Тілді және жергілікті диалектілерді білу. Тіл – қатынас құралы. Жер бетінде 100-ге жуық ресми тіл мен 3 мың жуығында дербес диалектілер бар. Солардың ішінде басым көпшілігін ағылшын тілі құрайды, кем дегенде әлемдегі 2/3 жазбалары осы тілде жүргізіледі. Алайда көнтеген елдер тілдерін қолдануға құлшынады. Мысалы, Францияны айтуға болады. «Pepsi-Cola» азиялық елдердің бірқатарында өзін – «Come alive with Pepsi» - «Пепсимен бірге бол» деген ұранын өзгертуге мәжбүр болды, өйткені оның сөзбе-сөз аудармасы «Ата-бабаларынды тірілт» деген мағына береді. Германияда «скотч» ағылшын тілінде «ақымақ» дегенді білдіреді. «General Motors» өзінің «Nova» автомобилінің атын бүкіл әлемде қолдана алмады, өйткені адамдар испанша сөйлессе, нарықтарда ол «жүрмейді» деген мағынаны білдіреді, ал «Маргаритка» атауы бар джинсы шалбарын шығаратын Қытай компаниясы Америка нарығына шығармақ болды. Америка нарығында бұл сөз дөрекі, әдемі емес дегенді білдіргендіктен, америкалық кеңесші осы марканың атын өзгерту керек деп кеңес берді.
Дін.Әлемде индуизм, будда, ислам және христиан сияқты негізгі діндер бар. Олардың әрқайсысының бірнеше түрлері болады. Мысалы, христиан діні католиктік және протестанттық деп екіге бөлінеді. Діни құндылықтар экономикалық қызметке үлкен әсер етеді. Мысалы, діни тұрғыда, материалдық байлық рухани байлыққа кедергі ретінде қарастырылады. Бүкіләлемдік банк дін мен жан басына шаққандағы ЖҰӨ арасындағы байланысты зерттеді. Осы көрсеткіш бойынша бірінші орынға – христиан дінін, екінші орынға иуддизмді ұстанатын елдерді жатқызады.