңызды  тәрбиелік 
міндеттер: біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, 
рахымшылдық,  кешірімділік,  тәуелсіздік  сияқты  жалпыадамзаттық  құндылықтардың 
ӛмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың ӛз 
мәдениетін  меңгере  отырып,  әлемдік  рухани  ынтымақтастық  рухта  басқа  ұлттармен 
бейбітшілікті  сақтау;  үшіншіден,  оқушылардың  белсенді  ӛмірлік  позициясын,  жан 
дүниесін  адами  құндылықтар  арқылы  рухани-адамгершілік  пен  руханилықты  берік 
орнықтыру. 
Сонымен  жоғарыда  айтылғандарды  топшылай  отырып,  біз  рухани-адамгершілік 
құндылықты  белгілі  бір  бағытты,  мақсатты,  жүйелі  ұлттық  кӛзқарасты,  мінез-құлықтағы 
адамдық  тәртіп  пен  рухани  дағдыны  қалыптастыратын  жүйе  деп  түсіндіреміз.  Яғни, 
рухани-адамгершілік  құндылық  –  адамның  ішкі  жан–дүние  қасиетінің  ӛлшемі  адамның 
жақсылыққа  ұмтылуы,  басқаларға  жанашырлық  білдіруі,  айналадағы  адамдарға 
қайырымдылығы, ӛмір сүруге талпынысы, ӛмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, 
ӛзін-ӛзі танып, ӛзін-ӛзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы. 
Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  арқылы  тәрбие  беру  –  рухани  азғындықтан 
шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің 
ӛзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.  
Сондықтан,  қазіргі  тәуелсіз  елімізде  ғасырлар  бойы  халқымыздың  ұлттық 
санасынан  орын  алған  адамгершілік  құндылықтарды,  яғни  ізгілік,  қайырымдылық, 
адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан ӛзгерістерге 

байланыстырып,  жеткіншек  ұрпақты  тәрбиелеудің  қайнар  бастауы  деп  қарастыруға 
болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие ӛмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене 
келе,  ӛскелең  ұрпақтың  бойына  қоғам  талабына  сай  адамгершілік  құндылықтарды 
қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің 
ӛзара байланысын түзеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет