3.SWOT және GAP талдауларын жүргізу әдістемелері
SWOT-талдауының мақсаты – фирманың бәсекелестеріне қарағандағы күштері және әлсіз жақтарын, сонымен қатар оның қызыметіне әсер ететін сыртқы факторларды анықтау. Бұл талдау компания жағдайын анқтап, мүмкіндіктерін арттыру үшін төнген қауыптер мне әлсіздіктерді азайтатып, қандай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтайды.
SWOT-талдау фокусты түрде жүргізуі керек, мысалы, жеке бір аймақ, нақты сегмент өнім бойынша.
Фирманың күшті және әлсіз жақтарын олардың жағдайы мен қызметтерін бәсекелестермен салыстыру негізінде анықтау керек.
Ақпарат обективті , нақты және қысқаша болуы қажет. Екіұдай, керексіз мәліметтер болмау тиіс.
Фирманың қүшті және әлсіз жақтарын, мумкіндіктерін мне қауыптерін нақтылай анықталу қажет. Күшті және әлсіз жақтар – бұл компанияның ішкі сипаттамаларына, мүмкіндіктер мне қауыптер – нарық ортасының сипаттамаларына байланысты, компания оны бақылай алмайды.
5. Фирманың күшті немесе әлсіз жақтарын тек тұтынушылар анықтайды, олар маңыздылығына байланысты тізбектеледі.
6. Талдау фирма мамандарының пікір алмасуы арқылы жасалады, объективті болды, соныдықтан талдауды бір адамға жүктеуге болмайды.
SWOT-талдаудың әрбір элементі сатып алушының қабылдауына байланысты күшті және әлсіз жақтары болуы мүмкін. Фирманың күшті және әлсіз жақтарының тізімін құру кезінде қызыметтің мынадай аумақтары қарастырылады:
1. Маркетинг (4Р, маркетингақпарат, персонал, қызмет ету, алушыларға қызмет көрсету);
2. Жаңа өнімдері әзірлеу және инжиниринг;
3. Жедел қызмет (өндіріс, өткізу, маркетинг, мәмілелер),
4. Қызметкерлер (дистибьюторлар, маркетинг мамандасы, сатып алушыларға қызмет көрсету);
5. Менеджмент (басқару философиясы және басқару құрылымдары);
6. Компнаия ресурстары (адамдары және қаржылық).
Мүмкіндіктер мен қауіптер заң, саясат, қоғамдық күштер, экономикалык жағдай, технология, бәселекелестік сияқты максорта элементтері бойынша қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |