Басқа да тарифтік емс кедергілерге ерекше техникалық талаптар, санитарлық нормалар, буып-түю, орау мен байлауға қойылатын талаптар, қосымша төлемдер және ақы жатады.
Сондай-ақ валюталық шектеулер және айырбас бағамының өзгеруі сатушы үшін үлкен қауіп тудырады. Әлемнің үшінші елдерінде сатып алынған затқа төленетін валютаға шек қойылады, бұл жағдайда бартер түріндегі қарама-қарсы сауда, өтемақылар (компенсациялар) немесе қарама-қарсы сатып алулар қолданылады.
Қарама-қарсы сауда – ақшаның орнына тауарды тауарға тікелей немесе тікелей емес түрде айырбастайтын халықаралық сауда. Мысалы, «Boing – 747» ұшақтары бартер түрінде Сауд Арабиясынан алынатын мұнайға айырбасталынады. Өтемақы кезінде сатушы өнімді, жабдықтарды және технологияларды басқа елдерге сатады, ал ол ел төлемді өзі өндіретін өніммен төлейді. Мысалы, “Goodyear” компаниясы Қытайды материалдармен қамтамасыз еткені және қызметкерлерін баспахана ісіне үйреткені үшін айырбас ретінде дайын баспа өнімдер алады. Қарама-қарсы сауда кезінде сатушы төленген ақшаның бір бөлігіне сол елдің өнімін алуға келіседі. Мысалы, “Pepsi” өз шырынын Ресейге рубльге сатып, олардың арағын алып, оны АҚШ-та сату үшін келісім жасайды.
Халықаралық сауданың дамуы мен тарифтердің төмендеуіне Тариф және сауда жөніндегі бас келісім (ГАТТ) және әлемнің 135 елі мүше болатын Бүкіләлемдік сауда ұйымы (ВТО) ықпал етеді. Қазақстан оның құрамына 2005 жылы енуді жоспарлап отыр.
Сонымен бірге халықаралық маркетингтің дамуына экономикалық одақтар және еркін сауда аймақтары ықпал етеді. Мысалы, Еуропалық Одақ (Бельгия, Франция, Италия және т.б.), Азияның еркін сауда аймағы (Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур және т.б.), Солтүстік Америкалық NAFTA келісімі (АҚШ, Канада, Мексика), ОПЕК (мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымы) және т.б. Бұл одақтардың мақсаты – олардың мүшелерінің арасындағы сауда жолында болатын тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту.
Достарыңызбен бөлісу: |