Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Бизнес-жоспарды құру әдісі және тәртібі



бет79/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

2. Бизнес-жоспарды құру әдісі және тәртібі.

  • Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары.

  • Бизнес-жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар жасауы мүмкін.

  • Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:

  • -кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді;

  • -дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды;

  • -фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырып, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;

  • -жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға көмектеседі, мекемеге және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.

  • Бизнес-жоспар инвесторлар және кәсіпкерлер арасындағы келіссөздерді бастаудың бастапқы тармағы болып табылады. Көбінесе бизнес-жоспар шетелдік фирмалармен келіссөздер жүргізу үшін қажет.

  • Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаны дәлелдеудің формасы ретінде бизнестің жоспарлық қызметінің саласына техникалық-экономикалық дәлелдеуді бірте-бірте ығыстырады. Онда фирма қызметінің өндірістік және нарықтық, қаржылық және техникалық, ішкі және сыртқы аспектілеріне сәйкес келетін артықшылықтар қарастырылады.


  • 3.Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны және сипаттамасы.

  • Ең алдымен бизнес-жоспарды құрастыруға кірісу үшін қажетті ақпараттың барлық жиынтығын алуымыз керек. Бизнес-жоспардың құрамы мен мазмұны шектелмеген. Ол 6, 8, 10, 18 және тағы басқа бөлімдерден түруы мүмкін. Бизнес-жоспар қаржы-экономикалық іс-әрекетте тиімді көрсеткіштерге жетуге бағытталған жоспардың бір түрі.

  • 1 бөлім – Кәсіпкерлік іс-әрекеттің алға қойған мақсаты. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты – пайда табу. Болашақтағы жұмысты белгілей отырып, қанша, қандай көлемде пайда табуға болатындығын есептеп шығару қажет. Сонымен бірге, бұл бөлімде басқа да мақсаттар көзделеді: әлеуметтік мақсаттар – тауарлармен атқарылатын қызметтерді көбейту, экономикалық жағдайларды жақсарту, жаңа мәдени мұралар қалыптастыру, ғылыми-техникалық, ағартушылық потенциалды үлғайту; іскерлік және халықаралық қарым-қатынасты нығайту; кәсіпкердің статусын көтеру, кәсіпкердің экономикалық потенциалын дамытып, нығайту; басқа да арнайы мақсаттар – шетелдермен қарым-қатынас жасау; әр түрлі ассоциацияларға мүше болып кіру; кәсіпкерліктің ерекше мақсаты – әр түрлі қайырымдылық жұмыстар көрсету.

  • II бөлім - Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері. Түйіндеме. Бұл негізгі бөлім болып есептеледі және мынадай бөліктерден тұрады:

  • -басты мақсат

  • -өнімнің қысқаша мінездемесі, айрықша ерекшеліктері

  • -қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері

  • -жобаны орындау мерзімі

  • -шығындар көлемі

  • -болжаулы тиімділік пен соңғы нәтижелер

  • -нәтижелерді қолдану аясы

  • Негізгі жалпы көрсеткіштер:

  • -өндіріс пен шығарған өнімді сату көлемі

  • -пайда түсім көлемі

  • -өзіндік құнды азайту және қарызға алған қаражат

  • -рентабельділік

  • Арнайы көрсеткіштер:

  • -сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтің сапасы, саны және ерекшеліктері

  • -салымдардың қайтарымдылық уақыты

  • -жоспарланған нәтижелерге жетудің кепілділігі

  • III бөлім – Тұтынушыларға жеткізілетін өнімдер мен атқарылатын қызметтердің мінездемесі. Бұл бөлімнің көрсеткіштері:

  • -өнімнің сыртқы түрі, сипаттамасы, суреті, безендірілуі және т.б.;

  • -кәсіпкерлік тауардың тұтынушылары туралы түсініктемелер (тауарға сұраныс, аймақ, ұйым туралы хабарлар);

  • -кәсіпкерлік өнімді сату бағасының болжамы

  • IV бөлім – Сату нарығын, сату көлемін талдап, бағалау. Бұл бөлімде өндіріс көлемі, сату көлемі анықталады. Маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, бәсекелестер мен баға саясаты және олардың мүмкіншіліктері зерттеледі.

  • V бөлім – Ұйымдық шаралар мен жұмыс жасау жоспары.Кәсіпкерлік бағдарламаға – маркетинг, өнім шығару, өнімді сатып алу, сақтау, тасымалдау, сатып алушыға әртүрлі деңгейдегі қызмет көрсету жатады. Ұйымдық шараларға бизнес-жоспардыорындауды басқару, жобаны басқарудың ұйымдық құрылымы, орындаушылардың іс-әрекетін қадағалау, еңбекақының арнайы формаларын ұйымдастыру шаралары, кадрларды дайындау, есептеу және бақылау жатады.

  • VI бөлім – Ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл бөлімде ресурстардың түрлері және көлемі жайында және ресурстарды қолдану әдістері жайлы анықтама беріледі. Ресурспен қамтамасыз етуге – материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, ақпарат ресурстары жатады.

  • VII бөлім – Жобаның тиімділігі. Бұл бизнес-жоспардың соңғы бөлімі, мұнда кәсіпкерліктен алынған тиімділік есептелінеді. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне – пайда және рентабельділік көрсеткіш жатады. Сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік есептелінеді.














  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет