Тақырып: «А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбановтың етісті жіктеулері» Орындағандар



бет2/4
Дата27.11.2023
өлшемі26,45 Kb.
#129733
1   2   3   4
Байланысты:
Тақырып «А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбановтың етісті жіктеулері» Орын-emirsaba.org

Сабақты етіске анықтама бергенде, бұл етісте еткен іске бір нәрсе сабақталуы болса ғана,мәселен,осындай түрі анық көрініс табады, хат жаздым, шөп шаптым,қармақ салдым дегенге: «жаздым, шаптым, салдым»- істер. Тілші- ғалымның анықтамасы бойынша: «Хат жаздым»дегенде- ісіне хат сабақталып тұр. «Шөп шаптым» дегенде шабу ісіне шөп сабақталып тұр. «Қармақ салдым» дегенде салу ісіне қармақ сабақталып тұр. Жалпы,тіл білімінде сабақты етістік болса,тілші-ғалым сабақты етісті көрсетеді.
«Өздік етіс дегеніміз- істеуші басқаға іскерлік ісін өзіне істесе, мәселен, «мен жуындым, сен тарандың, ол мақтанды» А. Байтұрсынұлының өздік етісітіл білімінде қалыптасқан анықтамамен мағынасы бірдей десек артық болмас. «Жудым» десе, басқаны жуған болар еді; «Жуындым» дегенде өзін жуған болады, яғни істі басқаға емес, өзіне істеген болады» деген түсініктемееңбек бетінде орын алады.
Тіл білімінде кең тараған өзгелік етісіне қатысты анықтамада: өзгелік етіс-біреудің ісіне себепкер болуды, мәселен, «атты жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды» дегенде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенің тұруына себепкер болғанды көрсетіледі» делінген. «Олар өздігінен істесе, ат жүрді, қой өрді, түйе тұрды болар еді», деп ойын нақтылайды.
Беделді етіс-істі біреу арқылы істеуді көрсетеді. Мәселен, «хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды» дейміз. «Жаздырды», «Айттырды», «Салдырды», «Алдырды» дегенде бәрі де біреу арқылы істеген іс болады. Осындай сөздерді автор беделді етіске жатқызады.
Ырықсыз етіс-істелу ырықсыз істеушіден басқаға болған істі көрсетеді. Мәселен, «ат жегілді, қоян қуылды, қозы сойылды» дегенде ат ырықсыз жегіліп тұр, қоян ырықсыз қуылып тұр, қозы ырықсыз сойылып тұр.
Қазіргі тілде жоқ, ғалымның шығыс етісі - ортақ істі істеуге себепкер болады. Мәселен «балаларды күрестірдім, елді табыстырдым, екі жағын соғыстырдым». Сонда,ғалым «мен» есімдігімен етістің түрін толық ашады. «Күрестірдім», дегенде күресулеріне мен себепкер болғанмын; «Табыстырдым», дегенде табысуларына мен себепкер болғанмын; «Соғыстырдым», дегенде соғысуларына мен себепкер болғанмын. «Күрестірдім», «Табыстырдым», «Соғыстырдым» деген сияқты сөздерді шығыс етіс дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет